Университеттік конференциялар қорытындысы бойынша жыл сайынға еңбектер басылады. Студенттер кафедраның ғылыми өміріне белсене араласады, бұл конференцияның поқ- мен бірлескен көптеген зерттеулер мен басылымдардан көрінеді, мысалы



Дата03.07.2016
өлшемі44.26 Kb.
#174292
Кафедраның оқу процесіне ғылыми, оқытушылық және өндірістік үлкен дағдылық қызметі бар, жоғары мамандандырылған оқытушылық құрамы шақырылады: х.ғ.к., доцент Приходько Н.А.; х.ғ.к., доцент м.а. Есимова А.М.; х.ғ.к., доцент м.а. Нарымбаева З.К.; а/ш.ғ.к., доцент м.а. Биғара Т.; а/шғ.к. Аханов У.К.; аға оқытушы Рысбаева Г.С.; а/ш.ғ.д., ҚР ҰҒА премиясының лауреаты Кансейтов Т. және т.б. Кафедра меңгерушісі б.ғ.к.Сапарбекова А.А

ҒЫЛЫМЫ. Қазіргі таңда университет ірі ғылыми білім беру және ақпараттық орталығы болып табылады. Жыл сайын мұнда он шақты және одан да көп халықаралық және республикалық дәрежеде ғылыми тәжірибелік және әдістемелік конференциялар өткізіледі.

Студенттердің зерттеулерінің басым бөлігі оқу-зерттеу жұмысы түрінде де, оқудан тыс уақыттарында да жүргізіледі. Студенттер дәстүрлі студенттік конференцияларда, Оңтүстік аймақ Ресей ЖОО-ның аймақтық конференцияларында да баяндалады.

Университеттік конференциялар қорытындысы бойынша жыл сайынға еңбектер басылады. Студенттер кафедраның ғылыми өміріне белсене араласады, бұл конференцияның ПОҚ- мен бірлескен көптеген зерттеулер мен басылымдардан көрінеді, мысалы, студент Давыдов А. «Моносахаридтердің өсімдік шикізаттарын өңдеудегі қалдықтарынан алынуы» ХПС, 2002ж., Рүстемова Д. «8-8 биизорамнетан және оның алыну әдістері» (ҚР препатанті), Оспанова Ж. «Активті ил өсіру әдісі» (ҚР препатанті) Шымкент 2008ж.

Ғылыми конференцияларда өздерінің жұмыс қорытындылары бойынша «Биотехнология» мамандығының студенттері университет және республика дәрежесінде бірнеше рет атап өтіліп, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.






5В070100-Биотехнология

мамандығына сипаттама
Биотехнология биохимия, микробиология, молекулалық генетика, молекулалық биология, генетикалық инженерия, химиялық технология негізінде пайда болды. Ерте заманда микроағзалардың бар екенін білмесі тұрып- ақ адам олардың қызметін пайдаланды: сыра, спирт, нан, шарап және т.б. өндірістері. Бүгін микробиологиялық өндіріс қоректендіру ашытқылары, алмастырылмайтын амино-қышқылдар, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға арналған заттар және т.б.

Бүгінде биотехнология оқу-техникалық процесінде алдыңғы қатарда тұр. Биотехнология медицинада, ауыл шаруашылығында, энергетикада, ғарыштық зерттеулерде қолданылады. Жақын арада биотехнология биореакторларда адам ағзаларын өсіру және клондауды жүзеге алатын болады.





Оқу мерзімі. Күндізгі бөлімде оқу 4 жылды құрайды. Оқу мерзімі кезінде студенттер әскери дайындықтан өтуге және сардарлық атақ алуға болады. Сырттай оқу бөлімінде оқу мерзімі 5 жыл көлемінде болады. Сондай-ақ ЖОО кейін мамандарды тездетіп даярлау 2 жыл. Кафедра жанында магистратура және рНD доктарантура бар.

Тапсырылатын емтихандар: биология, математика, қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы.

Квалификациясы. «Биотехнология» мамандығы бойынша толық курсты табысты өткеннен кейін «биотехнология бакалавры» квалификациясы және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Түлектеріміздің жұмыс орындары:

«Шымкентсыра» ААҚ, «Шымкет химфармзаводы» АҚ, «Гидролиз заводы» АҚ, нан заводы, сүт заводы, кондитер фабрикалары, СЭС, биокомбинаттар.


Түлектерді жұмысқа орналастыру:

  • Барлық азық-түлік өндірістері: сыра заводы, сүт заводы , май заводы, спирт заводы, шарап заводы және т.б.

  • Ғылыми-зерттеу мекемелері: ҒЗИ, зертханалар.

  • Білім беру мекемелері ЖОО-ы, ООО-ы.

  • Табиғатты қорғау мекемелері.

  • Ағын суларды биологиялық тазалау станцияларында.

  • Мал шаруашылығы кешендері..

Түлектер – ТМД және алыс шет елдерге шығару рұқсатымен мемлекеттік үлгідегі дипломдарын алады.

Студенттік өмір. Университеттің ректораты және кәсіподағы қызметкерлердің, оқытушылардың және студенттердің жазғы демалысын үнемі ұйымдастырады. Осы мақсатта Машатта орналасқан «Университет» сауықтыру, спорттық кешен жақсы жабдықталған, ол оқытушылар, қызметкерлер және студенттер демалатын тамаша орын болып табылады. Сондай-ақ университетте кітапхаа жұмысы заманауи талаптарына сай жабдықталған оқу залдары, бүкіл әлемдік интернет желілеріне қосылған компьютерлік бөлмелер және электрондық пошталары бар.

Кафедрада техникалық оқу құралдары, бейне материалдарымен оқу жұмысы үшін бейне аппаратуралар жабдықтары бар. Жеке білімін жетілдіру мақсатында ғылыми студенттік қоғам құрылған. Студенттердің шығармашылығын қабілеттерін көркемөнерпаздар жарыстарына қатысуы арқылы алуға болады. КТК командалары әр түрлі аймақтың және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады..



Егер Сіз өз мемлекетіңізге пайдалы өз ісіне шебер, толық қанды студенттік өмір басыңыздан кешкіңіз келсе «Биотехнология»кафедрасына түсіңіз !!!

Әскери дайындық грант бойынша оқитын студенттерге – тегін!


Қызметтестік:
Кафедра Республиканың ішкі ғылыми және білім беру мекемелерімен ғана емес, сонымен қатар сыртқы байланыстары нығайтылған. Таяу және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы университеттерімен келісім шарттар бекітілген. Кафедраның оқытушылары, қызметкерлері және студенттері болашақ, СОРОС, Акселс, Тасис және т.б. әр түрлі халықаралық, білім беру бағдарламаларына белсенді қатысады..


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

ФАКУЛЬТЕТІ






Мамандықтар:

5В070100-БИОТЕХНОЛОГИЯ

квалификациясы: биотехнология бакалавры

Мекен-жайы: Шымкент қ., Тауке-хан 5, М.Әуезов ат. ОҚМУ.

«А» ғимараты, 226, 224, 213, 209 кабинеттер.



ІС ТӘЖІРИБЕ БАЗАЛАРЫ
Студенттердің оқу және өндірістік іс-тәжірибелері университеттің оқу процесіндегі алынған білімдерін іс жүзінде асыру мақсатында, студенттердің іс тәжірибеден өтетін өнеркәсіп мекемелеріндегі жұмысын терең оқып білу негізінде, сонымен қатар еңбектің өндірістік дағдылар мен алдыңғы қатарлы әдістерін үйрену мақсатында жүргізіледі.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет