Тургумбаева нурсулу каирдыновна қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы


ЖАН-ЖАҚТЫ АДАМ БОЛҒАН ЖАҚСЫ МА, ЖАМАН БА?



бет3/10
Дата02.10.2023
өлшемі1.16 Mb.
#479552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы

ЖАН-ЖАҚТЫ АДАМ БОЛҒАН ЖАҚСЫ МА, ЖАМАН БА?



  1. Жан-жақтылық – өнер – қасиет

  2. К едергі – сөз бөлу – көлік кептелісі

  3. Мәреге жету – бітіру - аяқтау

  4. Қызығу – ұнату – әуестену

  5. Шешім – қорытынды – келісім

  6. Білім алу – курсқа қатысу – оқу

  7. Мүмкіндік – қабілет – дарын

  8. Бағыт – жол- бағдар

  9. Аспап – құрал – қосалқы бөлшек

Сәлеметсіз бе, менің атым – Гүлнұр. Мен өзімді өте жан-жақты адаммын деп санаймын, бірақ бұл қасиет өзіме кедергі екенін түсіндім. Бала кезімде бимен немесе әнмен айналысқым келді, бірақ оған уақытым жеткен жоқ. 2 ай сурет салу курстарына барып, оны аяқтаған жоқпын. Психология мен әрқашан қызықтырған, сондықтан психологтар курсына баруды шештім. Өзім үшін бұл курстан жаңалық таппадым, сондықтан оны да тастап кеттім. Қазір аударма ісі бойынша колледжде 2-ші жыл білім алып жүрмін. Осы сәтте жаңа курсқа баратын мүмкіндігім бар. Мен үшін барлығы қызық: фото, киім дизайны, журналистика, тілдер, музыкалық аспаптар... Барлығын білгім келеді, бірақ таңдау қиын. Бір ғана бағытпен жүру – мен үшін ауыр. Ал анық қызығушылығым – кітап оқу, бірақ ол кәсіп емес. Сондықтан, маған қандай кеңес бересіз?


Тапсырмалар:



  1. Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан ортақ сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.

  2. Мәтіндегі етістіктерді шақ түріне қарай талда (жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ)

  3. Оқудан басқа немен айналысқың келеді? Сұраққа 5 жауап жаз. Мысалы, Менің бимен айналысқым келеді, өйткені дене бітімім әдемі болады.

  4. Ауызша тапсырма: Гүлнұрға кеңес бер.

Тест:
1. Гүлнұр сурет салу курстарына қанша уақыт барды ?

  1. 2 ай

  2. 3 ай

  3. 4 ай

  4. 5 ай

  5. 1 жыл

2.Гүлнұр аударма ісі бойынша колледжде нешінші жыл білім алып жүр ?



  1. 2 - ші

  2. 3-ші

  3. 4-ші

  4. 5-ші

  5. 6-шы

3.Өзім үшін бұл курстан жаңалық ..........., сондықтан оны да тастап кеттім.



  1. Таптым

  2. Таппадым

  3. Таппадың

  4. Тауып қойдым

  5. Табуға болады

4.Гүлнұрдың анық қызығушылығы не ?

  1. Кітап жырту

  2. Киім тігу

  3. Сурет салу

  4. Кітап оқу

  5. Ойын ойнау

5. Гүлнұр үшін не қызық? Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз.

  1. Тек фото

  2. Тек киімдизайн

  3. Тек тілдер

  4. Тек журналистика

  5. Барлығы

6. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Гүлнұрды психология......?

  1. Қызықтырады

  2. Қызықтырмаған

  3. Жалықтырған

  4. Ренжіткен

  5. Дұрыс жауабы жоқ

7.Гүлнұрдың бала кезінде немен айналысқысы келген ?

  1. Жаттығу және спортпен

  2. Тоқыма және тігінмен

  3. Сиыр сауу және жүн түтумен

  4. Айғайлау және сыбырлаумен

  5. Бимен және әнмен

8.Осы сәтте Гүлнұрдың жаңа курска баруға мүмкіндігі барма ? (Жан-жақтылық мәтіні бойынша)

  1. Бар

  2. Жоқ

  3. Болған емес

  4. Болмайды

  5. Дұрыс жауабы жоқ

9. ..... өзімді өте жан-жақты адаммын деп санаймын, бірақ бұл қасиет өзіме кедергі екенін түсіндім. (Жан-жақтылық мәтіні бойынша)

  1. Сен

  2. Ол

  3. Мен

  4. Оның

  5. Дұрыс жауабы жоқ

10.Сондықтан, маған қандай ...... бересіз ? (Жан-жақтылық мәтіні бойынша)

  1. Тапсырма

  2. Жаттығу

  3. Ойын

  4. Жұмыс

  5. Кеңес



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет