Бағдарламаны жүзеге асырудан:
- тұрғындар мен бизнес-құрылымдарға электрондық қызметті дамытуды қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық инфрақұрылым жасалады;
- облыстың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің өзара әрекетінің негізінде әкімдіктердің әкімшілік рәсімдерін оңтайландыру үшін жағдай жасалады;
- облыстағы ақпараттану процестерін нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету әзірленеді;
- жергілікті атқарушы органдарда біртұтас құжат айналымы жүйесі енгізіледі;
- облыс әкімінің ақпараттық порталы әзірленеді және енгізіледі;
- жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыруға шығыстарды оңтайландыру үшін шаралар қабылданады;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету уақыты қысқартылады;
- атқарушы органдардың ұсынатын бірінші кезектегі электрондық қызметтері жүзеге асырылады, 2007 жылдың соңында 5 интерактивті және транзакциялық қызметтен кем емес қызметтер көрсетілетін болады;
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың е-қызметтерін пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың үлесі артады;
- 2008 жылдың соңына қарай 50-ден кем емес қоғамдық қолжетімділік пункттері құрылады;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарын ақпараттық қорғау жүзеге асырылады;
- тұрғындар мен әкімдіктердің арасындағы сенімнің деңгейін арттыру үшін шешімдер қабылдаудың ақпараттық ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер құрылады;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық өндірістерді дамыту үшін алғышарттар құрылады.
|