Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................
|
3
|
1 ТАРАУ Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдеріне теориялық талдау ................................................
|
5
|
1.1 Жүкті және жүкті емес әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктері ................................................................................................
|
5
|
1.2 Жүкті әйел адамдардың эмоционалды өрісіндегі психологиялық ерекшеліктері ................................................................................................
|
13
|
2 ТАРАУ Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты эксперименталды талдау .............................................................................................................
|
21
|
2.1 Зерттеу таңдамасы мен зерттеу әдісінің сипаттамасы ........................
|
21
|
2.2 Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезіміне жүргізілген зерттеу нәтижесі мен талдауы....................................................................................
2.3 Жүкті әйел адамдардың некемен қанағаттануын зерттеу нәтижесін талдау мен өңдеу ...........................................................................................
|
22
27
|
Қорытынды ....................................................................................................
|
29
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................
|
31
|
Қасымшалар ..................................................................................................
|
32
|
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі заманғы Қазақстанда отбасы және неке институттарын бекітуге баса назар аударылып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында отбасын қолдайтын тиімді демографиялық саясатқа ерекше мән беріледі. Бұл жолдаудың басты бағыттары ретінде, неке мен отбасы институттарын нығайту, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілікті күшейту мен кез келген жағдайда әйел адамның өмірі мен денсаулығын түрлі қауіп-қатерлерден сақтап қалуға баса назар аударылу керектігін көрсеткен. Осыған орай, біздің тақырыбымыздың өзектілігі, дені сау ұрпақты дүниеге әкелетін жүкті әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге негізделеді [1].
Тақырыбымыздың ғылыми жаңалығы, жүктілік кезеңіндегі әйел адамдардың үрейлену сезімімен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы психологиялық байланыс саналады.
Ең сұлу әйел-жүкті әйел деп бекерден айтпаған. Бұл күй жауапкершілікті талап ететін, маңызды кезең болып табылады. Сол себепті, әйел адамның аяғы ауыр кезінде оның денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Ананың кез келген психологиялық көңіл күйі балаға қан арқылы тікелей әсер етеді. Егер ана қорықса, уайымдаса немесе ренжісе, ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынан балада да сондай көңіл-күй пайда болады.
Біздің бұл тақырыпты зерттеудегі басты мақсатымыз, жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты анықтай отырып, болашақта олардың эмоционалдық өрісінде болатын өзгерістерді реттеуге және түзетуге мүмкіндік беретін, психологиялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Жүкті әйел адамдардың “жағдайлық” және “тұлғалық” үрейлену деңгейлерін және некемен қанағаттану деңгейлерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1) Жүкті әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық талдау жасау.
2) Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерін зерттеуге арналған әдістемелерді іріктеу.
3) Жүкті әйел адамдардың ішінен әр түрлі жастағы, әр түрлі жүктілік кезеңіндегі 20 таңдаманы және жүкті емес 20 таңдаманы іріктеу.
4) Жүкті әйел адамдардың бойындағы үрейлену деңгейі мен некемен қанағаттану деңгейін анықтауға арналған “Жағдайлық үрейлену шкаласы” және “Некемен қанағаттану” атты әдістемелерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу, талдау.
Зерттеу объектісі: Жүкті әйел адамдар
Зерттеу пәні: Жүкті әйел адамдардың үрейлену күйі және некемен қанағаттану деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |