ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
191
Махмуд Қашқаридің есімі XI ғасырда белгілі болған. Әкесі Хусеин-Мавераннахрдың
жаулап
алушысы Боғра-ханның немересі, Махмуд дүниеге келместен бұрын Қашқарға қоныс аударған. Махмуд
Қашқарда тамаша білім алып, оқуын Бұқарада жалғастырған. Ол түркі тілдеріне, фольклорына, салт-дәс-
түрлеріне алабөтен ықылас аударып, сөздерді және олардың мағынасын, түркілердің әндерін, жұм-
бақтарын, аңыздарын, салттарын қағазға түсірді. М.Қашғариды ғылым әлеміне «Диван лұғат – ат-түрік»
(«Түрік тілінің сөздігі») кітабы танытты.
Сөздікте түркі тілдес халықтарының әлеуметтік өмірі, жан дүниесі, бастан кешкен тарихының үзік-
үзік суреттері, этнографиясы,
әдебиеті, тіл ерекшелігі, географиялық орналасуы, аспан шырақтары
хақындағы ұғымдары, шипалық-емдік тәжірибесі, мал өсіру, егін салу, қала тұрғызу, сауда, қолөнеріне
байланысты тіл қорының аса бай інжу-маржандары шоғырландырылған. Лұғатта 10 мыңнан астам төл
сөз, жекелеген диалектілер енген. Бұлар сөзбе-сөз, не топшылап баяндау жолымен араб тіліне аударылып,
ол сөздерді сипаттарлықтай мысалдар келтіріліп отырылады. Мысалдар ішінде, 300-дей мақал-мәтел, 233
шамалы өлең шумағы, жыл-мүшел аттары,
астрономиялық, географиялық атаулар, 80-дей ру-тайпа
есімдері (Қыпшақ, Яғма, Арғу, Бұлғар, Ұйғыр, т.б.), оларға түсінік анықтама, 100-дей қала, қыстақ
(Берехан, Баласағұн, Сауран, Фараб, т.б.) аттары бар.
Мұндағы сөздер, мақал-мәтелдер, өлеңдер, сөйлемдер түркі тілдерінің сол кездегі деңгейін, одан арғы
және бергі кездегі сөздерді, сөз тудыру, сөз тіркестіру, сөйлем құру жүйелерін анықтауға, сөйтіп, тарихи
лексикология, тарихи фонетика,
тарихи грамматика жасауға, этимология, фразеология мәселелерін
зерттеуге таяныш, негіз болады. Махмуд ибн Хусаин ибн Мухаммед Әл-Қашғаридың «Түркі тілінің
сөздігі» туралы Түркістан Республикасының органы, Ташкент қаласында шығып тұрған «Шолпан»
журналы 1923 жылғы 6-7-8 сандарында таныстыру мақаласын жариялап,
кітаптың ғылыми аса
маңыздылығына назар аударылған.
Осы кезеңдегі рухани мұралардың қатарына Ахмет Жүгінекидің «Хибат ул Хакайк» (ақиқат
сыйлығы) атты еңбегі жатады. Ахмет ХІІ ғасырдың аяғында Отырарға жақын жерде орналасқан Жуйнек
деген елді мекенде туған. Бала кезінен діни білімге құштарлық танытып, араб және парсы тілдерін
үйренді. Оның кітабы 14 тараудан, 235 өлеңнен тұрады. Кітаптың негізгі ойы білімнің пайдасы,
моральдық, имандылық мәселелерді қамтиды. Адамдар тынымсыз еңбек етуі керек, өтірік, өсектен аулақ
болып, бір рет ғана берілетін өмірді мәнді өткізуі керек дегенге саяды [14].
Сайып келгенде орта ғасырларда түркілердің рухани мәдениеті жоғары деңгейде дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: