«Ветеринарлық санитария» мамандығының студенттеріне арналған


Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау



бет5/5
Дата03.07.2016
өлшемі343 Kb.
#173956
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
Дәрістің жоспары:

1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

2 Метрологиялық бақылау.

3 Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік.

Метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдарын шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.

Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді.

Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды.

Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік

Бұзушылық табылған кезде жеке және заңды тұлғаларға, ескерту және басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:

- лицензияның күшін уақытша тоқтату;

- аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу;

- кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру.

Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады:

- азаматтарға - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін;

- қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін;

- заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін.

Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады:

- мемлекеттік санаудан немесе метрологиялық аттестациялаудан өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу құралдарын айналымға шығарғаны үшін;

- тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін;

- мемлекеттік қадағалауға жататын, бірақ сол мемлекеттік қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданғаны үшін;

- өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін;

- стандарттар және техникалық шарттардың талаптарының орындалуын, сертификаттау ережелерінің және метрологиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырушы органдардың ұйғарымдарын орындамағаны үшін.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді?

2 Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді?

3 Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

4 Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады?

5 Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

№1 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы. Стандарттау аймағындағы ұғымдар

Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының стандарттау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады?

2 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін не құрайды?
№2 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: ҚР техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің құрылымдық элементтері

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін оқып меңгеру.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстан Республикасында стандарттау саласы бойынша осы күнге дейін қанша заң қабылданды?

  2. Стандарттау саласындағы ең алғашқы заң қашан қабылданды және оның толық атауы қандай?

  3. Қазақстан Республикасында стандарттау саласындағы басқа заңдары қашан қабылданды?

  4. Стандарттау саласындағы қандай заңның қазіргі уақытта күші бар?

  5. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау тәртібі мен енгізу күні қандай?

  6. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын құрудың мақсаттарын атаңыз.

7 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі құрылымдық элементтер бар?
№3 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымымен танысу

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай?

2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз.

3 Өкілетті органның құзыреттілігін неде?.

4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу.

5 Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттері қандай?

6 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функциялары неде?.

7 Сәйкестікті растау органдарының қандай атқаратын қызметтерін білесіздер.

8 Зертханалардың құқықтары мен міндеттері қандай?.

9 Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары.

10 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін атап шығу.
№4 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар

Сабақтың мақсаты: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды оқып меңгеру.

Бақылау сұрақтары:


  1. Техникалық реттеу саласындағы қандай негізге алынатын нормативтік құжаттардың Қазақстан Республикасының аймағында күші бар?

  2. Нормативтік құжаттамалардың қандай түрлері бар?

  3. Нормативтік құжаттамаларда қандай талаптар орнатылады?

  4. Негізге алынатын стандарттардың нысаны не?

  5. Негізге алынатын стандарттарды әзірлеуге негіз болып не табылады?

  6. Төменде келтірілген қандай стандарттар негізге алынатын стандарттарға жатады: МЕСТ 1.0; МЕСТ Р 5798; ТШ19РК2365; ССТ 3498 ; МЕСТ 2.11; ҚР СТ 5.0 ; ИСО 6587; МЕСТ Р 1.0; ҚР СТ 2.0; ҚР СТ 3.0 ; РСТ Каз. ССР 5432 ; ФС РК 56770984 ЖШС; СК 001; ИСО СТ 5432;

  7. Техникалық реттеу саласында қандай органдар НҚ әзірлейді және бекітеді?

№5 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштері

Сабақтың мақсаты: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштерімен танысу

Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттар көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіздер?

2 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай?

3 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің негізгі мазмұнында қандай ақпарат беріледі?

4 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің қосымшаларында қандай ақпарат беріледі?

5 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде бекітілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі?

6 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде өзгертулер енгізілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі?

7 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде күшін жойған стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі?

8 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде стандарттарға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар мәтіндері жөнінде мәліметтер келтіріледі?

9 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай?

10 Стандарттардың жылдық көрсеткіштері неше нөмірден немесе томдардан тұрады?

11 Стандарттардың жылдық көрсеткіштеріне қандай стандарттар кіреді?

12 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінде стандарттар қандай принциппен топтастырылған?
№6 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы. Сәйкестікті растау аймағындағы ұғымдар

Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының сәйкестікті растау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады?


№7 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі

Сабақтың мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?

2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?

3 Қандай ережелер бойынша үлгілерді іріктеу жүргізіледі?

4 Сертификаттау мақсатымен өнімді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?

5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?

6 Сертификатталған объектіні инспекциялық бақылау жүзеге қалай асырылады?
№8 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі

Сабақтың мақсаты: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?

2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?

3 Қандай ережелер бойынша қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу орындалады?

4 Сертификаттау мақсатымен қызметтерді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?

5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?

6 Сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді?
№9 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары

Сабақтың мақсаты: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемаларын оқып меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 1-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

2 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 2-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

3 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 3-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

4 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 4-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

5 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 5-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

6 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 6-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

7 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 7-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

8 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 8-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

9 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 9-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

10 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 10-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

11 Қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктері қандай?


№10 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі

Сабақтың мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу .

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған?

2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай?

3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек?

4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет?

5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай?

6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі?

№ 11 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.

Негізгі ұғымдар

Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай сұрақтар қарастырылады?

2 Заңның қабылданған уақытын айтыңыз?

3 Осыдан бұрын осы заңға сәйкес заң қабылданды ма? Егер қабылданса ол қай жылы және заң қалай аталды?


№12 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.

Жалпы ережелер

Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының жалпы ережелерін окып үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңынын таралу аймақтарын айтыныз?

2 Қазакстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі баскару әрекеттерін қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарын атаңыз?


№13 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өлшеу қателіктері

Сабактың мақсаты: Өлшеу қателіктерінің түрлерін оқып үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1 Өлшеу қателіктері неше нышан бойынша жіктеледі?

2 Өлшеу қателіктерінің жіктелу нышандарын атаныз?

3 Қандай қателіктер кездейсок деп аталады?

4 Қандай қателіктер систематикалыққа (жүйелікке) жатады?

5 Қателесу дегеніміз не?

6 Өрескел (дөрекі) қателік дегеніміз не?

7 Сыртқы қандай факторлар әсер етеді?


№14 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Метрологиялық қызмет

Сабактың мақсаты: Метрологиялық қызметтің құрылымымен танысу

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР метрологиялық қызметтің құрылымы қандай?

2 Мемлекеттік метрологиялық қызмет.

3 Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары неде?

4 Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің қандай функцияларын білесіздер?

5 Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттері қандай?

6 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын атыңыз?

7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың функциялары неде?

8 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар қандай жұмыс атқарады?
№15 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық бақылау

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың объектілері мен қатысты Заң бабтары мен танысу.

Бақылау сүрақтары:

1 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты неде?

2 Түрлі нысандарға Мемлекеттік метрологиялык бақылау жүргізу кезінде қандай жұмыстар атқарылады?

3 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қандай объектілерін білесіздер?

4 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың аясы қандай?

5 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың түрлерін атаңыздар?

6 Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары қандай?

4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.

Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.

Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:

1 Қоғамдағы стандарттаудың рөлі

2 Стандарттау және өнімнің сапасы

3 Дамыған елдерде стандарттаудың қалыптасуы

4 Стандарттаудың әдістері. Стандарттаудың нысандары

5 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері

6 Техникалық реттеу саласындағы Мемлекеттік органдар

7 Ақпараттық орталық және оның функциялары

8 Техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры

9 Техникалық комитеттерді құру, бекіту және жою тәртібі

10 Техникалық регламенттер

11 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар

12 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау

13 Техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі

14 Мемлекеттік органдар мен олардың функциялары

15 Мемлекеттік бақылауды жүргізетін лауазымды адамдардың функциялары мен құқықтары

16 Сәйкестікті растау саласында Үкіметтің құзыреті

17 Өнімді сертификаттау схемалары (сұлбалары)

18 Сәйкестікті растау саласында ТР органдары

19 Қызметтердің түрлері. Қызметтерді сертификаттау схемалары (сұлбалары)

20 Сынақ зертханасының (орталығының) басшысының функциялары

21 Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы

22 Физикалық шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары

23 Өлшемдер әдістемелерінің түрлері, оларды жасау және сараптау

24 Эталондарды қолдану және сақтау тәртібі

25 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандары

26 Менеджмент жүйесі

27 Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары

28 Метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары

29 Сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары

30 Өлшем құралдарын салыстырып-тексеру

5.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

5 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

6 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.

8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

9 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі

10 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі

11 ҚР СТ 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдер мен анықтамалар

12 ҚР СТ 2.3-2001 ҚР МӨЖ. Шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелері, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі

13 ҚР СТ 3.4-2003 ҚР МСЖ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар

14 ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер

15 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау

16 ҚР СТ ИСО / ХЭК 65:2001 Өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар

17 ҚР СТ 7.3-2002 ҚР АЖ. Сынақ зертханаларына қойылатын талаптар

18 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.



19 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет