Умкд 042-14-5-08. 01. 20. 03/03-2009 №1 басылым 02. 09. 2009



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі410.29 Kb.
#131633
түріСеминар
  1   2

УМКД 042-14-5-08.01.20.03/03-2009

№ 1 басылым 02.09.2009

беттің -сі










ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18.1.03/03-2013



«Қазақстанның саяси процесі және саяси қатынасы» пәнінің оқу –әдістемелік материалдары

№3 – басылым





«ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ

САЯСИ ҚАТЫНАСЫ»

ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Саясаттану мамандықтарына арналған

Cемей

2013
МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Семинар сабақтары

4. Студенттердің өздік жұмыстары.


1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОЦЕССІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАТЫНАСЫ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)
Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі.

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Әлеуметтендіру агенттері-әлеуметтендіру процесінің барысына бағытталған мақсатпен ықпал жасаушылар.

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері).

Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс — қоғамның саяси өмірінің өзегі, өйткені ол саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Ол өте кең әлеуметтік орта бола отырып, өзінде әлеуметтік- саяси өмірдің барлық проблемаларын қамтиды. Саяси жүйеге теріс әсерлер, оның қарсы реакциясы, саяси жүйенің ішкі қайта құрылуы, әр түрлі саяси акциялар, саяси өмір агенттерінің өзара әрекет белсенділігі, формалары, әдістері, басымдықтар және олардың идеологиялық бейнеленуі — осының барлығы саяси процестің шынайы аспектілері.

Қарым-қатынасадамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 26 тамыз 1920 ж. РСФСР құрамында Қырғыз АССР қалпында құрылған. 1936 ж. 5 желтоқсанында Қазақ ССР ретінде одақтас республикасы статусын иеленген.

Қазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Құндылықтар-жалпы көпшілік таныған мінез-құлық стандарты, сол мақсаттарға жетудегі негізгі жолдар мен құралдар туралы сенімдер.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мәртебе-белгілі бір құқықтар және міндеттер жиынтығымен байланысқан қоғамдағы тұлғаның немесе әлеуметтік топтың Жалпы қалыптық жағдайы.

Мобильдік -әлеуметтік субьектінің әлеуметтік құрылымындағы орнының өзгеруі.

Мотивация-тұлғаның немесе әлеуметтік топтың белсенділігі мен қызметінің бағытын анықтайтын ниет.

Саяси процесс- 1 қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі. 2 түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.

Саяси коммуникация - [лат. communicatio - хабар] - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір материалдар көмегімен немесе виртуалды түрде беру; саяси құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін саяси үрдіс; коммуникатордың саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен саяси санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері.

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет.

Үрдіс, процесс - қандай да болсын нәтижеге жетісу жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны.

2. Қазақстанның саяси процесі және саяси қатынасы пәнінің дәріс сабақтары
Тақырып № 1. Саяси процестің түсінігі мен құрылымы

Дәріс жоспары:

1.      Саяси процесс ұғымы.

2.      Саяси процесс мақсаттары мен функциялары.

3.      Саяси процестің қоғамның саяси өмірінде орын


Дәріс тезистері:

«Саяси процесс» ұғымы барлық қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымның мәнін анықтау үшін, жалпы «процесс» терминінің мәнін айқындаудан бастау керек. «Процесс» термині латынның жалғасы, қозғау сөзінен шыққан, ол: біріншіден, өзінің бағыты бар белгілі бір қозғалысты, қозғалыстың қайсыбір барысын, ретін, дамуын; екіншіден, жәй-күйдің, сатының, эволюцияның табандылықпен ауысуын; үшіншіден, белгілі бір нәтижеге жету үшін табанды қимыл-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Демек, «процесс» терминінің әмбебаптық сипаты бар, өйткені ол табиғат пен қоғамның шынайы және тұрақты қалпын көрсетеді. Осымен байланысты, ғылыми әдебиеттерде «саяси процесс» ұғымына анықтама беруде әр түрлі көзқарастың барлығын айтқан жөн. Бірінші көзқарастағылар, саяси процесс деп саясатта болып жатқанның бәрін түсіндіреді. Екінші біреулері, бұл ұғымды «саясат» категориясымен ұқсастықта қолданады. Үшінші концепцияны ұстаушылар, «саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси жүйесі қалпының ауысуын түсіндіруші ретінде пайымдайды.

«Саяси процесс» ұғымы ең алдымен, өзіндік ерекше мақсаттары мен функцияларын іске асыруда индивидтер, топтар, билік институттары бір-бірімен және мемлекетпен қалайша өзара әрекет ететінін ашады. Бұл мәселеде саяси процестің әлеуметтанулық түсіндірмесінеде назар аударылады, саяси процесті тек саяси күрес тұрғысынан қараумен қатар, әлеуметтік және саяси құрылымдар мен қатынастардың өзара әрекетін сараптау деңгейінде пайымдалады.

Саяси процестің әлеуметтанулық түсіндірмесі американдық саясаттануда кеңінен тараған. Онда саяси процесс әлеуметтік процестер мен саяси рөлдер мен функцияларды жүзеге асыру негізінде саяси билікті алып жүрушілердің арасындағы өзара әрекет тұрғысынан суреттеледі.

Көбіне-көп саяси процесті саяси жүйенің қалыптасуымен, өзгеріске түсуімен, қайта құруымен және өмір сүруімен байланысқан барлық субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде түсіндірілетінін атап өткен жөн.

Саяси процестің мұндай түсіндірмесі осы процесті оған қатысушылардың бүкіл саяси маңызды әрекеттерінің шексіз жиынтығын қалыптастырады деген идеяға негізделген. Демек, бұл саяси құбылыстың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын, олардың уақыт пен кеңістіктегі жай-күйінің нақты өзгерістерін ашады.

Уақытша параметрлер саяси процестің белгілі бір циклдары іспетті, оның әрқайсысы элементтер мен байланыс бөліктерін ұдайы өндіріп отырады. Саяси жүйе өзін-өзі өндіруші циклін аяқтағаннан кейін ғана толық айқындалатын болады. Мысалы, қайсыбір демократиялық саяси жүйені бір сайлаудан келесі сайлауға жеткенде ғана оны аяқталған жүйе деп қарастыруға болады.

Кеңістіктегі параметрлер географиялық факторлармен және саяси процесс пен оның элементтері, элементтер аралық байланыстар сипаты орнаған орта ретінде саяси жүйемен қамтамасыз етіледі. Саяси процесс қоғамның саяси жүйесі шеңберінде, сол елдің шеңберінде, сонымен қатар аймақтық және жаһандық көлемде өрістейді. Ол мемлекеттік деңгейде, әкімшілік-аумақтық аудандарда, қала мен деревняда, ауылда, әр түрлі ұлттардың, топтардың, әлеуметтік-демографиялық топтардың, еңбек ұжымдарының, қайсыбір саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың ішінде өтеді.

Осымен байланысты саяси процесті қоғамның саяси өмірінде орын алған бірін-бірі табанды ауыстыратын өзара байланысқан құбылыстар мен оқиғалардың бүкіл жиынтығы деп айтқан жөн. Саяси процесте алуан түрлі факторлар өзара әрекетке түседі, соның нәтижесінде саяси салада өзгеріс болумен қатар қайта құрулар да жүреді. Ол құқық нормаларымен (ең алдымен конституциялық) және алуан түрлі құқықтық емес жазба және жазылмаған нормалармен (партиялардың, қайсыбір қоғамдық бірлестіктердің жарғылары және басқа да құжаттары, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, этикалық-моральдық нормалар және т.б.) реттеледі, ал кей уақытта, тіпті, жалпы алғанда ештеңемен реттелмейді, кездейсоқ жүреді.

Саяси процестің өзіндік құрылымы бар. Саяси процестің құрылымы: саясат субъектілерінен, билік ресурстарынан, құралдардан, оларды қолданудың формалары мен әдістерінен, аралық әрі түпкі мақсаттар мен міндеттерден құрылады. Сонымен қатар, саяси процесс макрожүйедегі, микрожүйедегі өзгерістерді қамтитын уақыт пен қарқыны бойынша көп үйлеспейтін нақты жергілікті-локальды бағыттардан да тұрады.

Саясаттың кез-келген субъектісі (партия, қозғалыс, әлеуметтік топ және басқалар) өздерінің саяси процеске қатысуын белгілі бір принциптер негізінде ұйымдастырады. Олар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ құқықтық мемлекетте оларды заңдылық критерийлері-өлшемі мен құқық нормаларына сәйкестік біріктіреді.

Саяси процестің ресурстары болып оның идеялық және материалдық негіздері: ғылым, білім, техникалық және қаржы құрамдары, бұқараның, процеске қатысушылардың көңіл күйі, олардың идеологиясы, қоғамдық ортаның қалпы және басқа да факторлар қызмет атқара алады.

Саяси процестің өзіндік мазмұнды, ерекшелікті белгілерді және даму заңдылықтарды иеленуі оның алуан түрлілігін көруге мүмкіндік береді. Сонымен саяси процестің алуан түрлі болуы қоғамның саяси саласының өмір сүру формасы қызметін атқарады. Солай болған соң қоғамның саяси өмірі әр түрлі саяси процестерде өзін білдіреді.

Саяси процестердің өзіндік ерекшеліктерін біртұтас жүйе ретінде зерттеу мүмкін еместігімен де бұл үрдіс айрықшаланады. Саяси процестер жиынтығында жалпы және жеке саналатын екі топ көзге түседі. Бұл топтардың саяси процестері қоғамдық өмірді қамту мөлшерімен қатар мазмұнымен, жүру формаларымен және нәтижелерімен өзгешеленеді. Сондықтан оны қарастыру жалпы және жеке саяси процестерді бөліп зерттеуді ұйымдастыруды қажетсінеді. Алайда, процестердің осы екі тобы бір-бірімен тығыз байланысқан. Сонымен бірге, жеке саяси процестер жалпы саяси процестің мазмұнына, формаларына және жүру жылдамдығына маңызды ықпал ете алады.

Сонымен жалпы саяси процесс жекелеген процестердің қарапайым ғана жиынтығы емес. Ол жеке процестерден өзінің көлемі, мазмұны жағынан ерекшеленумен қатар формаларымен де өзгешеленеді. Жалпы саяси процесс эволюция, революция, дағдарыс сияқты белгiлі үш формада жүреді.

Жалпы саяси процестің бүкіл қоғамды қамтитынын және оның саяси жүйесін мәнді өзгеріске түсіретінін немесе қалыпты күйін тіптен ауыстырып жіберетінін атаған жөн. Ал, жеке саяси процестердің жалпы саяси процестен айырмашылығына келсек, оның саяси өмірдің жекелеген жақтарын қамтуында жатқандығында деп түсінуіміз керек. Сонымен бірге жеке саяси процестер жалпы саяси процестен өзінің құрылымымен, сипаттамасымен, даму кезеңдерімен де ерекшеленеді.

Жеке саяси процестер – бұл әр түрлі, қоғамның саяси жүйесінің жай-күйіне жалпы тиіспей, белгілі бір саяси мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қоғамның саяси белсенділігінің көптеген ерекше формалары. Соған сәйкес жеке саяси процестер билік өкілдерінің өздерінің міндеттерін тікелей атқару барысында (әсіресе қоғамды басқаруда) көрінеді. Бұл процестер сонымен қатар әр түрлі саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың және жекелеген азаматтардың өздерінің саяси мүдделерін (мысалы, сайлауға, референдумдарға, митингтерге, көше шерулеріне қатысуы) түрлі жолдармен іске асуын бейнелейді. Жеке саяси процестерге басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асырудың түрлі формалары жатады. Жеке саяси процестердің көптігіне және әр түрлігіне қарамастан, оларды жүзеге асыру қоғамның саяси жүйесін мәнді өзгерістерге түсіре алмайды. Мысалы, тоталитаризмді демократиялық саяси режиммен алмастыруға немесе монархияны республикамен және басқаларын ауыстыруға әкеп соқпайды.

Саяси процесс әрқашанда салыстырмалы тұрғыда өз бетіншілігімен ерекшеленеді, бірақ, түптеп келгенде, ол экономикалық құрылыммен, мемлекеттік кұрылыспен, қоғамдағы әлеуметтік-саясиқатынастардың сипатымен детерминдірілген.

Қазіргі саяси процеске кейбір ортақ міндеттер тән олар әр түрлі тарихи жағдайларда және елдерде түрліше шешіледі, сонымен қатар оның субъектілерінің қайсыбір қызметтерінің жүзеге асу сатыларында өз шешімін табады.

Қазақстандағы саяси процесс тарихи дамудың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің, діни ортаның, оны мекендеген этностардың психологиялық құрылым ерекшеліктері негізінде әрекет ететін әлеуметтік субъектілердің, билікті алып жүрушілер мен институттардың өзара әрекеті болып көрінеді. Қазақстандық саяси процесте ескімен қатар жаңа құбылыстар, объективті және субъективті факторлар көрініс тапқан. Олар бір-бірімен қабысып, қалыптасу үстіндегі демократиялық қатынастардың пісіп, жетілмегендігін дәлелдеп отыр. Сондықтан Қазақстандағы саяси процесс қарама-қайшылықта және әр тараптылықта дамуда.

Қазақстанда мына бір құбылыстар: басқарудағы дәстүрлі әлеуметтік институттар мен құрылымдардың ыдырауы; әлеуметтік бағытынан айырылу, адамгершілік құндылықтар мен рухаии идеяларды жоғалту; халықтың басым көпшілігінің маргиналдануы; қоғамдық қатынастардың қылмыстандырылуы; өткен тарихтың бұрмалануы; мемлекеттік билік органдарының беделін түсіру; билеуші элитаның қолына саяси билік пен ресурстардың аса көп шоғырлануы ерекше көзге түседі. Сондай-ақ, мейлінше негізделген және аса ұтымды саяси және құқықтық шешімдер қабылдау меноны жүзеге асырудың арасында алшақтық байқалады. Бұл келеңсіздік сәйкестігі бар құқықтық механизмдердің жоқтығымен әрі саяси құқықтық мәдениеттің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақстандағы саяси процестің ерекшелігі, менің ойымша, саяси рөлдер мен функцияларды жүзеге асыру айырмашылығымен, олардың белгілі бір билік институттарының қолына шоғырланып, бекітіліп берумен де байланысты. Қазақстан қоғамында рөлдерді бөлу және оларды іске асыру механизмдері демократиялық қоғамдарда стандарттардан қабылданған жәнесаяси өзгерістер логикасын анықтайтын ұстанымдардан өзгешелігінің бар екені анық байқалады. Бұл Қазақстанның әлеуметтік эволюция механизмінде саяси факторлардың басым болуымен, онда жетілген азаматтық қоғам институттарын қалыптастыруға кедергі келтірумен бірге саяси және саяси емес салалар арасында нақтылы шек қоюға жол бермеуімен байланысты.

Осыған орай қазіргі Қазақстандағы саяси процестерге талдау жасау көбіне-көп келесі ұйымдық шарттарды сақтаумен байланысты болмақ. Олар: реформалық үрдісті ақпаратпен қамтамасыз ету, онсыз жаңаша қараудың әлеуметтік салдарын болжамдау, қол жеткен табысты бағалау мүмкін емес; реформаның жекелеген бағыттарына басымдық беру, заңдық, ұйымдық және басқа да шараларды күшейту, оларды іске асырудың шынайы перспективаларын есепке алып, табанды түрде жүзеге асыру; әлеуметтану мониторингын ұйымдастыру, реформаның нәтижесін қадағалап, оған баға беру; ағарту жұмысының мақсатты бағытталуы; саяси қатысудың әр түрлі формаларының тиімділігін зерттеу.

Саясатқа қатысу саяси процестің мәнін ашатын маңызды элемент болып табылады. Саяси процеске қатысушылар, оның әрекет етуші адамдары мен күштері болып жеке азаматтар, олардың саяси және қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері, әлеуметтік-таптық, этникалық және басқа да адамдар қауымдастықтары есептеледі. Саяси процеске әрбір қатысушының, яғни оның субъектісінің, өзіндік стратегиялық және тактикалық мақсаттары мен міндеттері болады. Олар саяси күштердің қызметінің формаларын, мазмұнын, әдістерін анықтайды, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатын және т.б. белгілейді. Алайда, түптеп келгенде, бәрі бәз-баяғы саяси билік туралы мәселеге келіп тіреледі, ең алдымен оның мемлекеттік формасына байланысты болады. Саяси процеске қатысушылардың біреулері үшін мақсат тек билікті иелену болса, басқалары үшін – оны уысында ұстап қалу және пайдалану. Осыған байланысты саяси процесс субъектілерінің арасында қарым-қатынас қалыптасады. Мұндай қарым-қатынастар ынтымақтастық, бәсекелесу, күрес, шиеленіс, антогонизм, келісімге келу және т.б. сипатта болуы мүмкін.

Саясатқа қатысу әр түрлі формада, әр деңгейлі қарқынмен, әлеуметтік және аумақтық түзілімдердің көлемінің әр түрлілігіне қарай жүзеге асады.

Индивидтердің мемлекеттік істерге және басқа да саяси институттарға ерікті қатысуы жоғары деңгейдегі жалпы және саяси білімге негізделген, қатысушылардың белгілі бір әлеуметтік – адамгершілік бағыт-бағдарларының болуына, олардың құқық пен заңға ниеті түзу қатынасына негізделген саналы саяси қызметті қамтиды.
Тақырып № 2. Саяси процесті талдау және оны зерттеудің әдістемелік жолдары
Дәріс жоспары:


  1. Саяси процесті зерттеудегі методологияның ролі

  2. Институциональды әдіс

  3. Бихевиористтік әдіс

  4. Құрылымдық-фунционалыдық, дискурстық әдістер

Саяси өмірдің бірқатар белгілері мен көп түрлілігіне байланысты саяси процестің әр түрлі типологиясы бар. Алайда бұл саяси процестің типологияларын түсіндіруде саясаттануда түрліше екпін жасалған, солардың біршама танымалдарын атап өтелік.

Саяси процестің өркениет тұрғысынан алғанда батыстық және батыстық емес екі типін көрсетуге болады. Олардың айырмашылығы батыстық және батыстық емес дүниенің өркениеттілік ерекшеліктерімен, олардың халықтың практикалық бағытын және мінез-құлқын анықтайтын мәдениетімен айқындалған.

Бұл типология салыстырмалы саясаттану шеңберінде жасалған. Америка саясаттанушысы Л.Пай «Батыстық емес саяси процесс» деген мақаласында батыстық және батыстық емес саяси процестерді ажырататын 17 белгіні қалыптастырған. Оның пікірінше, батыстық емес қоғамдарда саяси және қоғамдық салалар және жеке қатынастар арасында нақты шекара жоқ; саяси партиялар белгілі бір дүниетанымды дәріптеуге және өкілдік өмір салтын көрсетуге бейім; саяси процесте сыбайластар тобы басым; саяси топтардың жетекшілері стратегия мен тактиканы анықтауда біршама еркіндікке ие; саяси процесс оған қатысушылар арасында интеграцияның болмауымен сипатталады; арнайы рөл атқаратын ұйымдасқан мүдделі топтардың ықпалы нашар, осыдан келіп рөлдерді біріктіру және өзара алмасу деңгейі жоғары; саяси әрекеттердің мақсаттары мен құралдарына қатысты консенсус жоқ; оппозициялық партиялар және билікке келуге талаптанушы элита революциялық қозғалас ретінде жиі шығады, харизматикалық лидерлердің рөлі үлкен және т.б.

Батыстық дүниеніңсаяси процестерінің ізі ретінде Л.Пай англосаксондық елдердің мәдениетін қарастырған, соның негізінде, оның пікірінше, батыс демократиясы қалыптасқан.

Саяси процесті ұйымдастыру және талдау тәсілі бойынша горизонтальды-ұйымдастырылған және вертикальды-ұйымдастырылған саяси процестер деп бөледі. Горизонтальды-ұйымдастырылған және вертикальды-ұйымдастырылғансаяси процестерді, М.Вербердің термині бойынша, «идеалды типтер» ретінде қарастыру керек. Соңғылар саяси мәдениеттің этатистік емес (демократиялық) және этатистік (технократиялық,элитарлық) екі түріне сәйкес келеді.

Горизонтальды-ұйымдастырылғансаяси процесс ұтымды әрекет етуші субъектілердің: үкімет, саяси партиялар, мекемелердің өзара әрекеттерін көрсетеді. Ол оған қатысушылардың ортақ ойын ережелерін бетке ұстап, бір-бірімен ынтымақтасатын немесе қарсыласатын формальды теңдігін және салыстырмалы автономдығын мойындаудан туындаған. Мұндай процесте оған қатысушылардың арасында алға қойылған мақсатқа жету үшін әркім бір нәрсесін құрбан ететін мәдени саудаласу формасына немесе жүйенің бүкіл элементтер тұрғысында «келістіру» формасына айналады. Горизонтальды-ұйымдастырылған саяси процестің идеалы болып «дөңгелек стол», көп жақты консультациялар есептеледі, солардың арқасында маңызды саяси шешімдер қабылданады. Саяси процестің формасы ретіндегі ұйымдасқандықпен қалыптасу үкіметтің, кәсіпкерлердің және кәсіподақтардың тұрақты өзара әрекеттерін реттейтін үш жақты комиссияларда, заңда бекітілген институттарда көрініс табады.

Вертикальді-ұйымдастырылғансаяси процесс мүдделердің қажеттіліктерін стихиялық көрінісі ретінде, иррациональды бұқараның ойлау үлгісі ретінде түсіндіріледі. Бұған мемлекеттік билік және саяси институттар жүйесі, қоғам жасаған құндылықтар жүйесі қарсы тұрады. Вертикальді-ұйымдастырылған саяси процесте қоластындағылар-азаматтарбиліктің беделін мойындайды, ал билеушілер қоғам мүшелеріне белгілі бір еркіндікке кепілдік береді. Ойластырылған және ұтымды өзара саяси әрекетті, азаматтарға құндылықтарды таңуға тырысатын үкімет қалыптастырады. Олардың арасында ең маңыздысы болып заңға бағынушылық, жауапкершілік, ұтымдылық басқару есептеледі. Мемлекет пен қоластындағылардың-азаматтардың өзара қатынасының мәні басқарушылар мен басқарылатындардың «дұрыс» мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаумен шектеледі. Басқарушылар қоғамның әр түрлі топтарының мүдделерін үйлестіруі тиіс, ал басқарылатындар бір-бірімен келісімге келуге ынталы болуы керек. Вертикальды-ұйымдастырылған саяси процесс билік құрылымының қабілетінің арқасында топтың талаптарын белгілі бір әрекет бағдарламасына кіріктендіру арқылы ұтымдылық, болжау және конструктивтік элементтерін күшейтуді жобалайды.

Осыған орай вертикальды-ұйымдастырылған саяси процестің тағы бір айырмашылығы елдің лидерінің өз беделін қалыптастыруға тырысуы және қолдап отыруымен ерекшеленеді. Менің көзқарасымша, билік пен қоғамның өзара әрекетінің сипаты бойынша Қазақстандағы саяси процесті вертикальді-ұйымдастырылған процеске жатқызуға болады. Өйткені мұнда билік керекті саяси мінез-құлықтың ережелері мен шарттарын бір жақты анықтап, азаматтардың тілегіне сәйкес құндылықтарды таңып отыр.

Саяси ықпал ету объектілері бойынша және мазмұны тұрғысынан саяси процесс: ішкі саяси және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Олар ерекшелікті пәндік саласымен, субъектілердің өзара әрекет етуі, институттардың өмір сүруі, дамуы тенденциялары және заңдылықтарының тәсілдерімен өзгешелінеді. Ішкі саяси процесс саясаттың субъектілерінің арасында жүреді, олардың қызметінің негізгілері саяси билікті жеңіп алу және оны ұстап тұру әрі қолдана білу болып табылады. Көптеген елдердің ішкі саяси процестерінің мазмұнында мәнді өзгешеліктер бар. Ол мемлекеттік құрылыс пен басқару формаларына, саяси өлшемдерге, билеуші элита сапасына және басқа да факторларға байланысты. Кез-келген елдің ішкі саяси процесінің ірге тасы болып саяси экономикалық укладтардың арақатынасы, қоғамда қалыптасқан әлеуметтік құрылым, саяси мәдениет дәстүрлері, халықтың өз жағдайына қанағаттану деңгейі есептеледі.

Ішкі саяси процестердің ерекшеліктерін түсіну үшін азаматтардың саяси белсенділігін институттендірілген формасының жетекші рөлі мен маңызын естен шығармаған жөн. Сонымен биліктің ұйымдық құрылымы саяси процестің негізі болып табылады, өйткені ол халықтың қайсыбір деңгейдегі белсенділігін талап етеді, азаматтарды саяси мобилизациялау құралдарының жиынтығын және басқарудың басымды әдістерін анықтайды. Саяси ұйымдастырудың қозғалмалығы мен мобилдігіне саясаттың әлеуметтік ортаға ықпал ету деңгей және сипаты тікелей тәуелді болып келеді. Ішкі саяси мақсаттарға бейбіт тәсілдермен де, күштеу әдістерімен де жетуге болады.

Сыртқы саяси процесс халықаралық істерді жүргізу өнері ретінде басқа мемлекеттермен қарым-қатынасқа тарайды. Сонымен қатар сыртқы саясат олардың өзара қарым-қатынастарын реттейді.

Дүние жүзінде мүдделері сәйкес келмейтін және әр салада үйлеспейтін бағдарламалары бар көптеген мемлекеттердің өмір сүруінен туындаған ерекшеліктерді сыртқы саяси процесс иемденген. Қазіргі жағдайда сыртқы саяси процесс келіссөз жүргізу өнеріне айналып, екі жаққа да тиімді саяси келісімге жету құралы болып отыр.

Билікті қайта құрудың жылдамдығы мен көлеміне, сипаты мен әдістеріне қарап саяси процесті эволюциялық және революциялық деп те бөледі.

Революциялық сипаттағы саяси процесті билікті салыстырмалы түрде тез сапалы өзгеруі, шешім қабылдау тәсілдерінің өзгеруі, саясатқа қатысу жолдары мен механизмдерінің өзгеруі ерекшелейді. Бұл процесс қоғам өмірін түбегейлі төңкеру болып саналады. Оның барысында мемлекеттік биліктің және үстем етуші меншік формасының ауысуы болады. Революциялық саяси процесс салыстырмалы түрде қысқа саяси мерзім ішінде бейбіт және күштеу құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай кезеңдерде, әдетте, электоральдыққа сенім білдіру стихиялыққа орын береді, бұқаралық саяси қозғалыстардың еркін формалары алға шығады.

Эволюциялық саяси процесте саяси билік құрылымындағы өзгерістер біртіндеп қайта құрулар және реформалар жолымен іске асады. Саяси дамуы мен өмір сүрудің мұндай сипаты әр түрлі саяси субъектілердің белгілі бір функциялары мен рөлдерді бөлуге шешім қабылдау механизмдерінің тұрақтылығына арқа сүйейді. Биліктің заңдылығы және әдеттегідей басқарушылар мен басқарылатындардың ортақ социомәдени құндылықтарының және бағдарларының болуы, келісім этикасының және конструктивті оппозицияның болуы саяси процестің эволюциялық жолымен жүруінің негізі болып табылады.

Эволюция мен революцияның өзара тығыс байланысқан қозғалыстың, табиғат пен қоғамның дамуының екі формасы екенін айту керек. Саяси эволюция әрбір жеке алынған елде әрқашанда бірегей құбылыс, оның ұлттық тарихының элементін құрайды. Сонымен бірге бір топ елдерде эволюция элементтері ұқсас болуы мүмкін. Оның себептеріне салыстырмалы түрдегі тарихи жағдай, мәдени және діни құндылықтардың ортақтығы және с.с. жатады.

Саяси эволюция заңдылықтарын естен шығару, революциялық қарсыласуды қалыптастыруға жол береді, қоғамдық дамудың нормальды прогресін үзіп жібереді, мемлекет пен қоғамды қатал конфронтация жолына түсіреді.

Саяси процеске қатысушылардың өз функцияларын көпшіліктің алдына іске асыруы мемлекеттің өз міндеттерін, қабылдаған шешімдерін сөзсіз орындауы немесе анық орындамауы тұрғысынан алғанда саяси процестер ашық және жасырын (көлеңкелі) түрлерге бөлінеді.

Ашық саяси процестерге топтар мен азаматтардың мүдделері партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларында айқындалады, сайлауларда дауыс беруден білінеді, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы мәселелерді талқылаудан көрінеді, азаматтардың билік институттарымен байланысынан байқалады, қоғамдық пікірді есепке алу арқылы және т.с.с. көрініс табады. Демократиялық мемлекеттерде саяси процестің ашықтығы деп жұртшылықтың саяси шешімдерді қабылдауға, бағдарламаларға түзетулер енгізудің түрлі фазалары мен кезеңдеріне қатынасуы, элитаның құрамын толықтыруға қол жеткізуі, сонымен қатар билік пен азаматтардың басқа да мәселедегі өзара әрекетінің ашықтығы қабылданған.

Ашық саяси процеске қарама-қарсы тұрған жасырын саяси процестер жұртшылықтың алдында бекітілмеген саяси институттар мен билік орталықтарына арқа сүйейді, олардың рөліне тыйым салынған, сол рөлді жария емес және мойындалмаған қоғамдық құрылымдар атқарулары мүмкін.

Жасырын, көлеңкелі саяси құрылымдар биліктің жоғарғы және орта деңгейінде орнығады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттердің, мекемелердің, жасырын әрекеттері туралы, құпия құжаттары, бұйрықтары жөнінде, құпия функциялы органдардың және толық жасырылған мекемелердің өмір сүретіндігі туралы болып отыр. Ресми адамдар мен билікте заңсыз қызмет түрі жемқорлық-коррупция пайда болуы мүмкін, саяси емес сипаттағы жасырын (көлеңкелі) құрылымдардың (қара базар, қылмыс, мафия) жария мемлекеттік құрылымдармен бірігіп кетуі қаупі бар.

Саяси процеске саяси қатысушылардың сипаты тұрғысынан ангажирламау және ангажирлау (ерікті және рұқсат етілген) болады. Ангажирламау саяси процестер азаматтардың мемлекетпен қатынаста және биліктің басқа да институттарымен еркін саяси қатысуларын жорамалдайды. Ангажирлау саяси процестерде азаматтарға саяси қатынастардың формаларын таңу және басқару шешімдерін қабылдаудың қатаң орталықтанған әдістерін таңу басым болады. Саяси процестің ангажирлау типіне, мысалы, теократиялық топтардың, әскери элитаның, авторитарлы лидерлерімен монархтардың немесе елдегі жалғыз партияның шешім қабылдауларын және саясатқа араласу формаларын санауға болады.

Өз кезегінде саяси процестің ангажирламау демократиялық формаларын келесі бағыттар бойынша топтастыруға болады: оның біріншісі тіке демократия бағыты, мұнда жұрт билік құрылымына тікелей ықпал етеді және заң қабылдау процесінің мазмұнын анықтайды. Тіке демократияның институттарына референдум (плебисцит), халық инициативасы, жиналыстарда іске асатын тікелей басқару деп аталатындар және т.б. жатады. Бұл институттар, әдетте, Конституцияларда белгіленген; екіншісі, өкілеттік демократия немесе басқаша айтқанда халық сайлаған мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асатын өкілеттік басқару бағыты. Сайланған мемлекеттік органдар өз кезегінде, басқа да мемлекеттік органдарды қалыптастыра алады. Жалпы ұлттық өкілетті органдардың (ең алдымен парламенттер) құқықтық мәртебесі Конституцияларда анықталады; үшіншісі, плюралистік демократия бағыты, бұл көп жақты саяси ассоциациялардың пайда болуынан, оларға кірген азаматардың басқару шешімдерінің мазмұнына ықпал ету қабілетінің күштілігінен көрінеді.

Адамдарды топтап жұмылдыру үкіметке белсенді түрде және мақсатты бағытталған ықпал жасауға мүмкіндік береді және оны қажетті іс-әрекет етуге итермелейді.

Қоғам үшін қайсыбір әлеуметтік қатынастарды саяси реттеудің формаларының маңыздылығы тұрғысынан айтқанда саяси процесс базалық және шет аймақтық болып бөлінеді. Базалық саяси процестерді саяси өмірдің әр саласындағы алуан түрлі өзгерістер сипаттайды. Олар оның базалық модификациясына, жүйелік қасиеттеріне қатысты нәрсе. Бұған, мысалы, әлеуметтік топтардың мемлекетпен қарым-қатынасын тәсіл ретінде саясатқа қатысуын, басқару шешімдерінде халықтың талаптары мен мүдделерін жаңғыртудың формаларын, саяси элитаны қалыптастырудың типті тәсілдерін және т.б. жатқызуға болады. Осы сарында мемлекеттің материалдық күштерін қолдаудың негізгі бағыттарын анықтайтын мемлекеттік басқару процесі турасында да айтуға болады.

Сайып келгенде, базалық саяси жүйенің негізгі элементі мемлекеттік органдары мен бұқара халықтың өзара әрекетінен құрылады. Осындай өзара әрекеттен саяси бағыт-бағдар жасалады, ол қоғамның басым көпшілігінің маңызды биліктік мүдделері мен талаптарын білдіруге және іс жүзіне асыруға бағытталған.

Шеткі аймақтық процестер қоғам үшін айтарлықтай аса маңызды емес салдарлы өзгерістерді білдіреді. Мысалы, ондай өзгерістер олар негізінен жекеаймақтардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде, нақты саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, мүдделік топтардың және т.б. қалыптасуымен өзара әрекеті саласына шоғырланған.

Өзара саяси әрекет ретінде саяси өмір динамикасына талдау жасау саяси процестің мазмұнды жағын ашуға мүмкіндік береді. Саяси процесс саяси өмірдің үнемі, кезекпен болатын оқиғалары іспетті, бірақ, ол, сонымен қатар, ішкі бірлікпен байланысқан. Солай болғанмен де саяси процесс бір мезетте тұтас құрылымды қайта өндіруші ретінде және саяси өмірге ықпал ететін экономикалық, экологиялық, мәдени және өзге де факторлардыбіріктірген әлеуметтік орта және әлеуметтіктен тыс орта мен өзара әрекеттегі саяси жүйенің циклдік өмірі ретінде көрінеді. Саяси процесс барысында институттық жүйе бейімделеді және оның жалпы әрі жеке элементтерінің бейімделуін, оның жүйелік сапалар ретінде ұдайы өндірілуін және сақталуын, оны құрайтын компоненттерді де қамтамасыз етеді.

Сондықтан саяси процестің түп негізі өзгеріс болады. Ол саяси құбылыстағы кез-келген құрылымды, функцияны, инститтутты және форманы, тұрақты және ауыспалы белгілерді, эволюция қарқынын және басқа да параметрлерді үлгілеуді білдіреді. Өзгеріс саяси биліктің негізгі құрылымдары мен механизмдеріне тиіспеуі мүмкін (мысалы, лидерлер, үкімет, жекелеген институттар өзгеруі мүмкін, бірақ биліктен босататын жетекші құндылықтар, нормалар, тәсілдер бұрынғы сапада сақталады), бірақ базалық элементтерді алмастыруға әкелуі мүмкін. Бұл элементтер жиынтығы жүйенің жаңа сапалы күйге жетуіне ықпал етеді.

Осы орайда әлуметтік-саяси ғылымда саяси өзгерістің көздері, механизмдері және формалары жөнінде көптеген түсініктер қалыптасқанын айтуымыз керек. Мысалы, Маркс саяси динамиканың негізгі себептерін экономикалық катынастардың ықпалынан көрді, Парето оларды элита таралымымен байланыстырды, Вебер – харизматикалық лидердің қызметінен, Парсонс – адамдардың әр түрлі рөлдерді қолдануынан көрді. Алайда, саяси өзгерістің негізгі көзі ретінде көбіне-көп шиеленісті ауызға алады.

Саяси өзгерістің көздері мен формаларының көп түрлілігі саяси құбылыстардың өмір сүруінің белгілі бір тәсілдерінен көрінеді[94]. Осымен байланысты, менің ойымша, саяси процестің негізгі төрт сатысын бөліп айтуға тұрарлық. Ол – қалыптасу, өмір сүру, даму және құлдырау сатылары. Десек те сатыларға осылай бөлу шартты түрде ғана жүргізіледі. Алайда біртұтас саяси процесте олар бір-бірімен өзара байланыста әрекет етеді, әрқайсысы өзіне тән ерекшелігін сақтайды, өзіндік міндеттерін атқарады және ерекшелікті әдістер мен саяси әрекетті іске асырады.
Тақырып № 3. Саяси қатынас түсінігі

Дәріс жоспары:

1.      Саяси коммуникация .

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Саяси коммуникация - [лат. communicatio - хабар] - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір материалдар көмегімен немесе виртуалды түрде беру; саяси құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін саяси үрдіс; коммуникатордың саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен саяси санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.

Саяси коммуникация саяси субъектілердің өзара қарым-қатынас үрдісіндегі жолдары, құралдары мен тәсілдерін білдіреді. Саяси коммуникация жолдары адамдардың психологиялық қажеттілігі араласуына сүйене отырып, кез келген саяси жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруы мен түрақтылық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Саяси психологиялық түрғыдан, араласудың сан алуан түрлері мен тетіктері негізінде жіктеледі:

жеке түлға ішіндегі саяси коммуникация;

жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация;

топ ішіндегі саяси коммуникация;

топ аралық саяси коммуникация;



бүқаралық саяси коммуникация.

Жеке тұлға ішіндегі саяси коммуникация қарапайым өзіндік білім алудан көрініс табады. Бұл - газет оқу, теледидар көру, радиодан бағдарламалар тыңдау, т.б.

Жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация біріккен қызметте әріптестердің бар екенін білдіреді. Бір әріптес коммуникатор қызметін орындаса, қалғандар коммуникация объектісі болады.

Топ ішіндегі саяси коммуникация негізгі қызметтердің нақты бөлінуін білдіреді. Мысалы, топ болып саяси ақпаратты тындау, партиялық жиналыс, т.б. Барлығында коммуникатор, аудитория және олардың арасындағы қарым-қатынас үрдістерінен түрады.

Топ аралық саяси коммуникация әр түрлі топтар арасындағы формальды және формальды емес араласу тәсілдерін білдіреді. Формальды вариантта даулы мәселені шешу мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған келіссөздер. Формальды емес вариантта топтар арасындағы қатынастарды бекітуге бағытталған белсенді өзара қарым-қатынас.

Бұқаралық саяси коммуникация бұқаралық сана мен мінез-құлыққа ықпал ету құралы. Ол арнайы бүқаралық ақпарат құралдарымен және арнайы заңдармен жүзеге асырылады. Оған саяси жарнама, саяси үгіт-насихат жатады.



Қарым-қатынас[1]адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:



  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Тақырып № 4-5 XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығының тарихы және XІХ ғ. қазақ даласындағы саяси оқиғалар мен жағдайлар
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Тақырып № 6-7 ХХ-ғасырдың басы Қазақстандағы саяси процестер Тәуелсіз Қазақстан тарихы мен саяси дамуы
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Тақырып № 8 Әлемдік саяси процестер және қазіргі уақыттағы ерекшеліктері мен мазмұны
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Тақырып № 9-10 Қазақстандағы саяси жүйедегі жаңару процестер мәселелері
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Тақырып № 11 Қазақстандағы саяси процестің және саяси қатынастардың ерекшеліктері
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Тақырып № 12 Қазақстандағы саяси модернизация және саяси болжау оның саяси процестегі ролі
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Тақырып № 13 Саяси процестің әлеуметтік негізі, мақсаты, ресурстары мен құралдары
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Тақырып № Қазақстандағы билік институттары және саяси элита құрылымы
Дәріс жоспары:

1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.


3. Әлеуметтану пәні бойынша семинар

тапсырмалары.

1 апта Саяси процестің мазмұны мен құрылымы

Саяси процесс саяси биліктің негізгі субъектісі.

Саяси процестің рөлдері мен функциялары

Қоғамнның саяси өмірі.

Саяси процесс олардың мазмұны мен формалары.

«Процесс» термині оның табиғи заңдылығы.



2 апта Саяси процесті талдау және оны зерттеудің әдістемелік жолдары

Саяси процесті талдау оның субьектісі

Саяси процесті талдаудың логикалық жолдары

Саяси процесс: кеңістік пен уақыт.

Саяси процестің статикалық және динамикалық мазмұны оның саяси процесті талдаудағы ролі.

«Саяси жағдай». Бұқаралық көңіл-күй табиғаты.


3 апта Саяси қатынас түсінігі

Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану.

Саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы.

Саяси қатынастар саласы.

Қоғам өмірінің саясилану деңгейі.
4 апта Саяси қатынастардың қоғамның саяси жүйесінің қызметі

Саяси қатынастардағы келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік жіктелулері.

Саяси қатынастардағы саяси дәстүр мен мәдениет.

Саяси қатынастардағы саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер.

Саяси қатынастардағы субъeктілeрі: жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен қоғам.
5 апта XV-XII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы және

Қазақ хандығы құрылуы тарихы. Әбілқайыр, Керей мен Жәнібек сұлтандар.

Қазақ хандығының басқару жүйесі.

Қазақ хандығының мемлекеттік әкімшілік құрылымы.

Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік құрылымы

Қазақ хандығы жойылуы.



6 апта XІХ ғасырдағы қазақ даласында саяси оқиғалар мен жағдайлар

Қазақстан Ресей империясы тұсында.

Бөкей ордасы. Жәңгір хан. Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі.

Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Уақытша Кеңес оның тарихы.

XІХ ғасырдағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік және мәдени-қоғамдық оқу-ағарту жағдайы.


7 апта ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси процестер мен

Алаш автономиясы (1917-1920). Уақытша ұлттық кеңес «Алашорда» үкіметі. Автономиялық парламенттік республика.

Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Ғаббасов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов. С. Мендешов

Түркістан автономиясы (1917-1918) М. Тынышпаев, М. Шоқай. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (19201925).

Қазақ АКСР-і (19251936). Қазақ КСР-і (19361991). Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары.
8 апта Тәуелсіз Қазақстан тарихы мен саяси дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет