ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Су,жер және орман ресурстары» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Орман тұқымдарын бақылау станциялары»
Орындаған:Адилбек. А.У
Тобы: Лр – 301К
Қабылдаған: Шыныбеков М
Жоспары
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2.1. Орман тұқымдарын бақылау станциялары.
2.2. Орман тұқымдарының сапалық көрсеткіштері;
2.3. Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын бекіту.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Кіріспе
Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.
Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы.
Тұқымдық бақылау, жоспарлы мемлекеттің және ішкі шаруашылықтың тұқым шикізатын дайындау, оны қайта өңдеу, тұқымдарды сақтау және себуге дайындау процесінде жүргізілетін тұқым сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар жүйесі.Орман дақылдары өндірісін себу сапасы жоғары тұқым материалымен қамтамасыз ету мақсатында тұқым сапасына мемлекеттік бақылау жүйесі жұмыс істейді.
Орман тұқымдарының сапасын мемлекеттік бақылауды орталық және аймақтық орман тұқымы станциялары жүзеге асырады. Олар тек қана ағаштар мен бұталар тұқымдарының себу жағдайын анықтауға және олардың мүмкін болатын пайдалану аймақтарын көрсете отырып, олардың сапасы туралы ресми түрде жарамды құжаттарды беруге құқылы.
Тұқымдардың себу сапасын анықтауды орман тұқымы станциялары қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырады, ал пайдалану аудандары қолданыстағы орман тұқымын аудандастыруға сәйкес белгіленеді. Барлық орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар орманды қалпына келтіру және орман өсіру мақсаттары үшін тек шығу тегі белгілі, себу сапаларына тексерілген және стандарттардың талаптарына сай келетін тұқымдарды пайдалануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |