В. Н. Приз, Ж. Ж. Жарылкасын, Ж. К. Шайхина Ұйымдасқан ұжымдарда балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бағалау әдістемесі



бет1/5
Дата20.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#210952
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

КАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

В.Н.Приз, Ж.Ж.Жарылкасын, Ж.К.Шайхина

ҰЙЫМДАСҚАН ҰЖЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
оқу-әдістемелік нұсқау

Қарағанды 2011
УДК 613.22

ББК 51.28

П - 71
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Л.Н. Салпынов «Астана медицина университеті» АҚ № 1 гигиена кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.

М.С.Шабдарбаева - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология және коммуналды гигиенасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.

М.Г.Калишев – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жалпы гигиена және экология курсына жауапты м.ғ.к., доценті
П-71 Приз В.Н., Жарылкасын Ж.Ж., Шайхина Ж.К. Ұйымдасқан ұжымдарда балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бағалау әдістемесі – оқу-әдістемелік нұсқау. – Қарағанды, – 2011. - 56 б.
ББК 51
Қазіргі әдістемелік нұсқауда ұйымдасқан ұжымдардағы балалардың тамақтануын ұйымдастырылуына талаптар көрсетілген. Балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бағалау әдістемесі, балалардың тамақтануы мен ас блогының кешенді гигиеналық бағалауы берілген.

Әдістемелік ұсыныстар оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтануының нақты рационы мен белгіленген ретте келісімге жататын техникалық құжаттардың жобасы - оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтануының типті рационы, гигиеналық бағасын жүргізу әдістемесі мен тәртібін анықтайды.

Нұсқау медико-профилактикалық және педиатрлық факультеттерінің студенттеріне, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымына, санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің дәрігерлеріне, балалар-дәрігерлеріне және мектепке дейіңгі, мектеп және жасөспірімдер мекемесінің медициналық қызметкерлеріне арналған.

ҚММУ Әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және мақұлданды

Хаттама № 9 12.05.2010ж.
ҚММУ Ғылыми Кеңесінде бекітіліп және басылымға ұсынылды

Хаттама № 10 27.05.2010ж.



© В.Н. Приз, Ж.Ж. Жарылкасын, Ж.К. Шайхина, 2011 ж.

Қысқартылған шартты тізімдер
МСЭҚ –мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

БМ – балалар мекемелері

ВСН – ведомственные строительные нормы

ПТ – піскен тағамдар

ПЕ – піскен ет

ПБ – піскен балық

МДББМ – мектепке дейіңгі білім беру мекемесі

АТ – ашытылған тағамдар

ЕГ – ет гастрономиясы

БГ – балық гастрономиясы

ҚНЕ – құрылыс нормалар мен ережелер

СанЕН – санитарлық ережелер мен нормалар

ШТ – шикі тағамдар

ТЖ – техникалық жағдайлар



Х - нан

Мазмұны:





Қысқартылған шартты тізімдер

3




Мазмұны

4




Глоссарий

5




Кіріспе

6




1. Балалар мекемесінде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар.

8




2. Ұйымдасқан ұжымдарда балалар тамақтануының нормалануы

12




3. Ұйымдасқан ұжымдарда балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бағалау.

15




4. Ұйымдасқан ұжымдарда балалардың тамақтануын ұйымдастыруды гигиеналық бағалау әдістемесі.

18




5. Балалар тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар.

19




Тестілік сұрақтар.

24




Әдебиеттер

29




1 қосымша. Еркін сатылуда таратылатын тамақтық азықтардың, тағамдардың және кулинарлық өнімдердің («буфеттік өнім») ұсынылатын ассортимент.

30




2 қосымша. Нормативтік және әдістемелік құжаттар.

31




3 қосымша. Мектеп ас блогінің жоспары.

33




4 қосымша. Балалар сауықтыру ұйымдарында тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар.

51


Глоссарии
1) балалар тамақтануының өнімдері – 16 жасқа дейін балалардың тамақтануына арналған және балалар организмінің физиологиялық қажеттілігіне жауап беретін тағамдық өнімдер;

2) ерте жастағы балалар үшін балалар тамақтануының өнімдері – туғаннан бастап, 3 жасқа дейін балалар тамақтануына арналған балалар тамақтануының тағамдық өнімдері, олардың құрамы мен қасиеті, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы қажет, тиімді игеруін қамтамасыз ету керек және балалар денсаулығына зиянын келтірмеуі қажет;

3) (3 жастан 6 жасқа дейін) мектепке дейінгі балалар тамақтануының өнімдері және мектеп жасындағы балалардың ( 7 жастан 16 жасқа дейін) – туғаннан бастап, 3 жасқа дейін балалардың тамақтануына арналған, балалар тамақтануының тағамдық өнімдері, олардың құрамы мен қасиеті жастық физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы қажет, тиімді игерілуін қамтамасыз ету керек және балалардың денсаулығына зиянын тигізбеуі керек;

4) (3 жастан 6 жасқа дейін) мектепке дейіңгі және мектеп жасындағы (7 жастан 16 жасқа дейін) балалар тамақтануының өнімдері – берілген жастық топтағы балалар тамақтануына арналған, жаппай тұтынудың ұқсастығымен ерекшеленетін, тұздар мен майлардың төмен болуындағы жоғары сапалы шикізаттарды қолдануға, жасанды тағамдық қосымшалардың, күйдіретін дәмдеуіштердің болмауына арналған тағамдық өнімдер және санитарлы-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай, қауіпсіздік көрсеткіштерінің талаптарына жауапты болу;

5) балалар тамақтану өнімдерінің тағамдық құндылығы – балалар организміндегі қажетті заттар мен қуаттылығында, физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуындағы тағамдық өнімдер қасиетінің жиынтығы;

6) балалар тамақтану өнімдерінің сапасы – дағдылы жағдайда, олардың қолдануы кезінде, балалар организмінің қажеттілігін қанағаттандырылуындағы тағамдық өнімдері қасиетінің жиынтығы;

7) балалар тамақтану өнімдерінің қауіпсіздігі – дағдылы жағдайда, тағамдық өнімдерді қолдану барысында зиян еместігі және денсаулығына қауіп тудырмауы болып табылады.

КІРІСПЕ

Балалардың ұтымды тамақтануы, олардың денсаулығына қажетті жағдайдың қамтамасыздануы, жұқпалы аурулардың және басқа да жағымсыз факторлардың әсеріне тұрақты болып табылады және барлық жастағы кезеңде оқытуға қабілетті. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығының қолдауындағы тамақтанудың басымдылық рөлі тұрғындардың ұтымды тамақтануы мемлекеттік саясатта бекітілген.

Ұтымды тамақтану – қабылданған тағамның сандық және сапалық ара қатынасы және күні бойы қабылдау бойынша соңғысының таралуы, организмнің қажеттілігіне сай және оның қалыпты дамуының қамтамасыздандыруы мен іс-әрекеттілігі кезіндегі тамақтану.

Көптеген зерттеушілер, балалардың оқытуы мен дене дамуын, денсаулық жағдайының тікелей байланысын олардың тамақтануының биологиялық толыққажеттілігін белгілеген. Егер ұтымды тамақтану, балалардың денсаулығы мен үйлесімді дамуын анықтау жағдайда болса, күдік тудыру мүмкін, дұрыс тамақтанбау әртүрлі ауруларға әкеліп соқтырады, көбінесе асқорыту жүйесі аурулары, жүйке және жүрек-тамыр жүйе аурулары, жұқпалы және тұмау аурулары тұрақтылығының төмендеуі.

Зерттеулердің соңғы жылдарына ерекше көңіл аудару қажет, балалар мен жасөспірімдердің тағамдық статусында және тағамдық құрылымында маңызды бұзылыстарды анықтады. Оларға мыналар жатады: мектеп және мектепке дейіңгі жастағы балалармен, тағамдық заттардың тұтынуымен ұсынылған нормадан тыс маңызды ауытқулар; мектеп мекемесінде рациондағы баланстардың бұзылыстары; дене даму көрсеткіштерінің төмендеуі. Әсіресе, маңызды мәселе болып микронутриенттер тапшылығы болып табылады, көбінесе, С витамині (зерттелген балалардың 60-70%) және де A, B1, В2 витаминдері, бета-каротин; темір, кальций (балаларда 30-40%); йод (балаларда 70-80% ) және т.б.

Балалар мен жасөспірімдердің белгіленген тағамдық бұзылыстары, алиментарлы-тәуелді аурулардың пайда болуының ең маңызды себебі болып табылады, оларға мыналар жатуы мүмкін: асқазан-ішек трактісі ауруларының жоғары жылдамдылығы, ол оқушылардың жалпы сырқаттанушылығының құрылымында бірінші орынды алады; анемия; зат алмасу аурулары (бірінші кезекте семіздік және қантты диабет), олардың таралуы соңғы жылдары айтаралықтай көбейген.

Осыған байланысты, мектепте оқушылардың тағамдық рационының ұйымдастырылуы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қолдау және ауруларды алдын алуы, ең маңызды факторлары болып табылады.

Ерекше маңызды болып, алдын алу мақсатында, рациондардың негізгі микронутриенттермен байытылуы. Нәтижесінде, берілген әдістемелік нұсқауда, ұйымдасқан ұжымдардағы балалардың тамақтану ұйымдастырылуының бағасына негізгі әдістемелік жолдар қарастырылған.

Бірінші кезекте көңіл бөлуіне талап етететін, ұйымдасқан ұжымдардағы балалардың тамақтану ұйымдастырылуының негізгі кемшіліктеріне мыналар жатады:


  1. Негізгі нәрлі заттарды және өнімдерді таңдау бойынша, дұрыс тамақтанудың, тамақтанудың физиологиялық нормаларына айқын сай келмеуі.

Нәрлі заттар бойынша балаларға белоктар, әсіресе, жануарлар тектес, витаминдер және минералдарды заттар жеткілікті түрде түспейді. Осыған тапшылықтар көмірсулар мен майларды артығынан қосып алады.

Өнімдерді таңдау бойынша балаларға балықтар, сүт өнімдері, жұмыртқалар, жемістер жеткілікті түрде түспейді.

  1. Ас блоктардың нашар материальдық-техникалық базазы, бірінші кезекте жеткіліксіз аумақтармен, технологиялық жабдықтардың ескіргендігімен қамтамасыздандырылған.

БАЛАЛАР МЕКЕМЕСІНДЕ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Балалар өнімдері, балалардың жасына байланысты есептелген.

Келесі топтарды ажыратады:

1) ерте жастағы балалар – туғаннан бастап, 3 жасқа дейіңгі балалар;

2) мектепке дейіңгі жастағы балалар – 4 жастан 6 жасқа дейін балалар;

3) мектеп жастағы балалар – 7 жастан 16 жасқа дейін балалар.

Балалар мекемесінде (БМ), балалардың тамақтану ұйымдастырылуының дұрыс негізі перспективті менюді құру болып табылады. Перспективті меню, өнімдердің тәуліктік нормаларына сай бекітілген, 7-10 күнге орташа медициналық қызметкермен құрылады, ол балалар тамақтануының әр түрлігіне ғана жоспарлауын мүмкіндік бермейді, ол қажетті тағамдық өнімдерге алдын ала тапсырыс береді және жеткілікті ассортиментермен қамтамасыздандырылады.

Өнімдердің сандарын анықтау үшін, тәуліктік нормаларды 7 немесе 10 көбейтеді (7-ік и 10-лық күндік меню). Содан соң, әр табаққа таратып салуды біле, сол өнімді қанша рет және қандай табаққа берілуін есептейді. Осыдан, тәуліктік рацион өнімдерінің бөлігі, (сүт, нан, қант, қаймақ майы, жемістер) тәуліктік жиынтығының ұсынылған нормалармен, менюға сандармен күнделікті кіруі қажет. Басқа өнімдер (балық, сүзбе, жұмыртқа, ірімшік, қаймақ және т.б.) баланың рационына күнде кіру қажет емес, бірақ жұма ішінде толық мөлшерде берілу қажет.

Перспективті менюді құрған кезде назар аудару қажет, тамақтанудың әр түрлілігі, өнімдердің жеткілікті жиынтығының есебіне ғана емес, ол көп қолданылатын өнімдерден әзірленетін, астардың кең ассортимендердің есебімен де жетеді.

Менюді алғашқы рет түскі асқа, сосын тәңертенгі асқа, содан соң кешкі асқа құруды ұсынады. Өнімдердің жиынтығы бойынша түзетілген, тәуліктік тағамдық рацион, тамақтанудың физиологиялық нормаларымен айырмашылығы болуы мүмкін ±10% көп емес, бірақ толық тәуліктік нормаға сай болуы тиіс. Бұл ереже - ±10% нормаларымен айырмашылығы орташа тәуліктік өнімдердің жиынтығы бойынша да, айына оның толық түзетілуіне рұқсат етіледі.

БМ тамақтанудың ұйымдастырылуы кезінде, ресми көздерінің рецептураларын қолдану қажет (рецептура жинағы, әдістемелік ұсыныстар, монографиялар), осылардың негізінде, ресми көздеріне сүйене отырып, ас картотекасы құрылу қажет.

Егер, кейбір өнімдер жоқ болған жағдайда, химиялық құрамы бойынша тең бағалы басқа өнімдермен ауыстырады. Рационның толық бағалы құрамын сақтау үшін, өнімдерді ауыстыратын кестелер қолданылады. Белок бойынша өзара ауыстырмалықтарға ет, балық, ірімшік, жұмыртқа болып табылады. Химиялық құрамы бойынша жақын ұн, жарма, макарондық өнімдер және т.б. Басқа ет өнімдерімен сиыр етінің әр түрлілігі кезінде, олар тәуліктік менюға келесі пайыздық ара қатынаспен қосылу қажет : сиыр еті – 30%, қой еті – 20%, тауық еті- 20%, қоян еті – 15%, субөнімдері – 15%.

Өнімдерді ауыстыратын кестелерді қолданған кезде, ауыстырушы өнімдердің салмағы мен ауыстырушы өнімдер, онда нетто граммымен белгіленгенін есте сақтау қажет, сол себепте өнімдердің жеуге жарайтын бөлігі ғана есепке алынады, ал тәуліктік жиынтықта өнімдер брутто-салмағына нормаланады.

Құрастырылған тәуліктік меню-таралу сұрыптама мекеменің жетекшісімен бекітілу қажет және олардағы барлық өзгерістер оның рұқсатымен ғана енгізіледі.

Перспективті меню, тәуліктік меню-таралу сұрыптама сияқты, ең алдымен қамтамасыздануға бейімделген, балалардың тамақтану ұтымдылығы.

Күні бойы қабылдау бойынша рационның калориялық таралуы, тамақтануды қабылдау жылдамдығының тәртібімен белгіленеді. Мектепке дейіңгі балалар мекемесінің көбі, санаторлы-интернатты түрдегі мекемелері сияқты, тамақтануы төрт еселі тәртіппен қабылданады, тәңертенгі ас пен кешкі ас рационының тәуліктік қуаттылығының 20% бойынша жабу қажет, түскі ас – 35% және түстік пен кешкі ас арасында ішілетін жеңіл тамақ – 15%. 3 жасқа дейіңгі балалар үшін тамақтану тәртібі, күні бойы қуаттылықтың тым біркелкі таралу жағына өзгеруі мүмкін: 25% бойынша тәңертенгі ас пен кешкі асқа, 30% түскі асқа және 20% түстік пен кешкі ас арасында ішілетін жеңіл тамаққа.

Перспективті және тәуліктік менюді дайындау кезде, сәйкес ережелерден шыққан санитарлық ережелерін, нұсқауларын және т.б. тамақтану ұйымдастырылуының талаптарын қолдану қажет.


Тәрбиеленуші мен оқушылардың тамақтану рационын құру үшін тағамдық өнімдердің ассортименттік тізбелері

Тағамдық өнімдердің ассортименттік тізбелері, 3 жастан асқан тәрбиеленуші мен оқушылардың тамақтану рационын құру үшін арналған. 1,5 жастан 3 жасқа дейін балалар үшін, осы тізімдегі өнімдерді қолдануға болады, егер санитарлы-эпидемиологиялық қорытындыда, өнімдерді қолдануына сәйкес нұсқаулардың шарттары кезінде (мемлекеттік тіркеу куәлігі).

Тағамдық өнімдердің сандық жиынтығына сәйкес, тағамдық өнімдер топтар бойынша әкелінеді (топ ішінде – алфавит ретімен).

 1. Сүт және сүттік тағамдар, сүзбе, қаймақ, ірімшік;

2. Ет, құс, балық, жұмыртқа өнімдерін өңдеу, соялық өнімдерді өңдеу;

3. Картоп, жеміс, жас және кептірілген көк, жас және құрғақ жемістер, жаңғақтар, жемісті консервілер;

4. Шырын мен сусындар, шай, какао, сусын концентраттары;

5. Нан және ұннан пісірілген өнімдер;

6. Кондитерлік өнімдер, қант, бал, повидло, тосап, джем;

7. Ұн, жармалар, бұршақ, макаронды өнімдер, крахмал, дәнді өнімдер;

8. Тағамдық майлар және майлы өнімдер;

9. Тұз, дәмдеуіштер, ашытқылар, тағамдық қосымшалар.

Тәңертенгі асқа ассортимент шектеусіз. Жемісті салаттар, винегреттер, макаронннан, кеспелерден, картоптардан, жемістерден, жұмыртқадан, сүзбеден, ащы емес ірімшіктен ботқалар немесе тамақтар берілу қажет; ыстық сусындардан – кофе, шай, барлығы сүтпен. Тәңертеңгі асқа белоктармен бай қамтамасыз ету үшін (балықпен, сүтті тағамдармен, жұмыртқамен, етті өнімдермен және т.б.), қамырдан жасалынған өнімдерді (пісірілген нан) беруге ұсынылмаған.

Түскі ас 3 тағамдардан құрылу қажет: сорпа (ет немесе балық сорпасы, жемісті немесе көкөніс суы, сүтті сорпасы), екінші – тұздықпен ет және балық тағамы, үшінші – сусындар ( компот, кисель, мусс) және жемістер, жемістер сусындарды ауыстырмайды, керісінше оларды толықтырады. Төртінші тағамға дұрысы салаттар, винегреттер, оларды тәңертенгі асқа алмастыру қажет, бірақ міндетті түрде күнделікті берілу қажет, себебі олар рационда витаминдер мен өсімдік майының негізгі көздері болып табылады.

Бірініші тағамдарды қышқылды (щи, борщ, қышқылтым сорпа) және бейтарап (картопты-жармалы сорпалар) ара қатынастары сақталу тиіс, 6-күндік кезде 3:3 болу тиіс, ал 5-күндікте – апта сайын 3:2 және 2:3.

Құю алдында етті-балықты сорпаларды міндетті түрде сүзу қажет. Егер сорпа қою, майлы болса, оны минералды тұздармен бай, көкөніс сулармен сұйылту қажет.

Түскі ас 2 жармалық сорпалардан құрылмау керек – егер сорпа жармалы болса, тұздық екінші тағамға көкөністер болуы керек. Етті тағамдарға қалаған тұздықтар келеді, ал балықты тағамдарға – картопты ғана.

Етті тағамдарды фарштан дайындаған жақсырақ (котлеттер, биточкалар, зразылар, фрикаделькилер, ұнтақталған еттер, қамырға орап пісірілген еттер және т.б, толтырғыштар үшін (крахмал, жұмыртқа, ұн, жарма, жемістер және т.б.) етті тағамдар нормаланған шығыстарына жетеді (70-80 гр).

Көкөністі салаттарды, винегреттерді дайындау кезде, олардың құрамдас бөліктері регламенттелмейді, бірақ құрамдас бөліктердің араласуы және олардың тұзбен, қантпен, сұйық маймен құйылуы беру алдында жасалынады.

Есте сақтау! Тазаланбаған піскен жемістер – 6 сағаттан артық емес +2+6оС температура кезінде сақталу мерзіміндегі өзгеше тез бұзылатын өнім. Түстік пен кешкі ас арасында ішілетін жеңіл тамақты көбінесе 2 тағамнан жасайды: сүт, айран, қатық, пісірілген нанмен, қатқан нанмен, печеньемен, сушкилармен, пряниктармен, вафлилармен шырындар және т.б. Қосымша әртүрлі жемістер мен кондитерлік бұйымдарды беруге болады.

Кейбір тым тәтті шырындардың түрлерін (жүзім, шие, алма және т.б.) беру алдында 1/3 көлемінде қайнатылған сумен сұйылту қажет.

Кешкі ас міндетті түрде өзіне ыстық тағамдарды қосу қажет (сүзбелі, жемісті, жармалы және т.б.) және сүтті, айранды, сүт қосылған шайды ішу және т.б.

Кешкі асқа жануар белоктарымен (ет, балық) бай тағамдарды беру рұқсат етілмеген немесе берілсе, оларды шектеулі сандармен беру керек, себебі оларды толық қорыту үшін, ұзақ уақыт және жеткілікті сөл бөліну қажет. Кешкі асқа сұйықтықты, майлы тағамдарды қолдануды, шөлді шақыратын тағамдарды, жүйке жүйесін қоздыратын сусындарды (кофе, какао) шектеу қажет. Балалар тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі ерекше бақылау заттары болып, тиымды тағамдар болып саналады, көбінесе өздерінің күштерінің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты, көбінесе тамақтан уланулардың себебі болып табылады.

Балалар мекемесінде тағамға саңырауқұлақтарды қолдануға, сүтті қайнатусыз қолдануға (пакетте болса қайнатпауға болады), термиялық өңдеуден өтпеген сүзбе мен қаймақтарға, суда жүзетін құстардың жұмырқалары мен еттеріне, ветеринарлық бақылаудан өтпеген еттеріне, үйде дайындалған консервленген өнімдерге мүлдем тиым салынады.

Қатықтарды дайындауға тиым салынады – квастарды, сүзбелерді және басқа қышқылсүтті өнімдерді, әртүрлі мұздатылған өнімдерді, зельцтерді, паштеттерді, фаршмактарды, кремдерді, сусындарды, жидек шырынынан істелген сусындарды, флотски бойынша макарондарды, еттен, сүзбелерден жасалынған құймақтарды, фритюрадағы өнімдерді.

Өнімдердің қатары бойынша, берілген тізбелерді, айтарлықтай тиым салынған өнімдердің көлемдерін үлкейтуге болады. Мысалы, фритюрадағы өнімдерге тиым салу бауырсақтарды, құрайларды, пончиктерді, чебурекийлерді дайындауды болғызбайды. Термиялық өңдеусіз қаймақты қолдануға тиым салуды, оның салаттарға, блинчиктерге, пельмендерге және т.б. тұздықтар түрінде қолдануды болғызбайды. Зельцтерді қолдануға тиым салу, 11 категорияның (диафрагманы, (бактардың) ұрттарды, қан, басты) субөнімдердің балалар тамақтануын қолдануға тиым салынады.

Тиым салынғандардан басқа, балалар тамақтануында рұқсат етілмеген өнімдердің категориясы бар, олар «таңдау» өнімдері - беруге болады, бірақ амалсыз жағдайда, олардың қолдану жылдамдығын теріс пайдаланбаса. Оларға барлық майлы өнімдер (бірақ фритюрада емес): беляштар, пирожкилер, жұмырқадан жасалатын тамақ, қуырылған картоп, қуырылған шұжық. Рұқсат етілмеген өнімдер болып, сарделькилер, шұқойылған сүт, сиыр және қой майы, қой еті, жүрек, сойылмаған шошқа, үйрек майы, комбимайлар (маргарин, комбимай, сұйық май, қошқа майы, маргогуселиндер және т.б.).

Балалар тамақтануында, маргариндер тек технологияда ғана рұқсат етіледі (пісіру, қуыру, фритюр емес және т.б.), бірақ табиғи түрде рұқсат етілмейді. Маргарин балалар тамақтануында рұқсат етілмейді.

Білу қажет, ашытылған қамырдан жасалынған өнімдерді 1,5 жасқа дейін балаларға рұқсат етілмейді, ал бисквиттер мен песочниктер - 1 жасқа дейін балаларға рұқсат етілмейді.

Балалар мекемесінде газдалған сусындарға, кириешкилерге, фаствудтарға (және т.б жылдамдатылған тамақтанудың басқа өнімдеріне) тиым салу.

Балалар тамақтануының өнімдері мен олардың компоненттері санитарлы-эпидемиологиялық ережелер мен номаларға белгіленген, балалар тамақтану өнімдерінің тағамдық бағалығына және қауіпсіздіктің гигиеналық нормативтеріне сай болуы қажет.

Жаңа отандық өнімдердің өңдеуі немесе шетелдік өндірушілерден жаңа өнімдер, олардың тағамдық бағалығының көрсеткіштері, регламенттелген санитарлы-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларынан ерекшелінеді, ҚР заңнамалығына белгіленген осы тағамдардың реті мақсатты тағайындалуына сай жүргізіледі.

Балалар тамақтану өнімдерінің өндірісі нормативті-техникалық құжаттарына сай (ҚР СТ,ТМ, ұйымдастыру стандартары) олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттында жүзеге асады.

Азаматтармен, жеке кәсіпкерлермен, заңды тұлғалармен, балалар тамақтануының жаңа өнімдер түрлерін өңдеу кезде, осы қызметтерді жүзеге асыру үшін, олардың міндетті, санитарлы-эпидемиологиялық сараптамасы өткізіледі.

Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және азаматтар, балалардың тамақтануында, өнімдердің айналысында және өндіріс жағында қызметтерді жүзеге асыруда, «Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңына сай, олардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуіне жауапкершілік әкеледі.

Белгіленген үлгінің мемлекеттік тіркеу куәлігі, балалар тамақтану өнімдерінің нормативті құжаттарына сай (сай еместігі), санитарлы-эпидемиологиялық сараптамасының негіздемесі арқылы беріледі.

Елге шетелден балалар тамақтану өнімдерін әкеліп тұруы, ҚР қолданыстағы заңнамалар талаптарына жауап беруі қажет.

Өндіріс, балалар тамақтану өнімдерінің айналысы мен әкелімі бойынша қызметтерді жүзеге асырған заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар, сатып алушыларға (тұтынушыларға) және ҚР күші бар заңнамасына сәйкес сенімді бағдарламалары мен толық бақылауына және мемлекеттік органдарына міндетті түрде берілу керек.



ҰЙЫМДАСҚАН ҰЖЫМДАРДА БАЛАЛАР ТАМАҚТАНУЫНЫҢ НОРМАЛАНУЫ

Балалар тамақтануының нормалануы үш реттік механизмдердің көмегімен жүзеге асырылады:



  1. Негізгі тағамдық заттар мен қуаттылықтағы физиологиялық қажеттіліктің нормасы;

  2. Балалар мекемесіне арналған, тәуліктік азық-түліктің нормасы;

  3. Мекеме түрінің, жастың және балалардың онда болу уақытының, қаржы органдарымен белгілену нәтижесінде, тамақтануға шығындау нормасының есебтеу нормасы.

Қалыпты даму мен өсу үшін, балалар организмі өзіне қажетті тағамдық заттарды үнемі, белгілі санда алу керек: белоктарды, майларды, көмірсуларды, витаминтерді, минералды заттарды.

1 кестеде балалар мен жасөспірімдерге арналған белоктарда, майларда, көмірсуларда, қуаттылықтарда физиологиялық қажеттіліктіктің нормалары.



1 кесте балалар мен жасөспірімдерге арналған белоктарда, майларда, көмірсуларда, қуаттылықтарда физиологиялық қажеттіліктіктің нормалары.


Жасы

Калориялығы (дене салмағына ккал/күніне)

Белоктар, г/күніне

Майлар, г/күніне

Көмірсулар, г/күніне

барлығы

оның ішінде жануарлар тектес

барлығы

оның ішінде өсімдік тектес

Линоленді қышқыл (% кклор)

1-3

1540

53

37

53

5

4

212

4-6

1970

68

44

68

10

3

272

7-10

2300

79

47

79

16

3

315

11-13 ұлдар

2700

93

56

93

19

3

370

11-13 қыздар

2450

89

51

85

17

3

340

14-17 ұлдар

2900

100

60

100

20

3

400

14-17 қыздар

2600

90

54

90

18

3

360

2,3 кестеде жасына байланысты, балалардың ұйымдасқан ұжымдарында, тамақтану ұйымдастырылуына арналған тағамдық азық-түліктердің сандық жиынтығы көрсетілген.


2 кесте Мектепке дейіңгі білім беретін мекемелерінің, мектепке дейіңгі жастағы балалардың тамақтану рационын құру үшін, тағамдық азық-түліктердің сандық жиынтығы (БСМ- балаларды сауықтантыру мекемесі)


Тағамдық өнімдердің немесе тағамдық өнімдер топтарының аталуы

БСМ-де болу ұзақтығы және балалардың жасы

1,5-3 жастағы балалар

3-7 жастағы балалар

12 с

14/24 с

12 с

14/24 с

Дәрумендендірілген сүт м.д.ж. 3,2 %, г нетто

230

285

275

345

Сүттіқышқыл өнімдер м.д.ж. 3,2 %, г нетто

100

120

120

150

Сүзбе м.д.ж. 9 %, г нетто

31

39

41

52

Қаймақ м.д.ж. 15 %, г нетто

8

9

10

11

Қатты ірімшік, г нетто

3

4

5

6

Ет (сиыр еті 1-ші сортты, майлы емес шошқа еті), г нетто

49

49

53

53

Субөнімдер (бауыр,тіл, жүрек), г нетто

7

7

7

7

Құс (балапандар, күрке тауықтар), г нетто

21

21

21

21

Балық (филе), г нетто

27

32

32

39

Мектепке дейіңгі балалар тамақтануына арналған шұжық өнімдері, г брутто

5

10

5

10

Диеталы тауық жұмыртқасы, дана.

0,5

0,7

0,5

0,8

Тазартылған картоп, г нетто

115

135

140

150

Жаңа көкөністер (тазартылған),көк, г нетто

180

200

220

250

Жемістер, жаңа жидектер, г нетто

85

90

90

95

Көкөністер, құрғақ жидектер, г нетто

7

9

9

12

Көкөніс, дәрумендендірілген көкөністі шырындар немесе тікелей сығуымен, г нетто

100

100

100

100

Дәрумендендірілген қара нан (қара-бидайлы) г нетто

30

30

40

50

1 с ұннан жасалған бидайлы, дәрумендендірілген немесе дәнді нан, г нетто

60

75

80

110

Бұршақ ты және (дәңді) жармалар, г нетто

25

29

32

38

А тобындағы макаронды өнімдер, г нетто

6

8

8

10

1 с. бидайлы, нан наубайлы ұн, г нетто

18

21

20

26

Картопты ұн (крахмал) , г нетто

2

2

2

2

Сиыр тәтті қаймақ майы, г нетто

19

ъ\

22


22

26

Өсімдік майы, г нетто

7

9

9

11

Кондитерлік өнімдер, г нетто

3

7

15

20

Шай, г нетто

0,1

0,4

0,1

0,4

Какао-ұнтақ, г нетто

0,7

0,7

0,9

0,9

Дәрумендендірілген , дәңді, кофелік сусын (суррогатты), г нетто

0,80

0,8

0,9

0,9

Нан наубайлы ашытқылар, г нетто

0,5

0,5

0,5

0,5

Қант, г нетто

28

37

34

46

Асқа салатын йодталған тұз, г нетто

3

4

5

6

3 кесте Жалпыбілім беру мекемелерінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационының қалыптасуына ықпалын тигізетін



азық – түліктердің жиынтығы.

Азық – түлік атаулары мен топтары

Жасөспірімдер мен балалар жасы

7-11 жас

12 жастан жоғары

Таңғы ас

Таңғы және түскі ас

Таңғы ас

Таңғы және түскі ас

Дәруменге бай сүт м.д.ж. 3,2 %, г нетто

135

150

135

150

Қышқылдандырылған азық-түлік с м.д.ж. 3,2 %, г нетто

40

40

40

40

Сүзбе с м.д.ж. 9 %, г нетто

25

25

25

25

Қаймақ с м.д.ж. 10-15 %, г нетто

3

20

3

20

Қатырылған ірімшік, г нетто

5

6

5

6

Ет (1 сапалы сиыр еті, майлылығы аз шошқа еті, бауыр, тіл, жүрек еті) г нетто

5

40

5

40

Құс (балапан, цыплята, күркетауық, бөдене), г нетто

3

20

3

20

Балық (сүзбе), г нетто

5

35

5

35

Мектеп жасындағы балалар мен мектепке дейінгі балаларға арналған шұжық өнімдері, г нетто

8

8

8

8

Диеталық тауық жұмыртқасы, шт

0,3

0,4

0,3

0,4

Картоп , г нетто

6

100

6

120

Көкөністер, г нетто

40

150

40

150

Жаңа піскен жемістер г нетто

110

120

110

120

Кептірілген жемістер, г нетто

1

8

1

8

Дәрумендендірілген жеміс шырындары, г нетто

20

100

20

100

Дәрумендендірілген бидай қара наны, г нетто

--

21

--

21

Дәрумендендірілген 1 сұрыптағы бидайдан жасалған қара наны, г нетто

30

60

30

60

Жарма,бұршақтаған, г нетто

16

32

16

32

А тобындағы макарон өнімдері., г нетто

2

9

2

12

Бидайдан жасалған ұн 1 с., г нетто

13

20

13

20

Қаймақ майы,  г нетто

5

20

5

20

Өсімдік майы, г нетто

0,6

5

0,6

5

Кондитерлік өнімдері, г нетто

7

15

7

15

Шай, г нетто

0,4

0,4

0,4

0,4

Какао-ұнтақ, г нетто

0,8

0,8

0,8

0,8

Кофе шырыны, г нетто

1,9

1,9

1,9

1,9

Ашытқы, г нетто

0,2

0,3

0,2

0,3

Қант, г нетто

14

24

14

24

Иодталған ас тұзы, г нетто

0,4

2

0,4

2

 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет