«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Хожа Ахмед Ясауи рахматуллаһи ғаләйһи



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Пақырнама 2021

Хожа Ахмед Ясауи рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «Әркім пір, 
шайх болғысы келсе, қырық жыл пір қызметін қылып отырмайынша 
мүрид алуы, сәжжадатта отыруы -бүлдіру. Әр кім шайх болғысы 
келсе, Хақ әміріне шариғатпен мойынсұнып, түкке тұрғысыз, 
пайдасыз және бидғат істерден сақтансын. Түні бойы тұрып 
құлшылық қылмай, күндіз қызмет қылмай, шайх болғысы келсе, 
бекершілік. Әркім шариғат әмірінен бір қадам шықса, дінбұзар 
болады. Егер тәубе қылмай дүниеден өтсе, тамұқта түрлі азапқа 
кіріптар болады. 
Ей, дәруіш! Егер заһид рияшыл болса, ғабид міндетшіл болса, 
сопы қайыршы болса, дәруіш әр жайда болса, сопылықтары таза 
емес, бүлік. Сопыларда жабайылық, мәдениетсіздік қалды, 
дәруіштерде қайыршылық қалды. Ниеттері бұзық, сүннеттері бидғат, 
пиғылдары ұятсыздық, нәтижелері зұлымдық, жүріс-тұрыстары 
қиянат. Байларда сахауат жоқ, кедейлерде қанағат жоқ, мүридтерде 
қызмет жоқ, дәруіштерде қиямет күнінің азабынан қорқыныш жоқ, 
сопыларда риязат жоқ. 
Ей, дәруіш! Қиамет күні хал-ахуалымыз қалай болмақ? Ей, 
дәруіштер! Тура жолға қадам қойсаң білгін және мұқият бол! Бірінші 
шариғаттың кәлимасын, екінші тариқаттың кәлимасын, үшінші 
мағрифаттың кәлимасын, төртінші хақиқаттың кәлимасын білмек 
керек. Егер бұл төрт кәлиманы білмесе, сопы емес. 
Бірінші шариғат кәлимасы: Лә иләһә иллә Аллаһу Мухаммадун 
Расулу Аллаһи. 
Екінші тариқат кәлимасы: Саффан, саффан Лә иләһә иллә 
Аллаһу Мухаммадун Расулу Аллаһи. 
Үшінші мағрифат кәлимасы: Лә иләһә иллә Аллаһу ғазаматуһу 
Мухаммадун Расулу Аллаһи халифатуһу. 
Төртінші хақиқат кәлимасы: Лә иләһә иллә Аллаһу би-қудрати, 
Мухаммадун Расулу Аллаһи [би]-рисалатиһи. 


44 
Ей, дәруіш! Діннің үкімдері мен үркіндерін орнымен біліп, һәуа 
һәуасты, яғни нәпсі қалауларын тәрк етіп, нәпсіңмен алысып, 
сындырып, өзіңе бағындырып, қанағатты алға қойып, Құдайдың 
шешіміне разы болып, жіберген қиындықтарына сабыр қылып, 
берген нығметтеріне шүкірлік қылып, осы кітапшада дайындаған 
шындықтарға амал қылып, Құдай тағаланың бұйрықтарын орнына 
келтірсе, талассыз дәруіш аты оған лайық дүр. Жоқ десең бұларды 
білмей дәруішпін, шайхпын деп таласып, тартысып дау қылса, қиямет 
күнінде жүзі қара болып, шәрменде болғай. Мұндайдан Алланың өзі 
сақтасын. 
Пақырлық мақамының мәртебесі өте жоғары мақам дүр. Әркім 
қол жеткізе бермейді. Пақырлық мақамы – әнбиелердің, әулиелердің, 
арифтардың уа ғашықтардың мақамы дүр. Әсіресе әзірет Расул әкрам 
Мухаммад Мұстафа саллаллаһу ғаләйһи уа сәлламның мақамы дүр. 
Яғни «П̄ақырлық – менің абыройым» деді. Пақырды сүю, жақсы көру 
діннің қуаты және иманнан дүр. Пақырды дұшпан тұту, қор тұту 
күпірлік, 
яғни 
имансыздықтың 
нышаны. 
Себебі 
әзірет 
Пайғамбарымыз Расул саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам айтады:
رفکلاٌنمٌءارقفلاٌضعبٌوٌناميلَاٌنمٌءارقفلاٌبج
Пақырлықтың мәртебе дәрежесі, құрметі жеті қат аспаннан, жеті 
қат жерден ұлық. Өйткені әзірет Расул әкрам саллаллаһу ғаләйһи уа 
сәллам айтады: 
ضرلَاٌعبسوٌتاومسٌعبسٌاللهٌدنعٌمظعاٌنمؤملاٌءارقفلاٌبح
«Момын пақырларды сүю, жақсы көру Алланың қасында жеті қат 
аспан мен жеті қат жерден ұлық», - дейді.
Ей, дәруіш! Әркім байларды дүниесі үшін құрметтесе, Құдай 
тағаланың лағынетіне ұшырайды, егер пақырларды қор көріп, 
кемсітсе Құдай тағала лағынетіне ұшырайды. Мұндай пиғыл, әрекет 
момындарда болмайды, мұнафықтарда болады. 
Әзірет Әлі Алла разы болсын айтады: «Дәруіштік мақамы 
қырық дүр. Егер дәруіш біліп амал қылса, тазалық және тақуалық 
қылу лазым. Ал егер білмесе, үйренбесе, біліп амал қылмаса, 
дәруішлік мақам оған харам және ол адам надан дүр. Ол қырық 


45 
мақамның оны шариғатта, он мақамы тариқатта, он мақамы 
мағрифатта және он мақамы хақиқатта дүр. 
Шариғаттағы ол он мақамның біріншісі Алла тағаланың 
барлығына, бірлігіне, сифатына уа затына иман келтіру, екінші намаз 
оқу, үшінші ораза тұту, төртінші зекет беру, бесінші Меккеге тәуап 
қылу, яғни қажылыққа бару, алтыншы өте жұмсақ сөйлеу және ілім 
талап қылу, жетінші әзірет Расул әкрам саллаллаһу ғаләйһи уа 
сәлламның сүннеттерін орнына келтіру, сегізінші әмр мағруф – 
жақсылыққа шақыру, тоғызыншы нәһи мункардан жырақ болу, 
оныншы машайықтардың жолында жүру. 
Ол он мақам тариқатта дүр. Әуелі тәубеменен жолға қадам қою. 
Екінші пірге қол беріп, мүрид болу, күндіз-түні қызметінде болу. 
Үшінші қаһарынан қорқып, рахметінен үміт ету. Төртінші уирд, яғни 
арнайы тапсырылған құлшылықтарды уақытында орнына келтіріп 
орындау. Бесінші ләззат пен нәпсі қалауларын тәрк ету. Алтыншы пір 
қызметінде болу. Жетінші іс- әрекетті пірдің ижазаты, рұқсатымен 
жасау. Сегізінші насихат есіту. Тоғызыншы тәжрид, яғни оңаша қалу. 
Оныншы тәфрид, яғни дүниеден баз кешу. 
Ол он мақам мағрифатта дүр. Әуелі пақыр фәна болу. Екінші 
дәруішлікті қабыл қылу. Үшінші түскен қиыншылықтардың азабын 
мойынсұнып көтеру. Төртінші адал ризық талаб қылу. Бесінші Хақты 
тану. Алтыншы шариғат, тариқат бұйрықтарына табанды, мықты 
болу. Жетінші дүниені тәрк ету. Сегізінші өз орнын, дәрежесін білу. 
Тоғызыншы хақиқат сырларын білу, пақырлыққа сабыр қылу.
Оныншы Расул ғаләйһис-сәлам айтады:
جرفلاٌحاتفمٌربصلا
«Сабыр – қиншылықтан құтылып, қуанышқа кенелудің кілті», - 
дейді.
Ол он мақам хақиқатта дүр. Бірінші – жолдағы топырақтай болу. 
Екінші жақсы жаманды тану. Тамаққа бұрын қол салмау. Бәлкім 
Құдайдың берген бар жақсылықтарына қанағат қылу. Құдайдың 
берген несібін Хақтың жолына жұмсау, дәруішке азар беруден тәубе 
қылу, пақырлықты мойындамастықтан тәубе қылу. Сапарға шығып 
тұру, сапар шекпесе қорқу. Шариғат, тариқат, хақиқат мақамын біліп 


46 
амал 
қылу. 
Сәжжадада 
отырып 
шайхылық 
қылған 
кісі 
машайықтардың қылған, істеген әрекеттеріне амал жасау. 
Шайх Хасан Басри рахматуллаһи ғаләйһи Расул саллаллаһу 
ғаләйһи уа сәлламнан рауайат қылады: «Әзірет саллаллаһу ғаләйһи уа 
сәллам айтты», - дейді: «Йа, Әлі! Миғраж түні Хақ тағаланың 
пәрменімен Жәбрейіл ғаләйһис-саллам пырақ келтірді. Жеті қат 
аспанға алып шығып, жеті қат аспаннан асып, Тәңірі ғазза уа 
жәлланың құдіретімен таң қаларлық ғажайыптарды көрдім. Әзірет 
әлемдердің Раббысы сәлем қылды. Раббул-Әрбабтан 
«Пайғамбарлардың мырзасы жоғарыға назар сал» деген дауыс келді. 
Әзірет Расул Әкрам саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам назар салғанда 
ғажайып суреттерді көрді. Оны түсіндіріп айтып жеткізіп тауысу 
мүмкін емес, жер көкке сыймайды. Сол жерде қайран қалып, есінен 
танып қалды. Қайтып есін жиып: «Йа, Рабби! Ақыл есімнен танып 
қалатындай ол көргендерім не сурет, не бейне дүр» деп айтты. 
Раббул-Ғиззаттан дауыс келді: «Ол сурет – пақырлық суреті» деді. 
«Ей, Мұхаммед! Егер Мені Менің дидарымды ешбір себеп, кедергісіз 
көруді қаласаң пақыр бол, тәжрид бол, тәфрид бол. Егер дидарымның 
жамалын, кемелдігін ешбір себепсіз көруді қаласаң риязат қыл, 
риязатпен шұғылдан. Сонда барып дидар жамалымды көргейсің, сұлу 
дидарыма лайық болғайсың. Кімде-кім дидар тілесе, Хақтан өзге оған 
харам дүр. 
Пақырлық суреті көкте еді. Көктен жерге енді. Сахабалар 
пақырлық суретін көрді. Пақырлық – Әзірет Раббул-Ғиззаттан бір 
әуез. Бірақ машайықтар ол сурет жайында әртүрлі баяндайды. Әзірет 
Әлі рази Аллаһу анһу айтады: «Әзірет Расул саллаллаһу ғаләйһи уа 
сәллам сол түні миғраждан жанып жарқырап келді. Мүбарактың 
жүздерінен бір нұрды көрдім. Он сегіз мың әлемнің нұрынан ол нұр 
өте жарық еді. Мен: Йа, Алланың хабибі! Бүгін жүзіңізден нұр 
көрдім. Күндегіден бүгін өте айрықша артықғырақ» дедім. Әзірет 
Расул саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам: «Бұл түні, миғражда Раббул- 
ғаләминнің хұзырында пақырлық суретін көрдім. Ышық шарабынан 
бір жұтым іштім» дейді. Әзірет Әлі рази Аллаһу анһу: «Йа, Алланың 
елшісі! Бұл халді мен де арзу қылдым, ышық шарабынан маған да 


47 
берсеңіз» дейді. Расул саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам ышық 
шарабынан бір жұтым маған да берді. Ішіп есімнен танып қалдым. 
Қайтадан есімді жидым. Әзіретке (с.ғ.с.) белгілі, ашық, аян мушаһада 
болған әр сыр – маған да солай ашық аян, белгілі болды. 
Әзірет Расул Әкрам саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам: «Йа, Әлі! 
Пақырлық мақамында он мақам, он нұр, он жол, он орын және қырық 
мәртебе бар» дейді. Ол он мақамның біріншісі – қанағат дүр.
Ол жөнінде әзірет Расул әкрам саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам: 
ینفيٌلٌَزنکٌتعانقلا
Яғни «Қанағат – таусылмайтын қазына» дейді.
Малдың пәни дүниеге пайдасы жоқ дүр. Өлім уақытында бәрі 
қалады, өзіңмен алып кете алмайсың. Пақырлық мақамының екіншісі 
басқа түскен бәлені көтеру. Пақырлық мақамының үшіншісі пенделік 
дүр. Пақырлық мақамының төртіншісі сабыр дүр. Аюб пайғамбар 
секілді болғай. Пақырлық мақамының бесіншісі қасірет тарту дүр. 
Пақырлық мақамының алтыншысы риязат дүр. 
Пақырлық 
мақамының жетіншісі аштық дүр. Пақырлық мақамының сегізіншісі 
нәпсісін өлтіру. Пақырлық мақамының тоғызыншысы қайғылы болу. 
Пақырлық мақамының оныншысы әзірет Раббул-ғиззаттей болу, яғни 
Құдайдың сипатын өз бойынан табу. 
Пақырлықтың он нұры: Бірінші нұры – шыншылдық. Екінші 
нұры – сабыр. Әзірет Расул саллаллаһу ғаләйһи уа сәллам: 
ةنجلاٌزونکٌنمٌزنکٌربصلا
яғни «Сабыр жаннаттың қазыналарынан» дейді.
Үшінші нұры – шүкір. Төртінші нұры – фікір. Бесінші нұры – 
зікір. Алтыншы нұры – намаз. Жетінші нұры – ораза. Сегізінші нұры 
– иман. Тоғызыншы нұры – садақа. Оныншы нұры – таза жан. 
Пақырлықтың он жолы: Бірінші тәубе, екінші күнәлі істерден 
тәубе қылмақ, үшінші жаман істерден пүшәйман болу, төртінші 
қасірет дүр, бесінші қорлық-зарлық, Хақ тағаладан жәрдем тілеу, 
Жетінші жаман жолдардан қашу, сегізінші Құдай тағаланың зікірімен 
шұғылдану, тоғызыншы терең ой, оныншы Құдайға мақтау, мадақтау 
айту. 


48 
Пақырлықтың он орны: Хикмет, әділ, ақыл, жұмсақтық, ұят, 
ізет, ихсан, сапарға шығу, аманат, мойынсұну. 
Әзірет шайх Шаһабуддин рахматуллаһи ғаләйһи: «Дәруіштікте 
сондай кісіні сопы деп айту үшін бұл қырық шартты білмек керек» 
дейді. Сұлтан Ахмад кубра рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «Жетпіс 
үш жыл өмір көрдім. Қырық жыл мүсәпірлікпен болдым. Жеті жыл 
қажылыққа бардым. Мың мәрте хатым Құран қылдым. Жетпіс мәрте 
Расул ғаләйһис-сәламды түсімде көрдім. Мүбарак бұл қырық 
мақамды мен амал қылу үшін маған бұйырды. Мен амал қыла 
алмадым, Әзірет Уажиб тағалаға жете алмадым». 
Әзірет шайх Шаһабуддин рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «Бұл 
қырық мақамның оны шариғат мақамында, оны тариқат мақамында, 
оны хақиқат мақамында, оны мағрифат мақамында. Әр шайх, әр 
сопы, әр дәруіш, әр пақыр бұл қырық мақамды білмесе, амал қылмаса 
«сопымын», «шайхпын», «пақырмын» деп таласып тартысар болса 
жалған дүр. Шайхқа егер «бұл дүниенің нығметін түгел беремін» 
десе, «кәпірге бере бер» деп ишарат қылса керек. «Ақыреттің 
нығметті мен жаннатты беремін» десе, «момындарға бере бер» деп 
ишарат қылса керек. Мехнат уа реніш, бәлені өзіне қарай бұрып, 
тілеп алса керек. Егер шайх, сопы қылуетте болса, Хақ тағаланың 
зікірімен болса керек. Ал егер халық арасында болса шариғат 
әмірімен іс қылса керек. Қиыншылыққа тап болса, Оның дәргейінде 
сабыр қылу керек. Шайх, сопы аса қатты зәру болмаса, күманға 
түспес үшін халал нәрселердің өзін жеуден, пайдаланып тұтынудан 
шектеліп сақтану керек. Егер шайх, сопы дүние нығметін тілесе сопы 
емес. Ал егер зарланып дұғада болса, мехнатқа, бәле-жалаға сабыр 
қылса сопы дүр. 
Шайхылық мақамы мужаһада, яғни нәпсі және шайтанмен күрес 
дүр. Дүниені талап қылғандар байлық-мансапты тілер. Әһлі сүннет, 
ақыретті талап қылғандар кішіпейілділікті, қорлық қиыншылықты 
тілер. Егер сопыға бәле келсе «аһ», «уһ» демейді, бәлеге сабыр 
қылады. Егер шайх нәпсінің нығметтерін тілесе, нәпсінің арзу, 
тілектерін бермегей. Егер шайх сопы болса, аш болса керек және 


49 
жалаңаш болса мәз-мейрам болғай керек. Хақтан сабырдан өзгені 
ықтияр қылмағай. Өте көркем бойсұнушылықта болғай. 
Бұл он мақам шариғатта дүр және он мақам тариқатта дүр, 
мағрифатта дүр, бойсұнулықта дүр. Яғни бәле, мехнат басына келсе, 
өзін жан жүрегімен бойсұнулыққа тастасын. Ішпек, жемек, кимекті 
халықтан тілемесін, бөзді атластан артық білсін. Күндіз ораза, түнде 
намазда болсын, Құран тилауат қылумен болсын. 
Егер тағам жесе, киім кисе, ниеті ғибадат қылу үшін болсын. 
Әһлі мехнат, әһлі махабаттан өзгені еске алып ойламасын. Ықыласты 
болсын, сопы әр түндерде таһажуд намазын тәрк қылмасын. Қауіп 
пен үміттің ішінде болсын. Егер сопы құлшылықтарын халыққа рия 
үшін көрсетсе, мың жылдық құлышылығын нәпсісі үшін зәредей 
тағамға сатқандай, Тәңірі ғазза уа жәллаға лайық болмағай. 
Сопы жолға, шындыққа қадам қою керек. Шын сөйлеу керек
жалған сөйлеуден тәубе қылу керек. Өйткені көңіл тілге хабар береді. 
Сопы деген нәпсіні күйдіріп, фәна болса керек. Дүние сөзін 
сөйлемесін. Хақ тағаланы зікір етумен болсын. Сопы бойындағы 
мәңгі тірі қалатын қасиеттерін тірілтіп, дидар талап қылудың ізінде 
болса Хақ тағаланы табқай. Егер сопы отқа қараса Хақты көргей, егер 
суға қараса Хақты көргей, егер жоғары қараса Хақты көргей, егер қой 
бақса Хақты көргей, ілгері қараса Хақты көргей, егер отырса Хақты 
көргей мушаһада көзімен. 
Сопы ғилмул-йақин және ғайнул-йақин мақамын тілесе, табады. 
Егер сыр көзімен жоғары қараса ғаршыны көреді. Егер терең үңілсе 
жет қат жердің астына дейін көреді. Еш перде болмайды. Егер 
Хаққул-йақин көзіменен қараса мақұлықтар мен жаратылыстардан 
кешіп Бейчун және Бейчегуне, яғни ешкімге, ешнәрсеге ұқсамайтын 
Хақты, Хақтың дидарын көреді. Мағрифатта шәксіз және шүбәсіз 
барша екі әлемді көріп таниды. Сопы болса, дүние ақыреттің шегіне 
сыймайды. Барша пейіштің нығметтері көзіне көрінбейді. Сопы деген 
Құдай тағаланың зікірінің шауқымен судай болып еріп, ақса керек. 
Көңілін Хақтың ризашылығына берсе керек. Перзентіне, малына 
көңілін бермесе керек. Сопы дүниеден озса, сопыны көрде таппағай, 
сыйрат көпірінде таппағай, пейіштен таппағай, Құдай тағаланың 


50 
қасынан, жанынан табады. Егер ғашық сопы айтса: «Йа, жартушы 
Алла! Барша күнәһарлардың күнасын маған аудар десе, Хақ тағала 
оның сөзін қайтармайды. Сопы Құдай тағаладан әуез есітпейінше 
жанын бермейді, мүнкір-нәкір туралы ойланбайды, қияметтен пікір 
қылмайды. Малику Ғаффар Зул-Жалалды көрмейінше хор қыздары 
мен сарайларға қарамайды. Сопы деген өз-өзін билейді, яғни сопы ол 
дүр – барша мұраттарынан саф болса, дүниауи істерден көңілі суық 
болса, бес сезіміне қатысты нәпсі қалауларынан саф болса, жан 
дүниесі апаттан аман болса, дүниенің қызыл жасылына қызықпаса, 
жүрісі саф болса, жүрегі ышық отына күйіп өртенсе, көзін екі дүниеге 
де салмаса, сырға өте бай болса. 
Бұл мақам сексен мақам болды. Әй, дәруіш! Әр бір мақам 
пайғамбар мақамы дүр. Әуелгісі әзірет Адам ғаләйһис-саламның, 
ақыры, соңы әзірет Мухаммад Мустафа саллаллаһу ғаләйһи уа 
сәлламның мақамы дүр. Әзірет Султанул-машайық Қожа Ахмет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет