З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Себептілік негіздің берілуі



Pdf көрінісі
бет169/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Себептілік негіздің берілуі 
(выражение причинного действия)
276-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Себептілік негізді білдіретін конструкцияға назар ау-
дарыңыз. Осы конструкциялардың етістікпен тіркесін жазып алыңыз.
Әкем  оңтүстікке  дәрігердің  ұсынысымен  кетті.  Астанаға  барғанымда  жолдасымның 
өтініші бойынша мен оның ата-анасына кіріп шықтым. Әділқазылардың шешімімен жас ки-
норежиссер бірінші сыйлықты алды. Журналист газет редакциясының тапсырмасы бойын-
ша іс сапарға шықты.
277-жаттығу.  Себептілік  негізді  конструкцияларды  пайдалана  отырып,  сұраққа  қысқа 
және толық жауап беріңіздер.
Неге  (қандай  себеппен)  сіз  жиналыста  болмадыңыз?  (ауырдым)  Неліктен  (кімнің 
кеңесімен)  студент  осы  курс  жұмысын  таңдады?  (оқытушы  кеңесі).  Неліктен  (кімнің 
өтінішімен) танымал әнді әнші екі рет орындады? (көрермендер өтініші). Қандай себеппен 
(ненің негізінде) аспиранттың оқуын бір жылға созды? (Ғылыми кеңес шешімі)
278-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыздар. Асты сызылған конструкцияларға сұрақ қойыңыз, 
жауап беріңіз.
Халықаралық Нобель сыйлығы жыл сайын физика, химия, медицина, физиология, әдеби 
шығарма  саласындағы  жаңалықтары  үшін,  сондай-ақ  бейбітшілікті  нығайтудағы  еңбек-
тері үшін беріледі. Ол өзінің достарына көмектескендері үшін өте риза. Алматы шайы дәмді 
сапасы үшін көрмеде жақсы орындардың бірін алды. Ол білім беру саласындағы үздіксіз ең-
бегі үшін марапатталды.
Әділетсіздігі үшін жолдастары оны құрметтемейтін болды. Көп қателері үшін студент 
бақылау жұмысынан төмен баға алды. Жақсы оқығаны үшін ол алтын медальмен марапат-
талды.
279-жаттығу.  Екі  сөйлемнің  мазмұнынын  үшін  жалғаулығын  пайдалана  отырып,  жа-
зыңыз. Жақша ішіндегі сөзді пайдаланыңыз. 
Студент  өте  ізденгіш.  Оқытушы  оны  осы  үшін  бағалайды  (ізденгіш).  Жұмысшылар 
объек тіні мерзімінен бұрын аяқтады. Осы үшін оларға сыйлық берілді (мерзімінен бұрын 
аяқтау). Шешей қызына өте риза. Ол шешесін ешқашан ұмытпайды (ұмытпағандық).


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет