Зайсан ауданының 2014 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама Ауыл шаруашылығының



Дата24.02.2016
өлшемі15.62 Kb.
#12645
Зайсан ауданының 2014 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

анықтама
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9175,3 млн. теңге болып. Табиғи көлем индексі 103,2%.

9199,1 тонна ет (өсім 6,9%), 31765,2 тонна сүт (92,6%), 4257,9 мың дана жұмыртқа (97,2%) өндірілді,

Ірі қара саны 73972 басқа (өсім 5,2%), қой-ешкі 158678 басқа (өсім 2,2%), жылқы 15539 басқа (өсім 0,1%), құстар 62652 басқа (өсім 0,7%) жетті.

Өнеркәсіпте 4878,3 млн. теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, өткен жылғыдан 2680,7 млн. теңгеге немесе 2,2 есеге артық орындалды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2719,5 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағыдан (2140,1 млн. теңге) 18,6%-ға артық орындалды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 11233,6 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 137,8% - ға орындалды.

2014 жылдың 1 қазанына шағын бизнес субъектілерінің белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 38, бұл 2013 жылғымен (33 субъект) салыстырғанда 115,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3169,6 млн.теңге болып, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 100,6%-ға орындалды.

Аудан бойынша орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз ету – 74,9%.



Қаңтар-қыркүйек айында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 1496 ш.м болады.

Әлеуметтік салада:

Тіркелген жұмыссыздар саны 1 қазанға 485 адам болды. Жұмысқа орналастырылғандар саны 407 адам, былтыр қаңтар-қыркүйекте 374 адам болған.



Денсаулық сақтау саласында:

2014 жылы қаңтар-қыркүйекте туу көрсеткіші 20,1 болды (өткен жылдың сәйкес мерзімінде 19 құраған).



Туберкулезбен ауырған 9 адам анықталған, былтырғы сәйкес мерзімде 16 адам.

Өлім көрсеткіші 7,6% - ды құрады.



Мектеп жасына дейінгі балалардың 99,9%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған.

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар үлесі 34,4% болды.

Қоғамдық тәртіп:

Қылмыстар саны 290 болып тіркелген, былтырғы сәйкес мерзімде 270 болған, ал қылмыстардың ашылу пайызы 10,8-ға дейін жоғарлаған.



Бюджет саласында:

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 595,5 млн. теңге, орындалғаны 654,4 млн теңге немесе 109,9%. Былтырғы сәйкес мерзімдегіден 32,4%-ға немесе 160,3 млн теңгеге артық жиналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет