Уәлихан Ш. А. Ы. Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан. 2004. 25 тамыз (№217-220)



Дата14.06.2016
өлшемі62.82 Kb.
#135564
Уәлихан Ш.-А. Ы.

Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан.-2004.-25 тамыз (№217-220)
Исатай деген ағам бар, Ақ-кереуке жағам бар

Махамбет
Әрбір күннің шын бағасын білетін біреу бар ма екен? Не бір ғаламат істердің әрбір сағатпен бірге көз жұматынын түсінетін адам бар ма екен?

Зымырап өтіп жаткан уақыт. Теңіздің көбік шашып, тулаған толқынындай болып, сан килы тағдырлы адамдарды, ауызға толтырып айтарлыктай іс- әрекеттерді, не бір қайталанбас көріністерді құшағына алып, тұңғиыққа әкетіп жатыр, әкетіп жатыр... Әрбір адам жеке бір әлем. Өз түйгені, өз сүйгені бар, жерінгені, жиркенгені бар. Егер адам ойына тоқығанын, бойына жинаған бар асыл дүниесімен қатар максат-мүддесін, арман-тілегін өлгенде өзімен бірге алып кетпесе, адамзат баласының рухани дүниесінің қырманы кандай бай болар еді?! Бір жоқты екі рет іздемес едік. Арман деген асудың ғасырлар бойы етегінде жүрмей, ең биігінде отырар ма едік, калай? Әттең, бар билік уақытта. Адам бүгін бар, ертен жоқ. Өмір мәңгілік берілгендей каннен қаперсіз жүре береді, кейде етек жеңін тұріп те үлгермейді. Пенденің басынан не өтпейді?!

Адам канша есейсе де көнілі картаймайды. Өмірдің қызығы мен шыжығы көп болғандықтан ба, әлде тым қысқалығынан ба, бұл жалғанға кеше ғана келгендей боласың да тұрасың. Әсіресе, балалық шағың көз алдыңнан кетпейді екен.

...Біз ата-анадан екеу едік. Анам он екі күрсақ көтерген екен, балалары тұрмай өле беріпті, өле беріпті. Ағайын-жүрт ақылдасып, барлык катер ана сүтінен шығар деп ойлап, 1925 жылы туған Тұрсын деген ұлды анамыздың емшегін емізбей ағайындар алып кетіп асырайды. Бала тұрады. Көңілдері жасып калған ата-анамыз шарк ұрьш, мені де, ажалдың аузынан алып калудың амалын іздейді. Кіндігімді шаппа шотпен кесіп, отыз өйелдің етегінің астынан өткізеді. Ескі түсінік бойынша, ажал бір әйелдін баласын алуға кәнігіп алса, бала көтерген сайын, туар кезде нәрестені алуға келеді де тұрады екен. Ал отыз өйел отырған кезде, баланың қайсысынан туғанын білмей, ажал адасып қалады-мыс деген үғым болыпты. Сөйтіп, тумай жатып ажалды адастырып Шот-Аман атандық, кейін Шота дейтін болды.

1939-1944 жылдары әкем Ыдырыс Мақыұлы Солтүстік Қазақстан облысындағы Төңкеріс ауданының Бағанаты, Алкаағаш, Жаңаталап, Шортай атты ауылдарында мүғалім болды. Бағанатыда тұрғанда Тұрсын ағам Евней (кейін атақты ғалым болатын Евней Арыстанүлы Букетов — ред.) атты дос тапты. Ақсары, ұзын бойлы, талдырмаш бала жігіт еді. Екеуі жүбын жазбайтын, бірге ойнайды, бірге күледі, бірге жүреді. Көбіне, Бағанаты атты шалшық судың жағасында жатқанда неше түрлі жоспарлар жасайды. Бағанаты мен Марьевка селосының арасында көне оба болатын. Ағалардың айтуынша сонда батырлар жерленіпті, алтыннан, күмістен, темірден дулыға, қалқан, сауыт-саймандары бар көрінеді. Шіркін, соларды қазып алсақ дейді.

Барлық іс-қимылдарын көзден таса етіп көргем жоқ. Олардың істегендерін істеп, барған жерлеріне барғым келіп түратын. Бірақ, жолым үнемі бола бермеді. Інісі мені ертіп жүруді әсіресе Тұрсын ұнатпайды. Себебі, ағалармен жүріп, көрген білгенімді үйге, апама айтып келетінмін. Бұл оларға аса жайлы болмаса керек. Көп жобаларын менен жасырып іске асыруды шығарды. Мен болсам, моп-момакан бола қалып, оларға жағынып, айтқандарын мүлтіксіз орындауға тырыстым. Сөздеріне құлақ салмаған болып, әлденемен айналысып жүрем де айтқандарын есіме сақтап қаламын...

Бір күні байқасам, бұлар бір құпия жұмысқа кірісіп кетті. Сыбыр-сыбыр, қыбыр-қыбыр. Бір жаққа жиналды, мен де барамын деп едім, бармайсың деді. Кетті. Алыстан қарап тұрмын. Үш бала мектепке бұрылды. Мектеп алыс емес еді, оларға білдірмей қуып бардым, сырттарынан бақыладым. Шатырға шығып, ішінен бірдеңелерді алып шықты. Орманның ішіне тартты. Мен де арттарынан жүріп келемін. Көп ұзамады, құмырсқаның илеуіне дорбадан бірдеңені тастады да үйге карай бет алды. Олар кеткен соң барсам, илеуге тастағандары жарқанаттар екен. Мектептің шатырында олар көп еді. Мұндай қаталдықтың себебін түсіне алмай, көп ұзамай мен де соғылған сендей болып үйге кеддім. Бір таса жерге отырып, сыбырлап сөйлеген ағалар сөзіне құлақ түрдім... Істеген істері тегін емес сиякты. Жарқанаттың қанатында айырға ұқсас үш сүйегі болады екен. Сонымен жаксы көретін қыздың арқасынан сипасаң, ол саған өмір бойы ғашык болып өтеді деп түйді достардың бірі. Айтуларына қарағанда, құмырсқалар екі күннің ішінде жарканаттарды мүжіп сүйегін калдырады екен. Содан кейін барып бұлар оны алмақшы.

Ауылда Жұдырық деген кемпір болушы еді. Ұмытпасам, оның Зейнеп атты бойжеткен қызы барды. Ағаларымның аузынан сол қыздың атын көбірек естуші едім, сірә соған пайдаланатын шығарсын деп ойладым. Түнімен үйыктай алмай, таңертең бөрінен де ерте тұрып кұмырсқаның илеуіне тарттым. Барсам жарғанат түгіл тұк те жоқ, айыр сияқты сүйек пе, әлде бұтак па бірдеңені илеуден көтеріп алып калтама салдым... Маған бір зор күш біткендей болды. Үйкыдан Тұрсын мен біздің үйде қонып қалған Евней де оянып, ағаш ішіне кетті. Барыңдар, барыңдар "шекеннің шермиын табарсыңдар" деп ойлаймын. Сөйтсем Зейнеп су алуға бара жатыр екен. "Тәте", — деп арсалаңдап қасына жетіп бардым. Қалтамда жарқанаттың айыр сүйегін білдірмей қыздың арқасынан сүйекпен сыздым да үйге тайдым. Есік ашылған сайын Зейнеп шығар деп қаламын. Үш күн күттім, ешкім келмеді. Ағалар дым сезген жоқ, мен дал болдым.

...Екі дос та мектепте жақсы оқыды. Есімде, жоғары класқа келгенде Сәбит Мұқановтың "Жұмбақ жалау" атты романы шыққан болатын. Евней оны орысша аударуға тырысып бақты, бір тарауларын Тұрсынға күні бойы оқитын Тұрсын сөзге шешен, жүйрі болды. Қазақша сөйлес орысша, орысша сөйлес қазақша араластырмай таз сөйлейді. Онын үстіне сурет жақсы салды, кұдай берген дарыны болатын, адамдардың бейнесін айнытпай келтіруші еді. Пушкин, Лермонтов Шоқан, Абай, өзінің досы Евнейді сан құбылтатын. Тауып сөйлейтін. Жүрт Шоқанға тартса, осы жігіт тартады деп үміттенуші еді. Бір екі мысқыл сөзін Евней ағай кейініректе айтып жүрді. Бірде Тұрсын Евнейдің аяқ киімін сұрап киеді. Екеуі келе жатқанда менің ағам аяғын сүйрете басса керек. Евнейдің көңілі бұзылып: "Әй, шөркейімді тоздырасың, аяғынды көтерінкіреп бассайшы",- депті. Оған Түрсын: "Кемпірмінез көрсетпе!"- деген көрінеді. Евней түсінің кіремей: "Бұл не сөз?" — деп сұраса, ол әңгіме айтыпты. Баяғыда бір кемпір көршісіне кимешегін уақытша киюге беріпті. Екеуі қонаққа барады. Кемпір кимешегінен көз алмайды, шыдай алмай көршісіне: "Ет жегенде, жалмаңдамай ақырын шайнамайсың ба, кимешегімді жыртасың ғой",— деген екен.

Тұрсын орта дәрежелі заң мектебін бітіріп тергеуші, кейінірек адвокат болып қызмет атқарды. Көптеген адамдарға араша түсіп, ақтауға сеп болған кездері болды. Бір рет бір істі қуып Алматыға дейін барды, досы Евнейдің студент, кезі, екеуі тағы кездесуші Сабит Мұкановтың үйіне барыпты. Біраз танысқаннан кейін Сәбең Тұрсынға: "Көп оқи алмаған екенсің", - дегенде Түрсын: "Тағдыр мені көкжал ғып жаратқан еді, сұм өмір түлкіге ұқсатып құйрығымды бұландатқызды", — деп жауап қайтарыпты. Тұрсын ағам көп жасай алмады, еддің үлкен азамат болар деген үміті үзіліп, жиырма екі жасында жіңішке аурудан кайтыс болды. "Шота сен жоғары білім ал, оқы, саған Евней көмектеседі", — деуші еді асыл ағам. "Ел Шоқан ұрпағынан осы уақытка дейін оқыған бір адам шықпағаны калай?" — деп танданады, тырысып көрейік. Егер жазылып кетсем, бәрін тастап өзім де Көркемсурет академиясына түсемін", — деп армандайтын. Әттен не керек, тағдыр жазбады.

Тұрсын қайтыс болғанда, Серік деген ұлы іште калды. Жеңгем Шөмөрді ағамның жылын да тосқызбай төркіндері алып кетті. Әубәкір карияның қызы еді. Бір күні жас құдағиымыздан хат келді. "Серікті алып кетіңдер, Тұрсыннан калған дүниені де ала келіңдер. Әкелмесеңдер Серікті көздерін көрмейтін жерге жібереміз", — депті пәтшағар. Жүрегімізді колға ұстап, алып-ұшып қарт әкеміз екеуіміз Қызылжарға жеттік.

Келсек, құдағи жалғыз екен. Емшектегі баласын емізіп отыр. Қасында үш айлықтағы бір бала жылайды. Стаканда тұрған суды бетіне шашып жіберіп еді, шошынған бала жылауын қоя койды. "Қүдағи-ау, мүныңыз қалай, айуандык кой", — деп кіжініп едік, жұлып алғандай: - "Тумай жатып әкесін жұка бала өлмейді, сендердің Серіктерін осы", — деді. Біз көз жасымызды тия алмадық. Қалаға студенттік практикадан Евней келген екен, мүңымызбен бөлістік, оның да көңілі босап қалды. Бізге сабырлық тіледі. Атаммен (әкемді мен ата деуші едім) әнгімені менің болашағыма аударды. 1950 жылы, досым Кәкімбек Салықов екеуміз орта мектепті күміс медальға бітірдік. Ол кезде Евней тау-кен институтының ақырғы курсында үздік окитын еді, ақыл сұрап хат жаздық.

Евней Арыстанұлының маған үлгі-өнегесі көп болды. Ол әр қырлы, әдебиетке жөне өз ісіне жүйрік ғалым еді. Шокан Уәлиханов туралы шабытпен жазған мақалаларын окып отырып, филология саласында істейтін ірі тұлға деп ойлауға болар еді. Қаныш Сәтбаев туралы жазғанын оқып отырып кен зерттеуден артық ғылым жоқ деп қорытар едіңіз.

Москваның архитектура институтын бітіріп Алматыға келгеннен кейін Евней ағаймен жиі араласып, ақыл-кенес алып тұрдым. Аумалы-төкпелі дүниеде адамның басына не келіп, не кетпейді. Бәрімен бөлістік, сырлас болдық. Отбасына байланысты біраз ауыртпалықты басынан кешкен ағай реніш көрсе де тәуекелшіл болды, келешекке сенді.

Бір жылы, Евней ағай: "Қызметке орай маған екі ұсыныс болып түр: бірі, обкомның өнеркөсіп саласындағы хатшысы болу. Екіншісі, Қарағандыдағы ғылыми-зерттеу институтының директорлығы. Мен екінші кызметке барайын деп отырмын. Бұл алған мамандығыма сәйкес келеді. Ал ресми қызметте өсу бастықтың кабағына байланысты болады ғой", — деп күлді.

Кейін Евней ағамыз Ұлттық ғылым академиямыздың академигі болып сайланып, Қарағанды университетінің тұңғыш ректоры болғанын бірге тойладық. Басына бұлт торлап, көре алмаушылар жала жауып, жаман достары қашып кеткенде де қасынан шықпадық.



- Шота, қапаста үнемі тұра бермеспіз, үлкен өзгерістерді сен түгіл менің де көрмек үмітім бар, - деуші едім маркұм.

Құдайға шүкір, ағамыздың еңбегі жанды. Қарағанды мемлекетгік университеті бұл күні аты тарихта алтын әріппен жазылған қазак халқынын ардақты ұлдарынын бірі — Евней Арыстанұлы Букетовтың атымен аталады. Ол ортамызға қайта оралып, бізбен бірге келешекке қарай бара жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет