Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: Windows-ты реестрімен қолдану. Жұмыстың мақсаты


Басқа компьютермен Реестрдің қосылуы



бет11/14
Дата04.05.2023
өлшемі187 Kb.
#473180
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
12 Зертханалық жұмыс

Басқа компьютермен Реестрдің қосылуы
Егер сіз жүйеге сәйкес өкілеттілікпен кірген болсаңыз, Regedit-ті Реестрге басқа компьютердің қолы жету үшін қолдана аласыз, онда бар мәліметтерге қарауға және редактірлеуге болады. мұндай «сиқырлыққа» Regedit-ті жіберетін компьютер үшін де, және Реестрді қарайтын және редактірлейтін, басқа компьютер үшін де сіздің есеп жазбаңыз басқармалы өкілеттілікте болуы керек. Сонымен қатар қолжетімге Group Policy баптауы қарсы тұруы мүмкін.
Сіздің өкілеттілігіңіз дұрыс деп санасақ. Шындығында желіден өшірілген компьютерде қосылу Registry мәзірінің Connect Network Registry командасының таңдауы кезінде болады. Бұл команда желінің құрылымын көре алады және сіз қосылғыңыз келген компьютерді тауып береді.
Сәтті қосылудан кейін бұл компютердің аты сол жақ панельде, My Computer деңгейімен бірдей шығады. Сіз оның Реестрінің түпкі бөлімдерін аша аласыз, бөлімдерін ақтара аласыз, мәліметтерді іздеп және қалағаныңызша ауыстыра аласыз. Осымен аяқтап, Registry мәзірінде Disconnect Network Registry командасын таңдап, одан кейін өшіретін компьютерді таңдаңыз.
Параметрлер мен бөлімдердің атын өзгерту
Сіз параметрдің немесе бөлімнің атын өзгерту үшін Түзету мәзіріндегі Атын өзгерту командасын таңдайсыз немесе контекстік мәзірдің көмегін қолданасыз.


Жұмыс жүрісі:



        1. Regedit реестрі редакторының терезесіне кіріңіз (Жіберу\Орындау\Regedit)

        2. Жаңа бөлім құрыңыз (кілт): Түзету\Құру\Бөлім немесе контекстік мәзірді қолдана отырып.

        3. құрылған кілт параметрін өзіңіздің қалауыңыз бойынша өзгертіңіз: Түзету\Өзгерту\....

        4. Өзіңіз құрған бөлімнің атын өзгертіңіз.

        5. Бұл бөлімді жойыңыз.

        6. Ал енді біраз реестрмен жұмыс істеңіз, төменде ұсынылған жаттығуларды орындаңыз:

1) Жіберілетін программаларды шектеу.
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVerson\Policies\Explorer-де құру қажет 1) 0х00000001 мәні бар DWORD типті RestrictRun кілтін;
2) аналогты атты бөлімшені және онда программаның жіберілуіне РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН тізімдерді санау;
3)бөлімге кіріп, әрбір программа үшін жолдық кілт құрамыз, онда "1" (тырнақшасыз) – бірінші рұқсат етілген программа үшін, "2" – екіншісі үшін және т.с.с. программаның жіберілуіне рұқсат етілген файл аттарын көрсету қажет. Файлдардың кеңейтілімі болу қажет, ал жолын көрсету міндетті емес. Мысалы, Word.exe, Excel.exe
Regedit.exe фалын көрсетуді ұмытпаңыз, әйтпесе сіз реестрдің редакторын жібере алмайтын боласыз.
2) Пуск мәзірінің баптауы.

  • Мәзірдің "Іздеу" пунктін өшіріңіз:

HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге DWORD типті NoFind кілтін тіркейміз. Оның мәнін 0х00000001 тең етіп аламыз, және компьютердің қайта жүктелуінен кейін мәзірдің "Іздеу" пункті жоғалады. Оның қайта пайда болуы үшін осы кілттің мәнін 0х00000000 тең етіп орнату керек немесе кілтті толығымен жою керек.

  • "Құжаттар" пунктін өшіру.

HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer және 0х00000001 мәні бар DWORD типті NoRecentDocsMenu кілтін жазамыз. Алдыңғы пунктіге ұқсас, 0-ге мән құру немесе кілтті жою келесі қайта жүктеуде осы пунктінің пайда болуына әкеледі.

  • HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге 0х00000001 мәні бар ClearRecentDocsOnExit кілтін қосыңыз (жақында ашылған құжаттардың тізімдері компьютердің әркез өшірілуі кезінде тазаланып отыру үшін). 0х0000001 мәні бар NoRecentDocsHistory кілтін қосыңыз (сіз ашатын құжаттар бұл тізімде еске түсірмес үшін).

  • Мәзірдің "Таңдалған"пунктін жою.

HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-ге 0х00000001 мәні бар NoFavoritesMenu кілтін қосыңыз. Қата жүктегеннен кейін " Таңдалған " мәзірден жоғалады.

  • "Баптау" мәзірінен мәзір іші пунктілерін жасыру.

- «Басқару панелін» және «Басып шығарғышты» «Жіберу» мәзірінен және «Менің компьютерім» терезесінен жасыру:
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Explorer-де.
- "Баптау: NoSetTaskbar кілті мәзірінен"Есептер панелі мен Жіберу мәзірі " пунктін жасыру
- "Жұмыс үстелі Active Desktop: NoSetActiveDesktop кілті пунктін жасыру
- «Папка қасиеті" мәзір "Баптау: NoFolderOptions кілтін жасыру.
Барлық осы кілттер 0х00000001 мәнін қабылдау керек.
3) «Орындау» баптауы

  • Оны мәзірден жою: 0х00000001 мәні бар NoRun кілтін реестрінде жазу және қайта жүктеуден кейін мәзір пункті жойылады.

  • "Сеансты аяқтауды" жою: DWORD типтегі NoLogOff кілтін реестрде құру.

  • "Жіберу" мәзіріндегі контекстік мәзірге тыйым салу: кілт NoChangeStartMenu

  • Есептер панелі үшін контекстік мәзірге тыйым салу: кілт NoTrayContextMenu.

4) MS-DOS сеансын және MS-DOS-тың бірмәнді режимін қолдануға тыйым салу.
Бөлімді ашу
HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\WinOldApp (егер ол болмаса, онда жаңа бөлім құру керек) және 0х00000001 мәні тең Disabled кілтін қосу керек. Оны 0-ге баптау немесе жою MS-DOS сеансына рұқсат етеді.
5) Желі құрылымына кіруге шек қою.
Параметрлерді баптау үшін барлық кілттер HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\Network бөлімінде орналасқан, DWORD типі бар, 1 мәні – шек қойылды, 0 - жоқ. Егер бөлімде мұндай атты кілт болмса, онда параметр орнатылмаған.
Басқару панелінде "Желі" диалогын қолжетімсіз етсе (ол "Желілік қоршау" қасиетінен): NoNetSetup кілтін құрыңыз

  • "Желі" диалогынан «Идентификация» қосымшасын жою: NoNetSetupIDPage кілті

  • "Желі" диалогынан "Қолжетімді басқару" қосымшасын жою: NoNetSetupSecurityPage

6) Пароль құрылымына кіруге шек қою. Кілттер реестрдің HKEY_CURRENT_USER\SOFTWARE\Microsoft\Windows\CurrentVersion\Policies\System бөлімінде сақталады, және, алдыңғы пунктіге ұқсас DWORD типінде.

  • Басқару панелінен "Қасиет: Парольдер" диалогын қолжетімсіз ету: NoSecCPL кілтін құрыңыз.

  • Бұл кілтті 1-ге орнатыңыз, бұл осы диалогтың "Парольдерді ауыстыру" қосымшасын қолжетімсіз етуге әкеледі;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет