В. А. Митерев н. С. Реметова


Ерітінділер. Ерітінділердің концентрацияларын бейнелеу әдістері



бет2/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Ерітінділер. Ерітінділердің концентрацияларын бейнелеу әдістері

Ерітінділердің табиғат пен техникадағы маңызы зор. Жануарлар мен адам организмінде тіршілік әрекетіне байланысты жүретін көптеген процестер (зат алмасу, қан айналу, т.б.) ерітінділерде жүреді.

Ерітінділер дегеніміз екі немесе одан да көп затардан (құрамды бөліктерден ) тұратын біртекті жүйе.

Ерітінді еріген заттан және еріткіштен тұрады. Еріткіш деп жеке күйінде де, ерітіндіде де бірдей агрегаттық күйде болатын және еріген затқа қарағанда көп мөлшерде болатын ерітіндінің құрам бөлігін айтады. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық немесе қатты күйде болуы мүмкін. Медицинада және биологияда, өндіріс пен техникада аса маңызды ерітінділерге сұйық ерітінділер жатады. Зат еріген кезде екі түрлі процесс жүреді. Бірінші- заттың ерітіндіге өтуі немесе еруі, екінші- еріген заттың қайтадан ерітіндіден бөлініп, кристалға айналуы. Заттың еру жылдамдығы мен қайтадан кристалдану жылдамдығы тең ерітіндіні қаныққан ерітінді дейді, яғни белгілі бір температурада зат ары қарай ери алмайтын ерітіндіні қанық ерітінді деп атайды. Концентрациясы, қанық ерітіндінің концентрациясынан аз ерітіндіні қанықпаған ерітінді деп атайды, яғни белгілі бір температурада заттың біраз мөлшері әлі де ери алатын ерітіндіні қанықпаған ерітінді дейді.Еріген заты көп ерітіндіні концентрлі деп, ал еріген заты аз ерітіндіні сұйытылған деп атайды.

Ерітіндідегі еріген заттың мөлшері концентрация арқылы анықталады.

Ерітінділердің концентрацияларын бейнелеу әдістері.

Ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі бір массасындағы немесе көлеміндегі еріген заттың мөлшерін сипаттайтын шама концентрация деп аталады.

Концентрацияны келесі әдістермен бейнелейді:




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет