Зайсан ауданының әкімі Алмас Аманқолұлы Оңдақановтың Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қорытындылары мен 2014 жылы алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы



Дата05.07.2016
өлшемі329 Kb.
#179536
Зайсан ауданының әкімі

Алмас Аманқолұлы Оңдақановтың

Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2013 жылғы қорытындылары

мен 2014 жылы алда тұрған міндеттері

туралы есепті баяндамасы

Құрметті қауым, қадірлі жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есебіне хош келдіңіздер. Жақында қала, ауылдық округтерде өткен есеп халықтың өткен жылғы жұмысқа оң баға беріп, қолдауымен басталды.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы негізінде жыл қортындысымен жылма-жыл барлық деңгейдегі әкімдер халықпен дәстүрлі есеп беру кездесулерін өткізіп, алдағы міндеттерді белгілейді.

Бұдан былай Елбасы тапсырмасына орай қала, ауылдық округтер әкімдері есепті тоқсанына бір рет, аудан әкімдері жылына екі рет беретін болды.

Тарих қойнауына кеткен өткен 2013 жыл Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асырудың, елімізді жарқын болашаққа бастайтын алғашқы және табысты жыл болды.

Ағымдағы жаңа 2014 жыл, 17-ші қаңтары күні Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынан бастау алды. Өсуге еліміздің дамуының жаңа саяси бағыттары жарияланып, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тетіктері мен жоспарлы айқындалған.

Елбасы жолдауында «Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы, күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімді жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Старегияны мүлтіксіз орындау, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!»-деп атап көрсетті

Осы міндеттер аясында ауданымызда өткен 2013 жылдың қортындысы мен ағымдағы жаңа жылдың міндеттеріне тоқталсақ.

Бұл ретте, ауданның әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары мен алда тұрған міндеттер туралы баяндама тезистері аудандық «Достық» газетінің 22 қаңтар 2014 жылғы санына жарияланған.

Бүгінгі кездесуде арнайы слайдтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Өткен 2013 жылы ауданда барлық жоспарланған жұмыстар ойдағыдай іске асты. Аудандағы қала, сегіз ауылдық округтердің аумағында 37 елдімекенде 37942 адам тұрады. Оның ішінде зейнеткерлер 4039, мүгедек адамдар 1359, оқушылар 5952, мектеп жасына дейінгі балалар 3085. Экономикалық белсенді халық 18865. Миграциялық сальдо 2012 жылдан теріс болды, табиғи өсім 419, 2012 ж 436 адам болған.

Ауданда өндірілген ішкі жалпы өнімнің көлемі 17,1 млрд.теңгеге жетті. Оның ішінде өнеркәсіп өнімдердің көлемі 2 млрд. 427 млн.теңге болып, ішкі жалпы өнімнің 14,2 пайызын құрады. 2013 жылы 67,8 мың тонна көмір, 239,9 мың литр минералды және әртүрлі сулар мен сусындар, 60 тонна нан-тоқаш өнімдері, 108 тонна ұн, 43 тонна сүт өнімдері өндірілді. Аудан экономикасында газ, мұнай, көмір өндірілуіне байланысты өнеркәсіп өнімдерінің үлесі жыл сайын ұлғая түсуде. Зайсан қаласына 473 үйге газ кіргізуге жағдай жасалып, газ құбырлары тартылды. Алайда, бүгінгі күні тек бір мектеп, 6 дүкен, 30 дан астам тұрғын үйлер газды пайдалануда. Жалпы таяу жылдарда табиғи газ өндірудің көлемі артып, өнеркәсіп өнімдерін өндіру басты салаға айналады. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеріп, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартады.
Ауыл шаруашылығы
Ауданымыз ауылшаруашылық ауданы. «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген басты бағыттардың бірі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Биылғы Жолдауда да бұл мәселеге басымдық берілген. Елбасы ауылшаруашылығы «Бұл біздің –дәстүрлі саламыз. Болашақ – аграрлық сектордың әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындағы желісін құруы»,- деп атап көрсетті. Осы тұрғыдан жұмысымызды сараласақ.

Өткен жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 14701,1 млн теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығының өнімдерін өндіру 10904,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы саласында 3 млрд. 796,8 млн. теңге болып, оның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты.

2013 жылы Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден және ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз қаражаттары есебінен 240,1 млн. теңгенің инвестициясы тартылды. Мал шаруашылығын дамытуға, атап айтқанда селекциялық және мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізгендері үшін – 91,3 млн. теңге, асыл тұқымды ірі қара және қой сатып алғандары үшін – 73 шаруа қожалығына – 16,7 млн. теңге, жем-шөп дайындау шығынын азайтуға – 84 шаруа қожалығына – 24,2 млн. теңге және сиыр етін өндіріп сатқандары үшін – 17,8 млн. теңге, жиыны - 150 млн. 417 мың теңге субсидия берілді. «Зайсан-Несие» ЖШС арқылы өз құрылтайшыларына 43,1 млн. теңгенің, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 66,6 млн. теңгенің несиесі берілді.

Өсімдік саласын дамытуға 150 шаруа қожалығына 30 млн. 916 мың теңге және бұған қоса минералдық тыңайтқыш сатып алғандарға 1,3 млн. теңге, элиталық бидай, картоп тұқымын сатып алғандарға 581 мың теңге. субсидия төленді. Республикалық бюджет есебінен 1000 га алқапқа саяқ шегірткеге, 1,9 мың гектар алқапқа кекіреге және 400 га картоп егістігіне колорадо қоңызына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Үйдене суландыру жүйесіндегі құны 900,9 млн. теңгеге Р-1, Р-2 магистральды каналдарын қайта жарақтандыру жұмыстары үстіміздегі жылдың тамыз айында толығымен аяқталды.

Ауыл шаруашылық құрылымдары техниканы қайта жарақтандыру бойынша 130,4 млн. теңгеге жаңадан ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды, оның ішінде лизинг бағдарламасы бойынша 5- Беларусь-82 тракторын қондырғыларымен, 2 астық комбайнын құны 63,8 млн. теңгеге алынды. Техникаларды жаңалау бойынша тракторлар 10%-ды, комбайндар 11%-ды құрады.

Өткен жылы көктемгі егіс, күзгі жиын-терінге мал азығын дайындауға 640 тн арзандатылған жанар-жағар май берілді, қажетті тұқым дайындауға төленетін субсидия, егіс суы уақытында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде көктемгі егіс уақытында ұйымшылдықпен өткізіліп, 5598 гектар дәнді астық, 913 гектар жүгері, 2313 гектар майлы дақылдар, 1514 гектар картоп, 785,1 гектар көкөніс, бақша дақылдары және 6137 гектар жерге көпжылдық шөп егіліп, жиыны 17200 гектар жер игерілді. 2012 жылмен салыстырғанда егістік көлемі 1440 гектарға немесе 9 пайызға артты. Дәнді астықтың әр гектарынан 20,8 центнерден, майлы дақылдардан 8,1 центнерден, көкөністен 166,3 центнерден, картоптан 126 центнерден және бақша дақылдарынан 210 центнерден өнім алынып, 13775 тонна дәнді астық, 1877 тонна күнбағыс, 20032 тонна картоп, 13291 тонна көкөніс бақша дақылдары алынды.

Былтыр Қаратал, Сартерек, Біржан ауылдық округтеріндегі кейбір шаруа қожалықтары, көктемгі егісті кешігіп бастап, күнбағыс, жүгері дақылдары, жай пісіп орылып, біраз өнімдерін ысырапқа ұшыратып алды.

Сондықтан қазірден бастап, көктемгі егіске тиянақты дайындалып, қолда бар тұқымды себу дәрежесіне жеткізіп, зертханадан өткізіп, техникаларды толық жөндеуден өткізу қажет. Аудан бойынша егістік көлемін өткен жылдан 10 % арттыру міндеті тұр.

Ұлттық норма бойынша аудан халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жыл сайын орындалып келеді, астық өнімдері – 104, ет – 342, сүт – 131, картоп – 176, көкөніс -190, өсімдік майы – 144 пайызды құрауда. Өндірілген өнімдер аудан халқын толық қамтамасыз етіп, облысымыздың қалалары мен көрші аудандарына саудалануда.

Ауданда картоп, көкөніс өсірген шаруа қожалықтарымен ауылшаруашылық бөлімі, қала, ауылдық округтері 3 жақты меморандум негізінде қоймада сақталған өнімдерді қыс, көктем айларында базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағаға саудалау көзделген. Әр аптаның сенбі күндері тұрақты түрде Зайсан қаласында жәрмеңке ұйымдастырылып келеді, былтырғы жылы 56 рет өткізіліп, 149 млн. теңгенің өнімі базар бағасынан төмен саудаланып, бағаны тұрақтандыруға ықпалын тигізуде.

Бүгінгі күні сараптасақ, егістікке жарамды жерлердің 90%-дан артығы шаруа қожалықтарына бекітіліп беріліп, тиісті құжаттарын алған. Бірақ ол жерді толық игермей отырмыз. Ал сұрағандарға бос жер жоқ. Мен, аудан әкімі қызметіне кіріскен күннен бастап, ұзақ уақыт пайдаланылмай жатқан суармалы егістікті түгендеп, аудан қорына қайтарып, нақты шаруа істейтін дихандарға, инвесторларға беру жөнінде тиісті бөлімдерге, қала, ауылдық округі әкімдеріне тапсырма берген едім. Алайда, нақты жұмысты көре алмай отырмын. Соңғы 3 жылда тек 2900 га ғана суармалы егістік жерлер ауданның арнайы қорына алынған, ал бізде жыл сайын 10,0 мың га жер игерілмейді. Бұл өте аз. Сондықтан, бұл жұмысты ары қарай нақты жүргізіп, толық шешу қажет. Аудан бойынша егістік жерлерді тиімді пайдалану үшін инвестиция тарту және шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмыстарын нақты жүргізу керек. Биыл техникалары жоқ, жетіспейтін ауылшаруашылық құрылымдарына дер кезінде егіндерін егіп, жинап алуға көмектесу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп 1-комбайн, 1-Беларусь тракторын сатып алуды жоспарлап отырмын. Бұл жұмысты ары қарай жалғастырамын. Сондай-ақ Шілікті ауылдық округіне қарасты Қарасай учаскесінде 6000 га астам егістік жерлер бос жатыр, биыл осы жерлерге «Шаған-Оба» өзенін бөгеп, су шығарып, осы жерді игеруді бастауды және инвестор арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын құруды жоспарлап отырмыз. Зайсан қала округіне қарасты игерілмеген 1500 га жерге жүгері өсіріп, оны өндейтін зауыт салуға жұмыс істеуіміз керек. Аудан халқын көкөніс өнімдерімен жыл көлемінде тұрақты қамтамасыз ету мақсатында инвесторлар арқылы Зайсан қаласының маңынан 2 га жерге жылыжай құрылысын салып іске қосу жоспарымызда бар.

Мал шаруашылығы саласында біршама алға басқандық бар. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде түліктердің барлық түрінің саны және оның өнімі жыл сайын 3-8% тұрақты өсіп келеді. Жыл қорытындысы бойынша ірі қара 61318 басқа, қой-ешкі 133147 басқа, жылқы 13701 басқа жетіп отыр. Ет өндіру 111,3%, сүт 100,5%, жұмыртқа 135,4%, жүн 111,9% орындалды.

Қыстамаға 131 мың тонна ірі қара сабақты мал азығы, 900 тонна сенаж, 1200 тонна силос дайындалды. Бұл қолда бар малға толық жеткілікті. Сондықтан, барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, мал басын қыстан аман сақтап, алып шығу басты міндеттердің бірі.

Мал басы өскенімен оның сапасы бүгінгі күн талабынан өте төмен. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы баяу жүргізілуде. Асыл тұқымды малдар ірі қарада - 1,2%, қой-ешкіде - 2%, жылқыда - 3,5% ғана. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – малдың өнімділігін арттыра отырып, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттігін арттыру. Ал бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін сапалы мал өсіріп, тұрақты түрде асылдандыру жұмысымен айналысуымыз керек. Ауданымызда осыдан 4-5 жыл бұрын асыл тұқымды мал статусын алған 4-ақ шаруашылық бар. Олар «Байыс» типті асыл тұқымды қой өсіретін «Қара Ертіс», қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын өсіретіндер «Нұр», «Ақбай», «Жабы» тектес жылқы өсіретін «Түктібай» шаруа қожалықтары ғана. Соңғы 2-3 жылда ауданда бірде-бір шаруа қожалықтары асыл тұқымды статусын алмаған.

Үкімет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға ауданға қомақты қаржы берілуде. Тек 2013 жылы ғана «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 100,9 млн., «Сыбаға», «Жайлау» бағдарламаларына 129,0 млн теңге несие берілді.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында өткен жылы ғана 118 бас асыл тұқымды ірі қара бұқалары сатылып әкелінді, бұл аз. Зайсан қаласында, Дайыр, Сартерек, Кеңсай ауылдарында ғана қолдан ұрықтандыру бекеттері ұйымдастырылған. Сонда басқа ауыл округінде бұл шаруа керек емес пе? Сондықтан, ауылдық округі әкімдері, мал мамандары осы бағыттағы жұмыстардың пәрменділігін арттырып, бұл шаруаны нақты жандандыруға тапсырма беремін.

Үкіметтің тарапынан ветеринарлық қауіпсіздікті сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, малдардың жұқпалы ауруларының алдын-алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылып, материалдық-техникалық базалары да нығаюда. Өткен жылы ғана ауданда 8 ветеринариялық пунктер құрылып, 10 компьютер, 8 «Нива», жаңа қосымша 1 ДУК автокөлігімен қамтамасыз етіліп, 75 мал дәрігерлері жұмысқа тартылды.

Мал дәрігерлік жұмыстарға, жұқпалы аурулардың алдын алуға 81,0 млн.теңге бөлініп, іс-шаралар толықтай атқарылды. Жыл сайын бұл көрсеткіш еселеніп, 2010 жылмен салыстырғанда 2 жарым есе көбейді. Бұл- мемлекет тарапынан малшы қауымға үлкен қамқорлық. Алайда, мал дәрігерлік жұмыстар атқарылғанымен ауданда ірі қара, кой малдарынан сарып ауруы азаймауда. Тек, былтырдың өзінде ғана 488 бас ірі қара, 1677 бас қой-ешкі сарып ауруына оң таңба беріліп, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жойылды. Қой-ешкі малдарының құны бюджет есебінен төленді. Сонымен қатар, соңғы кездері ауданда аусыл ауруына күдікті малдар тіркелуі алаңдатуда. Жалпы, малдардың жұқпалы ауруларының алдын-алуға барлық жағдайлар жасалып келеді, әліде жасалады. Сондықтан, осы саламен айналысатын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, аумақтық инспекцияның және аудандық ветеринариялық қызмет жөніндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мамандары мал арасынан ауруларды болдырмаудың нақты іс-шараларын сапалы атқаруларына уақыт жеткен сияқты.

Мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау ережелеріне биылдан бастап өзгерістер енгізіліп, 600 бастан асқан саулық қойы бар шаруашылықтарға, асыл тұқымды қошқарлармен шағылыстан өткізіп, селекциялық жұмыстар жүргізгендері үшін әр аналық басқа 1500 теңге субсидия төлейді. Қосымша биыл аудан «Жайлау» бағдарламасына енгізіліп, қой сатып алуға 62,0 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл бағдарламаға сәйкес әліде қаражат бөлінеді. Осының барлығы ата кәсібімізбен айналысатын шаруашылықтар үшін үлкен жақсылық және қолдау.


Шағын және орта кәсіпкерлік
«Қазақстан-2050» Стратегиясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ел экономикасының негізі ретінде аталған. Елбасы биылғы жолдауында осы салаға ерекше тоқтай отырып, «Шағын және орта бизнесті дамыту – XXI ғасырдағы Қазақстандағы индустриялық басты құралы. Экономикамызда оның үлесі артқан сайын еліміздің дамуыда орнықты бола түседі», - деп атап көрсетті. Бұл орайда, ауданымызда және кәсіпкерлікпен айналысатын 2352 кәсіпкер жұмыс істейді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 12,6 % артық,

Шағын бизнес субъектілерінің тіркелген заңды тұлғалар саны-63, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны-37, бұл былтырғы жылғы деңгейде, оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны 37, бұл 8,8 % артық.

Жалпы кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетудің барлық түрімен айналысып, халық сұранысын өтеп келеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 407,1 млн.теңгенің салығы түсіп, 8,5%-ға артып, ауданның өз кірісінің 57,1%-ын құрап отыр. Ауданда бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 2013 жылы 2950,0 млн.теңге болып, 14 % артты.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 жоба және инфрақұрылым бойынша 1 жоба іске асырылды

«СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинатын темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайту және жаңалау жобасы облыстық аймақтық индустрияландыру картасына енгізіліп, жалпы құны 325 млн.теңге, несие қаражатын алып, жұмыстар атқарылып, 20 адам жұмыс орнымен қамтылды. Сонымен бірге жобаның инженерлік инфрақұрылымдарын салуға (электроторабы, жылу жүйесі, байланыс қызметі, жабдықтау арналары, су жүйесі құбырларын жөндеу жұмыстары) 270 млн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2013 жылы жоспарланған 10,0 мың м3 тонна темір бетон өнімдері өндірілді.

Жеке кәсіпкер Ш.Келгенбаев «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидиялау бойынша 41 млн. 500 мың теңге несие алды.

2013 жылдың 15 тамызында Шығыс Қазақстан облысының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауына 2 жоба ұсынылды. «СМУ Шығыс» ЖШС-ның құны 411 млн теңге «Құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын кеңейту және жаңалау жобасының 2 кезеңі» жобасы мақұлданып, аймақтық индустриаландыру картасына енгізілді. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-ның құны 27500 млн. тенге «Сарыбұлақ - Майқапшағай газқұбыры желісінің құрылысы» республика деңгейінде қарауға жіберілді.

«СМУ-Шығыс» ЖШС-нің осы жобасының қаражаты несие «БРК – Лизинг» арқылы 329 млн. теңге, өз қаражаты 82 млн. теңге. «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып танылды. Жоба іске асырылғанда жылына 6000м3 темір бетон бұйымдары шығарылады. Ерекшелігі итальяндық «Корсетти» фирмасының темір бетон трубасын шығаратын жаңа технологиясын енгізу болып табылады. Қазіргі цехта істеп тұрған технология бетон массасын формаға келтіру 90 метрлік жолда жасалады, жаңа жоба бойынша автоматтық виброқысым құрылғысында жасалады.

2013 жылғы 19 шілдесінде аудандық кәсіпкерлік бөлімі, БҰҰ Даму бағдарламасының бизнес кеңесшісі, аудандық кітапханадағы Онлайн –орталықпен біріктіріліп, «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» ашылды. Орталық өз кәсібін жаңа бастаған, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды және кәсіпкерлікті жүргізуге қажетті бизнес жоспар жасауды, т.б. түсіндіреді. Осы уақытқа дейін 151 адамға кәсіпкерлікті жүргізу туралы кеңес берілді. Жақында ауданымызда Республикалық кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімшесі ашылды.

Зайсан қаласында бірнеше толайым сауда орындары жұмыс істеп, оңтүстік аудандардың сауда орталықтарына айналып отыр.Тек, былтырдың өзінде бүгінгі күн талабына сәйкес 3 сауда орны, 1 қонақ үйі, асханасымен пайдалануға берілді

Сонымен қатар, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон және кірпіш, пластикалық есік, терезе өнімдерін, «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-нің асфальт-бетон, пластикалық есік, терезе өнімдерін, жеке кәсіпкерге Р.Қыдырхановтың ағаш өнімдерін шығаратын цехы-құрылыс материалдарын шығарып, тұтынушыларға жеткізілуде.

Ауданда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға жер учаскелері кедергісіз берілуде. Былтыр осы мақсатқа жалпы алаңы 1,12 га 8 кәсіпкер жер учаскелері берілді

Бағаны тұрақтандыруға байланысты аудандық құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі аудан әкімінің жанындағы штаб отырысы тұрақты өткізілуде. Штаб отырысына азық-түлік саудалау орындары, дүкендер және жанар жағар май құю станция иелерін шақырып, үнемі түсінік жұмыстары жүргізілді. Қала, ауылдық округ әкімдері 2013 жылы бағаны тұрақтандыруға байланысты кәсіпкерлермен , атап айтқанда 16 наубайхана, 119 сауда дүкені, 6 жанар жағар май құю станциясымен, 90 шаруа қожалықтармен, 4 май сығу орнымен, 8 дәріхана жиыны 246 меморандум жасады. Меморандумдардың орындалуы тұрақты бақылауда

Бірлесіп қабылдаған меморандум негізінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне сай кәсіпкерлер 2013 жылы 248 млн. 548 мың теңгенің көлемінде әлеуметтік салаға қайырымдылық, демеушілік көмектерін көрсетті.

2017 жылы «ЕХРО-2017» көрмесі еліміздің Астана қаласында өтетіні белгілі.Осыған кәсіпкерлеріміз өңіріміздің табиғи байлығын, өнімдерін паш етуге ат салысулары тиіс. Оған қолынан іс келетін, патриот, жаңалыққа құмар кәсіпкерлеріміз жеткілікті.Тек биік мақсат қойып, алдыға ұмтылу қажет.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, транспорт, энергетика, байланыс, жол, жолаушылар тасымалдау қызметі үнемі аудан әкімінің назарында болып келеді. Бұл салаға 2013 жылы аудан бюджетінен 187,2 млн теңге қаражат қаралып, жұмсалды. Бақылаудың, көрсеткен қызметтердің нәтижесінде қала, ауылдық округтеріндегі ауыз су жүйелері толық жұмыс істеуде. 2013 жылы шілде айынан бастап Көкжыра ауылын сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 12,3 млн. теңге аудандық бюджеттен бөлініп, су тазартқыш қондырғы қосылып, ауыз сумен қамтылды. Тасбастау ауылына аудандық бюджеттен 11,5 млн теңге бөлініп ауыз суға берілді. Сондай-ақ, Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Қайнар-2 ауылына жанындағы өзі ағып тұрған скважина жанынан арнайы құбыр арқылы ауыз су ауыл орталығына берілді. Жаңатұрмыс ауылын таза сумен қамту жөнінде бұрғылау жұмыстарын жүргізіп едік, суды шығара алмадық. Себебі, ауыл маңынан жер асты суы табылмады. Енді, биыл жанындағы Жеменей өзеніне су тазалағыш қондырғы қойып, электр линиясын тартып, насос арқылы таза су беруге аудандық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Ауданда халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту 2012 жылы 67,6% болса, 2013 жылы 74,8% болып, 7,2% өсті. Ауыз сумен қамтылмаған басқада кіші ауылдарды сумен қамту жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар.

Зайсан қаласындағы қала ішінде жүретін автобустардың шығынын қосымша өтеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп келеді. Биылғы жылы бұл мақсатқа 15 млн. теңге бөлініп отыр, былтыр 12,0 млн. теңге болған. Себебі жаңа автобустар алу жоспарлануда.

Аудандық бюджеттен қала көшелерін жөндеуге 60,0 млн.теңге, аудандық маңызы бар жолдарды қалыпты жағдайда ұстауға 21,1 млн. теңге қаражат бөлініп, игерілді. Сартерек ауылының жанындағы «Бәйтерек» сауықтыру кешеніне баратын жолды жөндеуге Республикалық бюджеттен 42,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 4,7 млн. теңге қаржы бөлініп, жолға толығымен асфальт төселді. Биыл, 2 көпіріне кеңейту жұмыстары жүргізіледі.

Өсекемен, Семей, Астана, Алматы қалаларына жолаушыларды тасымалдау жүйелі жүргізілуде. «Зайсан-Өскемен» бағыты бойынша әуе қатынасы былтыр жұмасына 1 рет болса, ал 2014 жылы жұмасына 2 рет ұшады. «Зайсан-Алматы» бағытында әуе қатынасын ашуға жұмыс жүргізілуде.

Бюджеттік, жеке мекемелер, аудан тұрғындары қыс мезгілінде сапалы көмірмен, отынмен қамтамасыз етілуде. Көмірден ешқандай тапшылық болған жоқ, электр энергиясымен қамту, телефон, пошта байланысы, тұрмыстық газбен қамту қызметтері тарапынан іркіліс болған емес.

Биылғы жылы Зайсан қаласында басқа бөліктерін газбен қамтуға байланысты жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Зайсан қаласынан басқа ауданда бірінші кезекте 9 ауылды (Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал) газбен қамтуға «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС өз қаражаты есебінен құны 791,7 млн. теңгеге құбыр және осы ауылдардың ішкі газ тарту құбырына облыстық бюджеттен 50,4 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өтті. Бұл жұмыстың жалпы сметалық құны 1 млрд .276 млн. теңге болды. Қазір осы қаржыларды бөлуге жұмыс жүргізілуде.

Аудан халқын бүгінгі күні 4 ірі банк филиалдары, банкоматтарымен қызметін көрсетуде. Интернет, теледидар жұмыстары жақсарып, халықты ң«Отау ТВ» жүйесін пайдалану саны көбеюде.
Құрылыс саласы, абаттандыру.

Аудандағы елді мекендердің келбетіне көрік қосып, ел игілігіне арналған жаңа құрылыс нысандарын салу, ағымдағы, күрделі жөндеу, құрылыс жұмыстары жыл сайын қарқын алып келеді. Құрылыспен айналысатын кәсіпкерлердің құрылыс базалары нығайып, олар жаңа құрылыс технологияларын игеруде. 2013 жылы 5400,0 млн.теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 909,6 млн.теңгеге немесе 20,3 % артық болды. Бүгінгі күні аудан бойынша 660 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл бағытта, тұрғын үй кезегін азайту мақсатында мемлекеттік «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша ауданымызда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Жобаның құны 339,2 млн.теңге, инженерлік желілері - 35,3 млн.теңге болатын Зайсан қаласында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 60 отбасы қоныс тойын тойлады.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында бір үйдің жалпы құны 426,7 млн.теңге болатын 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталып, 2013 жылы 567,7 млн. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Қазіргі кезде құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде, құрылыс жұмысы биыл желтоқсан айында аяқталып 120 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, 24 жеке меншік үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы аудан бойынша 7055 м2 тұрғын үй көлемі беріліп, ол 2012 жылмен салыстырғанда 57 % артық орындалды.Зайсан қаласында құны 1429,1 млн.теңге болатын 600 орындық мектеп, 300 орындық интернатымен салу құрылысына 2013 жылы 750,0 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, биыл қолданысқа беріледі.

Аудан орталығында жас натуралистер станция ғимараты және жылыжай салу жұмыстарына аудандық бюджеттен 24,2 млн.теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілді. Мұндай станция облыс, тіпті республика көлемінде санаулы. Сондай-ақ, сметалық құны 337,2 млн.теңгеге Зайсан қаласы Бөгенбай көшесінде 140 орынды бала-бақша құрылысы басталып, 95 млн.теңге қаржы игеріліп, биыл құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.

Мемлекеттік «Ақ бұлақ 2020» бағдарламасы бойынша сметалық құны 274,2 млн.теңгеге Айнабұлақ ауылында, сондай-ақ құны 329,4 млн.теңгеге Дайыр ауылында су құбырлары тартылып, пайдалануға берілді.

Аудандағы келелі мәселелердің бірі- ауыз су жүйелерімен бірге, ескірген кәріз жүйелерін жаңалау. Әсіресе, бұл Зайсан қаласында өзекті мәселе болған. Сол себепті 2013 жылы сметалық құны 1385,0 млн.теңге болатын, «Зайсан қаласындағы кәріз суды әкету және тазалау қондырғылары» нысанының құрылысына 555,6 млн.теңге қаражат бөлініп жұмыстары атқарылып, қаржы толығымен игерілді. Биыл құрылыс аяқталып, қолданысқа беріледі.

Зайсан қаласын абаттандыру, көркейту жұмыстары жыл сайын қарқын алып келеді. Өткен жылы ғана Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші орнатылып, алаң салынып, пайдалануға берілді, орталық алаңға су бұрқағы (фонтан), рәміздер монументі, үлкен теледидар орнатылды. 6 жерге бейнебақылау камералары және 3 жерге бағдаршамдар (светофор) қойылды. Спортшылар аллеясына ауданымыздың атақты спортшыларына фото стенд, әуе апатынан қайтыс болған жерлес шекарашыларымызға ескерткіш қойылды. Желтоқсан көшесінің аяғына көркейту, көгалдандыру мақсатында су жүйесімен бірге жаңадан саябақ салынды. Абай, Астана көшелері асфальтталды.

Головченко, Ибраев, Спамбетов көшелері жарықтандырылды.Зайсан қаласына 20 мүсін сатып әкелініп, орнатылды. Көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстарына қаладағы барлық мекемелер, ұжымдар, кәсіпкерлер, қалың жұртшылық жұмылдырылып келеді. Қала, ауыл көшелері гүлге толып, келген қонақтар ауданның келбеті мен көркіне тамсанулары бізді қуантады. Ауданымыздағы осындай атқарған жұмыстарымызды қолдап, шын пейілдерімен атсалысқан мектеп ұжымдарына, мекеме қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

Соңғы 2 жылда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауданда Дайыр, Сартерек, Қаратал ауылдары тірек ауылдары қатарына кіріп, осы мекендерде құрылыс жұмыстары өте қарқынды жүргізілді. Осы жылдарда футбол, хоккей алаңдары, саябақтар, балалар ойнайтын алаңдар салынып, көшелері асфальталып, жарықтандырылды.Барлығында тұрғын үйлер жанындағы қоршаулар жаңартылды.

Басқа елді мекендерде назардан тыс қалған жоқ. Оларға да қомақты қаржы бөлініп, құрылыс, күрделі, ағымдағы жұмыстар жүргізілді.

2013 жылы аудан орталығы Зайсан қаласының, 3 тірек ауылдарының (Сартерек, Дайыр, Қаратал) бас жоспарлары қайтадан әзірленіп, дайындалды.

Білім және мәдениет салалары

Аудан мектептерінің, мектепке дейінгі, одан тыс мекемелердің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға нығаюда.

Өткен жылы білімге 1818681,0 мың теңге қаржы бөлінді, ол аудан бюджеттің 53 % құрады. 2013 жылы ауданның 9 білім беру нысандарында 228,2 млн. теңгенің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Міндетті білім беру қорына (всеобуч) 24412 мың теңге бөлініп, ол бөлінген қаржының 2,0 % болды (облыс 2%). Биыл 3% болып, артты.

Бүгінгі күні аудан мектептерінде 5952 бала білім алуда. Үлгерім 100%-ды, сапа 50,5% құрады, облыс бойынша 48,8 %. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 472 оқушы (мектеп бітірушілер саны 517), қатысу -91,3%, бұл облыс көлемінде ең жоғары көрсеткіш. Аудан бойынша орташа балл- 71% болып, бұл көрсеткіш өткен жылдан 2 балға кем болды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 8 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. 113 түлек (55 %) мемлекеттік грантын иеленді.

2013 жылы жергілікті бюджеттен 2, республикалық бюджеттен 2 жиыны 4 химия кабинеттері алынды. Биыл 5 кабинет алу жоспарлануда. Мектеп-интернатты, мектеп жанындағы интернаттардағы балаларға толық жағдай жасалып отыр. 3 шақырым қашықтықтан артық орналасқан мектебі жоқ елді-мекендерде тұратын оқушыларды мектепке күнделікті тасымалдау ұйымдастырылуда. Мектеп автобустары кезегімен жаңаланып келеді. Ауданда мектеп жасына дейінгі балалардың 99,4% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 2012 жылмен салыстырғанда 1,7% артты. Биыл «Балапан» бағдарламасы аясында жаңадан салынып жатқан 140 орындық және М.Дәуленов атындағы орта мектебіндегі 125 орындық бұрынғы «Балауса» балабақшасын ашу жоспарланып отыр.

5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істеп келеді, оған 1546 оқушы тартылған. Қосымша білім берудің желісін кеңейту мақсатында Дайыр, Қаратал ауылдарынан музыка мектебінің филиалдары ашылып, жұмыс істеуде. Зайсан қаласында жас натуралистер станциясы пайдалануға берілді.

Аудан мектептерінің, мектепке дейінгі, одан тыс мекемелердің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға нығаюда.

Балардың жазғы демалысын ұйымдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалып келеді. Сарытерек ауылындағы «Бәйтерек» спорттық-сауықтыру орталығында аудан оқушыларының жазғы демалысын жоғарға деңгейде өткізуге барлық жағдай жасалып, мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Өткен жылы жазғы демалысты ұйымдастыруға жиыны 5420 оқушы тартылып, бұл барлық сыныптағы оқушылардың 97 % құрады.

Балалардың бос уақытын ұтымды пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерде спорттың 14 түрінен секциялар ұйымдастырылып, оған 2746 оқушы тартылған, ол 46 % құрайды. Облыста өткен IX жазғы оқушылар спартакиадасына аудан намысын қорғауға 42 оқушы қатысып, спорт ойындарының 7 түрінен өнер көрсетіп, аудан командасы облыста жүлделі III орынды еншіледі.

2012-13 оқу жылы 5546 оқушы (100%) ыстық тамақпен қамтылды. 2013-14 оқу жылы да оқушылардың барлығы ыстық тамақпен қамтылып, аптасына 5 рет бал, 2 рет Зайсан сүт зауытының сүті берілуде. Биылғы жылы оқушыларға күнделікті берілетін тамақтың бағасын 2 есеге арттыруға бюджеттен қаржы бөлінді. Орта мектептердің жанынан жылыжайлардың саны көбейіп, балалардың асханадағы тамағына қыс айларымен ерте көктемде көкөніс түрлері беріліп келеді.

Аудандағы 67 жетім баланың Үкімет қаулысына сәйкес 34 бала тұрғын үй кезегіне қойылып, осы жаңа жылдың алдында 28 жетім балаға жалдамалы тұрғын үйден пәтерлері берілді.

Жыл сайын жаңа оқу жылында аудан ұстаздарының қатары жас мамандармен толтықтырылып келеді. 2012 жылы 16 жас маманға көтерме ақы, 7 маманға тұрғын үй сатып алуға пайызсыз бюджет есебінен несие берілсе, 2013 жылы 10 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен орналасып, көтерме ақыға ие болды.

Аудандық білім саласында жетістіктермен қатар кемшіліктерміз де бар.

Бірыңғай Ұлттық тест қорытындысында 7 орынға түсіп, облыстың орташа көрсеткішінен 1,4 балға төмен болдық. (облыс 72,4, аудан 71).

Аудан көрсеткішінен 10 мектеп төмен балл алды. Төменгі көрсеткіштер М.Ломоносов, Х.Мұстафина, Мүкарама, Жарсу, мектеп- интернат, Қазақстан, Амангелді, Абай. Шілікті, Шекарашы орта мектептерінде.

Оқушылар арасында бұзақылық, әртүрлі жат қылықтар көрсету пиғылынан арылмауда. Аудандық ішкі істер бөлімінде 12 оқушы есепте тұрады.

Білім саласын арттырудың бірден-бір жолы бөлінген қаржыны, мектептердің материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану және мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру болып табылады.

2013 жылдан бастап кәсіптік-технологиялық лицей колледжге айналдырылып, онда 293 студент 7 мамандық бойынша білім алуда.

2013 жылы 91 студент 3 мамандық бойынша бітіріп, бүгінгі күні 71-і немесе 78 пайызы жұмысқа орналасты.

Жыл сайын кәсіптік-техникалық лицейдің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. ҚР білім және Ғылым министрлігінің «Индустриалды даму жоспары» жобасының грантын жеңіп алып, Халықаралық Даму банкісі арқылы 50,6 млн.теңгенің қаржысы бөлініп, тиісті кабинет, шеберханаларға құрал жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар оқу процесіне пайдаланатын техникалары да жаңалануда.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2 мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 9 кітапхана, олардың жанында халықтық атағы бар 9 өнер ұжымдары жұмыс істейді. Мәдениет ошақтарының материалдық –техникалық базасы жыл сайын нығаюда. Былтырғы жылы мәдениет саласына 166,7 млн теңге бөлінсе, биыл 219,4 млн теңге бөлініп отыр.

Қаратал ауылындағы клуб үйіне 20,2 млн теңгеге толық ағымдағы жөндеуден өтті. Шілікті ауылындағы мәдениет үйіне аудан бюджетінен 3 млн 957 мың қаржы бөлініп, төбесі жөнделді, тілдерді дамыту мақсатында аудандық бюджеттен 275,0 мың теңге қаражат берілді.

Аудан кітапханаларында кітап қоры көбеюде. Былтыр облыстық Пушкин атындағы кітапхана аудандық кітапхана мен Қаратал ауылдық кітапханаға 3 ноутбуктан, экран, проэкторлар және интернет желісіне тегін қосып берді. Ауыл кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, халықтың әлсіз топтары мен жергілікті тұрғындар үшін компьютерді, интернетті үйрену үшін тренингтер ұйымдастырылды. Биылда мәдениет саласының базасын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлініп, LED экран, жаздық сахна қондырғысы, сахна киімдерін алу және аудандық мәдениет үйінің төбесін шатырлау жоспарланып отыр. Жыл сайын мәдениет қызметкерлерінің қатары өнерлі жас кадрлармен толықтырылуда. Былтыр театрдың актер-әншісі М.Далабаевқа «Қазақстан Республикасының мәдениет саласы үздігі» атағы берілді. Жалпы, түйіндеп айтсақ, мәдениет ошақтарының проблемалары негізінен шешімін тауып отыр, ендігі міндет жұмысты талапқа сай үйлестіріп, аудан халқына қызмет ету сапасын арттыру.

Денсаулық саласы

Аудандық денсаулық сақтау саласында аудан халқына 7 бөлімнен тұратын 145 төсектік аурухана, амбулаториялық-поликлиникалық көмекті 1 қалалық, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория өздеріне қарасты ФАП және медициналық пунктерімен көрсетеді. Төсекпен қамту 10000 тұрғынға 40,6.

72 дәрігер, 241 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлердің 55,2%, орта буын медицина қызметкерлерінің 64% біліктілік санаттары бар. Мамандандырылған медициналық көмек аудандық ауруханасының клиникалық-диагностикалық бөлімі және кіші диагностикалық орталығы арқылы жүргізіледі.

Науқастарды стационарға жоспарлы түрде жатқызу электрондық порталы арқылы іске асуда. Ана мен бала денсаулығын қорғау және өлім деңгейін азайту мақсатында бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының медицина қызметкерлері жаңа бағдарламамен оқыту жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында профилактикалық тексеру жүргізу, ауруы анықталған науқастарды диспансерлік есепке алу және сауықтыру шаралары тиянақты атқарылуда.

Жылжымалы ФЛГ қондырғы және жылжымалы медициналық комплекс елді-мекендерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жекелеген санаттағы диспансерлік есепте тұрған науқастарға және балаларға тегін 42 млн-ға дәрі-дәрмек берілді.

2 жылдай облыс орталығына ауыр халдегі науқастар және жүкті әйелдер медицина қызметкерлерінің жолсерігімен «Реомобиль» автокөлігімен жүргізілуде. Жыл сайын аудандық аурухана жаңа заманғы медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылып келеді. Терапия, хирургия корпустарының жылу, су, канализация жүйелеріне күрделі жұмыстар жүргізілді.

Дегенмен ауданымыздың медицина саласы мекемелеріне жекелеген дәрігерлер қызметіне халықтың наразылығы азаймай келеді. Ауруға нақты диагноз қойылмағандықтан теріс емдеу фактілері орын алуда. Ауруларды қабылдауда дәрігерлік жылылық таныту төмен. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлығы дәрігер, ақ халатты абзал жан сеніміне нұқсан келтіруде.
Спорт және салауаттылық

Ауданда спорт саласы бойынша 1 стадион, 23 спорт залы, 14 жасанды спорт алаңдары, 7 хоккей қораптары, 4 мылтық ату тирі, 1 ашық су бассейні, 1 спорт модулі, 1 сауықтыру спорт орталығы халыққа қызмет көрсетеді.Спортқа бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын ұлғайтылуда.

2012 жылы ауданда спортты дамытуға аудан бюджетінен 30,6 млн.теңге берілсе, 2013 жылы 38,8 млн.теңге жұмсалды. Өткен жылы 5 мини-футбол алаңын салу жоспарланса, бүгінгі күні 7 алаң салынып, пайдалануға берілді. Шілікті ауылдық округінде футбол алаңын «Туған жер-алтын бесігім» акциясы аясында жерлестері салып берді.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде дене шынықтырумен ұдайы айналысушылар саны 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылғы 7,4 % артып,10392 адамға жетті. Соңғы 2 жылда облыс әкімі жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындарында аудан спортшылары 3-4 орындардан көрініп келеді.

Дегенмен, бұл салада кемшіліктеріміз де бар. Спорт базаларын пайдалану деңгейі төмен. Жыл көлемінде спорт жұмыстарын жоспарлы, үйлесімді атқара алмай отырмыз.

Жалпы салауатты өмір салтын ұстанып, спорт түрімен айналысуға жастарды мейлінше тартсақ ол аудан көлемінде тәртіпті нығайтуға, көшеде бұзақылықтарды болдырмауға үлкен ықпалын тигізер еді.




Жұмыспен қамту.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша ауданда біршама жұмыстар атқарылуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 133 адам болып, экономикалық белсенді халықтың ішінен 0,7% құрады. 2013 жылдың 1 қаңтарына 620 адам жұмыссыз ретінде есепке аланып, оның 458 адамдары әртүрлі жұмыстарға орналастырылды. Жаңадан 412 жұмыс орындары ашылды, ал 2012 жылы 236 жаңа жұмыс орындары ашылған болатын. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 501 адам жіберіліп, оларға 17,4 млн теңге қаражат төленді, 45 жас мамандар жастар іс тәжірибесіне жұмысқа жіберіліп, оларға 5,3 млн. теңге қаражат қарастырылды. 500,0 мың теңге қаражат төленіп, 20 адам кәсіптік даярлаудан өтті. Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам жіберіліп, бұл мақсатта аудандық бюджеттен 438,0 мың теңге, ал республикалық бюджеттен 10,3 млн теңге жұмсалып, 77 адам жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Дайыр ауылындағы мектептің ағымдағы жөндеу мен спорт алаңы құрылысына, Қаратал ауылында мәдениет үйін ағымдағы, орта мектебін күрделі, балалар спорт алаңын салу және Рамазанов көшесін ағымдағы жөндеу мен жарықтандыру, Сартерек ауылында балалар спорт алаңын салуға, Кеңсай ауылында жастар саябағын абаттандыру, балалар спорт алаңын құрылысына, хоккей кордың орналастыруға және Айнабұлақ ауылындағы мектебінің қоршау, жөндеу жұмыстары үшін 63 адам уақытша жұмысқа жіберілді.

Осы бағдарламаның екінші бағытының бірінші кезегінде 3 несиелік серіктестер 160,0 млн. теңгені соңғы заем алушыларға таратып берді. Ал екінше кезеңінде 4 несиелік серіктестік 100,0 млн теңге қаражатын алып, 39 адамға таратып берді. Несие алушылар кәсіпкерлік жұмыстарының көлемін ұлғайтып, кейбіреуі кәсіпкерлік жұмыстарын жаңадан бастады.

Бағдарламаның үшінші бағытында 2,3 млн теңгеге 23 адам қайта даярлаудан, 10 адам біліктілігін арттыру курстарын оқып, жұмысқа орналастырылды.

Әлеуеті төмен елді мекендерден 9 отбасы көшірілді.



Әлеуметтік сала

Аудан әкімі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларын қолдауға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлеріне қамқорлық жасауға әлеуметтік қорғауға, жұмыссыздықты азайтуға назар аударып келеді.

2013 жылы 189 отбасының 669 мүшесіне 31 млн. 247 мың теңге атаулы көмек тағайындалып, төленсе, 2012 жылы 202 отбасының 714 мүшесіне 28 млн 129 мың теңге төленген немесе атаулы әлеуметтік көмек алушылар 7 пайызға азайды. 2013 жылы 718 отбасындағы 1998 балаға 31 млн. 190 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. Табысы аз 92 отбасына 2 млн. 200 мың теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді. Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж 157 адамға 1 млн. 549 мың теңге материалдық көмек, туберкулезбен ауыратын 51 адамға 938,5 мың теңге, тубвиражға қарсы және 140 балаға санаторияларға баруға жол қаражатына қосымша 1 млн. 341 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендерге, Чернобыль апаты мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 116 адамға 5590 мың теңге материалдық көмек берілді. Халықаралық 8 наурыз мерекесі мен 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және оданда көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1560 анаға -15 млн. 735 мың теңге біржолғы материалдық көмегі төленді. Үйде оқып-тәрбиеленгендері үшін 62 мүгедек балаға 4 млн. 357,4 мың теңге материалдық қамсыздандыру көмегі берілді. Ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс істейтін 852 мамандардың коммуналдық қызметтеріне 6 млн 134,4 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. «Уба» демалу-сауықтыру орнында 57 адам, «Бурабай» санаторийінде 4 мүгедек емделіп келді.

Жыл сайын қарттарға, мүгедектерге, жетім балаларға «Қайырымдық айлықтарын» өткізу дәстүрге айналып келеді.

Ауданға келген ағайындарымыз оралмандарға барлық жағдай жасалып келеді.Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсіресе ауылшаруашылығын, кәсіпкерлікті дамытуда сүбелі үлес қосып келеді. БҰҰ даму бағдарламасы арқылы оралмандарды қазақ, орыс тілдері және компьютерлік сауаттылыққа оқытылып, 900 оралман сертификат алды. Бұл жұмыс жалғасын табады.
Ішкі саясат

Аудандағы қоғамдық саяси жағдай жалпы алғанда тұрақты.Ауданда орналасқан барлық қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен, партиялармен сындарлы байланыс орнатылған

Алдымызға қойылған ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандық мәдени жадымызды сақтау және оны дамыту, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру барысында өткен жылы ауданда 545 әлеуметтік маңызды іс-шаралар атқарылды. Барлық аталып өткен ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік мерекелерде және атаулы күндерде аудан активі, мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени орталықтарының өкілдері, жастарымыз белсенділік танытып, қатысып отырды. Ардагерлерге, аналарға деген қамқорлық жалғастырылуда, Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай, ауданымыздың 40 батыр аналары еліміздің жүрегі Астана қаласына саяхаттап, ауданға еселі еңбегін сіңірген ардагер ағаларымыз Марқа өңірінің табиғатында демалып қайтты, бұл шаралар әрі қарай жалғасын табады. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда жастармен жүргізіліп жатқан істер де біршама, шағын бизнеспен айналысамын дегендерге қолдау көрсетілді, үйлі болды, жұмысқа орналасты. Жастар орталығы жанында Елбасының Жолдауын және «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасын насихаттау барысында «Жастар ауылға», «Зайсандықтар – нұрлы болашақ жолында» атты 2 үгіт-насихат поезі ұйымдастырылып, Зайсан, Тарбағатай аудандарының елді мекендерін аралап, насихат жұмыстарын жүргізді.Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалайтын тұрғындар үлесінің артуы мақсатында өңірлік VI-ші Азаматтық Форумы, өңіраралық интеграцияны дамыту бойынша Аягөз, Тарбағатай ауданының мәдени күндері, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Дін татулығы – ел татулығы» атты семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, республика, облыс аймақтарынан келген ақпараттық-насихаттық топтарының кездесулері, «Туған жерге тағзым», «Туған ел алтын бесігім» акциясы тәріздес аса маңызды іс-шаралар өткізілді. «Туған жерге тағзым» акциясының 5 жылдығы аталып өтіліп, акция аясында ауданда 5 жылда 1 млрд.18 млн.теңгенің 235 жобасы іске асырылса, тек 2013 жылы 151 млн.998 мың теңгенің 111 жобасы іске асырылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Облыс басшысы Б.М.Сапарбаевтың тағы бір бастамасы өңір басшыларының студент жастармен кездесіп, оларды туған ауылдарын түлетуге тарту барысында берген тапсырмасына орай, Өскемен, Семей қалаларында оқып жүрген Зайсан ауданының студенттерімен кездесулер өтіп, жұмыстар жүргізілді.

2013 жылы аудандық ішкі істер бөлімінде құқық бұзушылыққа, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтауда біршама жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы аудандық ішкі істер бөліміне 358 қылмыс тіркеліп, оның басым көпшілігі ұрлық, мал ұрлығы, пәтер ұрлығы бойынша жасалған қылмыстар. 2012 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы, әлімжеттілік, нашақорлыққа байланысты қылмыстар азайып, қылмыстың ашылу пайызы 56,2 пайызды құрап отыр. Ауылдық округтердегі учаскелік полиция қызметкерлерінің әр ауылда қоғамдық көмекшілер жұмыс жасауда, оған аудандық бюджеттен 2013 жылы 800 мың тенге қаржы бөлініп, игерілді. Бұл жұмыс биылда жалғасын табады. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын-алуға ел, қоғам болып күресуіміз қажет.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында «Менің Жолдауым біздің мақсатымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады –деді. Олай болса, аудан активінің басты міндеттерінің бірі Жолдаудағы басты бағыт-бағдары ауданымыздың әр тұрғынына жеткізу болып табылады.


Түйін

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аудан бюджетінің өсуіне байланысты.

2014 жылға арналған аудан бюджетінің барлық кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары 5 млрд.362,7 млн.теңгені құрайды. Ауданның өз кірісінің жоспары 790,9 млн.теңге болып бекітілді. (бюджеттің кіріс бөлігінің 15% құрайды).

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 100% орындалды.Жалпы жыл сайын аудан бюджетін қалыптастырғанда аудандық мәслихат депутаттарының сайлау алдындағы бағдарламалары мен халықтың сауалдары ескеріледі. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлау алдындағы бағдарламаларындағы 125 басым бағыттың 58 орындалды, 35 орындалуда, 32 алдағы жылдардың еншісінде. Биыл 27-ін орындау үшін аудандық бюджеттен қаржы қаралып отыр.

2013 жылы аудан әкімінің атына жиыны – 1286 жазбаша өтініш түсті. Оның ішінде ҚР ПРезиденті Әкімшілігі арқылы 9, Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Сабилянов арқылы 10, облыс әкімі аппараты арқылы 30 өтініш түсті.

Өтініштердің 528 (41,1 %) қанағаттандырылып, 758 (58,9 %) түсініктеме берілді.

Өтініштердің 518 жер пайдалануға, 371 әлеуметтік және зейнеткерлік қамту, 394 тұрғын үй коммуналды шаруашылық, 3 денсаулық мәселелеріне байланысты.

2013 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 375 адам болды. Мен өзім аудан әкімі болып тағайындалғаннан бастап 8 қабылдау өткізіп, 200 адам қабылдадым. Ең негізгі көтерілген мәселелері 114 (57,1%) үй мәселесі, 48 (24,7%) жұмысқа орналастыру, 38 (19,1 %) әлеуметтік мәсеселер.

Қабылдауда болғандардың барлығына толық жауаптар беріліп, 71-нің мәселесі қанағаттандырылды.

2013 жылғы 1-8 ақпан аралығында аудан әкімінің қала, ауылдық округтері әкімшілік-аумақтарында есептік кездесулері өтті. Есептік кездесулерге жиыны - 3789 адам қатысып, 34 адам сөйледі. Жарыссөзге шығып сөйлегендерден мазмұны жағынан әлеуметтік сипатта 98 ұсыныс-пікірлер түсті. Тұрғындармен кездесулерге байланысты арнайы қойылған жәшіктерден жазбаша – 45 сұрақ түсті. Сұрақтарға кездесу үстінде толық жауап берілді.

Жазбаша 8 өтініштер заңдылыққа сәйкес орындаушыларға жолданып, тиісті жауаптары берілді.

2013 жылғы 13 ақпанда ұсыныс-пікірлердің орындалуын қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары бекітіліп, лаузымды тұлғаларға арнайы тапсырмалар берілді. 95 ұсыныстың 58 орындалып 37-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Орындалу барысы туралы аудандық «Достық» газетінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №50, 27 маусымдағы №51 санында жарияланды.
Құрметті жерлестер!
Еліміздің дамуының деңгел жолын айқындап берген «Қазақстан-2050» Стратегиясын іс жүзіне асырудың тетіктері мен жоспарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ жолдарында саралап берді. Елбасымыздың сындарлы, салихалы көрген саясаты аясында бүкіл еліміз бен бірге біздің ауданымыздың да әлеуметтік – экономикалық, мәдени рухани жағдайы жылма жыл айтарлықтай жақсарды.

2014 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үрдісіне үлкен міндеттер тұр. Былтыр қала, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді.Оларға үлкен өкілеттіктер беріліп, 67 функциясы бекітілді.

Қаланың, ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерімен олар тікелей шұғылдануы тиіс.

Елбасының саясатын нақтылы іске асыру, Жолдауларда көрсетілген міндеттерге байланысты облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда 2014 жылы алдымызда үлкен міндеттер бар. Зайсан ауданының 2011-15 жылдарға арналған даму бағдарламасын биыл төртінші жылында көрсетілген барлық көрсеткіштерді орындау үшін жыл басынан бастап жұмысымызды жандандыруымыз керек. Ол үшін:

1. Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалардың барлығына қатыса отыра ауыл шаруашылығына салынатын әр түрлі инвестицияларды, субсидияларды көбейту, суармалы егістіктің көлемін арттыру, оның ішінде Уйдене су жүйесінің бойындағы егіс алқаптарын көбейту. Мал басын көбейтіп, оның өнімділігін арттыру, тұқымын асылдандыру жөнінідегі жұмыстарды одан әрі жалғастырып, өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды көбейтіп, ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін 10 пайызға арттыру міндеттері тұр.

2. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруді ұлғайту жөнінде пәрменді жұмыстар атқара отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қосымша резервтерді игеруде жұмыстарды одан әрі жақсарту.

3. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес қала, ауылдарды ары қарай дамыту. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында оларды дамытуда қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, төмендегідей құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттері тұр.

4. Ұйымдастыру жұмыстарының пәрменділігін арттырып, денсаулық, білім, спорт, туризм, мәдениет салаларында халыққа қызмет көрсетуді ұлғайтып, жақсартып, сапалы нәтижеге, көрсетіштерге жетулері тиіс.

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін жақсартып, қаладағы мөлтек аудандарында кондоминимумдар құруды көбейтіп, «Термомодернизация» бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, осы үйлерді газбен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару. Сонымен қатар, бірінші кезекте Зайсан қаласының қалған бөліктердегі тұрғын үйлер мен нысандарды, 9 ауылдарды газбен қамту.

6. Ауданның барлық саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамыту.

7. Барлық қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс пәрменділігін нақты үйлестіру.

Елбасымыздың бұрынғы және биылғы Жолдауларында, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың ауданымыздың алдына қойған міндеттерін нақтылы іс жүзінде орындап, биылғы жылы да алдыңғы орыннан көріну үшін, аудан халқының игілігі үшін аянбай жұмыс істейміз.

Баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жақсылық, табысты еңбек тілеймін.

Назарларыңызға рахмет.




р/с

Атқарылатын жұмыстар

1

Зайсан қаласында 600 орындық интернатымен орта мектеп құрылысы

2

Зайсан қаласында 140 орындық бала бақша құрылысы

3

Зайсан қаласындағы канализация жүйелері және тазалау құрылысы

4

Зайсан қаласындағы су жүйелері және су қондырғыларын қайта жаңғыртудың екінші кезеңінің ЖСҚ мен мемлекеттік актісіне

5

Үлкен Қаратал ауылының ауылының су құбыры желілері және құрылғылары

6

"Жұмыспен қамту 2020" жол картасы шеңберінде Зайсан қаласы Боқажанов көшесіндегі 60 пәтерлі № 1,2 коммуналды тұрғын үйлердің құрылысы

7

Дайыр ауылының мәдениет үйінің құрылысы

8

"Зайсан ауданыныі 9 елді мекеніне кентішілік газбен қамтамасыз ету тарату желілері құрылысы" ЖСҚ -на

9

"Зайсан қаласындағы бірінші кезектегі ішкі кварталдық газ тарату желілерін іске қосу комплексі екінші кезеңі құрылысының" ЖСҚ-на

10

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға

11

Абай мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу

12

Жамбыл орталау мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеу

13

Шілікті орта мектебінің төбесін ағымдағы жөндеу

14

Шілікті орта мектебін ағымдағы жөндеу

15

Маметова мектебінің жылу жүйесін, есік, терезелерін ауыстыру

16

Зайсан аудандық мәдениет үйінің төбесін ағымдағы жөндеу

17

Жамбыл ауылының су жүйесі желісін ағымдағы жөндеу

18

Қаратал ауылының қатты қалдықтар полигонын ағымдағы жөндеу

19

Шілікті ауылының жарықтандыруын ағымдағы жөндеу

20

Саржыра ауылының суына

21

Бақасу ауылының суына

22

Жалши ауылының суына

23

Шанин көшесінің орташа жөндеуіне

24

Қасқажолдың ЖСҚ-на

25

Көгедай ауылының суына

26

Қуаныш ауылының суына

27

Жобалық-сметалық құжаттарға(Шевченко мөлтек ауданындағы тұрғын үй мен инженерлік желілер, Дауленов мектебінің бұрынғы ғимаратын,интернат ғимаратын қайта жаңғырту,Қаратал су құбыры)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет