Выборочный метод



бет1/9
Дата04.10.2023
өлшемі2.57 Mb.
#479861
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
лекция-3

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясына кіріспе.

Дәріс жоспары:

1. Статистикалық жорамалдарды тексеру: нөлдік және балама жорамалдар.

2. Дисперсиялар теңдігін тексеру

Таңдама деректері бойынша бас жиынтықтың параметрлері және қасиеттері жөнінде айтылған ұйғарым статистикалық жорамал деп аталады.

Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық жорамалды тексеру деп аталады.

.

Тексерілуге жататын негізгі жорамалды нөлдік жорамал деп атайды және Н0 арқылы белгілейді.

Нөлдік жорамал деп- таңдама деректерін салыстырғанда олардың арасындағы айырмашылықтың жоқтығы немесе ұқсастығы жөніндегі ұйғарымды айтады.

Н1 балама жорамалы деп нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамалды айтады.

Мысал

Популяциядағы ер кісілер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштерін салыстыру қажет болса, онда

Н0 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері бірдей

Н1 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері әртүрлі

Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін ережені статистикалық критери й деп атайды.

Статистикалық критерийді таңдау:

- талдау мақсаты

- деректер түрлері

-деректердің таралу түрі: қалыпты немесе қалыпты емес

- жұптасқан деректер

- тәуелсіз деректер

- салыстырылатын топтар саны

Статистикалық критерийлер

Параметрлік Параметрлік емес

Параметрлік критерийлер деп есептеу формуласына таңдаманың орта мәні, дисперсиясы сияқты параметрлері кіретін және бас жиынтықтың қалыпты таралуына негізделген критерийлерді айтады.

Параметрлік емес критерийлер деп бас жиынтықтың таралу түріне негізделмеген және есептеу формуласында жиынтықтың параметрлерін қолданбайтын критерийлерді айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет