2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауды келісу (бұдан әрі – келісу).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жануарлар дүниесі объектілері ауруының қойылған диагнозымен бірге (жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау органы актісінің (сараптамасының) көшірмесі.
2) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі сұрау салу;
жануарлар дүниесі объектілері ауруының қойылған диагнозымен бірге (жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау органы актісінің (сараптамасының) электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдау растамасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.minagri.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
____________________
«Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ
жануарлардың құтыруы мен басқа да
ауруларының індеті жағдайларында
жануарлар әлемі объектілерін улы
химикаттарды қолдана отырып аулауға
келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
______________________________________________________
орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына
(аумақтық инспекцияның атауы)
______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өтініш
___________________________________________келісім беруіңізді сұраймын
(қызмет түрі көрсетілсін)
__________________________________________________________аумағында
(аулау аумағы (ауданы) көрсетілсін
Улы химикаттардың түрлері ______________________________________
Жойылуға жататын жануарлар түрлері
Аулау мерзімі _____________________________________________________
Ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін):
1. Меншік нысаны ______________________________________________
2. Құрылған жылы _________________________________________________
3.Тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы анықтама __________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)
4. Мекенжайы, байланыс деректері ______________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №, телефоны)
5. Филиалдар, өкілдіктер_______________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Жеке тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін):
1. Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері ______________________
(№, кім және қашан берген)
2. Мекенжайы, байланыс деректері ______________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №, телефоны)
Қоса беріліп отырған құжаттар: ____________________________________
20____жылғы «__»_________ _________________________________________
(өтініш берілген күн) (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөрдің орны (заңды тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығына
9 қосымша
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша әкімшілік орган балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы рұқсат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктердің, жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баж «Салық және және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабының 4-тармағына сәйкес алынады және ол айлық есептік көрсеткіштің 200 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағында, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт;
үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспортқа рұқсат немесе кері экспортқа сертификат;
ғылыми ұйымның қорытындысы;
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі сұрау салу;
жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт электрондық көшірмесі түрінде;
үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспортқа рұқсат немесе кері экспортқа сертификат электрондық көшірмесі түрінде;
ғылыми ұйымның қорытындысы электрондық көшірмесі түрінде;
электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төленгенін қоспағанда, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат электрондық көшірмесі түрінде.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, төлем (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63. Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.minagri.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенция бойынша әкімшілік орган
___________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
___________________________________________
жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің)
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы,
___________________________________________
телефон және факс нөмірі)
Өтініш
_____________________________________________________________
үлгілерін әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажеттінің астын сызу)
1.
|
Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктік қойылымдар немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бағы, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке беру, аңшылық олжалар және басқалары)
|
|
2.
|
Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгілер
|
|
3.
|
Үлгінің сипаты (тірі жануарлар, тері, тұлып, ұша, бас сүйегі, мүйіз, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар мен басқалары, тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, бірдейлендіру белгілерінің болуы)
|
|
4.
|
Үлгілер саны немесе салмағы
|
|
5.
|
Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жағдайда шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттар негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және басқалары)
|
|
6.
|
Экспорттаушы мен импорттаушының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін – үй мекенжайы, паспорттық деректер) орыс және ағылшын тілдерінде, олардың телефондары немесе факстары
|
|
_______________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығына
10 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |