Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»



бет16/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

«Жаррах батыр» дастаны

Романтизм үлгісінде туған Ақылбай мен Мағауия поэмалары өзге елдің тұрмысында арналғанмен, қоғам шын-дығын, әлеуметтік теңсіздікті романти-калық сарында суреттемей, өмірді реалис-тік тұрғыдан көрсетуге тырысады. Поэма-лардағы окиғалар, кейіпкерлердің бастан кешірген істері оқушысына нанымды түрде беріледі. Басты қаһармандары — азаттық жолындағы бостандық сүйгіш күрескерлер. Олардан — ертегілік керемет қиял кейіпкерлері емес, өз арамызда жүрген қарапайым адамдар. Бұл поэмалардағы өршіл романтика мен сыншыл реализмді қуаттандырып, жігерлендіре түседі.
Ақылбай әкесінің ұсынысымен «Дағыстан», Зұлұс», «Жаррах батыр» поэмаларын жазған. Оның ішінде «Зұлұстың» алғашқы бөлімі ғана сақталған, содан үзінді 1924 ж. «Сана» журналының 2, 3-сандарында басылды, ал «Жаррах батыр» поэмасы бізге жетпеген.
«Дағыстаннан» үзінді алғаш рет 1918 ж. «Абай» журналының 5-санында жарияланған. Поэманын такырыбы — әділет пен жауыздық күресі, «махаббат ғадауатпен майдандасқан» тартыс. Махаббат пен әділет, адамгершілік пен мейірімділік қатар сипатталады. Махаббаттың мәні адамның бас бостандығында, ал ескі әдет-ғұрып, жауыздық үстемдік етіп тұрғанда махаббат бостандығына, адамның бас еркіне жол жоқ, ондай бостандықтың жолы — күрес дейді ақын.
Поэманын бас тұлғалары ескі әдет-ғұрып, салт-сананы бұзып, еркіндікке бой ұрған, махаббаты үшін құрбандықка бас байлаған, тау халықтарының өр мінезді ер ұлы мен ер қызы. Поэмада әрі бай, әрі батыр, қаһары мен қанжары қатар жүретін тәкаппар Жүсіптің, бес үлдың ортасында жалғыз өскен, «ақылы, мінезі мен тұлғасы сай» ару кыз Зәйраның, алған бетінен қайтпайтын ер жүрек Жәбірәһилдің бейнелері сомдалып жасалған. Жас ғашықтар сүйіспеншілік жолында жауыздыққа бас имей, зұлымдықпен жал-ғасып, махаббат бостандығы үшін күресте қыршын кетеді. Кәрі Жүсіп айналасын өрт алғандай, тамыры қурап, өмірі бітіп бара жатқан бір түп кәрі томардай жалғыз қалды. Осылайша жауыздық қатты жазаланады. Қарсы келгенді қанмен жуатын Жүсіп балаларының бәрі қазаға ұшырап, ақырында кәрі Жүсіпке әділет үкімі айтылды. Оқиғаны бұлай шешу, басты кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін асқақтата жырлау, ерекше сезімді баса сипаттау романтикалық әдіске тән кұбылыс





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет