Тұсында бытыраңқы жағдайға түскен



Дата28.03.2024
өлшемі23.37 Kb.
#496821
70,71,72 жауаптары


70.Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.


Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
Есім хан[1] — 1598—1628 жылдары аралығында Қазақ хандығында билік еткен хан. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.
Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.

71.Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі.

П.С.Паллас (1741-1811)
• ͘Академик, табиғат зерттеуші.
• ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.
• ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, “Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат” еңбегін жазды.

П.И.Рычков (1712-1777)


• ͘Академик, зерттеуші.
• ͘Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы щыққан.
• ͘Еңбектері: “Орынбор тарихы” және “Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы”
• ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,”Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары” еңбегін жазды (1772).
• ͘Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған.
• ͘Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берді.

В.Н.Татищев (1686-1750)


• ͘Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы, географ.
• ͘Орынбор өлкесін зерттеді.
• ͘Қазақ тарихын, тұрмыс тіршілігін және мәдениетін зерттеген.

Г.Ф.Миллер (1705-1783)


• ͘Белгілі тарихшы, этнограф.
• ͘Еңбегі: “Сібір патшалығының тарихы”.
• ͘Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан.
• ͘Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған.
• ͘”Сібір тарихының атасы” атанды.

Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер: ағылшын теңізшісі Джон Эльтон (1735); суретші Джон Кэстль (1736); сауда қызметкері Реональд Гок (1741-1742)

XIX ғасырларда Қазақстанды зерттіге ат салысқан:
• ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. “Бөкей мен Мәулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
• ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц
• ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат
• ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский
• ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызы” шығармалары. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” поэмасымен танысқан.

1848-1489 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады:


• ͘Сырдария өзенінің жағалауларын суртке түсірді;
• ͘Арал теіңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.

Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцов, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық картаға түсіріп, табиғи байлықтарын зерттеді.

Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының таризына арнап еңбектер жазды.
XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс таризшысы А.Левшин болды.
• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің “Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу” атты еңбегі.

72. Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмазвалюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.


1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын талап етті.
1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды.
Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.
Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады.
1980 жылдардың аяғына қарай Қазақ КСР-де демократиялық процестің жандауына байланысты қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қазақстанда бұдан басқа «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды.
Қазақстанда «Тіл туралы» заң ең алғаш КСРО кезінде 1989 жылы қабылданған еді. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Тіл туралы» заңы деп аталған құжатта «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі болып табылады» делінген. Ол заманда елдегі қазақтардың саны – 39,7 пайыз, орыстардың саны 37,8 пайыз болатын. Сондықтан екі ұлттың қарасы деңгейлес болған­дықтан, мұндай заңның қабыл­дануына түсіністікпен қарау да керек шығар. 1990 жылы Алматыда «Қа­зақстандағы тіл саясаты және оны жүзеге асыру жолдары» атты рес­­публикалық ғылыми-тәжі­рибелік конференция ұйым­­дастырылды. Мұнда тіл саясатын жүргізудің тео­риялық және прак­тикалық мә­селелері талқыланып, ел аума­­­ғында қазақ тілін және басқа тілдерін дамытудың 10 жылдық, яғни 2000 жылға дейінгі мемлекеттік бағдар­ламасы мақұлданды. 1993 жылы Қазақстан Рес­публикасының алғашқы Кон­ституциясы қабылданғанда, «Мем­лекеттік тіл – қазақ тілі» деп та­нылды. Осы бап 1995 жылы жаңа­дан қабылданған Ата Заңда тағы да аталып көрсетілді. Бұл кезде елімізде 16,6 млн адам тұрса, оның 46 пайызы (7,6 млн) қазақ, тағы 46 пайызы славян ұлттар – орыс, неміс, украин, белорус, тағы басқа болған еді. Кейінгі 1997 жылғы «ҚР Тіл туралы» заңда да «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару ор­гандарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген бап сол қал­пында қалды. Дегенмен мұнда мемлекеттік тілді қолданудың құқықтық не­­­гіздері, қазақ тілі мен басқа ұлт тіл­дерін оқып-үйрену және дамыту үшін жағдай жасау міндеті ай­шықты белгіленіп берілген. 1998 жылы қабылдаған Үкімет қаулысында «…мемлекеттік істің барлық салаларында мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуы үшін басым жағдай жасау қажеттігі» ес­кертілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет