71
Ежелде Ұлы Жібек жолы Қазақстанның оңтүстік аймақта-
рынан өткен. Сол жерлерде саудагерлер сауда-саттық жа-
сап, керуен жүргізген. Керуен
жолдары өтетін Сырдария
мен Жетісу өзендерінің бойында көптеген қалалар пайда
болған.
Жетісу мен оңтүстік өңірдегі көне қалалар – Түркістан,
Шымкент, Тараз, Алматы. Олардың осы өңірде
пайда болу
себебін түсіндіріп, картадан көрсет.
Картамен жұмыс
1. Өзеннің (теңіз, көлдің) атауына қатысты немесе «су» сөзі
бар қалаларды картадан тап (95-бет).
2.
Картадан тау,
төбе сөздерімен байланысты қалалар
мен
ауылдарды тауып, қойылу себебін анықтап көр.
Картамен жұмыс
Ойша
елімізді аралап, саяхатқа шық. Елді мекендердің
атаулары біздің ата-бабаларымыздың
өмірі туралы көп
нәрсе айта алады. Адамдар ежелден өзен бойында, көлдің
жағалауында, бұлақтың басында,
таудың етегінде, таудың
баурайында қоныстанған.
Ұлы
Жібек жолының бағыты
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217