Устабаева жансая мамыровна тәуелсіздік жылдарындағЫ Қызылорда облысының ауылшаруашылығы саласының жағдайы (1991-2011)



Дата07.07.2016
өлшемі299.81 Kb.
#182559
ӘОЖ 338.436.(574.54):341.231 Қолжазба құқығында

УСТАБАЕВА ЖАНСАЯ МАМЫРОВНА

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ (1991-2011)

6M011400-тарих мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012



Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отан тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын облысымыздың тарихын тәуелсіздік алған жиырма жылындағы ауыл шаруашылығының тарихы қазіргі Қазақстанның экономикасын онын ауыл шаруашылығы тарихының дамуын, сипатын білуде орны ерекше.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының дамуы туралы арнаулы ірі көлемді еңбекті біз кездестірген жоқпыз. Кеңес дәуірінде ауылшаруашылық облысы болып саналатын облысымыздын дамуы бір жақты жүрген. Ол күріш өндіру және мал шаруашылығы. Алайда негізінен ауылшаруашылық облысы болып саналғанмен бүкіл Қазақстандық ауылшаруашылығының дамуында облыстын үлесі үш пайыздан сәл асқан, бұл егін шаруашылығындада және малшаруашылығындада. Облысымыз тек Қазақстанда ғана емес сонымен қатар бүкіл КСРО кеністігінде ірі күріш өндірісі аймағы болып саналды, алайда сол кезеңде дәнді дақылдар - деп жинақтап санағанда бұл дақылдында үлесі аз екені көрінетін. Екінші жағынан күріш өндірісінде және көрші Оңтүстік Қазақстандағы мақта өндірісінде суды шексіз пайдаланудын нәтижесінде Арал өңірін экологиялық апат аймағына айналдырып, уақыт өте бұл саланында қысқаруына әкелді.

Көптеген зерттеулерде және халықтын пайымдауынша ауыл шаруашылығында ғана емес қоғамымыздын барлық саласындағы ХХ ғасырдын 90-шы жылдарындағы әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық дағдарыс КСРО-ның ыдырауынан, соған байланысты әр республика өз «пәтеріне» кетіп, осыдан туған нарықтық байланыстардын үзілуінен деген ой қалыптасқан. Ал біз өз жұмысымызда бұл дағдарыс процестерінің 1985 жылы КОКП басына М.С. Горбачевтын келуімен және оның «Қайта құру» саясатынын негізінде басталғанын көрсеттік. Мұны ашып көрсетуде республикалық және облыстық статистика басқармаларының материалдарының көмегі ерекше болды.

Қазіргі кезеңде үкімет қазынасына түскен қомақты қаржыдан облысқада көптеген бағдарламалар негізінде милиардтаған теңге субсидиялар, несиелер түсуде. Өз жұмысымызда біз осы бағытта істелініп жатқан жұмыстардын бағытын, нәтижесін көрсетуге тырыстық. Қазіргі кезеңде мұнай-газ өндірісінен қыруар қаржы бюджетке түсіп, бір бөлігі ауылшаруашылығына да бағытталып жатыр. Үкімет тарапынан бұл қаржыда мәңгілік көрсетіле бермес деп санаймыз, сондықтан қазіргі танда осы қаржыны ұқыпты және жөнімен саланы дамыту үшін пайдалануы біздін жұмысымыздын басты назарында болды. Қазіргі дүние жүзілік қаржы дағдарысы кезінде осы қомақты қаржынын үкімет тарапынан бөлінуі президенттін, үкіметіміздін Сыр елінің халқынын жағдайын ойлап, ата-баба кәсібінің экономикалық тығырықтан шығуын, адамдардын экологиялық таза тағамдарға қол жеткізу үшін, аймақ экономикасын жандандыру үшін берген көмегі деп түсіну керек. Жұмыста кезіңде республикамыздын, КСРО-ның көптеген аймақтарына танымал Арал өңірі балық шаруашылығы туралыда зерттелген. Бұл сала туралы айтқанда көбінесе Кіші Арал проблемасы ғана көтеріліп балық шаруашылығымен айналысатын өңірдін басқа салалары - көлдердегі балық шаруашылығы, питомниктер жұмысы көп айтылмайды. Сондықтан біз еңбегімізде питомниктер, көлдерде балық аулау проблемалары мен жетістіктері жөнінде, кейбір қайшылықтар мен іске аспай жатқан, бұрын айтылмай қалыс қалып келген жәйттарды көтеруге тырыстық.

Бұрын сонда мүлдем зерттелмей келген Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласының бір бөлігі, саланын трактор, комбайн тағы басқа ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етілуі. Бұл зерттеулеріміз қазіргі кезде ауылшаруашылық техникасы КСРО-ның соңғы жылдарындағы көрсеткіштен 4-5 есе қысқарып кеткенін, осынын салдарынан қазіргі кезде бұл техникаларға салмақтын бірнеше есе артқанын көрсетті.

Тәуелсіздік жылдарындағы облыстын әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми тұрғыдан баға берудін өзектілігі мен маңыздылығы алдында жіберілген қателікті болдырмау, алдағы дамудын негізгі бағыттарын айқындаумен сипатталады. Біздің еңбегіміз облысымыздын 20 жылдағы ауыл шаруашылығының дамуынын басты бағыттарын ашып, топтастырып көрсеткен зерттеу жұмыстарынын бастамсы деуге толық құқымыз бар деп ойлаймыз. Бұл орайда әліде облыс тарихшыларынын алдында көптеген жұмыстар бар екені белгілі.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1991-2011 жылдардағы облыстын ауыл шаруашылығының дамуы жан-жақты, кешенді түрде зерттелмеген. Тарихшы ғалымдар тарапынан осы проблемаға байланысты ешқандай арнаулы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Бар зерттеу материалдарының көпшілігі облыс көлеміндегі журналистердің зерттеулері мен мақалаларында жарық көрген. Бұл мақалалардын барлығы дерлік бүтіндей ауылшаруашылығының қамтымай, оның бір бөлігін немесе бір проблемасын ғана қамтыған. Алайда осы зерттеулердің өзіде осы еңбекті жазуда көп көмек көрсеткенің айта кету керек. Осы проблемаға байланысты зерттеулердің келесі бір легі ауылшаруашылық тарихын өздерінің мамандықтарына сай зерттеген ауыл шаруашылығы саласының ғалымдарының еңбектері. Олардын ішінде Қызылордада орналасқан Күріш Ғылыми-зерттеу институтының директоры С.Ы. Өмірзақовтын, осы институттың қызметкерлері К.Н. Жайлыбаевтын, И. Таутеновтын, Қ.Ә. Әлімбетовтын, Г.А. Верешагиннің, М.М. Жаңзақовтын, В. Тянның еңбектері. Бұл жерде осы ғалымдардын еңбектерінде тек күріш туралы ғана зерттеулер бар деген жаңсақ пікір тумауы керек, себебі бұл ғалымдар жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу мекемесі күріш ғылымы зерттеу институты деп аталсада мұнда картоп, қауын тағы басқа облыстағы ауылшаруашылық дақылдарын зерттеу, жаңа сорттарын шығару, егу, жинау тәсілдерін жүргізуге байланысты зерттеулер жүргізіледі. Сондықтан бұл ғалымдардын еңбектері бүкіл егін шаруашылығының проблемаларын зерттеуге арналған. Бұлардан бөлек осы салада ғылыми жұмысын жүргізетін Е.П. Алешиннің, Н.Е. Алешиннің, М. Қойшыбаевтың еңбектерін атап өтуіміз керек.

Диссертацияны жазуда үлкен көмек көрсеткен Сыр өңірінің ауыл шаруашылық өнімділігін нақты Қазақстанмен, дүние жүзімен салыстырмалы түрде жақсы ашып берген келесі бір ірі еңбек Р.А. Алшановтың «Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решение» атты еңбегі. Бұл еңбекте қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі ауыл шаруашылық товарларының егіс көлемі, өнімділігі, мал басы, жалпы өнім көлемі әр мемлекетке бөліп жақсы берілген. Сондықтан біз еңбегімізде Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы мәліметтерін Р.А. Алшановтын еңбегі арқасында басқа мемлекеттермен салыстырмалы түрде көрсетіп, болашақта облыста қай саланы дамыту керектігін көрсетуге тырыстық. Ал жоғарыда айтқан, қазіргі кезеңде облыстын ауыл шаруашылығының әр саласын жеке зерттеп жүрген зерттеуші - журналистер ішінде құнды материалдарымен, проблемаларды ашып көрсетуі арқасында танымал болған журналист-зерттеушілер В. Ли, Е. Байтілес, Н. Елубеков, В. Шарабидинов, Н. Назымханұлы, А. Канашкин, М. Жакибаева, М. Ибрашев, Е. Әбіл. Бұл зерттеушілер негізінен мал, құс шаруашылықтарын зерттеп жүргендер. Ал облыста осындай зерттеушілердің келесі бір ірі легі- олар кезіңде Қызылорда облысын Арал балығымен атын шығарып - балық шаруашылығының түрлі проблемаларын зерттеумен көрініп жүрген зерттеушілер. Олар: Ө. Қожақов, Ә.Үмбет, И. Әбибуллаев, Қ. Әбдуов, И. Грачева, Қ. Мұхамбетяров, Н. Әмиша, Н. Аманжолов, Б. Бүркітбайұлы, М. Байназарова, А. Ержан, С. Пірназар. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде құнды, маңызды мәліметтердің болуынын тағы бір себебі - бұлардын көпшілігінің Арал жағасында дүниеге келіп проблеманы жастайынан көзімен көріп өскендігі.

Тақырыпты өз қызметтеріне байланысты зерттеген келесі зерттеулер мемлекет және облыс басшыларымен ел қалаулыларының еңбектері. Шындығындада проблемаға байланысты нақты сандар, үкіметтің қай салаға назарын көбірек аударып көмек беретінің, үкіметтің алдағы жоспарлары туралы мәліметтер кезінде облыс әкімдері болған Б. Сапарбаевтың, М. Құл-Мұхамедтің және қазіргі облыс әкімі Б. Қуандықовтың еңбектерінде жақсы ашылған. Өз қызметіне сай осы проблеманы жан-жақты зерттеп жүрген зиялылардын бірі Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты М. Абенов.

Келесі бір зерттеулер тізімінде тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңдегі республика, облыс басылымдарында жарық көрген саясаткерлердің, ардагерлердің, билік орындарында басшылықта отырған лауазымды қызметкерлердің мақалалары мен сұхбаттары тұр. Бірақ бұл мақалаларда Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының даму жағдайы қысқа мерзімді және саланың бір бөлігін ғана қамтиды.



Зерттеу жұмысының деректік негізін осы кезеңде жариялаған Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің және Қызылорда облысы статистика департаментінің құжаттары құрайды. Бұл материалдын кейбіреулерінде бір-бірінен шамалы болсада алшақтық байқалсада тақырып бойынша дерек көзінің алғашқы тобы болып саналады. Екінші кезекте Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетіміздің өркендеу бағытын, осыған байланысты әр саланың сандық, пайыздық көрсеткішінің көрсететін құжаттары, негізінен Қазақстан халқына жолдаулары және облыс басшылығында болған, өлкенің ауыл шаруашылық тарихына баға беріп атқарылатын істердін бағытын, бөлінетін қаржы көлемін тағы басқа маңызды мәліметтерін көрсеткен облыс әкімдерінің еңбектері. Үшінші кезекте осы сала бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардын еңбектері жатқызылады. Олардың ішінде Р.А.Алшановтын, М.М. Жанзақовтың еңбектері. Тақырып бойынша көптеген материалдар ауылшаруашылығының салалары бойынша өзінің журналистік бағытын айқындап алған журналистердің еңбегі. Олардын ішінде өз саласын жақсы меңгеріп мақалаларын үкімет, статистика, тарих материалдары негізінде жақсы ашып көрсететін журналистер Сыр бойы, Кызылординские вести, Егемен Қазақстан, Халық, Алаш айнасы тағы басқа басылымдары журналистерінің зерттеу талдау мақалалары. Диссертация бойынша материалдардын топтамасынын келесі бір бөлігі осы саланын дамуы бойынша еңбек ардагерлерінің естеліктері, сұхбаттары, тақырып бойынша өткізілген дөңгелек үстелдердегі бас қосулар құжаттары, ауылшаруашылық саласының кейбір бағыттарында зерттеу жүргізген сала комиссияларынын материалдары құрайды.

Зерттеу жұмысынын мақсаты мен міндеттері боп жиырма жылдағы еліміздін Қызылорда облысынын ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерін, 90-шы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық тығырықтын сипатымен одан шыққан жолдарын көрсету және қазіргі кездегі аймақтын ауыл шаруашылығы жағдайын және Республиканын ауыл шаруашылығындағы алатын орнын көрсету. Бұл орайда мына мәселелерге нақтылай тоқтадық:

- Қазақстанды, оның ішінде Қызылорда облысының ауыл-шаруашылығымен бірге барлық экономикалық, әлеуметтік, саяси өмірін қамтыған 90-шы жылдардағы дағдарыстын себебі, Қазақстанның тәуелсіздік алып, нарықтық жағдайға көшуінде емес, 80-ші жылдардағы КОКП басшылығымен жасалған «Қайта құру» саясатын іске асырудағы қателіктер. Ал 90-шы жылдардағы кеңейген дағдарыс сол қателіктердін асқынған түрі екенін анықтау;

- Қызылорда облысынын географиялық орналасуымен экологиялық жағдайына сай ауыл шаруашылығының кей салаларында ауылшаруашылық кәсіпорындарынын жұмыс істеуінің пайдасыз болуына байланысты жұртшылық шаруашылықтары бұл салада негізгі өндіргіш күшіне айналған негіздеу;

- Ауылшаруашылық өңімдерінің өнімділігінің төмен болу себептерін, оның жойылуына себеп болып жатқан факторларды көрсету;

- Арал өңірінінің балық шаруашылығының даму перспективаларын, үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек формасын, көлемін, бағытын көрсету және саланын дамуына кері әсер ететін факторларды айқындау;

- ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасындағы статистикалық материалдармен қазіргі кездегі көрсеткіштерді салыстырмалы түрде көрсете алуымыздын бұл кезең КСРО-ның экономикасынын гүлденген заманының соңғы кезеңі болған нақтылау;



- Сыр өлкесі ауыл шаруашылығының дамуына сол кездегі әкімшілік системаның нарықтық заманға сай алға басуына кері әсер тигізгенінін айқындау;

- Нақты статистикалық материалдар негізінде өлкенің ауыл шаруашылық бөлімдерінің сандық көрсеткіші жағынан көптеген бағыттарда әліде КСРО кезіндегі көрсеткіштерге жете алмай жатқанын көрсету;

- Мал шаруашылығының дамуында мал етінен кейінгі мал өнімдерін өндейтін саланын облыс көлемінде дамымай қалғанын талдау;

- Мемлекет тарапынан Арал өңірінің ауыл шаруашылығының дамуына көрсетіліп жатқан көмектін көлемін, бағытын осының арқасында жеткен жетістігін нақтылау;



- Ғылым мен иновациялық технологиялардың ауыл шаруашылығы салаларының дамуына қосып жатқан үлесін көрсету.

Зерттеу пәні тақырыпта атап көрсетілгендей 1991-2011 жылдардағы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының дамуын, оған әсер еткен саяси, әлеуметтік, экономикалық факторларға талдау жасау.

20 жылда5ы облыстын ауыл шаруашылығындағы жетістіктер оған үкіметтін, ел басшысынын қосқан үлесі және облыс ауыл шаруашылығының Қазақстанның ауыл шаруашылығында алатын орны. Облыстын тығырықтан шығуы үшін қай бағытта не істеу керектігі және оның жолдары.



Зерттеу жұмысының обьектісі 1991-2011 жылдар аралығындағы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының экономикалық даму тарихымен алдағы перспективалық міндеттері болып табылады. Қызылорда облысы кеңес үкіметі дәуірінде және одан кейінгі кезеңде негізінен ауыл шаруашылық бағыттағы облыс болып саналады делінген. Алайда кеңес дәуірінде облыста ірі-ірі, мыңдаған жұмысшылары бар целюлоза картон комбинаты сияқты ірі өнеркәсіп орындары болған, ал қазіргі кезеңде сырттан әкелген шикізат негізінде істеген кеңес дәуірінің жемісі есебіндегі сол кәсіпорындар жоқ, ал халықтың күнделікті азығын өндіріп отырған ауыл шаруашылығы бағытын, түрін өзгертседе мағынасын өзгертпей келеді. Сондықтан ауыл шаруашылық саласының тәуелсіздіктің 20 жылындағы дамуы, құлдырауы, иелік түрінің өзгеруі, шаруашылық салаларының өсуі мен кемуі зерттеу жұмысының негізгі обьектілері болып саналады.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Осы кезеңдегі ресми биліктің құжаттық негізде жарық көрген және ресми идеологиялыны бағыттап отырған шешімдеріне сын көзқараспен қарау әдісі басшылыққа алынды. Көптеген тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктермен табыстарды көрсететін материалдарды кеңестік кезеңдегі көрсеткіштермен салыстыру үшін, тарихи салыстырмалы талдау әдісі жүргізілді. Кейбір мәселелерде өткеннің тарихи сабақтарына қайта оралу үшін ретроспективті анализдер жасауымызға мәжбүр болдық. Бұған қоса жұмысты жазу барысында тарих ғылымында баяғыдан орын алған дәстүрлі зерттеу әдістерімен бірге жаңа тарихи көзқарастар, теориялық ұстанымдар басшылыққа алынып, зерттеу принциптерімен тарихилық принцип басты ұстаным болды. 20 жыл көлеміндегі ауыл-шаруашылығының дамуын хронологиялық жүйені сақтай отырып жылма –жыл периодтарға бөліп тарихи тұрғыдан тиянақты, обьективтілік принцип басшылыққа алынып баяндалды. Бұған қоса зерттеу жұмысында проблемалық талдаулар, деректерді сипаттау және талдау, салыстырмалы түрде талдау, бағалау сияқты зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. 1991-2011 жылдардағы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының даму жағдайы, ресми құжаттар, ғылыми зерттеулер, статистикалық материалдар, мұрағат құжаттары арқылы жан-жақты зерттеліп төмендегідей қорытындылар жасалалынды:

- Тұңғыш рет, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезендегі Қызылорда облысының ауылшаруашылығының экономикалық дамуы мен перспективалары кешенді түрде зерттелді;

- Тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының себептерімен салдары, дамуының қарқыны талданып жан-жақты зерттелді;

- Облыстын ауыл шаруашылығының баяу дамуының себептері зерттеліп, ғылыми тұрғыдан сараптама жасалынып, сипаттамалары берілді;

- Тәуелсіздік жылдарындағы облыстын ауылшаруашылығында орын алған көптеген дағдарыс кезеңінің келеңсіз құбылыстары, облыс басшыларының қызметі нақты деректер негізінде талданды;

- Облыс көлемінде 90-шы жылдардағы дағдарыс кезеңіндегі орын алған келеңсіз жағдайлар Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары басталмай 80-ші жылдардын ортасында басталғаны статистикалық материалдар негізінде дәлелденді;

- Нақты деректер негізінде қазіргі кезеңде ауылшаруашылығында Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Қызылорда облысында ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының үлесі төмендіп, ал жұртшылық кәсіпорындарының үлесі жоғары екені анықталды.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Магистрлік диссертация зерттеу жұмысының мынандай бағыттарында негізгі тұжырымдар жасауына мүмкіндік береді:

- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қызылорда облысының экономикасы күрт өзгерді. Бұрынғы өндіріс орындары толығымен дерлік жойылып орнына жаңа өндірістік құрылымдар келді. Ауыл шаруашылығында меншік формалары өзгеріп, негізгі меншік иесі болып жұртшылық шаруашылықтары алға шықты;

- Сыр бойында өндірілген бақша, көкөніс дақылдарын стандарттарға сай өндіру үшін және бұрынғы кеңестік дәуірдегідей ұйымдасқан түрде Қазақстанның басқа облыстарына немесе басқа мемлекеттерге шығару үшін өндіріс корпорацияларын құру керек;

- Облыс териториясындағы малды асылдандырып, облыстың географиялық және экологиялық жағдайына сай мал түрлерін өсіру керек және бұған сай мал азығын облыс көлемінде сапалы өндіруді қолға алу кажет;

- Облыс аймағында өндірілген мал, балық өнімдерін экспортқа сай дайындап шетелге шығаруды қолға алып, мал, балық, кластерін дамыту керек;

- Аймақтын шаруа қожалықтарымен жұртшылық қожалықтарын дамытып, техникамен қамтамасыз ету үшін лизинг, субсидия жүйелерін дамыту;

- Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының жаңа иновациялық жолмен дамыту перспективаларын ғылыми негізде қарап күнделікті өмірге енгізу;

- Кіші Арал бағдарламасының жаңа, кеңейтілген тұжырымдамасын қарап іске асыру.



Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. диссертациялық зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары келесі басылымдарда жарық көрді:

- Қызылорда облысы ауыл шаруашылығының дамуы (2000-2010 ж.ж.) // Қазақстан жоғарғы мектебі журналы. - 2011 жыл. - № 4. – 115-118 б.

- Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының 20 жылдағы даму көрсеткіші // Ізденіс журналы. - 2012 жыл. - №1. - 115-121 б.

Зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасында талқыланудан өтіп,сарапталып қорғауға ұсынылды.



Зерттеу жұмысының практикалық маңызы жоғары. Себебі бұл тақырып осындай көлемді бір облыстын ауыл шаруашылығын жан-жақты қамтыған түрде жеке тарихтын тәуелсіздік кезенің қамтып, бұрын сонды зерттелмеген. Бұл зерттеу жұмысы өлке тарихының экономикалық дамуының бір бөлігі - облыстын экономикалық негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылатын облыста тұрып жатқан халықтын басым бөлігінің күнкөрісі болып табылатын саланы қамтиды, сондықтан өлкетану пәнінде бұл материалдар мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында пайдалануға және арнайы курс есебінде оқытуға болады. Екіншіден, бұл еңбек Республика аймақтарын, экономикасының салаларын зерттеп жүрген тек тарихшы ғалымдарға емес, сонымен қатар ауылшаруашылығы мамандарына да үлкен қолғабыс әкелетін еңбек болады. Үшіншіден, жылдағы ел басының жолдауларына байланысты сол жолдауларды насихаттап топтары үшін шығарылатын облыстын даму көрсеткіштерін көрсету еңбегінде біздің еңбегіміздің сандық көрсеткіштері мен ұсыныстарын пайдалануға болады. Сонымен қатар облыстың тарихын өз өлкесінің экономикалық даму көрсеткіштерін білгісі келетін облыс, республика тұрғындары үшін бұл еңбек таптырмас көмек құралы болады.

Диссертация жұмыс көлеміндегі мазмұны бойынша магистранттын жазып көрген мақалалары.



Диссертациялық жұмыстың құрлымы зерттеу жұмысы тақырыбы, мақсаты мен міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін бір-бірімен логикалық байланыста, проблемалық тұрғыда берілді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшадан тұрады

Жұмыстын жалпы мазмұны кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі айқындалған. Сондай-ақ зерттеу жұмысының жаңалығы, мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, деректік және методологиялық негіздері, практикалық маңыздылығы көрсетілген.

«Тәуелсіздік жылдарындағы Cыр өңіріндегі егін шаруашылығы» деп аталатын бірінші тарауда Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласының қалыптасып даму тарихы мен тәелсіздік жылдарындағы хал-ахуалы баяндалады.

Күріш дақылы дүние жүзін мекендейтін халықтың үштен екі бөлігінің негізгі тағамы болып табылады. Дүние жүзінде өндіріліп жатқан дәнді дақылдар ішінде екінші орынды алады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша 2025 жылғы қарай дүние жүзі халықтарын күрішпен қамтамасыз ету үшін, күріш өңдіруді 70 % арттыру керек [1, 265 б.].

Сыр өңірінде суармалы егін шаруашылығы ежелгі уақыттардан қалыптасып, дамыған. Кейбір мәліметтерде 6-7 ғасырлардың өзінде бұл жерлерде ирригациялық құрылыс жүйелерінің болғанын көреміз [2, 78 б.].

Ал Сыр өңіріндегі күріш егу ісінің пайда болуы тұрғысында тарихшылар арасында әлі күнге дейін түрлі пікірлер бар. Мәселен, В.И. Коваленко Сыр бойында күріш өсіру XIX ғасырдың екінші жартысында басталды десе, Т.Д Дешевыхтың пікірінше, күріш өсіру мәдениеті осы өлкеге жер аударылған кәрістердің келуімен байланыстырылады. Ал, И.И. Соколованың пікірінше күріш егіншілігі Сырға, Іле өзені алқабында пайда болғаннан кейін келген [3, 55-67 б.]. 1977 жылы Бүкілодақтық өсімдіктер шаруашылығы институтының генетик мамандары Ташкент аймағы мен Қызылорда облысы күріштерін зерттей келе, олардың тегі бір екенін анықтады [4, 16].

Қызылорда облысы территориясындағы алғашқы күріш егістіктері 1896 жылы пайда болып, 300 гектар жерге күріш дақылы егілген.

күріш өндірісі Сыр өңірінің негізгі дәнді дақылы. Күріш алқабының өсуіне, күріштің негізгі дәнді дақыл болуына негізгінен Сырдария өзенінің жақын орналасуы өз септігін тигізді. Сонымен қатар, сол кезеңдегі кейбір мемлекет және партия басшыларының ғылыми негіздеулерге емес, жеке амбицияларына сүйеніп жүргізіп, табиғи-экологиялық жағдаймен санаспаған аграрлық саясаты себеп болды. Кеңестік кезеңдегі аграрлық саясат еліміздің ғасырлар бойы қалыптастырған аграрлық қатынастарының күйреуіне, аграрлық жүйедегі өндіргіш күштерінің табиғат заңдарымен санаспай, билік басындағылардың сұраныс-талаптарымен санасуына әкелді. Осы жағдайларға байланысты ХХ ғасырдың 50 -ші жылдарының екінші жартысы мен 60-шы жылдардың бірінші жартысында облыстағы күріш алқаптары кеміп, 60-шы жылдардың екінші жартысында қайта көбейді.

Егістік жерлердің жақсы мелиоративтік жағдайы күріштің және басқа ауыспалы егіс дақылдарынан мол өнім алудың басты шарты. Соның ішінде атыздардың бетін тегістеу - күріш шарушылығының негізгі шарты. Өйткені барлық агротехникалық шараларды жүргізу дәрежесі және атыздардағы суды реттеу, жер тегістеу сапасына тығыз байланысты. Атыз бетінің орта тегістігі ±3-5 см-ден аспауы керек. Бұл жұмыс 90-шы жылдарда іске асырылмай жаңа мыңжылдықта ірі агрофирмалар құрылғасын іске асырылуда.

Ал қалыптасқан шынайы жағдайда жекелеген техникасы, қаржысы аз, мүмкіндігі төмен шаруашылықтарда бұл ережелер сақталмай, суару кезінде көп суды ысырап пайдаланып, өнім жинағанда төмен көрсеткіштер көрсетіледі. Дегенмен, 2003 жылдан бастап отандық инвесторлар қомақты қаржы бөліп, күріш шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосуда.

2006 жылы бүкіл Қазақстан бойынша Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтіп оның алдын-ала қорытындысы екі том болып 2007 жылы жарық көріп, онда арнайы пунктпен «Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың егістік алаңы» деген кесте беріліп, онда күріштің егістік алаңы Қызылорда облысы бойынша 53,5 мың гектар деп берілген [5, 60 б.].Бұл көрсеткіш мелиоративтік тұрғыдан өнделген егістік көлемі.

Сыр өңірінде күріш шаруашылығының дамуына жекелеген заңды тұлғалардың инвестициясымен қатар, негізгі көмекті мемлекет көрсетіп отыр. Мәселен, 2008-2010 жылдары үкімет тарапынан агроөнеркәсіп саласын дамытуға 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінсе, оның 2,3 млрд. теңгесі 2010 жылы берілді. Бұл алдынғы 2009 жылмен салыстырғанда 17,8% артық болды [6, 13 б.]. Кейінгі жылдарда бұл көмек үкімет тарапынан өсті және өседі деген үміттеміз.

Мамандардың айтуынша мемлекетіміз күрішпен ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Бұл үшін егістік көлемін кеңейтпей, күріш өндірудегі заманауи технологияларды қолдануға шақырады. Эксперттердің пайымдауынша күріш саласы инвесторларды қызықтыратын сала. Бір ғана мысал, Қазақ Күріш ғылыми-зерттеу институтында 11 мың тонна күріш салынып өндеуден өткізетін мини-заводтың жобасы бар. Бұл жоба бойынша күріштен бөлек жылына 4,5 мын тонна крахмал алуға болады. Бұл крахмалмен республиканың кондитер және нан-бөлішке өндірісін толықтай қамтамасыз етуге болады.

Қазіргі нарықтық заман талабына сай күріш өсірумен айналысатын әрбір шаруа қожалықтары мен агрофирмалар қатаң бәсекелестікке төтеп беруі үшін, машина-трактор паркін модернизациялап, тыңайтқыштарды жүйелі түрде пайдаланып, су мен жерді интенсивті әдістермен игеріп, ғылыми тұжырымдалған жаңалықтарды кеңінен пайдалануы керек. Көрсетілген шарттарды орындаған кезде ғана күріш өнімділігі артып, мұнай өнімдерімен қатар күріш дақылдары да экспортқа көптеп шығарылып, облыс бюджеті кіріс бөлігінің қомақты пайызын қамтамасыз ететін тиімді бизнес түріне айналмақ. Соңғы 20 жылда ауылшаруашылығының машина-трактор паркі бірнеше есе кеміседе жаңа жоғарғы технологиялық техника арқасында дәнді дақылдарды жинау жұмысы артта қалған жоқ.

Ал бидай шаруашылығы облыстағы дәнді дақылдардың егіс көлемі жағынан тәуелсіздік алған кезенде екінші орынды алатын. Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары күріш егістігінің орнына суды үнемдеу мақсатында, суды аз керек ететін мал азығы, май дақылдарды, жеміс-жидек және бидай өнімдері егіле бастады. Ал бұған дейін Кеңес өкіметінін соңғы оң жылдығында облыстағы бидай шаруашылығы қарқынды даму жағдайында болды. 1981 жылы бидай егістіктері облыс бойынша 13,3 мың гектарға егілсе, 1983 жылы 18,4 мың гектарға, 1986 жылы 34 мың гектарға егілді [7, с.12]. Қазір бидай шаруашылығы облыста бірнеше есе азайып өз қажеттілігінде өте алмай отыр.

Қазіргі кезде Қызылорда облысында бидай алқабтарының 56 пайызы ауылшаруашылық кәсіпорындарының үлесінде болса, 44 пайызы шаруа (фермерлік) қожалықтарының қолында шоғырланды. Байқап отырғанымыздай біздің болжамымыз бойынша бидай шаруашылығы Қызылорда облысы териториясында қазіргі нарықтық заманында, судын бағасынын өскен кезінде, облыс жеріне бейім келетін тұқымдық бидай сортынын жоқ кезінде, дамуын таппайды деп ойлаймыз.

2010 жылы облыс бойынша арпа дақылдарының өнімділігі қысқарып 4,5 центнерден жиналды. Жаңақорған ауданында алдыңғы жылмен салыстарғанда 0,3 центнерге өсіп, 10,2 центнерді құраса; Қазалы ауданында 0,3 центнерге төмендеп, 4,1 центнерді құрады. Оңтүстікте орналасқан Жаңақорған ауданындағы арпа өнімділігі солтүстіктегі Қазалы ауданынан 2,5 есе көп болды. Осы орайда Қазалыға қарағанда керісінше Жаңақорған ауданында арпа егістігі кеңейгендігін дұрыс деп ойлаймыз.

Тары дақылы өңімі 2001 жылы көп жиналды. Бұл жылы Қазақстанда 65,3 мың тонна тары жиналса, облысымызда 3,3 мың тонна жиналды. Бұл республикада жиналған егіннің 5% - ын құрады. 2008 жылы Республикада 27,4 мың тонна жиналса, облыста 1 мың тонна, Республикада жиналған егіннің 3,6% болды. 2009 жылы елімізде 31,3 мың тонна тары жиналса, облыста 1,2 мың тонна жиналды [1, с. 300]. Байқап отырсаныздар тары дақылын жинау үлесі Республикадағы облыс халқының үлесіндей денгейде.

2010 жылы Қызылорда облысы бойынша картоп 2009 жылмен салыстырғанда 300 гектарға көп егіліп 7,8 мын гектарды құрады. Өнімділігі 129,7 центнерден келіп, жалпы жиналған өнім көлемі 101,5 мын тоннаны құрады. 2009 жылғы санақ бойынша облыста 624.991 адам тұрғанын ескерсек [8, 223 б.], 2010 жылғы өнімді адам басына шаққанда 162 килограмнан келеді. Картопты ең көп өндіретін Қытайдын өзінде адам басына шаққанда 72 килограмнан, ал дүние жүзі бойынша 50 килограмға да жетпейді.

Алайда бұл өнімді экспортқа шығару мақсатында әліде көбейту керек, әсіресе крахмал өндірісі үшін. Бақша дақылдары облыстын ауыл шаруашылық өндірісінде ерекше орын алады. Қазір Ресей нарығын Азербайжан бақша өнімдері басып алды. Ал Кеңес дәуірінде Қызылорданың қауыны көптеген КСРО республикаларынын сауда орындарында сатылғанын ескерсек бізде Ресей нарығы үшін күресіп жаңаланатынымызға мүмкіндік бар.

Адам баласы өндірісте қандайда бір игі жетістіктерге жетсе де азық-түлігі болмаса бәрі бекер. Қызылорда облысы мемлекетімізде ауыл шаруашылық аймағы ретінде саналады. Бұл салада әліде көптеген жұмыстар іске асырылуы тиіс. 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Елбасы – «Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндіктерді жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр», - деді [9]. Бұл дегеніміз Қазақстанның оның ішінде облысымыздың ауыл шаруашылығының, егін шаруашылығынын дамуын жаңа белестер күтіп тұр дегені. Осы белестерге мүдірмей, тез, сапалы жету үшін өңіріміздің барлық мүмкіншілігі бар.

«Тәуелсіздік жылдардағы Қызылорда облысындағы мал шаруашылығы» деп аталытын екінші тарауда өңіріміздегі мал шаруашылығының даму қарқыны жан-жақты талданды.

Қазіргі кезде облыстағы мал басынын кеңестік дәірдегі деңгейден аспауынын өзіндік себебі бар.

Облыстын ауылшаруашылық мекемлеріндегі ХХ ғасырдын 90-шы жылдарындағы малдың қысқаруының бірнеше себептері бар: жем – шөптің жетіспеушілігіне байланысты малдың қырылуы, қасқырлар мен шакалдардың шабуылы нәтижесінде малдың қырылуы; бартерлік келісім шарттар бойынша алынған заттарға малды айырбастау; тұрғындар мен қосалқы шаруашылықтарға сату, тамақтану желісі арқылы тұрғындарға сату және жайылымдардың қысқаруына байланысты.

1995 жылы ірі қара мал басының қырылуы 3450 басты құрады, бұл барлық ірі қараның 8 % - ын, қой мен ешкі 95631 бас, 11, 8 % - ы, доңыз – 1020 бас 31%-ын, жылқы – 2760 бас, 8,2 % -ын, түйе – 747 бас, 4,4% құрады [10, с.8]. Малдың қырылуы 1994 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38-40 пайызға қысқарды, бірақ мал саны 34% дан 77 пайызға қысқарды. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: 1995 жыл облыстағы малдың қырылуы мен санының кемуіндегі – өтпелі жыл болды. Қазіргі кезенде облыстағы мал кеңес дәуіріндей ірі шаруашылықтар меншігінде емес, негізінен жеке адамдар меншігінде. Ал бұл болса малға деген күтімнін, бағалаудын, сапасын арттырудын санын көбейтудін негізгі кепілі.

Қазіргі кездегі малдың шаруашылық иеліктеріне қарай бөлінуін төмендегі кестеден көруімізге болады.

Кесте №1. 2009 жылғы мал санының Қазақстан Республикасы және Қызылорда облысы бойынша шаруашылықтарға бөлінуі.






Қазақстан бойынша % үлесі;

Қызылода облысы бойынша % үлесі;




Ауыл шаруашылық кәсіпорындары (%)

Шаруа (фермерлер) қожалықтары (%)

Жұртшылық шаруашылықтары (%)

Ауылшаруашылық кәсіпорындары (%)

Шаруа (фермерлер) қожалықтары (%)

Жұртшылық шаруашылықтары

(%)


Ірі қара

5,17

12,80

82,03

0,97

5,62

93,41

Сиыр

3,79

11,20

85,01

0,93

5,75

93,32

Қой мен ешкі

5,25

25,54

69,21

2,55

8,61

88,84

Жылқы

5,94

24,41

69,65

4,37

11,67

83,96

Түйе

9,58

23,53

66,89

6,54

14,43

79,03

Доңыз

15,85

6,49

77,66

6,25

6,25

87,50

Құстар

55,06

0,90

44,04

0

0,14

99,86

Жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз Қазақстан тәуелсіздігін алған кезеннен бергі 20 жылда мал иелігіндеде өзгерістер болған. Бұрын мал ірі шаруашылықтар иелігінде көп болса, енді малдардың негізгі бөлігі жеке шаруаның, жұртшылық иелігіне ауысқан. Бірақ бұл жерде территориялық орналасуына, табиғи жағдайына қарай ерекшеліктері бар. Осыған қарай малдардың шаруашылықтардың әр формасында топтасуы әр түрлі. Мысалы Қазақстан бойынша ірі қара ұстайтын 829 ауылшаруашылық кәсіпорындарында 100 бастан аса мал ұстайтын кәсіпорындар үлесі 95,5 пайызды құраса. Қызылордада бұл көрсеткіш 79,3 пайызды құрап облыстар тізбесінде сонынан екінші орынды алады.

Республиканын басқа аумақтарымен салыстырғанда Қызылорда облысында ірі агрофирмалардын мал шаруашылығында үлесі төмендеу. Бұнын негізгі себебі облыс көлеміндегі табиғи тұрғыдан мал ұстап бағудын қиындығы негізгі себеп болып отыр. Сондықтан малдын 90% астамы жұртшылық шаруашылығының үлесінде.

ХХ ғасырдын 90-жылдарында құс саны облыста күрт төмендеп кетті. 1991-1995 жылдар аралығында құс шаруашылығы 83 пайызға кеміді. Қызылорда облысындағы жұмыс істеген жалғыз құс фабрикасы 1992 жылы құлдырай бастады. Бұған себеп болған нарықтық қатынас және әкімшілік жүйе болатын. Нарықтық қатынас басталған 1992 жылы құс фабрикасы басшылары әкімдердін талабымен құс фабрикасы өнімдерінін бағасын, оларды өндіруге кеткен шығыннан төмен бағамен сатып, 1994-1995 жылдары тығырыққа тіреді. 1995 жылдың басында фабрика жемге 4 милион теңге қарыз болса, фабрика өнімдерін сатып жатқан сауда орындары фабрикаға 1,5 миллион қарыз болды.

Қазіргі таңда облыс көлемінде құны 4 миллиард тұратын, 500 гектар жерге салынатын, ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы үкімет тарапынан өз қолдауын тапты. [11]. Бұл құрылыс «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. Жоғарыда аталған кәсіпорын жұмысы іске қосылған сәтте облыс халқынын мұқтажы мен республика көлемінде құс еттерін саудаға шығаруға мүмкіндікке қол жетікізіледі.

1995 жылы тұрғындардың жеке шаруашылықтарында облыстағы барлық сиырлардың 85 пайызы шоғырланды, сондықтан жеке сектор сүттің жалпы өндірісінің 88 пайызын берді.

2011 жылғы Қызылорда облысындағы сиырлар санының 89,4 мыңы жеке тұрғындарын меншігінде болса, 5,5 мыңы шаруа қожалықтарында, 0,9 мыңы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншігінде болды.

Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы сүт өнімділігінің жоғары деңгейге көтерілуінің себебі бұл кәсіпорындар үкіметтен қолдау тауып шетелден немесе басқа облыстардан асыл тұқымды сиырлар әкеліп бағуында. Мысалы 2010 жылы Қазалыдағы «РЗА» А.Қ-ына Венгриядан әр қайсысы 3 мың евро тұратын сиырлар әкелінді. Осы акционерлік қоғамдағы асыл тұқымды сиырлар саны 650-ге дейін жеткізіледі [12]. Қазіргі кезде РЗА АК сүт өнімдері облыстын барлық сауда орындарында тұр. Сапалы әрі денсаулыққа пайдалы бұл өнім мал басынын өсуіне байланысты көрші облыстардында дүкендеріне шығады деген сенімдеміз.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында Қазақстанда ет өңдіру көрсеткіші төмендеп, соңғы он жылда керісінше көтерілуде, алайда алғашқы он жылдағы төмендеу (1990-2000 жылдары) - 60% пайыз болса, соңғы он жылдағы көтерілу (2001-2009 жылдары) 37 пайыз болды. Пайызбен қарағанда өндірілген ет көлемі 42 пайызға кеміген, ал санмен алғанда 1990-2009 жылдары ет өндіру 663,3 мың тоннаға кеміген.

Ет өндірудеде жеке тұрғындардың үлесі 1990 жылғы 52,8 пайыздан, 2009 жылы 97 пайызға жетті. Қазіргі кезеңдегі облыстағы ет өндірудін негізгі көзі жеке жұртшылық шаруашылығының қолында. Бұл көрсеткіш біршама жоғары немесе төмен белгілерімен Қазақстанның барлық аймақтарына тән. Мал басын көбейту, ет өндірісін дамыту, Қазақстанның оның ішінде ауылшаруашылық аумағы болып табылатын Қызылорда облысы үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Жүн өндіруден облыстың республика көлеміндегі үлесін жалпы өндірілген жүндегі үлеспен ғана бере аламыз, түліктерге бөліп айту мүмкіндігі жоқ. Республикада 2009 жылғы мәлімет бойынша 36428 тонна жүн өндірілген, облыста 1334 тонна. Яғни облыстын үлесі 3,66 пайыз болған, бұл әрине төмен көрсеткіш. Себебі республикадағы жүн алынатын қой мен ешкінің 4,5 пайызын, түйенің 18,7 пайызын құрайтын облыс үшін бұл төмен көрсеткіш. Жүн қырқымына келсек облыстағы бір малдан қырқылған жүннін 1,52 киллограм деген орташа салмағы 1985-1993 жылдардағы көрсеткіштердей болып келеді, бұл жағынан жағдай жақсы сияқты.

Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін тері шикізатын жинау басқа жолға түсті. Саудагерлер облыстың тері шикізатын арзан бағаға сатып алып оны Түркістанға, Алматыға, әрі қарай Қытайға шығаратын болды.

Тері өңдейтін зауыт облыс көлемінде ашылса, мал терісін жинау жолға қойылар еді. Бұған қоса бұл теріні жинауға, тасымалдауға, өңдеуге ат салысып көптеген облыс жұртшылығы «жұмыссыз» деген атаудан тыс қалып бала – шағасын асырап, облыс, республика бюджетіне миллиондаған теңге қосымша қаржы құяр еді. Ал облыс шикізат шығарушы облыстан, дайын өнім шығаратын облыстар қатарына қосылар еді. Тері өндірісі әліде облыстағы шешімін таппаған істер қатарында тұр.

Қаракөл шаруашылығындағы барлық проблемаларға қарамай, бұл саланың дүние жүзі елдерінің ішінде Қазақстанда дамып, қаракөл терісінің сапасы жағынан біздің еліміз монополист екені әлемге белгілі. Демек біздің облысымыз бен мемлектемізде қаракөл шаруашылығын әрмен қарай дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Қазіргі танда бұл сала Республикада бірнеше есе кеміседе көш басында Қызылорда облысы тұр.



«Сыр өңірінің тәуелсіздік жылдарындағы балық шаруашылығы» атты үшінші тарауда облыс көлеміндегі балық шаруашылығының тарихы мен даму белестері сараланған.

Орыс қоныстанушылары Түркістан өлкесіне келгенге дейін (1845 ж. Сырдария сағасына, 1873 жылы Әмудария сағасына) жергілікті тұрғындар балық аулау ісімен кәсіп көзі ретінде айналысқан жоқ.

Облыс экономикасының маңызды саласының бірі болып келген балық шаруашылығы қазіргі кездеде өте күрделі кезеңді бастан кешіріп отыр. Оның негізгі себептері көпшілікке белгілі. Оған біріншіден, Арал апаты, екіншіден, өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтары, қалыптасқан жоспарлы жүйенің бұзылуы да қосымша себеп болды.

Нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінің қиындықтары балықшы қауымына тосын проблемалар әкелді. Бұрынғы тікелей осы саламен айналысқан министрліктің тарап, қалыптасқан жүйенің бұзылып, экономикалық байланыстың үзілуі, Қызылорда, Арал қалаларындағы мыңдаған тонна балық қабылдап, өңдеп, Одақтың әртарабына жіберіп тұрған мыңдаған жұмысшы – мамандары бар балық зауыттары мен комбинаттын жұмысы тоқтап тарқап кетуі, қолдарындағы ау–құралдардың, қайықтардың тозуы, жетіспеуі балықшы қауымын тығырыққа тірегені жасырын емес.

Көлдерді қайта қалпына келтіру мақсатында, екінші жағынан балық аулауды жандандыру үшін 90-шы жылдардың басында облыс көлеміндегі көлдерді тендер арқылы таратып беру ойластырылды. Жаңа қожайындарға, яғни ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге өнімді мол алуға болатын көлдердің көбісі тапсырылды. 2001 жылдын өзінде, осыдан 10 жыл бұрын 69 су қоймасының өз иесі болды.

Үлкен және Кіші Арал теңізін бөліп «Көкарал» аралының шығыс бетінен бөгет салу, ірі көлдерді суландыру мен олардың деңгейін бірқалыпты сақтау мақсатында жоғарғы орындарға ұсыныс жасалып, үкіметтің қолдауымен, Халықаралық даму банкінің қаражатына Арал өңірі проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бақылауымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) бірегей жобасы іске асырылуда. Бұл жоба халықаралық сарапшылар тарапынан «Ғасыр жобасы» деген атауға ие болды. Аталған жобаның бірінші бөлігін қаржыландыру үшін, 79 млн. доллар бөлінген болатын, оның ішінде Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен – 5 млн., және республикалық бюджеттен – 29 млн. Аталған жобанын бірінші кезенінде Үлкен және Кіші Аралдын қосылған түсындағы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын Көкарал бөгеті салынып, Сырдария өзені арнасының табаны тазартылды. Сондай–ақ, бірнеше жаңа гидротехникалық құрылғылар орнатылды [13].

Қазіргі уақытта «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Аралдағы бөлімшесінің ұйғарымына сәйкес Арал теңізінің Солтүстік бөлігінен 2010 жылы квота бойынша 2,5-3 мың тонна балық аулану керек еді. Ал шын мәнінде одан 2-3 есе көп ауланды. Жалпы, браконьерлік жолмен балық аулау толық етек алған. Табиғат пайдаланушы кәсіпкер аулаған балықты жағалаудан ешқандай өңделмеген шикізат күйінде ұрлық жолмен нақты ақшаға сатып, анық есебін алып, бақылап, ұрлықтың жолын кесудің орнына балық инспекциясы көрсе де көрмеген болып отырады. Миллиондаған қаржы салық есебінде мемлекет қоржынына түспей жеке адамдардың қалтасында кетіп жатыр. Алайда Арал аудандық статистика басқармасының есебі бойынша 2010 жылы ауланған балықтың көлемі 1761 тонна ғана [14].

Еліміздің үкіметі 2020 жылға дейін облыстағы балық аулау көлемін қазіргі көлемінен 15 мын тоннаға дейін жеткізу туралы бағдарламаныны жүзеге асыруда. Бұл дегеніміз балық өнімдерімен еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етуде облысымыздың үлес салмағының артып, жұмыс орындары көбеюінің кепілі болып табылмақ.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысында алынған нәтижелер нақтыланып, Қызылорда облысының тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығы саласының жағдайы мен даму көрсеткіштері айшықталған. Сонымен қатар диссертация жүмысы бойынша нақты ұсынымдар берілген.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решения. – Алматы, 2010. – 624 с.

  2. Жайлыбаев К.Н. Күріш егіншілігі және экология. – Алматы, 2006. – 78 б.

  3. Жайлыбаев К.Н. Қазақстанда күріш егіншілігінің пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы // Жаршы. – 1998. – № 8. – 55-67 бб.

  4. Әлімбетов К.Ә., Верещагин Г.А., Жайлыбай К.Н. Сыр өңірінде күріш шаруашылығының қалыптасып дамуы, проблемалары және жоғары өнім алу жолдары. – Алматы, 1984. – 216 б.

  5. Бірінші ұлттық ауылшаруашылығы санағының алдын-ала қортындылары. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы шаруашылық санаттары бойынша. – Астана, 2007. – Т.2. – 300 б.

  6. Облыстық ақпараттық топ мүшелеріне арналған ақпараттық мәліметтер. – Қызылорда, 2010. – 27 б.

  7. Народное хозяйство Казахстана в 1988 году. - Алматы, 1989. - 392 с.

  8. Жанзақов М.М. Өсімдік шаруашылығы. – Қызылорда, 2007. – 384 б.

  9. Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Әлеуметтік-эканомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.

  10. О численности скота в Кызылординской области. Кызылординское облстатуправление. - Кызылорда, 1996. - 16 с.

  11. BNEWS.kz. 11.01.2012.

  12. Ибрашев М.С. Племенным статусом // Кызылординские вести. – 2010. – 24 февраля.

  13. Әбенов М. Арал тенізі және балық шаруашылығы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 9 қантар.

  14. Аманжолов Н. Арал балығы қашан атша тулайды?.. // Айқын апта. – 2011. – 23 маусым.


Резюме
Устабаева Жансая Мамыровна
Положение сельскохозяйственной отрасли Сырдарьинского региона в годы независимости (1991-2011)
Магистрская диссертация предоставлена на соискание академической степени магистра истории.

В диссертации рассмотрено состояние сельскохозяйственной отрасли в Кызылординской области в годы независимости. Был проведен широкомасштабный анализ состояния земледельческой, скотоводческой отросли и рыбного хозяйства региона. Рассмотрены исторические аспекты развития и деятельности сельскохозяйственной отрасли области. Развал Советского Союза повлекший за собой общий экономический упадок в первые годы независимости, также повлиял на состояние сельскохозяйственной отрасли, что привело к развалу системной взаимовыручке субьектов народного хозяйства. В эпоху рыночных отношений и с переходом от государственного к частнособственному владению, в сельское хозяйство пришли частные инвесторы, которые вкладывают собственные средства. Но без помощи государства поднять всецело сельское хозяйство и превратить ее в прибыльное дело с учетом нынешних положений почти невозможно.

В исследовательской работе рассмотрены общие социально-экономические составляющие сельского и рыбного хозяйства региона, а также их состояния и тенденции развития в годы независимости. В диссертации изучены следующие основные вопросы:


  • Социально-экономическое положение Кызылординской области;

  • Состояние рисоводства как главной земледельческой культуры области;

  • Положение других земледельческих культур региона;

  • Скотоводческое хозяйство в годы независимости;

  • Изготовление готовой продукции из скотоводческого сырья;

  • Состояние рыбного хозяйства;

  • Государственная помощь сельскому хозяйству;

  • Пути развития сельского хозяйства в рыночных отношениях;

  • Арало-Сырдарьинский бассейн как центр рыбного и земледельческого хозяйства.

В диссертации приведены множество статистических данных по сельскохозяйственной отрасли.

В заключении даны конкретные предложения, в частности по подготовке по теме диссертации вспомогательных учебных пособии, а также детальному анализу сельскохозяйственной отрасли региона, провести полное библиографическое исследование по теме диссертации.



Summary
Ustabaeva Zhansaya Mamyrovna
The Position of Kyzylorda region on agricultural branch of industry in independent years. (1991-2011)
The masters thesis allowed for compretite academicals masters degree of history.

In thesis examined the condition of agricultural branch of industry in Kyzylorda region in independent years. There was large scale analysis of agricultural, livestock farming and fishing culture of region. It was examined historical aspects of developing agricultural industry of region. The Ruin of Soviet Union which attracted general economical decline in first years of independent, it also influenced to the condition of agricultural industry what bring the chaos of mutual proceeds system of national culture. In epoch of market relation and transition from state to private property, there have come investors to agricultural sector who invested own funds, but it is impossible without help of state to raise whole agricultural sectors and convert it to a profitable business with the consideration of today’s position.

There were examined general social-economical culture which composed agricultural fishing culture of region and their condition Tendency of development in independent years. There were studied main questions in thesis;
- Social-economical position of Kyzylorda region;

- The condition of rice culture as main agricultural sector of region;

- The position of other agricultural sector of region;

- The livestock farming in independent years;

- The condition of fishing culture;

- The state help to agricultural sector;

- The developing ways of agricultural sector in market relation;

- The Aralo-Syrdarian channel as the centre of agricultural fishing culture;

The were some statistical data information to agricultural branch of industry.

In conclusion there were given actual suggestions, in particular preparing on theme of thesis supplementary educational handout and also detail analysis of agricultural industry of region, to implement all bibliographical research on



thesis’s theme.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет