Зерттеу жұмысын талдау Дайындаған: Бөбетаева Кенди Жаңбырханқызы Тексерген



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі22.49 Kb.
#466848
  1   2   3
Зерттеу жұмысын талдау


Зерттеу жұмысын талдау

Ғылыми зерттеулер болмаса, адамзат бүгінгі әлем мен әлемнің процестері туралы білімге жете алмас еді. Зерттеушінің қызығушылығы мен табандылығының арқасында қолданылған әдіснамамен бірге осыған байланысты үлкен қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Жеке-дара зерттеу студент үшін де, кәсіби маман үшін де маңызды. Сондықтан зерттеудің барлық түрлері үшін ішкі әлеммен және бізді қоршап тұрған нәрселермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін процесс және нақты мақсаттар бар. Мақсат әуелі дұрыс болса, тақырып таңдауда да қателеспейміз. Зерттеу жұмысын талдау мақсатында мен А. Шадетованың «Бастауыш сынып оқушыларының «Қазақ тілі» және «Ана тілі»сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы зерттеу жұмысын алдым.



Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, глоссарий, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының құндылығын 01.кестеден көре аласыздар.
Ғылыми аппаратқа талдау (01-кесте)

  • Кіріспе

  • Автор қазіргі өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуін, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет екендігін ескеру керектігін кірістірген.

  • Зерттеудің мақсаты:

  • Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудағы әдіс-тәсілдердің түрлерін зерделеу.

  • Зерттеудің болжамы:

  • Шығармашылық сипаттағы сабақтардың мақсатын, әрекет түрі және нәтижелерінің бір-біріне байланысын топтастырып, таңдап оқыған, жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жетістіктерге жеткен оқушыдан өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.




  • Зерттеудің міндеттері:

1.Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдеу;
2.Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту;
3. «Жұмбақтар,мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту;
4.Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар.

  • Зерттеудің әдістері:

  • - бақылау жүргізу;

  • - қарапайым тәжірибе;

  • - эксперимент қою;

  • диаграммамен жұмыс істеу;




  • Зерттеудің базасы:

  • Қарағанды облысы Білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№23 жалпы білім беретін мектебі" КММ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет