ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Тұрсынова Ш. Б.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ БОСАТУ БОЙЫНША ДӘРІХАНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
(Оқу - әдістемелік құрал)
Қ
арағанды 2010 жыл
ӘОЖ 615:1
КБЖ 52.82 я 7
Т89
Пікір берушілер:
Абдуллабекова Р.М.- «Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, профессор, фарм.ғ.д.
Кулов Д.Б.- ҚММУ гигиена, әлеуметтік медицина, денсаулықты сақтауды ұйымдастыру және басқару кафедрасының ДКБ және ҮМЖ деканатының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент
Султанов А.К.- ҚММУ әлеуметтік медицина және денсаулықты сақтауды ұйымдастыру доценттік курсының доценті, м.ғ.к.
Т 89 Тұрсынова Ш.Б. Дәрілік заттарды босату бойынша дәріханалық ұйымдар жұмысын ұйымдастыру (оқу-әдістемелік құрал).- Қарағанды.-2010.- 50 бет.
Оқу - әдістемелік құрал жоғарғы оқу орындарындағы «фармация» мамандығының студенттеріне арналған. Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Дәріханалық ұйымдар жұмысын дұрыс ұйымдастыру, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәріханалық қойма жұмысын, дәріхананың рентабельділігін талдау туралы мәліметтер берілген.
ҚММУ Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған,
№ 4 Хаттама «09» 12. 2009 ж.
ҚММУ Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген,
№5 Хаттама «25» 12. 2009 ж.
Қысқартылған сөздер тізімі
АИВ -
|
Адамның иммунды вирусы
|
ДСМ -
|
Денсаулық сақтау министрлігі
|
ДДТ -
|
Дайын дәрілік түрлер
|
ДЗ -
|
Дәрілік зат
|
ЖИТС -
|
Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы
|
ЕПМ -
|
Емдеу-профилактикалық мекеме
|
ҚР -
|
Қазақстан Республикасы
|
ММБ -
|
Медициналық мақсаттағы бұйымдар
|
РӨБ -
|
Рецептуралық-өндіріс бөлімі
|
РББ -
|
Рецептурасыз босату бөлімі
|
ҰОС -
|
Ұлы Отан соғысы
|
Мазмұны
Қысқартылған сөздер тізімі
|
3
|
Мазмұны
Алғы сөз
|
4
5
|
1. Дәріханалық ұйымдардың тауар босатылуының түрлері
|
6
|
2. Жұмыс орындарын жабдықтандыру және құрал-жабдықтар
|
9
|
3. Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы
|
10
|
4. Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік затпен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету ережесі
|
22
|
4.1. Дәрі-дәрмекпен амбулаторлық қамтамасыз ету үшін қажеттілікті айқындау
|
24
|
4.2. Дәрі-дәрмекпен амбулаторлық қамтамасыз ету
|
24
|
5. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецепті бойынша босату жөніндегі ереже
|
26
|
6. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелері
|
29
|
6.1. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың саудасын іске асырудың ережелері
|
31
|
6.2. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау ережелері
|
32
|
6.3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті
|
33
|
Тесттер
|
35
|
Жауаптар эталондары
Әдебиеттер
|
49
50
|
Алғы сөз
Оқу-әдістемелік құралы «Фармацевтік қызметтерді ұйымдастыру негіздері» пәні бойынша «Фармация» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік жинағында қазіргі кездегі этапта болашақ фармацевттердің ұйымдастырушылық ойлау қабілетін қалыптастыру ерекше маңыздылыққа ие, өйткені фармацевтикалық қызмет- бұл коммерциялық қызмет, дәріханалық ұйым жұмысын дұрыс ұйымдастыруға тәуелді жетістік, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәріханалық қойма жұмысын, дәріхананың рентабельділігін талдау туралы нақты сұрақтар қарастырылған.
Оқу-әдістемелік құралының мәліметтері пән бойынша типтік және жұмыс бағдарламасына толықтай сәйкес келеді. Оқу-әдістемелік құрал бойынша материалдарды дайындау үшін қазіргі заманғы әдебиеттер көздері, заңдылық актілері, фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативті құжаттар пайдаланылған.
1. ДӘРІХАНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАН ТАУАР БОСАТЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дәріханалық ұйымда тауарды босатудың 2 түрі болуы мүмкін – рецептуралық және рецептурасыз.
ҚР ДСМ №38 3 ақпан 2005 жылғы бұйрығына қатысты дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардан басқа, барлық дәрілік заттар дәріханалық ұйымдардан рецепт бойынша босатылуы қажет. Рецепт бойынша дайын дәрілік түрлер (ДДТ) және дәріханада дайындалған (экстемпоральды) дәрілік түрлер де босатылады (сызба 1). Рецептсіз босату тізімі шектеулі дәрілік препараттарға және нақты түрдегі дәріханалық ұйымнан босатуға рұқсат етілген басқа тауарлар ассортиментіне негізделген.
Дайын және экстемпоральды дәрілік түрлерге рецептерді қабылдау үшін, дәрілерді дайындау, олардың сапасын бақылау, үлкен көлемді жұмысы бар дәріханаларда тауарларды рецептпен және рецептсіз босату үшін құрылымдық бірліктерді (бөлімдер) бөледі, олардың қатарына мыналар кіреді:
-
дайын дәрілік түрлер бөлімінің негізгі қызметі рецепттерді қабылдау және олар бойынша дайындалған дәрілік түрлерді босату болып табылады;
-
рецептуралық- өндірістік бөлімі (РӨБ) – экстемпоральды (жеке) түрлерге рецепттерді қабылдау, дәрігерлерді дайындау және безендіру, сапасын бақылау және босату үшін ұйымдастырылады;
-
рецептсіз босату бөлімі (РББ) – дәрігер рецептінсіз дәрілік заттарды босату, сонымен қатар дәріханалық ассортименттегі басқа да тауарларын босату үшін ұйымдастырылады.
Жұмыс көлемі аз дәріханаларда дайын дәрілік түрлер бөлімі бөлінбейді және басқа бөлімдермен қосылады (мысалы, рецептуралық-өндірістік бөлімі мен рецептсіз босату бөлімі). Ассортименттердің еніне және толықтығына байланысты РББ қосымша бөлімшелер болуы мүмкін, мысалы, көзілдіріктік оптика, гомеопатиялық, санитария және гигиена, дәрілік шөптер, емдік және балаларды тамақтандыру бөлімдері. Үлкен емес қалалық және ауылдық дәріханаларда, дәріханалық пункттарда және дүмбешектерде бөлімге бөлінбеуі мүмкін.
Бөлімдермен жетекшілікті бөлім басшысы және оның орынбасары жүргізеді, ДДТ және РӨБ бөлімдерінің басшылары дәріхана директорларының орынбасарлары болып табылады. Жұмыс көлемі аз дәріханаларда бөлімдердің біреуін (ДДТ, РӨБ) дәріхана директоры басқара алады. Дәріхана директоры және оның орынбасарлары, сонымен қатар рецепттерді қабылдау және олар бойынша дәрілерді босату, дайындалған дәрілік заттардың сапасын бақылау жұмыстарын іске асыратын мамандардың жоғары фармацевтикалық білімі болулары қажет.
ДДТ бөлімінің штатында бөлім басшысы және оның орынбасарларынан басқа ДДТ рецепттерді қабылдау және олар бойынша дәрілерді босату үшін провизорлардың қызметтері болады. РӨБ штатында бөлім басшысы және орынбасарларынан басқа келесі қызметтер болуы мүмкін:
-
жеке дайындалатын дәрілерге рецепттерді қабылдау сапасын бақылау үшін; дәріханаішілік дайындамаларды дайындау; дайын дәрілік түрлер дәне дәріханаішілік дайындамаларды толық бақылау үшін екі ауысымда жұмысты қамтамасыздандыру; түнгі уақыттағы жұмысты қамтамасыздандыру үшін провизорлар дайындау;
-
рецепт бойынша дәрілерді дайындау үшін; денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырыстарды комплектациялау үшін фармацевттер дайындау;
-
жеке дайындалған дәрілік заттарды және дәріханаішілік дайындамаларды; дәрілік заттарды орамдайтын орамдаушылар дайындау;
-
ыдыс-аяқ жуатын, дәріхана өндірістік мекемелерін жинайтын, түнгі уақытта жұмыс істейтін санитар-жуғыштар дайындау.
РББ бөлімінде бөлім басшысы және оның орынбасарынан басқа дәрігер рецептінсіз дәрі және басқа да дәріхана ассортименттерін босату үшін фармацевт қызметі де қарастырылады. Рецептсіз босату бөлімінде барлық мамандар орта (немесе жоғары) фармацевтикалық білімдері ие болулары қажет.
2. ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАБДЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
Провизорлар және фармацевттердің жұмыс орындарының құрал-жабдықтары және оның жабдықтандырылуы дәріхананың жұмыс көлеміне және оның ұйымдастырылуына байланысты. РӨБ ірі дәріханаларында екі бірдей жабдықталған жұмыс орны болуы міндетті – біреуі жеке дайындалған дәрілік заттарға рецепттерді қабылдау үшін, келесісі – дайындалған дәрілік заттарды босату үшін.
Рецепттерді қабылдау және сол бойынша дәрілік затты босататын провизордың жұмыс орны бекітілген типті құрал-жабдықтармен жабдықталады. Негізгі құрамдық бөлік қабылдау-беру орны болып табылады. Ол вертушкаға орналыстырылған екі айналмалы секциядан (дайындалған және дайын дәрілік заттар), «А» тізімді және «Б» тізімді дәрілік заттарды сақтауға арналған шкафтардан тұрады. Қабылдау-беру орнының қолданылуы отырып жұмыс жасайтын провизордың жұмысын ұйымдастыруға негізделген, өйткені дәрілік заттардың көпшілік бөлігі провизордың қолын созғанда жететін деңгейде орналасқан.
Провизор мен фармацевттің жұмыс орнын құрал-жабдықтармен жабдықтау жабдықтардың жаңа үлгілерін, оргтехника заттары мен анықтамалық-нормативті құжаттар, оның құрамына жеке дәрілік заттардың жоғары реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, Мемлекеттік Фармакопеяның соңғы баспасы, дәрілік препараттар мен олардың синонимдерінің анықтамасы, дәрілік айналым аумағында қызметті реттейтін жеке нормативті актілер, экстемпоральды дәрілік түрлерді дайындауға тарифтер, сигнатура және т.б. пайдалануды есепке ала отырып іске асырады.
Қазіргі кезде дәріханалық ұйымдар автоматтандырылған жұмыс орындары жабдықталады, оның ішіне персоналды компьютерлер, принтер, сканер және басқа техникалар жатады. Жұмыс орындарын кешенді автоматтандыру дәріханалық ұйым жұмысының тиімділігін арттырудың негізі болып табылады, мысалы, қазіргі уақытта дәріханалық ұйымдарда штрихты кодтау технологиясына негізделген автоматтандырудың кешенді жүйесі қарқынды түрде енгізілуде.
3. РЕЦЕПТУРАЛЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ БОСАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы келесі процедуралардан тұрады:
● рецепттің фармацевтикалық экспертизасы;
● рецепттерді таксалау, дәрі дайындау үшін тапсырысты безендіру, дайындау, безендіру және дайындалған дәрілік затты бақылау;
● ақысын төлеген соң дәрілік затты босату.
Рецепт- бұл дәрігердің провизорға (фармацевтке) дәрілік затты дайындау және босату туралы жазбаша тілхаты.
Рецепт келесі қасиеттермен сипатталады:
-
медициналық қасиеті – дәрігердің дәрінің дайындалуы және (немесе) босатылуына қатынасы;
-
заңды қасиеті – дәрігер және провизор дәріні қате тағайындаған және қате дайындағанда және босатқанда заңды түрде жауапкершілікке тартылады;
-
қаржылық – дәрігер жеңілдікпен жазылған рецепт міндетті түрде науқаспен немесе емдеу-профилактикалық мекеме (ЕПМ) төленеді;
-
есептік қасиеті – рецептуралық препараттардың босатылуын анықтайтын факт, сонымен қатар заттық – сандық тіркеуге жататын, мысалы, жеке дайындалатын этил спирті.
Келіп түскен рецепт бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында провизор дәрілік препараттарды босатудың мүмкіндігі туралы оның фармацевтикалық экспертизасын жүргізеді.
Рецепттің фармацевтикалық экспертизасы – рецептерді жазу және солар бойынша дәрілерді босату тәртібі бойынша регламент ережесіне сай дәріханаға түскен рецептердің сәйкестігін бағалау.
Рецептердің фармацевтикалық экспертизасын жүргізу технологиясын регламенттеуші негізгі құжат ҚР ДСМ 3.02.05 жылдан №38 «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі ережесі» болып табылады.
Рецепттердің фармацевтикалық экспертизасының процедурасы келесілерді қамтиды: рецепт жазған тұлғаның құқығының анықталуы; рецептуралық бланктың формасының сәйкес келуі; рецептті жазып беру бекітілген ережеге сай негізгі және қосымша реквизитердің болуы; рецепттердің жарамдылық мерзімі (сызба 2).
Келесі медициналық жұмыскерлердің категориялары дәрілік заттарға рецепт жазуға құқылы:
-
дәрігерлер (сонымен қатар медициналық іске лицензиясы бар жеке тәжірибедегі мамандар) амбулаторлы және стационарлы емдеуде – ЕПМ ұйымдастырушылық-құқықтық формаға байланыссыз, сонымен қатар жедел медициналық жәрдем бригадасындағы дәрігерлер;
-
фельдшерлік-акушерлік пункттардың фельдшерлері және тіс дәрігерлері, перзентхана акушерлері дәрілерге тек өз профильдері бойынша рецепт жаза алады;
Дәрігер, тіс дәрігері, фельдшер, акушер дәрілік заттарды дұрыс дозаламаса және дұрыс тағайындамаса ҚР заңымен қарастырылған дисциплинарлы административті және басқа да жауапкершілікті өзіне артады.
ҚР ДСМ медицинада қолданыс таппаған дәрілік заттарға тыйым салады, медициналық көрсеткіштері болмағанда, наркоманиямен ауыратын науқастарға наркотикалық заттарды, тек ЕПМ ғана қолданылатын дәрілік заттарға (наркозды эфир, хлорэтил, фентанил, сомбревин, калипсол, фторотан, кетамин және т.б.).
Рецепт анық және нақты, черниламен немесе шарикті қаламмен, бланктағы барлық графалар толтырулы болу керек. Рецептте түзетулер жіберілмейді. Наркотикалық, психотропты және улы заттар, сонымен қатар А тізіміндегі заттар рецепттің басында жазылады. Сұйық дәрілік заттар саны миллиметр, грамм және тамшымен белгіленеді, ал қалған заттар граммен жазылады. Ереже бойынша қабылданған қысқарту белгілерін қолдануға болады.
Рецепттер типографиялық әдіспен мөрленіп бекітілген формалық бланкта жазылуы керек. Бланктың үш түрі қолданылады: құрамында наркотикалық заттары бар заттарды алуға арналған арнайы рецептуралық бланк (қызғылт түсті), жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға, жалпы босатылатын дәрілік заттар- А 8 форматты рецептуралық бланк.
Рецептуралық бланктың формасына байланыссыз кез келген рецептте келесі негізгі (міндетті) реквизиттер болу қажет:
-
ЕПМ мөрі (ЕПМ аты, мекен-жайы, телефоны).
-
Рецепттің жазылу уақыты.
-
Науқастың аты-жөні, жасы.
-
Дәрігердің аты-жөні.
-
Дәрілік заттардың саны мен атауы (латынша атауы).
-
Қолдану әдісін толық мемлкеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы қажет («Белгілі» және «Ішке» сөздерімен шектелуге болмайды).
-
Дәрігердің жеке мөрі және қолы.
Қосымша реквизиттер жазылып берілген дәрілік заттардың сипатына байланысты анықталады және келесі рецептуралық бланктың формасына байланысты.
Арнайы рецептуралық бланк– «Наркотикалық және психотропты заттар» туралы тізіміне кіретін заттарды, морфин және оның туындылары, кодеин және оның туындылары, промедол және басқаларын алуға арналған. Ол барлық негізгі және міндетті келесі қосымша реквизиттерді қамтиды: рецептуралық бланктың сериялық нөмірі, қорғаныс дәрежесі (су белгілерімен қызғылт түсті бланк), бас дәрігердің немесе оның орынбасарының қолы, ЕПМ домалақ мөрі, науқастың ауру тарихының нөмірі.
Рецепті қол қойған дәрігер ғана жазып бере алады. Наркотикалық және психотропты дәрілік заттардың санын жазу үлгісімен көрсетеді. Сол рецептуралық бланкіде тек бір дәрілік зат жазуға болады.
Тегін немесе 50% жеңілдікпен алынатын дәрілік заттарға рецептті мемлекеттік және муниципальды емдеу-профилактикалық мекеменің дәрігері жазып береді. Арнайы жағдайларда денсаулық сақтау органдарының басқармасының шешімі бойынша дәрілік затты жеңілдікпен босатуға фельдшер, акушер, және тіс дәрігері жазып бере алады. Жеке тәжірибедегі дәрігерлерге дәрілік заттарды жеңілдікпен босатуға арналған рецептті жазуға құқығы жоқ.
Халықтың және ауру категориясының тізіміне байланысты оларды амбулаторлық емдеуде дәрігердің рецептік дәрілік препарат тегін немесе жеңілдікпен берілу ҚР үкіметімен бекітіледі. Бұл тізім жаңа регламентпен толықтырылып отырылады.
Біздің елімізде 27.08.05ж. №889 бұйрығы «Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесі» бастап дәрілік заттарды тегін алуға тұрғындарды және науқас категорияларына байланысты келесі топқа бөледі:
-
3 жасқа дейінгі балалар (көпбалалы отбасында – 6 жасқа дейін).
-
Мүгедектер, ҰОС ардагерлері және жауынгер интернационалистер және т.б. Медикаменттерден басқа мүгедектер мен соғысқа қатысқандар – дәрілік өсімдік шикізатын, емдік-минералды сулар (ыдыстың бағасынан басқа), сүлік, телескопиялық көзілдірік, күтуге арналған бұйымдар, хирургиялық ауруларды байлау материалдары, емдік белбеу, ауруға қарсы стимулятор, эластикалық бинттер және шұлық алуға құқылы.
-
Отанды қорғауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің әйелдеріне және ата-аналарына.
-
1-ші топ мүгедектеріне, 2-топтың жұмыс істемейтін мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
-
Онкологиялық аурулар.
-
Психикалық аурулармен ауыратын аурулар (1 және 2 топ мүгедектері).
-
Диабетпен ауыратын науқастар (медикаменттерден басқа, 1 айға 100г дейін этил спирті, шприцтер т.б.).
-
ЖИТС, АИВ-инфицирленген науқастар және т.б.
Кейбір ауруларда (дизентерия, туберкулез, гипофизарлы нанизм, бронхиалды астма және т.б.) емдеуге арналған дәрілік заттарды тегін алуға құқығы бар.
Тұрғындардың кейбір топтары дәрілік заттарды 50% жеңілдікпен алуға құқылы. Бұл топтарға:
-
минимальды көлемде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
-
жұмыс істейтін 2 топ мүгедектері және жұмыс істемейтін 3 топ мүгедектері.
А 8 форматты рецептуралық бланкте (кесте 1) қалған барлық дәрлік түрлерге рецепт жазуға қолданылады, соның ішінде А және Б тізімді, сонымен қатар этил спирті (соңғы жағдайда міндетті түрде «Рецептке арналған» деген мөр болу қажет).
Бір бланкте 3 жай және 2 А және Б тізімді дәрілік зат жазылады. Этил спирті жеке рецептуралық бланкте жазылады.
Кесте 1.
Рецепт бланкісінің нысаны
Денсаулық сақтау ұйымының атауы
РЕЦЕПТ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
(қажетсізін сызу керек)
20__ жылғы «___» ___________
Науқастың Т.А.Ә. _______________________________________
Жасы _______________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә. _______________________________________
Rp:
D.S.
Дәрігердің қолы мен жеке мөрі _____________________________ м.о.
Рецепт 10 күн, 2 ай ішінде жарамды
(қажетсізін сызу керек)
|
Кейбір дәрілік заттар үшін оларды рецептпен босатуға шектеулі жіберілетін саны белгіленген. Наркотикалық, күшті әсер ететін дәрілік заттар және инкурабелді онкологиялық гемотологиялық аурулар үшін барбитур қышқылының туындыларын белгіленген нормадан екі есе үлкейтуге болады. Дәрігермен берілген рецепт белгілі бір уақыт аралығында жарамды:
-
Арнайы рецептуралық бланкте босатылған дәрілік препараттарға бес күн.
-
Құрамында психотропты заттары бар дәрілік препараттар және заттарға; күшті әсер ететін және улы заттарға: «Апоморфин гидрохлориді», «Атропин сульфаты», «Гоматропин гидробромиді», «Дикаин», «Күміс нитраты», «Пахикарпин гидроиодиді», анаболикалық гормондарға- он күн.
-
Тегін және жеңілдікпен босатылатын қалған дәрілік препараттарға бір айға дейін (5 немесе 10 күн жарамдылардан басқа).
-
А және Б тізімінің препараттарына, этил спиртіне екі ай.
-
Созылмалы ауруларға берілген рецепттер (құрамында спирті бар дәрілік заттардан басқа) рецептте созылмалы ауруға деген белгі болу керек, рецепттің жарамдылық мерзімі және дәріханадан дәрінің босатылу периодтылығы, дәрігердің жеке мөрі болуы керек.
Талаптарға сәйкес келмейтін рецепттер немесе сәйкес келмейтін дәрілік заттары бар рецепттер жарамсыз деп саналады. Бұл жағдайда провизор рецептті босатқан дәрігерге хабарласып, препараттың атын нақтылап, оның дозировкасын, фармакологиялық сәйкестігін анықтап, сосын дәрілік затты науқасқа босату керек. Дұрыс жазылмаған рецепттер дәріханада қалады, «Рецепт жарамсыз» деген штамппен белгіленеді және арнайы тіркеу журналына тіркеледі (кесте 2). Дұрыс жазылмаған рецепт туралы ЕПМ басшысына хабарланады (суытпай жеткізіледі).
Кесте 2
Дұрыс жазылмаған рецепттерді тіркеу журналы
№
|
Күні
|
Денсаулық сақтау ұйымның атауы
|
Дәрігер Т.А.Ә.
|
Рецепт мазмұны
|
Қателіктер
|
Қолданылған шаралар
|
Дәріхана ұйымының маманы Т.А.Ә.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дұрыс жазылған рецепттерді провизор таксирлейді, яғни дәрінің бағасын анықтайды. Жеке дайындалатын дәрілік заттарға рецепт тіркеледі: журналға, квитанциялық әдіспен, чекпен және т.б.
Рецепттердің журналды әдіспен тіркелуі жиірек селолық және жұмыс көлемі аз қалалық дәріханаларда қолданылады. Жеке дайындалатын дәрілерге рецепттер арнайы формадағы рецептуралық журналда тіркеледі. Журналда рецепт номері, науқастың аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, дәрілік түр, дәрінің бағасы жазылады.
Жұмыс күнінің аяғында рецептуралық журнал бойынша қорытынды жасалады, онда провизордың қолы қойылады және келесі есеп үшін қолданылады.
Рецептті тіркеумен бірге науқасқа квитанция немесе жетон беріледі.
Рецепттерді тіркеудің квитанциялық формасы ірі дәріханаларда кең қолданылады. Жеке дайындалатын дәрілердің таксирленген рецепттерін арнайы формамен квитанциялар кітапшасына тіркейді (кесте 3). Квитанция үш бөліктен тұрады: 1 – квитанция түбіршесі дәріханада есеп үшін қалады. Бұл түбіршекте науқастың аты-жөні және дәрі түрі көрсетіледі. Жұмыс соңында түбіршектер бойынша қабылданған рецепттер саналады және жіберілген дәрілердің жалпы бағасы есептеледі.
2-бөлігі квитанцияның өзі – дәрі алушының қолына беріледі. Онда науқастың аты-жөні, дәрінің жасалған күні, сағаты, оның формасы және бағасы көрсетіледі.
3 – рецептке желімделеді. Онда дәріні кім жасағаны, тексерген және босатқан адамның аты-жөні көрсетіледі.
Кесте 3
Достарыңызбен бөлісу: |