В01513-Биология мамандығы үшін емтихан сұрақтары
2023-2024 оқу жыл
Ботаниканың даму тарихы және негізгі салалары.- жеңіл
Жауабы:Биология ғылымының классиктері (Ж.Кювье,Ж.Б.Ламарк,Ч.Дарвин,К.Линней,К.Ф.Рулье,А.Каверзнев,М.Ломоносовтың және т.б) еңбектеріндегі палеонтологиялық еңбектерге қарағанда адамзат ертеден-ақ өсімдіктер дүниесімен таныс болып,оларды өз қажеттеріне жаратқан.Мысалы,ежелгі тас ғасырындағы (палеолиттегі-осыдан 800 мың жылдан бастап 13 мың жылға дейінгі) адамдардың өздеріде жабайы өсімдіктердің тұқымын,жемісін,жемтамырын жеп күнелткен.Біздің эрамыздан 6 мың жыл бұрын болған Жаңа тас ғасырының (неолиттің) адамдары жабайы өсімдіктердің тұқымын егіп өсіре бастаған.Бұған неолит заманындағы адамдардың мекен-жайларынан кейінгі кездерде зығыр талшығынан істелген ұлпалардың,жаңғақ пен талшын жемістерінің,алма,алмұрт және жүзім тұқымдары қалдығының табылуы дәлел.
Көне заман ғалымдары әуелгі кезде өсәмдәктерге медициналық (дәрі-дәрмектік),азық-түліктік(шаруашылық) тұрғысынан ғана қарады.Сол кездің «ботаниктерін» ризотомдар (тамыр қазушылар)-өсімдік шикізатын жинаушылар.
Фармакопалдар-дәрі-дәрмектік өсімдіктерді сатушылар.Геопониктер (георгиктер) –қажетті өсімдіктер түрлерін өсіруге маманданушылар деп бөлген.
Гомер мен Геродоттың еңбектерінде өсімдіктердің 60-тан астам,ал атақты Гипократтың (біздің ғасырымыздан 460-377 жыл бұрын өмір сүрген) еңбегінде 200-ден астам әр алуан өсімдік түрлері баяндалған.
Аристотель (384-322) мен Аристокл Платонның (427-347) шәкірті (біздің заманымыздан бұрынғы 371-286 жылдары өмір сүрген)Теофраст (Тиртам)өз отанының және басқа жерлердің 500-ден астам түрлі өсімдіктерін жинап,оларды ағаштар,бұталар,шөптер деп жіктеді.Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктері және теңіз өсімдіктері деп бөлді.
Теофраст өсімдіктерді жүйелеуде олардың тіршілік формаларын ескерді және өз классификациясының негізі етіп экологиялық көрсеткішті қолданды.Сөйтіп,ол «Өсімдіктер тарихы» («История растений») «Өсімдіктердің себебі туралы» («О причине растений») атты бағалы еңбектерін қалдарды.
Өсімдіктерді сипаттау жөніндегі мәліметтерді рим ғалымы Үлкен Цлинийдің (Гай Секунд,біздің заманымыздың 24-79 жылдарында) еңбектерінен де табуға болады.Ол агрономиялық және медициналық мәні бар 100-ден астам өсімдікті сипаттап жазды.
Үлкен Плинй «Табиғат тарихы» («естественная история») атты мол еңбек (37 кітап) қалдырды
ХI ғасырдың 20 жылдарында жазылған Абу-Али Ибн-Синаның (Авиценнаның,979-1037) «Медициналық конон» деп аталатын еңбегі өсімдіктердің дәрі-дәрмектік қасиеттері жөнінде ғана айтылады.
Ботаник К.Баугин (1550-1624) 600-ге жуық өсімдік түрін зерттеп,оларды сипаттап жазып шықты.Тіпті өсімдіктердің кейбір түрлерінің табиғи топтарын жасауға да әрекеттенді.
Өсімдіктерді бір жүйеге келтіруге талпынған ғалыдардың бірі,итальян ботанигі-Цезальпин Андреа (1519-1603)еді.
Неміс ботанигі жіне дәрігері,Тюбингенм университетінің профессоры Камерариус Рудальф Якоб (1665-1721) 1697 жылы өзінің «Өсімдіктер жынысы туралы» («О поле растений») деп аталатын еңбегінде ол өсімдіктер денесінде жыныс мүшелерінің болатынын,атап айтқанда,гүл тозаңдығы аталық, ал оның түйіні (жатыны) мен мойыны аналық жыныс мүшелері болып табылады деген тұжырымға келді.
Ағылшын табиғат зерттеушісі-Джон Рей (1627-1705) негізінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жүйелеугн еңбекте негізінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жүйелеуге еңбектеді.«Өсімдіктер тарихы»(«История растений») деген еңбегінде ол сол заманда белгілі 18 мың өсімдік,түріне сипаттама берді.
Француз ботанигі,профессор Турнефор Жозеф Питтон (1656-1708)өсімдіктер дүниесін зерттеуде көптеген елдерге (Греция,Англия,Армения,Грузия) саяхат жасады.Ол өсімдіктерді шөптер мен ағаштар деп бөліп,одан әрі қарай кластарға,секцияларға,туыстарға және түрлерге ажыратты.
XVI-XVIII ғасырлардағы өсімдіктер дүгиесінің жаңа жүйесін жасаған ботаниктердің бірі-шведтің аса көректі табиғат зерттеушісі,ғалымы Карл Линней (1707-1778).Ол Теофраст пен Цезальпиннің жүйесін қабылдамай,негізгіжүйелік белгі өсімдіктегі гүл аталықтары және аналықтары болу керек деп топшылады. Ол барлық гүлді өсімдіктерді 23 класқа бөліп, ал 24-ші класқа гүлсіздерін («тайнобрачные») жатқызды.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи жүйесін жасауда зор еңбек сіңірген ғалымның бірі – француздың атақты ботанигі А.Л.Жюсье болды.
Теофраст заманынан басталған 200 жыл бір өсімдікті екінші өсімдіктен қалай ажыратудың жолын іздестірумен өткен еді.
Ғылыми жүйе жасалды. Мұндай табиғи жүйені жасауда француздың табиғат зерттеушісі, аса көрнекті ғалымы Ж.Ламарктың (1744-1829) еңбегі зор. Метафизикалық дәуірде өмір сүрген ол сол кездегі реакцияшыл бағыттарға қарсы тұрды.
Ламарк 1780-1782 жылдары бүкіл Еуропаны аралады. Ондағы мақсаты француздың ботаникалық бағын жасау еді.
Ламарктың «түр өзгереді» деген негізгі қағидасы Дарвин теориясының негізгі арқауы болды.
Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882) – органикалық дүниенің тарихи даму заңын материалистік тұрғыдан тұңғыш рет ашқан ғалым. Ч.Дарвиннің түрдің пайда болуы жөніндегі бұл теориясын ашуда асыранды жануарлардың жаңа тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару жолындағы жиналған орасан көп мәліметтерге сүйенді.
Қазақстанның ғылымы тарихында көрнекті орынды Шоқан Уәлиханов (1835-1865) алады. 1855-1857 жылдары Қазақстан мен Қырғыз жерлерінде жүргізген зерттеулерінде Тянь-Шань мен Жетісу бойының географиялық ерекшелігіне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне сипаттама берді.
Н.В.Павловтың «Орталық Қазақстан флорасы» (1928-1935) мен «Қазақстанның өсімдіктер ресурсы» (1947) деген еңбектері жарық көрді.
Салалары
Морфология( грекше морфа-пішін,логос-сөз,ғылым) өсімдіктердің жәй көзбен немесе арнаулы аспаптар (лупа,жарық,электрондық микроскоп)арқылы көруге болатын сыртқы пішінімен ішкі құрылымын зерттейді.
Цитология (грекше-цитос-сосуд,клетка)клетканың құрылысы мен тіршілік әрекетін,өсімдіктер ұлпасы мен олардың өсімдіктер мүшесінде орналасуын зерттейді.
Анатомия микроскоп арқылы өсімдіктердің құрылысын зерттейді,демек,бүған цитология мен гистология енеді.
Эмбриология( грекше эмбрион-ұрық) бұл ұрықтың құрылысы мен дамуын зерттейді.
Экология (грекше ойкос-үй) –өсімдіктердің орта жағдайларымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Генетика-тірі организмдердің,тұқым қуалаушылығы және өзгергіштігі туралы ғылым..
Фитоценология өсімдіктер бірлестігін-фитоценоздарды (грекше фитон-өсімдік,кайнос-жалпы) зерттейді.
Өсімдік жасушасы тулалы іліммның ашылу тарихы.жеңіл
Жауабы;
Клетка- тірі организмнің құрылымдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткадан тұрады.
XVI ғасырдың аяғымен XVII ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және Захариус Янсендер еді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген.Ол микроскоп арқылы ара ұясы іспеттес қуыстарға көріп, оған клетка деген ат берді. Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш еңбек жазған ағылшын ғалымы Н. Грю және итальяндық ғалым М. Мальпиги еді.
1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндегі сұйықтықты зерттеп, оны «протоплазма» деп атаған.
1834 жылы шыққан ботаника оқулығының авторы, орыс ғалымы П.Ф.Горяников: «Барлық тірі дүние клеткалардан және клеткалардан пайда болады» деп тұжырымдаған.
1838 жылы Матиас Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. 1881 жылы Роберт Бранун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы айтты.
Ботаник М.Шлейден (1804-1881) және зоолог Теодор Шваннмен (1810-1882) бірге клетка теориясының негізін қалады. 1840 жылы орыс ғалымы Н.И.Железнов (1816-1877) традесканция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған.
Орыс ғалымы И.Д.Чистяков (1874), Э.Страсбургер (1875) клетканың кариокинез немесе митоз жолымыен, 1892-1894 жылы В.И.Беляев оның редукциялық, яғни мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С.Г.Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
Өсімдік жасушасының құрылысы, жануарлар жасушасынан айырмашылығы мен ұқсастықтары және атқаратын қызметтері. - жеңіл
Жауабы; Өсімдік клеткасы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар: клетканы сырт жағынан жауып тұратын біршама қатты және мықты көмірсутекті қабықша: протопласт (грекше протос- алғашқы, пластос- белгілі пішінге ие) – клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус – бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.
Протопласт күрделі бөлік, органгелла (немесе органоидтар) деп аталатын әртүрлі компоненттердің жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысының бір-бірінен ажыратуға болатын өзіне тән құрылымы, атқаратын қызметі бар. Клетка органеллаларына: ядро,пластидтер, митохондриялар,рибосомалар,эндоплазмалық ретикулум, диктиосомалар, пароксисомалар,лизосомалар жатады. Органеллалар, олардың өзара қарым-қатынасын жүзеге асыратын гиолоплазмаға батып тұрады. Гиолоплазма ядродан басқа органеллаларымен клетканың цитоплазмасын түзеді (мұны бұрын жәй ғана плазма деп атаған).
Жалпы пішініне қарай өсімдік клеткалары екі типке бөлінеді:
1.Паренхималық клетка;
2. Прозенхималық клетка.
Паренхималық (латынша – тең және грекше «энхима»- құйылған) клеткалар қабырғаларының диаметрлері барлық бағыттарда бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі клеткалар. Бұған жапырақ клеткалары, жемістердің клеткалары мысал бола алады.
Прозенхималық (грекше «прос» - бір бағытқа қарай) клеткалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық, ұшы сүйір болады.
Айырмашылығы
Пластидтер тек өсімдік жасушаларында болады. Хлоропласттар пішіні бойынша
екі жағы дөңес линзаға ұқсас және жасыл пигмент хлорофиллден тұрады; күн сәулесін сіңіріп, оның көмегімен АТФ қатысында органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие.Хромопласттар – өсімдік пигменттерінен (жасылдан басқа) тұратын пластидтер, гүлдерге, жемістерге, сабақтар мен өсімдіктің басқа да бөліктеріне түс береді. Лейкопласттар – түссіз пластидтер, жиі өсімдіктің боялмаған бөліктерінде – тамырда, жуашықта және т.б. кездеседі. Оларда нәруыздар, майлар мен полисахаридтер (крахмал) синтезделеді. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының принциптік ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді, суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзалардан болуы мүмкін. Жануарлар мен өсімдіктер эволюция үрдісінде бір-бірінен едәуір алшақтады, олардың қоректену типі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғану әдістері әр түрлі. Осының барлығы да олардың жасушаларының құрылысына әсерін тигізді.Жануарлар клеткасының айырмашылығы- жоғарғы сатыдағы өсімдіктер клеткасында клетканың бөлінуіне қатысатын центриольдің болмауы.
Ұқсастықтары:
1. Барлық тірі ағзалар - өсімдіктер де, жануарлар да жасушалардан тұрады.
2. Өсімдіктердің де, жануарлардың да жасушалары үш бөліктен: қабықша, ядро мен цитоплазмадан тұрады.
3. Ұсақ жасушаішілік құрылымдар - органиодтер деп аталады. Олар белгілі бір құрылысқа ие және түрлі қызмет қызмет атқарады.
Ядроның құрылымдық элементтері, химиялық құрылымы және атқаратын қызметі. - орташа
Жауабы; Ядро — хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді.
Ядро - жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының негізгі және тұрақты жиынтығы.
Хромосома
Бір түрге жататын ағзалардың барлығының жасушаларындағы хромосомалардың құрылысы, саны мен мөлшері бірдей. Ағзаның тәндік жасушаларының хромосомаларының барлық белгілерінің жиынтығы кариотипдеп аталады. Ағзалар түрінің көпшілігінде хромосомалар саны тақ болып келеді. Тәндік жасушаларда пішіні мен мөлшері бірдей екі хромосома болады, оның біреуі - аналық ағзадан, екіншісі - аталық ағзадан тұрады.
Ядро шырыны
Ядроның негізгі бөлігі - ядро шырыны немесе кариоплазма - ядроның қаңқасы қызметін атқаратын түпнегізден: сұйық бөліктен және басқа қоспалардан тұрады. Шырынның сұйық бөлігін, цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған бейорганикалық заттар құрайды.
Ядрошық
Ядрошықтың саны бір немесе бірнешеу болады. Олар рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады.Негізгі қызметі -- рибосомада рибонуклеин қышқылын синтездеу.
Ядроның химиялық құрылымы;
Ядроның химиялық кұрамының негізгі заты -- күрделі белокты протендтер. Ядро белоктарының ішіндегі маңыздылары - нуклеопротендтер, яғни нуклеин қышқылдарымен қосыла алатын белоктар -- 22, 6%, қалған белоктар -- 51,3%, ДНК -- 14%, РНК -12,1%. Соңдай-ақ ядро кұрамында су және кальций, магний иоңдары бар.
Ядрода нуклеин қышқылдарынын екі тобы кездеседі. Олар:дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және рибонуклеин қышқылы (РНК). ДНҚ концентрациясы РНК концентрациясынан жоғары ДНК хромосоманың құрамына енеді, оның кұрылымынклетканың бөлінуі кезіңде жақсы байкауға болады.
Өсімдік жасушасынның цитоплазма бөлігінде орналасқан органеллалар олардың атқаратын қызметтері.күрделі
Жауабы; Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.
1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ)- жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
2.Рибосома - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
3.Митохондрия- барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
4.Лизосома - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
6.Жасуша орталығы - центриоль Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
Өсімдік жасушасындағы цитоплазманың химиялық құрамы және физикалық қасиеттері. Цитоплазманың қимылы.-күрделі
Цитоплазманьщ қүрамьша коітгеген химиялық қосыпыстар енеді. Мүнда су мөлшерін 70-90%, белок 10-20%, липидтер 2- 3%, кемірсулары 1-2%, минералды түздар 1%. Цитоплазманьщ химиялық қүрамы оңдағы жүретін зат алмасу реакциясына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Цитоплазманьщ қүрамында жай және күрделі белок бар. Жай белоктар (протеиндер) амин қышқылдарьшан тұрады. Күрделі белоктардың — (протеид- тердің) құрамывда амин қышкыддарынан басқа комірсулар бар, мұндай белоктар —гликопротеидтер деп, май —липопротеидтер деп, ал нуклеин кышқылдары — нуклеопротеидтер деп аталады. (Клетка қүрамына енетін нуклеин кышқылдарыньщ клетка үшін маңызы зор. Өйікені олар генетикалық информацияны (тұқым қуалаушылықты) сақтап, оны пайда болған жаңа клеткаларға, ол одан жыныс клеткалары арқылы жаңа организмге береді. Нуклеин қышқылдарының қатысуымен клетка ішінде белоктардың синтезделуі жүріп жатады.)
Липидтердің тірі клетканың кұрылымы мен физиологиясы үшін маңызы зор. Олар белокпен бірге цитоплазманың шекаралық қабаттарын түзетін мембраналарының және протопласт органеллаларының қүрамьша енеді.
Көмірсулар клеткада қор заттары ретінде жиналады. Минералды түздар суда еріген күйінде кездеседі. Цитоплазма- ның негізін түзетін заттар коллоидты күйде болады, оньщ дисперсиялық ортасы —су.
Цитоплазманьщ қасиеттері. Тіршілік ерекшеліктерін жоймаган клеткалардьщ цитоплазмасына тән негізгі қасиетінің бірі оның шектелген, жартылай өткізгіштігі, яғни цитоплазма вакуольге жэне одан сыртқы ортаға суды еркін өткізеді, ал органикалық, неорганикалық қосылыстардьщ молекуласьщ талғап, жартылай өткізіп отырады. Бұл туралы жоғарыда цитоплазманьщ мембраналық күрылымында айтылган. Өйткені қоректену, клеткалардьщ сумен қанығуы, коректік заттар қорының жиналуы барысында заттардың бір клеткадан екіншісіне жылжуы үшін судың жэне онда еріген заттардың клеткаға енуі мен одан сыртқа шығуының маңызы зор.
Заттардың енуі мен сыртқа шығуьш цитоплазманьщ сыртқы мембранасы —плазмалемма мен вакуольді коршап жататын ішкі мембранасы —тоношіаст қамтамасыз етеді.
Цитоплазманьщ қимылы. Тірі клетканың цитоплазмасына тән касиеттің бірі — қимыл. Цитоплазмадағы қимылды алғаш рет Б. Корти (1772), онан кейін Л. Тревиранус байқаған. Цитоплазма айналмалы, тасқынды қимылдайды. Айналмалы (ротаіщялық) қимыл цитоплазма орталық вакуольді қоршап, клетка қабырғаларына карай ығыса орнатаскан немесе екі-үш вакуольдері бар ересек клеткаларда байқалады. Мүндай жагдайда цитоплазма озімен бірге пластидтер мен митохоңдрия- ларды ілестіре отырып, вакуольді сағат тілінің бағытымен немесе оған кері бағытга айналып қимылдайды. Айналмалы кимыл су есімдіктері: көнбіс немесе сужапырақта жақсы байқалады. Цитоплазманьщ қимыльша қажетті жағдайлары
жылу, жарық және отгегі.
Таскынды кимыл клетка ішіңде бірнеше майда вакуольдер
болган жагдайда байкалады. Микроскоппен Караганда клетка, ішіндегі цитоплазма ретсіз, әр багытта қимылдайды, ягни 6р вакуольді айналып кимылдауы бір багытта болмайды, сондықтан, қимылы ретсіз болып корінеді.
7.Пластидтер оның түрлері және атқаратын қызметтері.- жеңіл
Пластидтер — эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Түсі бойынша жасыл пластидтер (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл (хромопласттар) және түссіз (лейкопласттар) болып ажыратылады. Пластидтер бір түрден екінші түрге ауыса алады.
Хлоропластар. Хлоропластар көбіне сопақша пішінді, мөлшері 4-6 мкм болып келеді. Ол - өсімдіктердің жапырақтарында, кейбір жасыл мүшелері мен балдыр жасушаларында болатын тұрақты органоид. Жоғары сатылы өсімдік жасушаларында ондаған хлоропластар болады. Хлоропласт екі жарғакшадан тұрады: қыртыссыз тегіс болып келетін сыртқы жарғақша және хлоропластың ішіне қарай бағытталған қабат-қабат өсіңділерден тұратын ішкі жарғақша. Хлоропласт цитоплазмадан осы жарғақшалары арқылы бөлінеді. Ішкі жарғақшадағы өсінділерден қабаттасып келген жарғақша шоғыры пайда болады да, онда хлоропластың негізгі құрылымы граналар түзіледі. Граналар текшелеп жинап қойған тиын тәрізді, бір-бірімен шұрықтар арқылы байланысады. Осы хлоропластың негізгі құрылымы - граналардың шұрықтарында өсімдікке жасыл түс беретін хлорофилл пигменті орналасқан. Хлоропластардағы хлорофилл дәндеріне жарық энергиясының қатысуымен бейорганикалық заттардан (СО2 мен Н2О) көмірсулар синтезделеді. Хлоропластарда фотосинтездің барысын реттеп отыратын ферменттер өте көп. Кейінгі зерттеулер хлоропластардың құрамында нуклеин қышқылдары ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болатынын және онда АТФ синтезделетінін дәлелдеді. Хлоропластар бөліну арқылы көбейеді.
Хромопластар. Хромопластарда әр түрлі - сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер болады. Хромопластар жемістерде, жапырақтарда, гүлді өсімдіктердің күлте жапырақшаларында кездеседі. Осыған байланысты хромопластардың түстері түрліше болып келеді. Эволюциялық дамуда хромопластардың маңызы зор. Мысалы, гүлді өсімдіктердің күлтелерінің ашық түсті болуы ол өсімдіктердің бунақденелілер арқылы тозаңдануына негіз болады.Ал піскен жемістердің ашық түсті болуы ол өсімдіктердің жануарлар арқылы таралуына себепші. Хромопластар табиғатта кеңінен таралған.
Лейкопластар. Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларыңда, тұқымдарда, түйнектерде, тамыршаларда, көптеген дара жарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал коры жасалады. Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін амилосинтетаза ферменттерінің әсерімен синтезделеді. Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Оны көктем, күз мезгілдеріңде жақсы бақылауға болады және оған көптеген картоп түйіндерінің өзгерістері мысал бола алады. Хлоропластағы көмірсу синтезіне жарық энергиясын пайдаланса, ал басқа органикалық заттардың синтезіне энергия қоры митохондрия органоидынан алынады.
8.Өсімдік ұлпаларының ашылу тарихы, және жіктелуі (классификациясы)жеңіл
Өсімдік ұлпасы — өсімдіктердегі шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Атқаратын қызметі бірдей және шығу тегі бір, морфологиялық жағынан біртектес болып келетін жасушалардың тобын ұлпа деп атайды.
Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі ита¬лия ғалымы М. Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю (1671 ж.) болған. 1807 жылы фитогистолог Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде ұлпаларды жасанды түрде паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлді. Бұл сипаттама әлі күнге дейін сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Олай бөлу заңды да еді, егер олардың атқаратын қызметтерін ескермегенде
Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды үш топқа бөлді:
1. жабындық,
2. негізгі,
3. өткізгіш.
Қазір 1980 жылы американдық анатом К.Эзаудың ұсынған жіктелімі бойынша өсімдік ұлпасын үш жүйеге бөледі:
1. Жабындық ұлпа, эпидермис – өсімдік органдарын қаптап тұрады, жапырақ пен сабақта қорғаныш қызметін атқарса, тамырда су және минералды ерітінділерді сіңіреді;
2. Негізгі ұлпа – паренхима (өсімдіктің негізгі ұлпасы, ол сан алуан тіршілік процестеріне қатысады), колленхима(өсімдіктің жаңа өсіп келе жатқан мүшелерінің механикалық тірі ұлпасы, мұнда клетка қабықшасының қалыңдығы әр түрлі болады) және склеренхимадан (қабықшасы қалың, қатты сүректенген өсімдіктің мех. ұлпасы) дамиды;
3. Өткізгіш ұлпа – ксилема (құрлықта өсетін өсімдіктердің әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпасы) мен флоэмадан (өсімдікте органик. заттарды тамырға жеткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) тұрады.
Өсімдік ұлпаларының қазіргі жіктелуі
Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі:
• Меристемалық (түзуші),
• Жабындық,
• Негізгі,
• Арқаулық (механикалық),
• Өткізгіш,
• Бөліп шығарушы ұлпалар.
Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.
9.Түзуші ұлпа немесе меристема. Пайда болуына және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай типтері.- күрделі
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар) түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен байланысты. Түзуші ұлпалар (меристемалар) деп - түпкілікті ұлпалардың жасушаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды айттады (грекше «меристос» - бөлінгіш, «стема» - ұлпа).
Меристемалық ұлпалардың өзіне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар тығыз болып орналасқан тірі жасушалар тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында үлкен ядро орналасады, үлкен вакуольдері болмайды, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді және алғашқы қабықшадан тұрады. Жасушаларының пішіні төрт бұрышты, изодиаметрлі, көп қырлы, кейбіреулері жіңішке ұзын болып келеді. Меристемалық жасушалардың негізгі екі қасиеті болады - белсенді түрде бөлінуі және дифференциациялануы, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналуы.
Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт сақталады. Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбелік меристемаларының ең жоғарғы жасушалары шексіз бөлінуінің нәтижесінде жас жасушаларды түзіп, қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемелық қасиетін үнемі сақтап отырады. Мұндай жасушалардың саны біреу болса – инициальды, ал бірнешеу болса – апикальды инициальды жасушалар деп атайды. Инициалды немесе апикальды инициальды жасушалар шексіз бөлініп меристема жасушаларын түзеді. Ал меристема жасушалары шексіз бөлінуге қабілетті емес, шамалы бөлініп жас жасушалар түзеді де, біртіндеп түпкілікті ұлпаға айналып тамыр мен сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын түзеді.
Түзуші ұлпалар пайда болуына байланысты алғашқы және соңғы меристемелар деп бөлінеді.
Түзуші ұлпалар орналасу ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді:
1. Төбелік меристема
2. Бүйірлік меристема
3. Қыстырмалы меристема
4. Жарақат меристема
Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема және олардың инициальдары сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасады. Ол негізінен мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады.
Бүйірлік (латералды) меристема. Өстік мүшелердің ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді ор¬наласады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады және мүшелердің көлденеңінен жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Бүйірлік меристемалар шығу тегіне, орналасуына қарай алғашқы бүйір меристема және соңғы бүйір меристема деп бөлінеді. Алғашқы бүйір меристемаға прокамбий және перицикл жатады. Олар төбе меристемасымен тікелей байланысты және соған жанаса пайда болады. Соңғы бүйір меристемаға камбий мен феллоген жатады. Бұл ұлпалар соңынан түпкілікті ұлпалардан пайда болады. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.
Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема.Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағында және жапырақтың гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Төбелік және бүйірлік меристемалардан айырмашылығы, кейбір жіктелген элементтердің, мысалы өткізгіш ұлпаларының болуы және инициальды жасушалардың болмауы.
• Жарақат (зақымдық) меристема. Өсімдік денесінің жарақаттанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі жасушаларынан пайда болады. Өсімдіктің денесінің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады.
10.Механикалық ұлпаға тән негізгі ерекшеліктер. Колленхима, склеренхима, склереида клеткаларының ерекшелігі. – орташа
Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңқасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жаңбырға майыспай, сынбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің ұзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретін, қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатындықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысына қарай тірек ұлпасы 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида
Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады.Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады.
Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнер кәсібінде жоғары бағаланады.Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі. Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола) діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады.Ағаш сүрегінің қатты, тығыз немесе жұмсақ жеңіл болуы сүрек талшығы жасушалары қабықшасының қалындауына байланысты. Жасушасы өте қалың қабықшалы ағаштар: емен, талшын, қайың, т.б. Сүрегі өте тығыз, салмақты және берік қабықшасы онша қалыңдамағандарға тал, үйеңкі, шаған, т.б. жатады. Ал сүрегі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, бұл қасиеті әр түрлі өнеркәсіп орындарында түрлі бұйымдар (ыдыс, аспап, уық, кереге, шаңырақ, есік, терезе, т.б.) жасағанда еске алынады.
Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш пайда болған кезде жасушалары тірі болады. Қорыта келгенде тірек ұлпасы өсімдіктің барлық мүшелерінде қаңқа қызметін атқарады, сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, өсімдікке мықтылық, иілгіштік, серпімдік қасиет беріп, морт сынудан сақтайды.
11.Өткізгіш ұлпаның элементтері флоэма мен ксилема. Өсімдік бойындағы жоғары және төмеңгі ағыс жолдары. – жеңіл
Қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататьш клет калардьщ тобын өткізгіш үлпа деп атайды. Атқаратын кызметіне сәйкес өткізгіш үлпа клеткалары іші қуыс түтікшелерден түрады. Бүлар бір-бірімен езара қосылып, түтікшелер жүйесін түзеді.
Ксилема (сүрек) (грекше «ксилос»- ағаш). Ксилема құрамына:трахеялар (сосудтар),трахеидалар, тірі паренхималық клеткалар және механикалық талшықтар енеді.Трахеялар мен трахеидалардан түзілген түтікшелер жүйесі тамыр арқылы қабылданған қоректік заттарды өсімдіктердің жер бетіндегі өркен бөлігіне , яғни сабағына,одан жапырағына қарай өткізеді.Сондықтан өткізгіш ұлпалардың бұл жолын «жоғарғы ағыс жолы » деп атайды.Жоғарғы ағыс жолы арқылы ерте көктемде ағаштарда жас өркен пайда болғанға дейін қорға жиналған органикалық заттардың ерітіндісі бүршіктерге ағып келеді. Кейде қоректік заттар басқа да тірі клеткалар арқылы жылжиды, яғни жыл мезгілдеріне,өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты бұл жолдардың өткізетін заттарының ауысатын кездері де болады.
Пайда болуына қарай ксилема алғашқы ксилемажәне соңғы ксилема деп бөлінеді.Алғашқы ксилема төбе меристемасының прокамбийінен,ал соңғы ксилема камбийден пайда болады.
Флоэма (тін). (Грекше «флоэтос» — қабық). Өсімдіктердің өстік мүшелерівде флоэма ксилеманьщ сырт жағында, яғни қабық болімде орналасады. Флоэма
арқылы фотосинтез процесінің нәтижесінде жапырақтағы органикалық затгар есімдіктердің барлык мүшелеріне тарап, қоректік қорға жиналады. Қоректік заттар
негізінен'жапырақтан томен карай жылжитыңдықтан, откізгіш ұлпаның флоэма элементгерінен түратьш тармағын төменгі агыс жолы деп атайды. Флоэма өзінің жаратылысына карай алгашқы флоэма жэне соцгы флоэма (протофлоэма жэне метафлоэма) деп бөлінеді. Алғашқы флоэма бой конусынан томен төбе меристемасының прокамбий шоктарынан, ал соңғы флоэма камбийден калыптасады.
12.Ксилеманың гистологиялық бөліктеріне сипаттама беру.орташа
Ксилема (сүрек) (грекше «ксилос»- ағаш). Ксилема құрамына:трахеялар (сосудтар),трахеидалар, тірі паренхималық клеткалар және механикалық талшықтар енеді.Трахеялар мен трахеидалардан түзілген түтікшелер жүйесі тамыр арқылы қабылданған қоректік заттарды өсімдіктердің жер бетіндегі өркен бөлігіне , яғни сабағына,одан жапырағына қарай өткізеді.Сондықтан өткізгіш ұлпалардың бұл жолын «жоғарғы ағыс жолы » деп атайды.
Пайда болуына қарай ксилема алғашқы ксилема және соңғы ксилема деп бөлінеді.Алғашқы ксилема төбе меристемасының прокамбийінен,ал соңғы ксилема камбийден пайда болады.Алғашқы ксилеманың бұрын пайда болған элементтері протоксилема,келесісі- метаксилема деп аталады. Ксилеманың су өткізуші элементтерінің бірі –трахеидалар.Әрбір трахеидалар бір ұшы сүйірленіп келген өлі прозенхималық клеткадан тұрады.Клетка қабырғалары негізінен жиекті поралар болып келеді.
Трахеялар өсімдік мүшелеріне бойлай тік бағытта бір-бірімен түйісіп орналасқан тірі паренхималық клеткалардан болады.Ол клеткалардың жас кезінде клетка қабықшалары жұқа,ядролары ірі, клетка іші протоплазмаға толы болады. Соңғы ксилемаға сатылы түтікшелер тән.Мұнда түтікшенің қалыңдаған клетка қабықшасына көлденең бағытта орналасқан сопақша түтікшелер бір–біріне параллель қатар түзеп жатады.Түтікшелердің бұла орналасуын сатылы түтікшелер деп аталады.Сатылы түтікшелер сақиналы түтікшелерден пайда болады.
Ксилеманың келесі бөлігі – сүрек паренхимасы.Ксилеманың трахея, трахеидаларын тірі паренхималық клеткалар қоршап тамыр мен сабақтың өзек бөліміне дейін орналасады.Бұл клеткалардың да клетка қабықшалары қалыңдайды,бірақ протопласт бөлімі сақталады.Қабықша қатты қалыңдап кеткен жағдайда тас клеткаларға - склереидаға айналады.Сүрек паренхимасының клеткалары трахея мен трахеиданың сору күшін жоғарылатылады. Ксилеманың келесі бөлігі – механикалық талшықтар.Бұл сүрек талшығы немесе либриформ деп аталады.Өсімдікте тіректік,мықтылық қызмет атқарады.
13.Флоэманың гистологиялық бөліктеріне сипаттама беру.орташа
Флоэма (тін). (Грекше «флоэ- тос» — қабық). Өсімдіктердің өстік мүшелерінде флоэма ксилеманың сырт жағында, яғни қабық бөлімде орналасады.
Флоэма күрделі ұлпа, оның құрамына бірнеше гистологиялық бөліктер енеді. Олар: сүзгілі түтік және оның серік клеткалары, тін талшықтары және тін паренхимасы. Флоэманың басты бөлігі — сүзгілі түтіктер. Әрбір сүзгілі түтік бір-бірімен көлденең қабырғалары арқылы түйіскен жеке клеткалардың (бунақтардың — членики) тізбегінен тұрады. Сүзгілі түтіктердің негізгі ерекшеліктерінің бірі — олардьң көлденең қабырғаларының сүзгі тәрізді майда перфорациялы болуы. Бұл сүзгілі көлденең қабырға сүзгілі тақта деп аталады.Перфорациялар арқылы сүзгілі түгіктердің, тірі бөлімдерінің арасында зат алмасу жүзеге асады. Бүйір қабырғалар көлденең қабырғалармен салыстырғанда көлемді келетіндіктен, сүзгі бүйір қабырғаның бетін тұтас алып жатпай, топтасып орналасады, бұл сүзгілі алаңдар деп аталады.
Серік клеткаларының қызметі сүзгілі түтіктермен тікелей байланысты. Сүзгілі түтік пен оның серік клетқасы бір мерис-темалық клетканың ұзына бойы бөлінуінен пайда болады.
Флоэма паренхимасы —флоэманың негізгі элементі. Оның клеткаларында зат алмасу процесі белсенді жүреді және крахмал, май, әр түрлі органыкалық қосылыстар, сол сияқты шайырлар және т. б. қор заттары жиналады.
Сүзгілі түтіктер және олардың серік клеткалары тін паренхималары мен тін талшықтарының топтарымен араласа орналасады. Мұңдай құрылым көбінесе сүректі өсімдіктерге тән. Тін талшықтарының клетка қабырғалары қалыңдайды, флоэма элементгеріне, сол сияқты өсімдіктерге тіректік, мықтылық, беріктік қасиет береді.
Өткізгіш шоқтар. Қарапайым және күрделі шоқтардың құрамы, олардың элементтері. - күрделі
Өткізгіш ұлпа бөліктері өсімдіктердің денесінде белгілі бір ретпен орналасып, өткізгіш шоқтар жүйесін түзеді. Өткізгіш шоқтар жүйесі өсімдіктердің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырып, олардың тұтастығын қамтамасыз етеді.
Өткізгіш шоқтар өсімдіктердің құрлықта тіршілік етуге бейімделуіне байланысты біртіндеп күрделіленген. Шоқтардың төрт тобын ажыратады. Олар: қарапайым шоқтар, жалпы шоқтар, күрделі шоқтар және түтік-талшық шоқтары.
Қарапайым-шоқтар құрылымы жағынан бірыңғай гистологиялық элементтерден:
1) тек қана трахеялардан тұрады. Мысалы, көптеген өсімдіктердің жапырақтарында, әсіресе жапырақ тақталарының жиегінде,
2) тек қана сүзгілі түтіктерден тұрады. Мысалы, пияздың (Allium сера) гүлсидамында және т. б. осындай.
Жалпы шоқтар —трахея, трахеидалар және сүзгілі түтіктер бір-бірімен бүйірлесе орналасады.
Күрделі-шоқтардың құрамына трахея, трахеидалар және сүзгілі түтіктермен қатар паренхималық клеткалар енеді.
Түтік-талшық шоқтары —өткізгіш шоқтың едеуір күрделі және кең таралған тобы. Басқа шоқтармен салыстырғанда бұл мықты келеді, өйткені бұлардың құрамында ксилема мен флоэмаға қоса механикалық ұлпалар (склеренхима) және тірі паренхималық клеткалар бар.
Өткізгіш шоқтар прокамбийден пайда болады. Егер прокамбийдің ксилема мен флоэмаға жіктелмеген бөлігі шоқ ішінде камбий ретінде сақталып қалса, ол өткізгіш шоқ ашық деп, ал егер камбий болмаса, тұйық шоқ деп аталады. Ашық шоқтар қос жарнақты өсімдіктерге, тұйық шоқтар дара жарнақты өсімдіктерге тән.
Шоқты құрылым қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардьщң жапырағында, дара жарнақтылардың сабағы мен тамырына, көптеген қос жарнақты өсімдіктерге тән.
Бөліп шығарушы ұлпа. Сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар (шырындық, гидатодтар, бездеуіт түктер) - күрделі
Өсімдіктерде де басқа тірі организмдер сияқты оның тіршілігін қамтамасыз ететін, тұрақты зат алмасу құбылысы болады. Осының нәтижесінде өсімдіктер организмінде әр түрлі қосылыстар түзіледі, ыдырайды, кабылданады және бөлініп шығарылып отырады. Өсімдіктер сыртқы ортаға кейбір қосылыстарды ғана бөліп шығарып, кейбіреулерін клетка шырыныңда, негізгі паренхима клеткаларында немесе арнаулы орындарда жинайды. Осы тұрғыдан бөліп шығарушы ұлпа- ларды: сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпа деп екі топқа ажыратады.
Сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар (Бұл ұлпалар эпидерма клеткаларынан немесе эпидерма астында (субэпидерма) және одан терең орналаскан клеткалар қабатынан пайда болады.
Бездеуіт түктер (трихомалар) эпидерма клеткаларынан өсіп шығады. Бұлар эфир майларын, шайырды және т. б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ, сұйық және катты күйінде сыртқа шығарып отырады. Бездеуіт түктерді орналасуына қарай сырткы және ішкі бездеуіт түктер, құрылысына қарай жай және күрделі бездеуіт түктер, бөлінетін заттарына карай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты бездеуіт түктерге жіктейді. Сыртқы бездеуіт түктерге қалақайдың тызылдатқыш түктерін жатқызуға болады. Мұның негізіндегі үлкен клетка ішінде күйдіргіш сұйықтық бар және ол үнемі тургор күйінде болады.
Шырындық тәтті сұйық зат (нектар) бөледі, ол тозаңдандырушы насекомдарды еліктіреді, шырын негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шығу тегі және алып жат- қан орнына қарай шырындық - флоральды және экстрафлоральды деп екіге ажыратылады. Флоральды гүлдерге тән. Ал экстрафлоральды вегетативті мүшелерге тән.
Гидатодтар (грекше «гидор», «гидатос» су, «одос» жол) сыртқа су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығаратын ұлпа. Оның бөліктері: су устьицесі, эпитема клеткалары және жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байла- нысты тамыршасы талшық шоғы.Су устьицесі алғашқы жабындық ұлпадағы (эпидерма) кәдімгі устьице аппараты сияқты, эпидерма клеткаларының бөлінуінен пайда болады.Гидатодтың негізгі бөлігі эпитемасы, ол пішіні жапырақ мезофиллінің ұлпасына ұқсас, борпылдақ, жұқа қабықшалы ұсақ тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуттация деп аталады.
16.Бөліп шығарушы ұлпа. Ішкі бөліп шығарушы ұлпалар (шайыр , сүт жолдары) Олардың физиологиялық мәні, шығу тегі және құрамына қарай бөлінуі. - орташа
Ішкі бөліп шығарушы ұлпалар. Мұндағы жиналған заттар сыртқа шығарылмай, өсімдіктердің ірі паренхималық клеткаларында (идиобластар), клеткааралық қуыстарында, ішкі бездерінде калады.
Шайыр (смола) жолдары схизогенді бөліп шығарушы орын ретінде пайда болады. Шайыр күрделі органикалық қосылыс. Оны лак, баспахана бояуларын және т. б. алу үшін пайдаланады. Шайыр жолдары өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде және ұлпаларында қалыптасқан. Самырсынның, қарағай мен шыршаның, бал қарағайдың кабығында, сабағы мен тамырының сүрегінде, өзек сәулелері мен жапырақтарында таралған. Өсімдіктердегі шайыр жолдарының басты мәні одан бальзам бөлінеді, бальзамнан скипидар және басқа заттар алынады.
Биологиялық мәні зор, өйткені өсімдік жарақаттанған кезде төгілген бальзам қатайып, жаракаттанған жерді жауып қалады.
Шайыр жолдары балдыркөк, аралия тұқымдастарына, көптеген күрделі гүлділерге, қылқан жапырақтыларға тән. Шайыр жолдарының бұтақтанып, жүйе түзетін түрлері де кездеседі.
Сүт жолдары бөліп шығару жүйесінің бір бөлігі. Сүт жолдары жеке клеткалардан немесе клеткалардың ұзына бойы тізбегінен тұрады. Мұндай клеткаларда сыртқы көрінісі сүтке ұқсас сұйықтық жиналады, ол сүтті шырын немесе латекс (латынша «латекс» шырын) деп аталады.
Сүт жолдары тірі клеткалар. Клетка қабықшасы жұқа, серпімді клетчаткадан тұрады, сүректенбейді, поралар саны аз. Сүттігеннің кейбір түрлеріндегі сүт жолдарының қабықшасы қалындағанмен серпімділігін жоғалтпайды.
Латекстің құрамына қанттардың түрлері, крахмал және белок дәндері, витаминдер, алкалоидтардың түрлері, гликозиттер, таниндер, органикалық қышқылдар, шырыштар, шайырлар, эфир майлары, су (50 82%), каучук және гуттаперча енеді.
Физикалық қасиеті жағынан сүтті шырын коллоидТЫ эмульсия. Рені әр түрлі: бақбақта ақ, сүйелшөпте сары; кызыл кенепшөпте сарғыш қоңыр, көкнәрде тұт ағашы мен олеандрада мөлдір. сары.
Сүт жолдарының физиологиялық мәні де әр түрлі, ол өсімдік денесіндегі су мен оттектің тепе-тендігін реттейді
Шығу тегі және құрылымына қарай сүт жолдарын: бунақты және бунақсыз деп бөледі
Бунақты немесе күрделі сүт жолы клеткаларының түйісіп жатқан көлденең қабырғаларының бұзылуы кезінде бірнеше клетканың жиынтығынан пайда болады.
Бунақсыз немесе қарапайым сүт жолдары ұзарып және бұтақтанып өсетін ірі бір клеткадан тұрады.
17.Негізгі ұлпалар. Ассмиляциялаушы, қор жинаушы, қабылдаушы және ауа алмастырушы ұлпалар.- күрделі
Негізгі ұлпа. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.
Пайда болуы жағынан негізгі ұлпа әр уақытта да алғашқы, өйткені олар төбе меристемасының клеткаларының жіктелуінен өмірге келеді. Негізгі ұлпаларға алғаш рет анықтама берген И. Сакс.
Ассимиляциялаушы ұлпаларға тән ерекшелік олардың құрамына енетін клеткаларда үнемі хлорофилл дәндерінің болуы. Сондықтан да бұл ұлпаны хлоренхима деп те атайды. Аткаратын негізгі қызметі фотосинтез жүргізу. Фотосинтез кезінде көмірсуларының түзілуі хлоропластарға ғана емес, күн сәулесінің түсуіне де байланысты. Сондықтан хлоренхима негізінен жапырақ пен сабақ эпидермасының астында, кейде одан да теренірек орналасады.
Өсімдіктердің әр түрлі мөлшеріндегі хлоренхима клетка- ларының мөлшері мен пішіні бірдей емес. Жапырақтағы ассимиляциялаушы ұлпаларды бағаналы, борпылдақ (қос жарнақтыларда) және қатпарлы (қылқан жапырақтыларда) деп бөледі. Бағаналы паренхима клеткалары жапырак, бетінде тік бағытта созылып, бір-бірімен тығыз, тегіс қатар түзіп орналасады.
Бағаналы паренхимадан төмен, яғни жапырақтың астыңғы бетіне қарай орналасқан паренхима клеткалары майда, пішіндері әр түрлі, клеткааралыққуыстары молдау болып орналасады. Сондыктан да бұл паренхиманы борпылдақ паренхима деп атайды.
Қатпарлы паренхима клеткалары катпар түзіп орналасады
Қор жинаушы ұлпалар өсімдіктер денесінде жүретін зат алмасудың нәтижесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын жинауға бейімделген клеткалардың тобы. Қор заттары қатты және еріген күйінде болады. Қатты күйіне крахмал, еріген күйіне қант жатады. Су тапшылығына ұшырап тұратын аймақтардың өсімдіктері су қорына бай.
Қабылдаушы (сорушы) паренхимаға жататын ұлпалардың өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Сыртқы ортадан өсімдіктердін денесіне су және онда еріген заттар осы ұлпалар арқылы қабылданады. Қабылдаушы ұлпалардың құрылысы қа- былдайтын заттарына және өсімдіктердің денесінде орна- ласуына қарай әр түрлі. Со- ның біреуі (грекше «риза» ризодерма тамыр, «дерма» тері) жас тамыр ұшы клеткаларының сырткы қабаты.
Аэренхиманың (ауа алмастырушы) басқа ұлпалардан басты айырмашылығы оны түзетін клеткалар пішінінің алуан түрлі болып келуі. Аэренхима өсімдіктердің су астындағы мүшелерінде, эпифиттердің ауа тамырларында, көбінесе тропика табиғат зонасында, мұхит жағалауларының батпақтарында өсетін кейбір ағаштардың тыныс тамырларында жақсы жетілген. Негізгі кыз- меті тамырды оттекпен кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышыл газымен қамтамасыз ету.
18.Пайда болуына және құрлысына қарай жабынды ұлпалардың бөлінуі және атқаратын қызметтері. Лептесіктің құрылысы (устьице).- орташа
Жабындық ұлпалар.Өсімдіктің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалар өсімдіктердің ішкі нәзік бөліктерін шамадан тыс буланудан,төменгі және жоғары бөліктерін температурадан,құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің әсерінен және т.б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды.
Жабындық ұлпалар пайда болуына қарай 2 типке бөлінеді: 1.Алғашқы жабындық ұлпалар. 2.Соңғы жабындық ұлпалар.
Алғашқы жабындық ұлпаларға мыналар жатады: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема; соңғы жабындық ұлпаларға:тоз(перидерма),қыртыс(сары қабық) жатады.
Эпидерма. Эпидерма шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. Эпидерма-жапырақтың,гүлдің және көптеген өсімдіктер жемістерінің, шөптесін өсімдіктердің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендерінің түпкілікті жабын ұлпасы. Жапырақтың эпидермасы қорғаныштық қызметімен қатар фотосинтез, ауа алмасу және судың тепе-теңдігін реттейді. Эпидерма көпшілік жағдайда бір қатар, сирек түрде екі не одан да көп қатар клеткалардан тұрады. Көп қабатты эпидермасы бар өсімдіктерге алабота тұқымдасына жататын суккленттер: тарбақ бұйырғын( Anabasis brachiata), итсигек бұйырғын (Anabasis aphylla) және тұт ағашы (Morus L),фикус (Ficus elastic) т.б. өсімдіктер жатады.
Эпиблема немесе ризодерма. Эпиблема немесе ризодерма тамырдың бой конусының дермотеген қабатынан пайда болатын қабылдаушы (сорушы) қызметі басымырақ алғашқы жабындық ұлпа. Эпиблема бір жылдық шөптесін өсімдіктердің тамыры мен көп жылдық сұректі өсімдіктердің жас тамырларының сыртын жауап тұрады.
Ризодерма клеткаларынан түктер өсіп шығады. Мұның эпидерма клеткаларының түктерінен айырмашылығы, өздері өсіп шыққан клеткалардың клетка қабырғалары арқылы бөлінбей, ризодерма клеткаларының өскіншелері арқылы бөлінетіндігі.
Соңғы жабындық ұлпа. Алғашқы жабындық ұлпа өсімдік- тердің денесінде мәңгі қалып қоймай, өсімдіктің жасының артуына байланысты түлеп түсіп, оның орнына соңғы жабындық ұлпа пайда болады. Негізгі соңғы жабындық ұлпалар мыналар: 1) тоз немесе перидерма; 2) қыртыс.
Тоз (перидерма) ағаштардың бұтақтарын, көп жылдык шөптесін өсімдіктер сабағының негізін, тамырдың ескі бөліктерін, жер асты тамырсабақтарын, түйнек тамырларын, кейбір өсімдіктер жемісінің сыртын қаптап тұрады.
Қыртыс соңғы жабындық ұлпа тоз қабатында (перидер- мада) өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінде тұрақтап қалып қоймайды. Оны қыртыс ығыстырады. Қыртыс соңғы жабындық ұлпа. Оны кейде үшінші жабындық ұлпа деп те атайды. Қыртыс негізінен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің дәнін, тамырын жауып тұрады.
Устьице. Устьице эпидерманың ішкі жағында орналасқан ұлпалардың сыртқы ортамен ауа алмасуын, транспирацияны реттеп отырады.
Құрылысы; Эпидерманың көлденең кесіндісінен жанаспалы клеткалардың ішкі қабырғасының иілуінен пайда болған устьице саңылауы жақсы байқалады.Устьице саңылауының жоғарғы жағындағы жіңішке жолақ устьиценің алдыңғы күркесі,төменгі жағындағы жолақ артқы күркесі деп аталады.Алдыңғы және артқы күркелер жіңішке устьице саңылауымен жалғасып,устьиценің орталық саңылауын түзеді.Жанаспалы клеткалардың төменгі жағында ауа қуысы жақсы көрінеді. Ауа қуысында су булары,оттегі және көмір газы жиналады.Күндіз күн сәулесі жеткілікті болған жағдайда жанаспалы клеткаларда фотосинтез процесі жүреді(устьице ашық), түнде фотосинтез тоқталады(устьице жабық).
19.Соңғы жабындық ұлпалар тоз, қыртыс қайдан пайда болады және қызметтері. Өсімдік түктері-трихомаларға сипаттама. -орташа
Соңғы жабындық ұлпа. Алғашқы жабындық ұлпа өсімдік- тердің денесінде мәңгі қалып қоймай, өсімдіктің жасының артуына байланысты түлеп түсіп, оның орнына соңғы жабындық ұлпа пайда болады. Негізгі соңғы жабындық ұлпалар мыналар: 1) тоз немесе перидерма; 2) қыртыс.
Тоз (перидерма) ағаштардың бұтақтарын, көп жылдык шөптесін өсімдіктер сабағының негізін, тамырдың ескі бөліктерін, жер асты тамырсабақтарын, түйнек тамырларын, кейбір өсімдіктер жемісінің сыртын қаптап тұрады. Перидерма феллоген деп аталатын соңғы жабындық ұлпаның жетілуінен пайда болады. Өсімдіктердің түріне байланысты феллоген әр түрлі жолмен жетіледі. Феллоген кейде эпидермадан төмен жатқан паренхималық клеткалардан пайда болады.
Феллоген клеткаларының бөлінуінен пайда болған тоз клеткалары алғашқы кезде құрамында целлюлоза бар жұқа қабықты тірі клеткалардан тұрады. Клетка қабықшасына біртіндеп суберин және өсімдік балауызы.
Қыртыс соңғы жабындық ұлпа тоз қабатында (перидер- мада) өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінде тұрақтап қалып қоймайды. Оны қыртыс ығыстырады. Қыртыс соңғы жабындық ұлпа. Оны кейде үшінші жабындық ұлпа деп те атайды. Қыртыс негізінен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің дәнін, тамырын жауып тұрады.Қыртыстың маңызы үлкен. Ол өсімдіктің ішкі ұлпаларын ыстық пен суықтан, кейде оттан сақтайды.
Өсімдік түктері – трихомалар. Көптеген өсімдіктердің эпидерма клеткаларынан оны бет жағында әр түрлі түктер, өскіншелер, қабыршақтар өсіп шығады. Оларды трихомалар деп атаймыз. Трихомалардың биологиялық мәні өсімдіктер үшін әр түрлі. Көп жағдайда түктердің қалың қабаты өсімдіктерді шамадан тыс қызып кетуден , артық буландырудан сақтайды. үктердің екі түрін ажыратамыз.Олар: 1.Жабындық түктер. 2.Бездеуіт түктер.
Жабындық түктер өсімдіктердің эмбриональды мүшелерінде тірі клеткалардан тұрады, ол есейген кезде өлі клеткаларға айналады.
Бездеуіт түктер көп уақытқа дейін тіршілігін жоймайды.Олардың клетка қабырғалары қалың емес, жұқалау келеді, цитоплазмасы, вакуолі және ірі ядросы болады.
20Тұқымның негізгі типтері мен атқаратын қызметтері және өсуі үшін қажетті жағдайлар. Эндоспермнің түрлеріне сипаттама беру. - орташа
Тұқым-гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануының нәтижесінде тұқым бүрінен пайда болатын,көбею және таралу қызметін атқаратын мүшесі.Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде жетіледі.Сондықтан гүлді өсімдіктер жабық тұқымдылар деп аталады Көптеген гүлді өсімдіктердің тұқымы тұқым қабығы,ұрық және эндоспермнен тұрады.
Тұқым қабығы(спермодерма)-тұқымның сыртын жауып тұратын,тұқым бүрінің жабындарынан(интегументтер) пайда болатын бөлігі.Кейде оның пайда болуына нуцеллус қалдықтары қатысады.Әдетте спермодерма құрылысы және атқаратын қызметтері жағынан ұлпалардың бірнеше қабатынан:эпидерма,гиподерма және паренхималық клеткалар қабатынан тұрады.Тұқымның өсуінің бастапқы кезеңінде оның қабығының клеткалары сілемейленіп,тұқымның топыраққа бекінуіне және ылғал жинауына әсерін тигізеді.
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.
Эндосперм.Ұрық қалтасының ұрықтанған орталық ядросы тыныштық кезеңді өтпей,бөлініп,бірден триплоидты эндоспермнің бастамасын береді.Эндоспермнің дамуы ұрық қалтасында жүреді.Қалыптасу тәсіліне қарай эндоспермнің үш типі ажратылады.Олар:нуклеарлы,целлюлярлы және аралық эндоспермдер.
Нуклеарлы түрге ұрық қалтасының ұрықтанған орталық ядросы бірнеше рет бөлінеді,сүйтіп ұрық қалтасының ішінде көптеген триплоидты ядролар пайда болады.Нуклеарлы эндосперм дара жарнақтыларға және қос жарнақтылардың кейбір өкілдеріне тән.
Целлюлярлы эндоспермнің ерекшелігі клетка қабықшалары клеткалардың әрбір бөлінуі барысында бірден пайда болады.Эндоспермнің бұл типі күрделі құрылысты (кіріккен күлтелілерге) қос жарнақтыларға тән.
Аралық эндоспермнің алдыңғы екі типтен айырмасы зигота алғаш рет екіге бөлінген кезде,екі ядроның арасында іле қалтырыс пайда болып,ұрық қалтасы асимметртялы екі жарты бөлікке бөлінеді.Бұл эндосперм қарапайым деп есептеледі де,сарғалдақтар,тұңғиықтар тұқымдасында және раушангүлділердің кейбір өкілдерінде кездеседі.
Қор заттарының жиналатын орнына байланысты тұқымның эндоспермді,эндоспермсіз,периспермді,эндоспермді-периспермді деген төрт типке ажыратылады.
Эндоспермді тұқымда қор заттары эндоспермде жиналады.Эндосперм қор жинаушы ұлпаның ірі клеткаларынан тұрады.Эндоспермде басым жиналатын қоректік зат-қор крахмал.
Эндоспермсіз тұқымда қор заттары ұрықтың тұқым жарнақтарында жиналады.Тұқымның мұндай типі бұршақтарда,күрделігүлділерде,крестгүлділерде және т.б. кездеседі.
Кейбір өсімдіктер ұрықтанғаннан кейін де ондп эндосперм пайда болмайды.Оның қызметтерін клеткаларында қоректік заттардың қоры жиналатын ұлпа перисперм атқарады.
Эндоспермді және периспермді тұқымда қоректік заттар тұқымның эндоспермі мен периспермінде жиналады.Қоректік заттардың басым көпшілігі периспермде жиналады да,эндосперм көлемі жағынан периспермнен едәуір кіші болып келеді.Мысалы,қара бұрыштың тұқымы осындай.
21.Тамыр және тамырлар жүйесі олардың атқаратын физиологиялық және механикалық қызметтері. Тамырдың экологиялық типтері. - жеңіл
Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.
Тамырлар жүйесі деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.
Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.Олар мыналар; 1.Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап,оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады.
2.Өсімдіктердің топыраққа бекініп,өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді.
3.Дерон,Д.А.Савинин,И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.
4.Тамырда қор заттары жиналады.
5.Топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар бактериялармен үйлесіп селбеседі.
6.Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.
Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,
Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды.
Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді.
Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.қа
Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.
22.Жас тамыр ұшынан қандай аймақтарды ажыратуға болады және олар қандай ретпен орналасады. Тамырдың негізгі түр өзгерістері (Метаморфозы). - күрделі
Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі.
Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.
Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.
Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Өткізу бөлімі – су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Жемтамырлар. Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді.
Емізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды.
Тіреу тамырлар – тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр.
Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.
23.Өркен. Ұзарған және қысқарған өркендер. Өркеннің метамерлілігі. - жеңіл
Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі . Оның атқаратын қызметі – фотосинтез (жапырақтар арқылы ) . Споралы өркендер , сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады .
Өркеннің тамырдан басты айырмасы – жапырақтың болуы. Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса , оны қысқарған өркен деп (капуста , қызылша , сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жер таған жапырақтары , бақбақтың , көксағыздың және т.б жертаған жапырақтары ,)егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса оны ұзарған өркен деп атайды . Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де , олар гүл деп вегетациялық дәірінің соңында жеміс береді . Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді жеміс бермейді немесе өте аз береді .
Өркенде тән ерекшеліктердің бірі-оның метомерлік құрылысы . Әдетте өркен өсін бойлап , оның негізінен ұшына дейін бірнеше , кейде көптеген буын,буын аралықтары ,қолтық бүршіктер орналасады . Осылай құрылымның заңды қайталану өркеннің метамерлігі деп аталады .
24.Өркеннің метаморфоздарына (тамыр сабақ, столон, каудекс, жуашық, мұрт сукеленттер) сипаттама.- орташа
Тамырсабақ, түйнек, пиязшық түрін өзгерткен жер асты өркендерге жатады.
Тамырсабақ (2-сурет) – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы:
тамырсабақтың ұшында – бүршік, ал тамыр ұшында оймақша болады; 2) тамырсабақ буын және буын аралығынан тұрады.
Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес .
Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.
Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.
Каудекс (лат. caydex - бұтақ, түбір) - өркенді ата-тегі бар көпжылдық өзгеше мүше. Қор зат жиналатын орын.
Мұртшалар-Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады.
25.Өркеннің бұтақтануының түрлеріне тоқтал. Бұтақтанудың биологиялық мәні.орташа
Өркеннің бұтақтануы. Өркеннің өстік бөлігі өсімдік сабағының өсуі барысында бүтақтанады. Бүтақтанудың нәтижесінде өсімдіктің аумағы үлғаяды. Тұқымның үрық бөлігінен есіп шыққан негізгі еркеннің жанама бүршіктерінен жанама өркеңдер, яғни екінші ретті өс өсіп шығады. Екінші ретті жанама өркеннен үшінші ретті жанама өркен қалыптаса- ды, осылайша рет саны арта береді.
Бұтақтанудың өзіне тән зандылықтары бар. Өсімдіктердің арнаулы топтарына бүтактанудың белгілі бір типі тән. Сүректі есімдіктерде бүтақтанудьщ нәтижесінде бөрікбасы (крона) пай да болады.
Дихотомиялы немесе ашалана бұтақтануда есу нүктесіндегі инициалды клеткалар екіге ажырайды, соның нәтижесіңде бірінші ретті бүтақ үшынан екінші ретті екі бұгақ өсіп шығады, бұлардьщ өрқайсысы ез ретінде ашаланып бірдей екі жаңа бұтаққа бөлінеді. Инициалды клетканың бөлінуі арқылы бұтақтану төменгі сатыдағы балдырларға, саңырауқүлақтарға және қыналарға, сол сияқты жоғары өсімдіктерден мүк, плаун тәрізділерге және ашықтүқымдылардың кейбір өкілдеріне тән. Дихотомиялы бұтақтану —бүтақтанудың көне типі. Моноподийлі бұтақтану кезінде бүршігінен пайда болған еркеннің өстік бөлігі —сабақ ұшы арқылы өсуді жылдар бойы, кейде өсімдік тіршілігінің соңьша дейін жалгастырады. Мүндай жағдайда жанама еркевдер негізгі сабақтьщ жанама бүршіктері- нен жетіледі жэне монополий бұтақтануды жалғастырады.Сүректі өсімціктер монополий тәсілімен бұтақганғанда олардың сабақ жуандап, ұзарып есіп, қуатты дің пайда болады.
26.Бүршік. Бүршіктің түрлері,оларға сипаттама беру. – жеңіл
Бүршік (лат. gémma) — жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің вегетативтік және генеративтік түрлері бар.
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі – сабақ. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын және буынаралығы болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді. Буынаралығы ұзын болса, ұзарған өркен, қысқа болса, қысқарған өркен деп аталады (1-сурет). Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді.
Бүршіктің түрлері. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Төбе бүршік ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі. Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі (2-сурет). Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Бүршіктің және бір түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарында дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендердің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш дінінің кесілген бұтақтары мен кесілген ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.
27.Вегетативті , генеративті және вегетативті-генеративті бүршіктердің құрлысы жағынан айырмашылықтары. күрделі
Бүршік бой кону- сының вегетативті бүршігімен аяқталатын сабақ пен жетілу кезеңі әр түрлі болып келетін жапырақтардың бастамасынан тұрады (57-сурет. Вегетативті бүршікпен катар бүршіктердің вегетативті-генеративтік (аралас) және генеративті немесе гүл бүршігі деген түрлері бар.
Вегетативті-генеративтік бүршікте вегетативтік мүшелердің бастамасы қалыптасады да, бой конусы гүлге немесе гүл шоғырына айналады. Мұндай бүршіктер шөптесін (құсықшөп Asarum) және сүректі өсімдіктерде (серігүл, ырғай) кездеседі. Генеративті бүршікте жасыл жапырақтарсыз гүл шоғырының ғана бастамасы ғана жетіледі (мысалы, шие). Дара гүл жетілген жағдайда бүршікті бітеу гүл (гүлшанағы) деп атайды.Сонда вегетативті бүршік гүл бүршігін бір-бірінен ажыратуға болады .Бөрткен вегетативті бүршіктің пішіні сопақша және борпылдақ , ал гүл және вегетативті- генеративті бүршіктер жұмырланып , тығыз болып келеді . Бүршіктерді сырт жағынан реңі қоңыр қабыршақ жауып тұрады.Вегетативті - генеративті және гүл бүршіктері бүршік қабыршақтарының ішкі жағында қысқарған сабақ және гүл немесе гүл шоғырымен аяқталады . Бүршік қабыршақтары мен жапырақ бастамасын біртіндеп алып , белгілі бір ретпен қойып , қабыршақтардың жапырақ бастамасының өтпелі бейнесі екендігіне көз жеткізуге болады.
28.Жапырақтың морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметтері. Жапырақ формациясы және жапырақ тақтасының жүйкеленуі . - орташа
Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.
Жапырақтың негізгі бөліктері. Жапырақ,жапырақ тақтасы, сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады.
Жапырақтың негізгі бөлігі - оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.
Сағақ - жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізгі дегеніміз - жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағынатына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп,онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырақ деп аталады.
Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма меристемасы орналасқан төменгі бөлігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады,олар бөбешік жапырақтар деп аталады.
Астық тұқымдасының басым көпшілігінде қынаптың жапырақ тақтасына жалғасқан жерінде т і л ш е деп аталатын кішірек жұқа үлпек қабыршақ көрінеді.
Жапырақ формациялары. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің ішінде әсіресе жапырақ өзінің пішіні, көлемі, реңі, өмір сүруі және т.б ерекшеліктері жағынан өзгергіш. Әлемдегі өсімдіктердің түрлеріне қарай оның жапырақ пішіндері де әр түрлі болады.
Жапырақтардың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ және жоғарғы жапырақ. Төменгі жапырақтар - қорғаныштық немесе қор жинаушы және т.б арнаулы қызметтер атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық жетілмеген жапырақтар. Ортаңғы жапырақтар – белгілі өсімдік түріне тән нағыз жасыл жапырақтар. Олардың негізгі қызметі – фотосинтез, транспирация (суды буландыру) және ауа алмастыру (тыныстану). Жоғарғы жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл жапырақшалар жатады.
29.Жапырақ тақтасының жиегінің ерекшеліктеріне, тақтасының ұшының пішініне және тақта жиегіндегі тілімдер аумағына қарай атаулары, оларға сипаттама. – орташа
Жапырақ тақтасы жиегінің ерекшелігіне байланысты жапырақтар бүтін жиекті және бүтін деп бөлінеді. Бүтін жиекті жапырақтардың тақта жиегінде ешбір кедір-бұдырлары және тіліктері жок (серігүл, терек, қараған, жүгері және т.б.). Бүтін жапырақ, тақтасының жиегінде азды-көпті кедір-бұдырлар бар, олардың пішіндері: үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті (дөңес), ойыс жиекті және т.б. болып келеді.
Жапырақтар жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір, сүйір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек (жұмыр), жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т.б. болып келеді.
Тақтасының жиегіндегі тіліктердің аумағына қарай жапырақтарды телімді, тілімді, және бөлімді деп жүйелейді. Телімді жапырақтарда жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің түп жағы, оның негізгі жүйкеге дейінгі 1/2 бөлігіне немесе тұтас тақта енінің 1/4 бөлігіне жетеді, тілімді жапырақ- тарда - жапырақ тақтасының жиегіндегі тіліктерінің түп жағы оның негізгі жүйкесіне дейінгі 1/2 бөлігінен асып кетеді, бөлімді жапырақтарда жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдеу аумағы оның негізгі жүйкесіне дейін жетіп, тақта жеке бөлік- терге бөлінеді.
30.Жапырақтың анатомиялық құрылысы.күрделі
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады .Олар:1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан жауып тұратын жабындық ұлпа-эпидерма; 2)ассимиляциялаушы қоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі-мезофилл; 3)мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар
Қос жарнақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабындық ұлпа - эпидерма жауып тұрады. Эпидерма клеткалары тірі, бір-бірімен тығыз тіркесіп бір қатар, екі қатар, сирек жағдайда көп қатар түзіп, орналасады. Негізгі қызметі – жапырықтың ішкі жұмсақ бөлігін кебуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдеодің енуінен сақтау. Эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауыз дақ жауып тұрады. Бұл қабаттар эпидерманың қорғаныштық қызметін арттыра түседі.
Мезофилл (mesos – орталық ,phyllon - жапырақ) морфологиялық құрылысы ,атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен азды-көпті айырмасы бар екі түрлі бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Клетка құрамындағы хлоропластарға байланысты бұл бөлімінің реңі жасыл болатындықтан, ол мезофилл хлоренхма (грекше chloros-жасыл,enqchyma-құйылған) деп те аталады.
Өткізгіш шоқтар,әдетте жүйке аталып жапырақтың мезофилл бөлімінде тор түзіп орналасады.Жапырақтағы өткізгіш шоқ - тұйық коллатералды. Кейде негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилемасының арасында камбий сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы астыңғы бетіне қарай орналасады.Өткізгіш шоқтар қоректі заттарлы жылжытып қана қоймай, механикалық қызмет атқарады.
31.Сабақтың кеңістікте орналасуына қарай түрлері және вегетативтік мүше ретінде атқаратын қызметтері. – жеңіл
Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.
Сабақтың кеңістікте бой түзеуі әр қилы болып келеді.Олар тік, көтеріңкі,төселмелі, өрмелегіш, шырмалағыш, жармасқыш және т.б. Ағаштардың басым көпшілігінің, әсірісе көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс жане т.б.
Шөптесін өсімдіктердің ішінде сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып көтеріліп өсетіндері жиі кездеседі. Мұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады. Мысалы, құлмақ жоңышқасы, қызыл бас, беде, қызыл таспа, күміс қазтабан және т.б.
Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өсетіндіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің (ақ беде, бүлдірген ) сабағының топырақпен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төселмелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. жайылып өсіп , үлкен аймақты қамтиды бірақ бұлардың сабағынан қосалқы тамырлар өсіп шықпайды, кейде мұндай өсімдіктер желі сабақтылар деп аталады.
Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таяныш пайдаланып өседі. Мұнда өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кезедеседі.
Жармасып өсетеіндер-бұларда өрмелеу қызметін атқаратын әртүрлі тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады( жабысқақ, қызыл бояу,жабысқақ бояу шөп, раушаның түрлері,(таңқурай) ;
Мұртшалылар- таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады(жабайы жүзім ,асқабақтар тұқымдасымен, бұршақтар тұқымдасының көбі);
Шырмалғыштар, мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып, оралып өскендігі айқын байқалады. Көптеген өсімдіктер (құлмақ, шырмауық таран) сағат тілінің бағытында, кейбіреулерінде (дала шырмауғы, көпгүлді үрме бұршақ)ссағат тіліне қарсы бағытта шырмалып өседі.
32.Сабақтың анатомиялық құрылысы.күрделі
Сабақтың алғашқы түзуші ұлпалардан тұратыны ұшы (апекс) бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені ,өркен құрамының (сабақ, жапырақ) тұрақты ұлпалары осы бой конусынан қалыптасады. Сабақ апексі жұқа қабықшалы , ірі ядролы , көлемі біркелкі клеткалардан тұрады.
Гофмейстердің (1851)теориясы бойынша жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер апексінің жоғары қабатында бір ғана инициалды клетка немесе клеткалардың шағын тобын орналасады. Инициалды клетка басқа клеткалардан шағын тобы орналасады, тетраэдра пішіндес келеді. Осы клетканың бөлінуінен жапырақ бастамалары және өркеннің алғашқы құрылысының түпкілікті ұлпалары түзіледі.
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысында сабақ сырт жағынан эпидермамен жабылады. Оның жапырақ эпидермасынан айырмасы клеткалары сабақтың ұзына бойына созыла орналасады. Эпидерманың іш жағында алғашқы қабық жатыр, оның ішкі шекарасы тамырдағы сияқты эндодерма қабаты. Эндодермада крахмалдың қоры болғандықтан, оны крахмалды қынап деп те атайды.Эндодерманы астарлай сабақтың орталық цилиндрі орналасады. Бұл перицикл, өткізгіш шоқтар мен өзектен тұрады.
Перицикл- алғашқы түзуші ұлпа, орталық цилиндрдің сыртқы қабаты.Көп жағдайда перицикл бір қабат, кейде бірнеше қабат болып келеді.Одан перициклдік деп аталатын механикалық талшықтар пайда болады. Олар тұтас сақина түзіп орналасады немесе сүректеніп өткізгіш шоқтарының құрамына енеді. Көптеген торқалы өсімдіктердің сүректенбеген склеренхима талшықтары перициклден пайда болады. Орталық цилиндрдің өткізгіш шоқтарының алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема элементтері прокамбийден түзіледі.
Өзек әдетте қабықшалы борпылдақ келетін ірі паренхимиялық клеткалардын тұрады.Өзектің шет жағы перимедулярлы аймақ деп аталады. Өсімдіктерде өзек клеткалары өлген жағдайда сабақтың ортасында ауа толы кеңістік қалады. Бұл кеңістікте қор заттары жиналады. Мысалы сүт жолдары және т.б минералды заттар .
Өткізгіш шоқтар қоректі заттарлы жылжытып қана қоймай, механикалық қызмет атқарады.
33.Гүл шоғырының жүйесі және түрлеріне сипаттама беру.орташа
Өсімдік өркендеріне немесе бұтақтарына топтанып орналасқан ұсақ гүлдер жиынтығын гүл шоғыры деп атайды. Өсімдіктердің көптеген ірі табиғи топтары гүл шоғырының ерекше эволюциялық бағыттарымен сипатталады. Қазіргі кезде негізгі екі бағыт қалыптасқан, оның өзінде жасаңдылық басым. Бірінші бағытта жүйелеуге гүл шоғырының өсімдіктер сабағыңда орналасуы негізге алынған. Екінші бағыт өркеннің бұтақтануы мен гүлдердің жетілуіне негізделген. Бұтақтану типтеріне қарай гүл шоғырын моноподийлік немесе ботрикалық (бүйір гүлді, анықталмаған, рацемозды) және симподийлік (жоғарғы гүлді, анықталған, цимозды) деп ажыратады.Ботрикалык, гул шоғырының бұтақтануы моноподийлі өсуі шектелмеген, бүйірлік (жанама) бұтақтануы жиі. Мұнда гүл шоғырының негізгі осі айқын байқалады және жеке гүлдердің ашылуы негізінен ұшына қарай, яғни акропетальды жүреді.
Симподийлік гул шоғырының бұтақтануы әрі өсуі шектелген, бүйірлік бұтақтануы сиректеу
Ботрикалық гүл шоғырынан айырмашылықтарының бірі — гүл шоғырының негізгі осі анық-байқалмайды немесе жалған гүлдері ұшынан негізіне қарай, яғни базипетальды немесе ортасынан шетіне қарай ашылады.
Ботрикалық гүл шоғырлары жай және күрделі деп бөлінеді. Жай ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанбайды, гүлдер гул шоғырының негізгі осінде орналасады.
Күрделі ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанады, гүлдер негізгі өстен жетілген бүйірлік бұтақтарда орналасады.
Жай ботрикалық гүл шоғырлары: шашақ гүл, жай масақ, собық гүл,қалқанша гүл,жай шатыргүл,шоқпарбас гүл,себет гүл
Күрделі ботрикалық гүл шоғырлары: шашақбас,күрделі масақ гүл,күрделі шатыр гүл, күрделі қалқанша шашақбас
Симподийлік гүл шоғырлары немесе цимоидтар. Бұл гүл шоғырының монохозий, дихазий және плиохазий деген типтері бар
Монохазий немесе бір сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы симподийлі. Гүл шоғырының негізгі осінде бір ғана гүл болады, соның жетілуімен өстің өсуі аяқталады. Ирек гул іиогырында гүлдер негізгі өстің екі жағына кезектесіп орналасады (гладиолус).
Дихазий немесе екі сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы —жалған дихотомиялы. Бұл гүл шоғырының негізгі өсі гүлмен аяқталады және сонымен өсуін тоқтатады.
Плейохазий немесе көп сәулелі гүл шоғырында гүлмен аяқталатын әрбір өстен екіден артық шоқтанып орналасқан бірнеше остер пайда болады. Олардың барлығы бірқалыпты жетіліп, негізгі өстен биіктейді.
34.Гүлдің бөліктері, атқаратын қызметтері және шығу тегі. Гүл серіктерінің атқаратын қызметтері. - жеңіл
Гүл- жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен.
Гүлдің негізгі бөліктеріне- гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл кіндігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады.
Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратынжапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана, ал кейде бірнешеу болады.
Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді.
Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары- сағақты гүл, сағағы жоқтары – сағақсыз немесе қондырмалы гүл.
Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара, кейде қос-қостан ұсақ жапырақшалар орналасады; олар гүл жапырақша деп аталады.
Егер бір гүлдің құрамына аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аталығы, не аналығы ғана кездессе, оны даражынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, тек аналығы ғана болатын гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі,екінші жерінде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік, ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді.
Гүл серігі. Серігі, тостағаншасы мен күлтесі бар гүлді, қос қабатты гүл деп атайды Кейде тостағаншасы бар, бірақ күлтесі жоқ, не керісінше, күлтесі ғана бар, тостағаншасы жоқ, гүлді жалаңқабатты гүл дейді.
Тостағанша өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп кетсе, кейде бірнеше жеке жапырақшадан тұрады, олардың әрқайсысын тостағанша жапырақша деп атайды, мұның түсі жасыл болады және ол гүлдің басқа бөліктеріне алғашқы кезде қорғаныш қызметін атқарады. Кейде тостағанша тек гүл шанағын ғана қорғайды, содан кейін ол түсіп қалады.
Гүл серігінің екіншісі- күлте. Күлтенің тостағаншадан айырмашылығы желектен ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі, ашық түсті болып келеді.Күлте де тостағанша тәрізді, кейде кіріккен, кейде дара бөліктерден тұрады. олардың әрқайсысын желек, немесе күлте жапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің түрі үшін тұрақты болады.
35.Гүлдегі аталық пен аналықтың (Андроцей, гинецей.) құрылысы және атқаратын қызметтері.орташа
Андроцей (аталық жиынтығы)
Гүлдегі аталықтар жиынтығын андроцей деп атайды. Гүлдегі аталықтардың саны әртүрлі, бірден жүзге дейін жетуі мүмкін. Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқаштарда -3, күрделігүлділерде-5, лалагүлділерде-6, бұршақтұқымдасында-10. Аталығы екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер де белгілі. Әдетте өсімдіктердің белгілі бір туысында гүлдің аталық саны тұрақты.Аталықтың негізгі екі бөлігі бар: аталық жіпшесі және тозаңқап. Тозаңқап әрбір аталықта екі-екіден болып, өзара бір-бірімен дәнекер арқылы байланысып жатады. тозаңқаптың әрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы деп аталады. Тозаң ұясында микроспоралар жетіледі.
Гинецей (аналық жиынтығы)
Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Жеміс жапырақшалары құрылысы жағынан вегетативті жапырақ тәрізді сыртқы және ішкі беттерін эпидерма жауып тұрады. сыртқы эпидермасында кейде устьице болады. Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Əдетте аналық 3 бөлімнен тұрады. Олар: аналық аузы; аналық мойны жəне жатыны. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді.
Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.
Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.
Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді.
36.Гүл түйінің (жатынның)құрылысы, қызметі мен биологиялық маңызы. - орташа
Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды.
Жатын аналықтың аса маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы тұқым бүршіктерін және онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолыйсыз жағ- дайларынан қорғайды. Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында ашық жататын жаланаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осындай. Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұкым пайда болады.
Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: ұстіңгі жатын,төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді. Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің калған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады. Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады. Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады. Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады. Жартылай төменгі жатында оның жоғарғы бөлігі ғана бос болып, гүлдің қалған бөліктері жатынның орта деңгейінде онымен кірігіп орналасса, гүл жартылай аналық үсті гүлі деп аталады.
37.Гүлдің диаграммасы мен формуласы ондағы шартты белгілерге анықтама беріп, мысал келтіру.- күрделі
Диаграмма — гүлдің негізгі бөліктерінің өзара орналасу заңдылығына қарай, гүл формуласынан гөрі де анығырақ етіп схема түрінде қағаз бетіне гүл бөліктерін түсіру, яғни гүл диаграммасы деп, гүлдің өсін және оның жабын жапырағын , сол сияқты гүл орналасқан гүл шоғырының немесе өркен өсін перпендикуляр етіп басып өтетін гүлдің жазықтағы схемалы проекциясын айтады. Гүл диаграммасын бейнелеуде төмендегідей шартты белгілер қолданылады. Тостағанша жапырақшаларын квадрат жақшамен, күлте жапырақшаларының дөңгелек жақшамен, аталықтарын піскен тозаңқаптың көлденең кесіңдісінің пішінімен, аналықты жатынның көлденең кесіндісінің пішінімен белгілейді. Кіріккен гүл бөліктерінің ұшы қосылып беріледі. Гүлдің диаграммасы гүл шанағы ашылмай тұрған кезде түсіріледі, өйткені гүлдеу кезіңде гүлдің кейбір бөліктері түсіп қалуы мүмкін.
Гүлдің кұрылысын қыскаша ықшамдап көрсету үшін оны формуламен береді. Мұнда гүлдің симметриясы, гүл бөліктерінің әр шеңбердегі саны, гүл бөліктерінің кірігуі және аналықтың орналасуы (жоғары немесе төменгі жатын). бейнеленеді.Формулада гүл бөліктері арнаулы шартты таңбалармен белгіленеді. Мысалы, Са (Calyx) —тостағанша, Co (Corolla)—күлте, A (Androeceum) — аңдроцей, С (Gynoeceuum)— гнецей, P (Perigonium) — жай гүл cepiгі (мұнда гүл бөліктерінің латынша атауларының алғашқы буыны немесе алғашқы әрпі алынған)
38.Жемістердің жасанды морфолого-экологиялық жүйесі оны жасауда сүйенетін белгілер.орташа
Гүлді өсімдіктер жемістерінің морфологиясы алуан түрлі. Жабық тұқымдылардың жалпы эволюциясына байланысты жемістердің табиғи және филогенетикалық жүйесін жасау өте күрделі.Қазіргі кездегі қолға алынып жасалып жатқан морфологиялық жүйе гинецейдің типтеріне (апокарпты, синкарпты, паракарпты және лизикарпты) негізделген. Морфогенетикалық жүйе сонымен қатар жатынның орналасу ерекшеліктерін (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) және басқа белгілерді қамтиды. Жемістердің іс жүзінде өсімдіктерді анықтауға кең түрде қолданылатын табиғи, сол сияқты филогенетикалық жүйесі болмағандықтан, көпшілік жағдайда жасанды морфолого-экологиялық жүйеге сүйенуге тура келеді. Оның негізіне жемістердің мынадай белгілері жатады: 1) жеміс серігі — перикарпийдің консистенциясы (құрғақтығы немесе шырындылығы); 2) тұқымның саны (біреу немесе көп); 3) қақырамайтын немесе қақырайтын жеміс (қақырау тәсілі); 4) жемісті түзетін жеміс жапырақшаларының саны.
39.Жемістер жүйесі. Қақырайтын, қақырамайтын құрғақ жемістер. -күрделі
Гүлді өсімдіктер жемістерінің морфологиясы алуан түрлі. Жабық тұқымдылардың жалпы эволюциясына байланысты жемістердің табиғи және филогенетикалық жүйесін жасау өте күрделі. Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс – көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол – бір ғана гүлден дамитын, ішінде тұқымы бар жабықтұқымды өсімдіктредің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп үлкен 2 топқа бөлінеді.
Шырынды жемістердің шырыны мол, жұмсақ болады. Олар:жидек, жидек тәрізді, сүйекті деп бөлінеді.
Жидек жемісінің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, шырынды, ішінде тұқымдары көп. Мысалы: қызанақ, жүзім, қарақат, алқа, картоп.
Жидек тәрізді жемістердің қабығы қалың, қатты. Олар: мандарин, апельсин, лимон, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр т.б.
Сүйекті жемістердің сыртқы қабығы жұмсақ, шырынды. Ішкі бөлімі сүйектенген, ішіндегі тұқымы біреу немесе бірнешеу. Олар: өрік, шие, алхоры, шабдалы.
2. Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген құрғакқ болады. Бұлар қақырайтын және қақырамайтын жемістер деп екіге бөлінеді.
2.1. Қақырайтын құрғақ жемістердің жеміс қабы қатты, сүректенген, кей түрінде жарғақтәрізді жұқа болады: бұршаққап, бұршаққын, қауашақ.
Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктер өздігінен ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады. Бұл бұршақгүлділерге тән.
Бұршаққын – қос ұялы ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі шаршы гүлдер тұқымдасына жатады.
Қауашақ – бір және көп ұялы, көп тұқымды құрғақ жеміс. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуана қауашығының қақпашасы ашылса, сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүлде жіктері шытынап, ұзыннан жарылып қақырайды.
2.2. Қақырамайтын құрғақ жемістерге дәнек, тұқымша, жаңғақ, қанатты жемістер жатады.
Қанатты жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған тұқымша жел арқылы таралуға бейімделген (үйеңкі, қайың, шаған т.б.).
Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен астық тұқымдастарға тән.
40.Жемістер жүйесі. Шырынды жемістерге сипаттама.орташа
Гүлді өсімдіктер жемістерінің морфологиясы алуан түрлі. Жабық тұқымдылардың жалпы эволюциясына байланысты жемістердің табиғи және филогенетикалық жүйесін жасау өте күрделі.
Шырынды жемістер. Бұлар бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан пайда болады, жемістерінің ішкі бөліктері шырынды, көпшілігі көп тұқымды болып келеді .
Ж и д е к — бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзілген, көп тұқымды, жеміс серігі — шырынды. Жидек жемістердің (жүзім, қарлыған, қарақат, қызанақ, баклажан, алқа, құрма және т.б.) құрылысы алуан түрлі.
А с қ а б а қ ж е м і с - төменгі жатыннан қалыптасатын, үш жеміс жапырақшасынан тұратын көп тұқымды шырынды жеміс. Экзокарпийі қатты, сүректі эндокарпиі шырынды болып келеді. Асқабақтар тұқымдасына (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз және т.б.) тән.
А л м а ж е м і с — бес ұялы жеміс. Бес жеміс жапырақшаларына мәңгі жатын ғана емес, гүлдің тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының, аталықтарының негіздері қатынасады. Алма жемісінің эндокарпийі салыстырмалы түрде қатты және тері тәрізді, ол ұяларды екі-екіден бос орналасқан тұқымдарымен қоршап тұрады (алма жеміс алмұрт, алма және т.б.).
П о м е р а н е ц (тері қабықты жұмсақ жеміс) — экзо-мезокарпийі (жемістің қабығы) терілі борпылдақ, көп ұялы, көп тұқымды шырынды жеміс. Жеміс серігінің шырынды бөлігі эңдокарпийі жатынның шырынды қалташаларға айналған ішкі эпидермасының қалындаған түктерінен пайда болған. Бұл жеміс цитрустарға (лимон, апельсин, мандарин) тән.
С ү й е к т і ж е м і с — көбіне біртұқымды болып келеді, бір жемісжапырақшасынан өнеді. Жеміс серігі үш бөлікке жіктелген: экзокарпийі — жұқа және жұмсақ қабықша, мезокарпийі — жұмсақ, шырынды, ал эндокарпийі — көп қабатты және сүректеніп кеткен (сүйек).
41.Жемістер мен тұқымдар таралуға жолдары.- орташа
Тұқым мен жеміс таралуда жел, адамдар, су, жануарлар қатысады.
Тұқым мен жемістің жел арқылы таралуы
(Анемохория) Желмен тек ғана массасы аз, үлкен қашықтыққа ұша алалатын арнайы жеңіл өсімділері бар тұқымдар мен жемістер тасымалдана алалады. Далалы және жартылай далалы аймақтарда жел кейбір тамырымен жұлынып алынған өсімдіктерді айдап жүреді. Мұндай өсімдіктер қаңбақ деп аталады. Домалап, олар басқа өсімдік тұқымдарын шашып жүреді.
Тұқым мен жемістің сумен таралуы
(Гидрохория) Сулы аймақпен таралатын тұқым мен жемістердің құрлысында ауамен толы бөлік болады, сондықтан да олар су үстінде батпайды. Осы тәсіл су немесе батпақ жағасында өсетін өсімдіктерде байқалады.
Тұқым мен жемістің жануар немесе адам арқылы таралуы
Тұқым мен жеміс таралуы жануарлармен (зоохория) немесе адамдармен (антрохория) де тасымалданады. Көпшілік тұқымдар ине тәріздес жабысқақ жермен, талшықтармен, қармақтармен жануар жүніне немесе адам киіміне жабысып, аналық өсімдіктен бірнеше қашықтықтан кейін түседі. Кейбір жалама тұқымдар мен жемістер, мысалы үшін адам аяғындағы балшықпен тасымалданады. Кей тұқымдар жарық түстерімен өзіне құстарды тартып, қанатты достарымыз оларды жеп, жарақаттанбаған дән қалдықпенен жерге түседі. Басқа өсімдіктердің дәндерінде минералды заттармен бай өсінділер болады. Осы өсінділер арқылы дәнді таситын құмырысқаларды қызықтырады.
42.Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі. Вегетативтік, жыныссыз және жынысты және тұқым арқылы көбеюлерге сипаттама беру.- күрделі
Көбею — тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Көбею барысында өсімдіктердің кейбір түрлерінде особь сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды.
ҰРПАҚ АУЫСУ
Көбеюдің жыныссыз және жынысты түрлері бірін-бірі толықтырып отырады. Өйткені жыныссыз көбею кезінде түрдің саны артса, жынысты көбеюде ұрпақтың сапасы жақсарады. Сондықтан да өсімдік түрлерінің басым көпшілігіне ұрпақ ауысу тән, яғни жыныссыз ұрпақ жынысты ұрпақпен және, керісінше ауысып отырады.
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты көбею, жыныссыз көбею және вегетативтік көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір жасушаның өзінен жетіледі. Вегетативтік көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативтік мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері (метаморфоз) береді.
Вегетативтік көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуы. Вегетативтік көбею алуан түрлі және өсімдіктердің барлық топтарында кең таралған. Вегетативтік көбею табиғатта өздігінен жүретін табиғи және адамның қатынасуымен жүзеге асатын — жасанды деп екіге бөледі. Бұл екеуінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Өйткені табиғи вегетативтік көбею өсімдіктердің регенерациялық қасиетіне, ал екіншісі түрлі әдістерді қолдану арқылы қолдан вегетативтік көбейтуге негізделген. Табиғи вегетативтік көбеюді адам өз мақсатына пайдаланып, вегетативтік көбейту жолымен мәдени өсімдіктерді өсіреді.
Жыныссыз көбею споралары немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюде өсімдіктердің жаңа ұрпақтары арнайы гаплоидты клеткалар споралардан өсіп жетіледі. Споралардың негізгі екі түрі болады: митоспоралар және мейоспоралар. Спора біршама тығыз қабықшалы клетка.
Өсімдіктердің споралар арқылы жыныссыз көбеюдің нәтижесінде: 1)бір өсімдік мыңдаған және жүз мыңдаған споралар бере алады, сондықтан өсімдік өте тез көбейеді. 2)барлық жаңа даралар аналық өсімдіктің белгілерін және қасиеттерін қайталайды да, ұрпақтар біркелкі болады.
Жынысты көбею деп- екі жыныс клеткасының қосылуы нәтижесінде, тірі организмдердің өсіп көбеюі. Жыныс процесі кезінде жыныстық көбеюді қамтамасыз ететін арнайы клеткалар немесе гаметалар пайда болады. Әрбір спора жаңа дара бере алады, ал гамета жаңа дара бере алмайды. Екі гамета қосылып ұрықтану нәтижесінде ғана жаңа дара пайда болады. Ұрықтанудан пайда болатын клетканы зигота деп атайды. Зигота аналық және аталық клеткалардың қосылуынан түзілетін диплоидты клетка, ол өзінің өте жоғары физиологиялық белсенділермен сипатталады. Зиготаның бөлінуінен көпклеткалы дене қалыптасып, одан бірте-бірте жаңа дара пайда болады.
Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден елеулі айырмашылықтары бар және оның өсімдік түрінің зволюциясындағы биологиялық рөлі өте зор. Жыныс процесінің нәтижесінде тіршілікке бейімдірек келген, жаңарған ұрпақ пайда болады. Зиготаның тұқым қуалаушылық негізі жеке гамета немесе спорамен салыстырғанда байырақ. Сондықтан жыныс процесінің нәтижесінде өмірге икемделу, өзгергіштеу, біркелкі емес және әртүрлі жағдайда өмір сүре алатын ұрпақтар пайда болады. Соған байланысты жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған ұрпақтардың тірі қалуы жыныссыз жолмен пайда болғандарға қарағанда жоғары. Жыныс процесінің нәтижесінде түрдің аралағы кеңейіп, жаңа түршелер пайда болады.
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҰҚЫМЫ АРҚЫЛЫ КӨБЕЮІ
Ашық тұкымдылар мен жабық тұқымдыларда көбею және таралу қызметін споралар емес, тұқымның өзі аткаратындықтан, оларды тұқымды өсімдіктер деп атайды.
Тұқымды өсімдіктер ұрықтану үшін гаметалар суды қажет етпейді, бұларда аталық гаметофиттері ауа арқылы, не басқа жолмен таралып, тозандану процесі жүзеге асады.
Өсімдіктердің ылғалға, субстратқа және жарыққа байланысты экологиялық топтарына сипаттама беру. - орташа
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктерэкологиясы деп аталады. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялықфакторлар әртүрлі, олар-ауа, топырақ ылғалдылығы, жарық және т.б. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтергебөледі.
Ылғалға қатысты өсімдіктердің экологиялық топтары:
1. Гидрофиттер. Сулы ортаға бейімделген өсімдіктер. Бұл экологиялық топтыңөсімдіктерінің қайсы бірі су түбіне бекінеді де, жапырақтары оның бетіндеқалқып, ал енді бірі түгелімен сюуға батып, тек олардың жекеленген гүллері су бетіне қалқып шығады.Гидрофиттердің барлық вегетативтік мүшелеріндеклеткааралық жүйелер жақсы жетілген, осы ауалық кеңістіктер арқылыолардың денесі оттегімен қамтамасызданады.Денесі толығымен суға батыпөсетін өсімдіктерді гидатофиттер деп атайды.
2. Гигрофиттер - ылғалы мол топырақта өсетін өсімдіктер. Бұлар ылғалтапшылығын сезінбейді,сондықтан оларда транспирацияны баяулататын , бейімделушіліктер жоқ.Жұқа қабырғалы эпидерма клеткалары аздапкутикуланған, устицелері көтеріңкі, жақсы жетілген клеткааралықтары оныңбулану ауданын ұлғайтады.
3. Мезофиттер -ылғалы жеткілікті , қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер.
4. Ксерофиттер – ылғалдылықтың ауада, топырақта тұрақты немесе уақытшатапшылық жағдайында өсетін өсімдіктер.Оларда денесіндегі судың жетіспеуінреттеу үшін әртүрлі бейімделушілік ерекшеліктер қалыптасады.Ксерофиттердің тамыр жүйелері топырақ қабаттарында кең және тереңтаралып басқа экологиялық топтар пайдалана алмайтын ылғалды сіңіреді.
Сусбтратқа байланысты экологиялық топтар
Минералды тұздары жеткіліксіз субстратта өсетін өсімдіктерді олиготрофтар депатайды.
Тұзы мол топырақта өсетін өсімдіктерді галофиттер деп атайды.Бұл өсімдіктердексероморфтық белгілер жақсы жетілген. Өйткені тұзы мол топырақта өсімдіктіңсуды сіңіруі қиындайды.
Жарыққа байланысты экологиялық топтары:
Қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер-сциофиттер деп аталады.Бұларғаорманның төменгі қабаттарында өсетін өсімдіктер жатады. Көлеңкеде өсетінөсімдікұзындыққа белсенді өседі де , оның жуандауы , ұлпаларының сүректенуі , ұзындыққа өсулен қалып отырады.
Көлеңкеде өсе алмайтын, жарық неғұрлым мол болса , соғұрлым жақсы өсетінөсімдіктерді гелиофиттер деп атайды.
44.Ғалымдардың өсімдіктердің тіршілік формаларына анықтамалары. Раункиер бойынша өсімдіктердің тіршілік формаларының жіктеуіне сипаттама.күрделі
Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз — формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сөулелердің өсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның (қайта түзілудің), полиподияның негізінде өсімдіктерде серпінді өзгерістер жүреді. Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарыңда кездеседі. 1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл кітапта ол қысқартылып беріліп отыр фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады; хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады); гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады; криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады; терофиттер (Т) — біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді. Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті — өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. К.Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді.
45.Өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің метаморфоздары (түр өзгерістері).күрделі
Морфологияның және өсімдіктер мүшесінің метаморфоздары туралы ғылымның негізін салған неміс ақыны, философ және табиғат зерттеушісі И. В. Гете. Морфологияға ол: «органикалық денелердің пішіні, пайда болуы және өзгеруі туралы ғылым» деп анықтама береді. 1790 жылы Гете «Өсімдіктер метаморфозын түсіндіретін тәжірибе» деген еңбегінде метаморфоздың үлкен тобын (түйнек, тамырсабақ, лиана, фасциация) жүйелеп баяндаған.
Өсімдік мүшелерінің айналадағы орта жағдайларына бейімделе келіп, морфологиялық,
анатомиялық құрылымдарының өзгерістерге ұшырауы және соған байланысты белгілі
бір жаңа қызметтер атқаруға бейімделуі метаморфоз деп аталады. Метаморфоздану
барысында пайда болған жаңа белгілер қалыптасады тұқым қуалаушылық ұрпақтан
ұрпаққа беріледі. Өсімдіктер мүшелеріндегі аналогиялық және гомологиялық өзгерістер
туралы түсінікті Ч. Дарвин енгізді .
Тамырсабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы:
1) тамырсабақтың ұшында – бүршік, ал тамыр ұшында оймақша болады; 2) тамырсабақ буын және буын аралығынан тұрады.
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді.
Пиязшық (жуашық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жер асты пиязшықты өсімдіктерге – пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа жатады. Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жерін қысқарған сабақ немесе түбіртек дейді.
Түрі өзгерген жер үсті сабақтар: сояу, шырынды сабақтар, қырыққабат қауданы. Жер асты өркендер – тамырсабақ, түйнек, пиязшық.
Түрін өзгерткен жапырақтар: тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ, бунақденелілерді (насекомдарды) ұстау құралына айналғандар.
Тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы тақтасының жиегі тікенекті болады.
Мұртшаға айналған жапырақтар. Асбұршақ, үрмебұршақ және т.б. өсімдіктердегі жапырақтарының орталық жүйкесі мен майда жапырақшалары мұртшаға айналған (1-сурет). Мұртшалары әлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп, өсуіне сүйеніш.
Қабыршаққа айналған жапырақтар. Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырсабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығының сыртын орап тұрады.
Шырынды жапырақтар. Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Қор заттары өркендерінің дамуына жұмсалады. Бозкілем, сарысалма, түбіртектің шырынды жапырақтарында су қоры жиналады. Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланып, тіршілік етеді.
Бунақденелілермен қоректенетін өсімдіктердің жапырақ тақтасы ұстағыш құралға айналған. Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерлерде өседі. Қажетті элементтерді бунақденелілердің денесінен сіңіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |