Xx ғасырдың 60 – 80 жылдары географиялық зерттеулердің тәжірибесінде жасалынған және енгізілген жаңа әдістер



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі61.79 Kb.
#479579
  1   2
2 лекция


XX ғасырдың 60 – 80 жылдары географиялық зерттеулердің тәжірибесінде жасалынған және енгізілген жаңа әдістер

География 1960-жылдардан бастап математикамен тығыз байланыса отырып, сандық әдістерді кеңінен қолдануда. Екі ғылымның даму тарихы арасында алшақтық өзгерістер болып тұрды, сонда да география математиканың әдістерін қолданбай тұра алмайды. Географияда сандық зерттеу әдісі ғылыми дәлелденген ақпарат бере отырып, әлем бейнесін нақтылай түседі. География бұл әдіссіз сипаттамалы және эмпирикалық ғылым болар еді.


Жыл сайын деректер саны арта түсетіндіктен, зерттеуді қажет ететін жүйелер қиындауда, сандық әдіссіз деректерді өңдеу процесін ұсыну мүмкін емес. Сандық әдіс географиялық ғылымдарға берік енді. Картографтар, геологтер, синоптиктер, топографтар, топырақтанушылар, экономикалық және саяси географтар, елтанушылар, т.б. мамандардың зерттеу жұмысын жеңілдетеді.
Сандық көрсеткіштің даму мүмкіндігі кең, ол «гуманитарлы» география ғылымын нақтылай түседі.
Ғарыштық түсіру (Космическая съемка) - Жердің жасанды серіктерінде, ғарыштық стансаларда және кемелерде орнатылған суретке түсіру жүйелерінің көмегімен Жер туралы және Күн жүйесінің басқа планеталары, аспан денелері, тұмандылықтар, сондай-ақ әр түрлі ғарыштық құбылыстар туралы ақпарат алудың әдісі. Ол жер бетінің бір телімін дүркін-дүркін және жер серігінің немесе ғарыштық стансаның бір рет ұшқан кезінде қайталап түсіруге, ал ғаламдық процестерді бірнеше геостационарлық серіктердің көмегімен үздіксіз байқауға мүмкіндік береді. Алғашқы Ғарыштық түсіру 1946жылы зымыран арқылы жасалды, ал ғарыштық кемелерден 1961 жылы орыс ғарышкері Г.С. Титов жасады. Жерді Ғарыштық түсіру арқылы зерделеу ғарыштық егіншіліктің дамуына көмектесті.
Географиядағы математикалық әдістер — географиялық процестер мен құбылыстарды зерттеген кезде математикалық аспаптар мен есептеу техникасын пайдалану. Негізгі материалды жинағанда және алғашқы өңдегенде, оларды жіктегенде және жүйелегенде, географиялық зерттелген нысандардың статистикалық және динамикалық жайын талдау мен болжауда, геожүйелерді аудандау мен үлгілеуде, аумақтық байланыстар мен пропорцияларды реттеуде және оңтайлауда және тағы да басқадай жұмыстарда қолданылады.
Сандық әдістердің негізін статистикалық әдістер: сандық әдістердің тұтастығын көрсететін бастапқы көрсеткіштерді жинау, өңдеу және талдау құрайды.
Географияда зерттеу мақсатына және зерттеу нысанының сипатына қарай математикалық-статистикалық әдіс, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық әдіс қолданылады
Геодезиялық әдіс арқылы шағын аумақтардың ұзындығын және аудандарын өлшеуге болады.
Ірі нысандарды – мемлекет ауданын, мұхит, теңіздердің жағалаулық сызық ұзындықтарын, өзендердің ұзындығын, өзен алаптарының ауданын анықтаумен және т.с.с. картометрия әдісі айналысады. Сонымен қатар карталар бойынша жер бедерінің орташа биіктігін, орта бұрыш еңкіштігін, көлемін, өзен жүйелерінің жиілігін және т.с.с. әртүрлі сандық сипаттамаларын есептеу жолдарын көрсетеді (5-сызба).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет