«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені



бет45/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығ0201000

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

пәнінен

10 ТАҚЫРЫП Құқықтық нормалар және оның құрылымы. Нормативтік құқықтық актілер және оларды жүйелеу.

Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.

Негізгі сұрақтар: .Құқықтық нормалардың ұғымы жəне түрлері. Құқықтық норманың құрылымы. Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатыснасы

Құқықтық нормалардың ұғымы жəне түрлері.

Құқықтық норманың құрылымы. Құқық—күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі кызметіт коғамдық қатынастарды реттеу, тəртіпті сақтау, қорғау, Құқық — жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, бір торшасы. Құқықтық норма — мемлекет таныған, жəне оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың əрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма — заңға сəйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мəнге ие болады. Оның өзі заң. Жөнмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Əрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза (жорамалы) жəне санкция (жаза, шара). Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманны қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мəн-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотезаның көмегімен мінез- құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен жəне орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тəртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-əрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады.

Егер гипотезада (жорамалда) бір ғана мəн-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны қарапайым жорамал дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мəн-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі жорамал дейді. Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мəн-жайдың біреуіне байланысты болса оны балама жорамал дейді. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Жорамал санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) қарапайым диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) сипаттамалы диспозиция — мінез-құлықтың барлық мəнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция — егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса. Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияда мемлекет қандай іс-əрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті-анық, б) баламалы, в) салыстырмалы. Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) — нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, бап пен норма сəйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, əрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:

1. Əркім Қазақстан Республикасы Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.



2. Əркім Республиканың мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті. Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін. Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірə нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш жəне одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларын білдіруге маманданған болып келеді. Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбірі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның əрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасауы жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс. Құқық нормасы құқықтың басқалай да көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бəрінен бұрын жеке-дара көрсетілген ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді жəне бір рет қолданылуымен тəмəмдалады. Жеке-дара ұйғарым дəлме-дəл белгілі бір оқиғаға ғана, жалғыз бір жолғы əрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана арналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері нормативтік сипатта болса да, өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, жəне де өзін анықтап дəлелдеуді қажет етеді, жорамал мен санкцияға тікелей шықпайды яғни байланыспайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құкықты жақсылап түсіну толығынан алғанда не үшін қажет болатынын анықтауы, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дəрежеде екендіктерін біліп алуы қажет. Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші жəне қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, əрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездері, жүріс-тұрыстары тікелей реттелінетін тəрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың жəне субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мəжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тəртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін сипатта болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, əкімшілік құқық қорғау нормалары, қылмыстық құқық қорғау нормалары жəне т.б. құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған құқық салаларының нормалары негізінен алғанда коғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді. Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу жəне құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатында жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері əртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің əрі құқығы əрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда алдыңғы қатарға жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс- тұрыстарға тыйым салынуына ерекше назар аударылады. Міндеттеу жəне тыйым салу нормалары əдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік категориядағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінезі, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (əріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тəрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқытуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс- тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тəуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның əрекет етуі мен санкциясын мейлінше толық түрде жасап, əрі қарайғы қолданыстарда қандай бір жаңаша нұсқауларға немесе анықтап, айқындай түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды жəне нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық жəне баламалық деп жіктелінеді. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білігінше істеуін немесе істемеуін жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі жəне туынды, тұрақты жəне уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бүл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады. Реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға: анықтамалық-пайымдық яғни дефинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі; 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар; оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған жəне т.с.с. Коллизиялық нормалар — нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет