35. Сегіз қырлы сағана туралы не білесіз?— Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 40 м жерде орналасқан.
Кесене толық сақталмай жұрты ғана қалған. Жоба бойынша ол шағын портал түрінде солтүстік-шығысқа қарай созыла түседі. Күмбездің ішкі жақ қабырғалары 8 қуысты және 8 қырлы болып келеді. Тым ойсырай қирауынан да оны қайта қалпына келтіру мүмкіндігі болмай отыр. Кесенеден сағана табылмады. Едені шаршы кірпіштен өрілген. Еденінен қиыршық тастан қашалған, жазулары толық өшкен үш құлпытас табылды.
Құмшық Ата мешітін 1973-1974 ж. Қазақ КСР мәдениет министрі мен Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы (жетек. Т.Н. Сенигова) зерттеді.
1985 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 ж. Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған
36. Әулие Құмшық ата туралы не білесіз? Құмшық ата мешіті — 10-12 ғасырларда салынған жер асты археологиялық ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 км-ге жуық жерде, ашық далада орналасқан.
Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 м-ге жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м және биіктігі 2 м-дей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті 10 - 12 ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті 12 ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды.
Достарыңызбен бөлісу: |