Зайсан ауданының 2014 жылдың қаңтар – маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама Ауыл шаруашылығының



Дата23.02.2016
өлшемі16.43 Kb.
#10255
Зайсан ауданының 2014 жылдың қаңтар – маусым айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

анықтама
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4625,2 млн. теңге болып. Табиғи көлем индексі 103,7%.

4653,4 тонна ет (өсім 7,4%), 18927,7 тонна сүт (93%), 2207,7 мың дана жұмыртқа (93,6%) өндірілді,

Ірі қара саны 84545 басқа (өсім 4,9%), қой-ешкі 183002 басқа (99,3%), жылқы 15760 басқа (өсім 2,4%), құстар 61952 басқа (өсім 1,6%) жетті.

Өнеркәсіпте 2918 млн. теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, өткен жылғыдан 2014,7 млн. теңгеге немесе 3,2 есеге артық орындалды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 1509,2 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың қаңтар-маусым айындағыдан (1270,4 млн. теңге) 18,8%-ға артық орындалды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5843,6 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 167,1% - ға орындалды.

2014 жылдың 1 шілдесіне шағын бизнес субъектілерінің белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 37, бұл 2013 жылғымен (34 субъект) салыстырғанда 108,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1384,1 млн.теңге болып, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 111,9%-ға орындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Аудан бойынша орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз ету – 74,9%.



Қаңтар-маусым айында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 779 ш.м болады.

Әлеуметтік салада:

Әр айдың 1-не тіркеуде тұрған жұмыссыздар 1 шілдеге 187 адам болды. Жұмысқа орналастырылғандар саны 277 адам, былтыр қаңтар-маусымда 265 адам болған.



Денсаулық сақтау саласында:

2014 жылы қаңтар-маусымда туу көрсеткіші 20,8 болды (өткен жылдың сәйкес мерзімінде 17,9 құраған).



Туберкулезбен ауырған 6 адам анықталған, былтырғы сәйкес мерзімде 7 адам.

Өлім көрсеткіші 7,7% - ды құрады.



Мектеп жасына дейінгі балалардың 99,9%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған.

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар үлесі 34,1% болып, сәйкес кезеңдегіден 8,3% артық.

Қоғамдық тәртіп:

Қылмыстар саны 182 болып іркелген, былтырғы сәйкес мерзімде 163 болған, ал қылмыстардың ашылу пайызы 10,2-ға дейін жоғарлаған.



Бюджет саласында:

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 392,1 млн. теңге, орындалғаны 419,3 млн теңге немесе 106,9%. Былтырғы сәйкес мерзімдегіден 36,4%-ға немесе 111,9 млн теңгеге артық жиналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет