Заңын iске асыру мақсатында және



Дата21.06.2016
өлшемі22.53 Kb.
#151451


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. «Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы




«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы __ ______ Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 61-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. «Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркелген № 11387, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 шілдесінде жарияланған):

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларының:

     2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды және орман өсіру, ормандардың биологиялық саласында мемлекеттік басқару әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін қадағалау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.».


       2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет