В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


– Қазақ ханда- рының немен  айналысқанын;  – біз оларды не  себепті құрмет  тұтатынымызды  білетін боласың



Pdf көрінісі
бет35/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Дүниетану

62
– Қазақ ханда-
рының немен 
айналысқанын; 
– біз оларды не 
себепті құрмет 
тұтатынымызды 
білетін боласың.
Қазақ жерінің даңқты 
хандары
ел билеген хандар туралы өлең құрастырып
олардың тарихи таңбаларын салуды үйренесің.
хан Касым
Қасым хан
khan Kasym
хан Жангир
Жәңгір хан
khan Zhangir
Қазақ хандығында көптеген хандар билік құрды. Алайда 
сен бүгін олардың тек үшеуі жайлы ғана оқып білесің.
Сен
Сен
сабақ

Қазақ жеріне билік жүргізген хандар жайлы әңгімелеп 
бер. Хандардың ең маңызды қандай ісін сен алдыңғы орынға 
шығарар едің? не себепті?
Картаға қара. Керей мен Жәнібек билеген кезеңдегі Қазақ 
хандығының аумағын тап. Қасым ханның тұсындағы Қазақ 
хандығының жерлерін көрсет. Салыстырып, қорытынды жаса.
хан Тауке
Тәуке хан 
khan Tauke
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


63
Қазақ хандары ұлы жиһангер Шыңғысханның ұрпағы
сондықтан оларды «төре тұқымы» деп атайды.
Сен БілеСің Бе? 
1. Сен рәміздердің не екенін білесің. Қасым хан, Жәңгір хан, 
Тәуке хан замандарына лайықты сурет түріндегі рәміз ойлап тап.
2. Хандардың есіміне орай шумақ құрастыр. 
Мен өз ата-бабамды мақтан тұтамын себебі, ...
Жалғастыр

Жауды санымен емес, ақыл-айласымен жеңген.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

Туған жерім – тал бесігім.
Қасым хан – қазақ жерінің іргесін бекітті. Ол
қазақтардың Жайықтан Балқашқа дейінгі ежелгі 
жерлерін біріктіріп, билік жүргізді.
Жәңгір хан – өз Отанын қорғаған батыр. Ол шығыстан 
шап қыншы лық жасаған жоңғарларға қарсы ерлікпен 
соғысып, Орбұлақ шайқасында 600 жауынгермен және 
көмекке келген Жалаңтөс батырдың әскерлерінің көме-
гімен өзінен күші басым жаудың 50 мың қолын жеңді. 
Бұл – тарихта сирек кездесетін, аса даңқты жеңіс. 
Әртүрлі дереккөздерден Орбұлақ шайқасында жау- 
дың саны қанша есе артық болған дығын, Жәңгір хан 
басқарған қазақ жасағының жауды қалай жеңіп, жеңіске 
жет кендіктерін тауып оқыңдар.
Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңдар жи-
нағы құрастырылды. Тәуке ханның билігін қазақ та-
рихындағы «алтын ғасыр» деп атайды. 
«Алтын ғасыр» ұғымын естігенде сенің ойыңа не 
келеді? «Жеті жарғы» заңының қабылдануы мен 
«алтын ғасырдың» арасында байланыс бар деп ой-
лайсың ба?
Қай ханға қатысты айтылғанын тап
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет