Өзіндік жұмыс Орындаған: Тақырыбы: Сыныптағы жұмысын жоспарлау әдістемесі мен техникасы. Мақсаты: Тәрбие жұмысын болжау, жобалау және құрастыру дағдыларын игеру
Өзіндік жұмыс Орындаған: Тақырыбы: Сыныптағы жұмысын жоспарлау әдістемесі мен техникасы. Мақсаты: Тәрбие жұмысын болжау, жобалау және құрастыру дағдыларын игеру. Жұмыс барысы: 1. Тәрбие жұмысының жоспарлаудың әртүрлі жолдарын талдау.
2. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі жалпы ереже –ұсыныстарды анықтау.
3. Студенттердің шағын топтарын құру және сынып жетекшілерінің жоспарларын талдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
4. Шағын топтардың тәрбие жұмысы жоспарын жасау.
5. Шағын топтрада жұмысты талдау және қызметті бағалау.
Өзіндік жұмыс: Сыныптағы тәрбие жұмысы жоспарын жасау.
3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері 3.1 Тәрбие сағаты, оның тәрбиелік қызметтері Сынып сағаты –оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы толған тілектерін тәрбиеде, адам өмірінде кездесетін, жағымды, жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардың дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, ел – жандық сезімдерін шыңдауда. Сабақтардан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Тәрбие сағатын өткізудегі дайындық барысында: 1. Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын мақсат, міндеттерін анықтау.
2. Тәрбие сағатының міндетіне сай, оның мазмұнына қатысты материалдар жасау.
3. Тәрбие сағатының дайындау және өткізудің жоспарын құру.
4. Көрнекілік құрылысын, музыкалық шығармаларын таңдау.
5. Оқушылар ұжымында ашық әңгіме жаймашуақ жағдайын туғызу.
6. Тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері шақырудың тиімділігін анықтау.
7. Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау;.
8. Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағаттарынан алынған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.