Тақырыбы: «Кикілжің психологиясы» Кикілжің туралы түсінік. Кикілжің функциясы



бет1/13
Дата10.06.2022
өлшемі244.61 Kb.
#459082
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
КИКІЛЖІҢ


Конец формы
Тақырыбы: «Кикілжің психологиясы»
1. Кикілжің туралы түсінік.
2. Кикілжің функциясы.
3. Кикілжің ситуациясы.
4. Саяси жүйедегі кикілжіңдер.
Кикілжің психологиясы - әлеуметтік топтар, қабаттар мен индивидтердің қарама-қайшылығы туралы ғылым.
Кикілжің – (латыншадан – соқтығысу) әкономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қызығушылықтар мен мақсаттарға бағытталған индивидтер мен түрлі әлеуметтік қауымдастықтар арасындағы күрес түрінде көрінетін әлеуметтік қарама-қайшылықтардың өршуінің ең жоғарғы шегі болып табылады.
Кикілжіңге жақын құбылыстар да бар. Олар жарыс, күрес, бәсекелестік. Кикілжің мен жарыс бірдей құбылыс емес. Бірақ жарыс кикілжіңге ұласуы әбден мүмкін. Бұл бәсекелестікке де қатысты, мысалы: бір-біріне қысым көрсетуі мүмкін.
Әсіресе спорттық ойындар ерекше болады. Кейбірі олардың кикілжің сияқты ойластырылған (мыс: күрес, бокс). Бірақ бұнда кикілжің имитациясы орын алады. Кикілжің пәні- деп әдетте объективті түрдегі немесе ойдағы (қиялдағы) жақтар, тұстар арасындағы келіспеушілік себебі қызметін атқаратын проблеманы айтады. Әрбір жақ (сторона) бұл проблеманың өз пайдасына шешілуін көздейді.
Нақты қарым-қатынастар жүйесіндегі кикілжің объектісі – бұл үнемі қажетті (дефицит) ресурс.
2. Кикілжің функциясы.
Кикілжің қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу тәсілі қызметін атқарады. Өндіріс орындарында, көптеген зерттеушілер пікірінше, 15٪ жұмыс уақыты жоғалады.
Л. Козер пікірінше, топтың ішіндегі кикілжің оның бірігуі немесе бірліктің қайта орнауына септігін тигізеді.
Жалпы алғанда кикілжіңдер сигналдық, ақпараттық, дифференциалдық, яғни жіктеуші және т.б. функциялар атқарады.
Кикілжіңді экономикалық, саяси, ұлтаралық, тұрмыстық, мәдени және әлеуметтік деп бөледі. Нарыққа өтерде, нарықтың өзі бәсекелстік күрес, саудагерлік келісім түріндегі үнемі болатын кикілжіңдер алаңы болып табылады. Мұнда пратнерді тиімді келісімге зорлап көндіру басты мақсат болады. Бұған қоса нарықтық әкономикада бұдан да өткір кикілжің ситуациялары болады: көтерілістер, ақша айналымындағы дағдарыстар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет