Зерттеудің көкейтестілігі: Бүкіл Шығысқа кеңінен танымал болған Отырар қаласының тарихы қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Себебі, Отырар тарихы, қазақ халқының тарихы болып табылады, қазақтың ұлт болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мәдениеттің ошағы, әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, дүниеде теңдесі жоқ Әбу Нәсір әл-Фарабидің туылған жері.
Отырар тарихы жайында көне грек оқымыстысы Птолемей араб пен парсының, түркінің жиһан кезген атақты географтары, шежіреші тарихшылары Әбу Исхақ Ибрахим, Әбу Райхан Мухаммад ибн Ахмед әл-Бируни, әл-Мақдуси, Якут әл-Хамауи, Әбу Джафар Мухаммад ат Дин, Әла ау-Дин Ата Малик Жуаини, Мухаммад бин Ахмед әл-Насауи т. Табари, Из ад Дин Әбу-л Хасан Әбу Ибн әль-Әсир, Фазалла Рашид ау-б. картаға түсіріп, тарихи деректер жазып қалдырған.
Ал біздің заманымызда Отырар тарихын В.В.Бартольд, А.К.Кларе, А.А.Черкасов, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, Ә.Марғұлан, А.Ма-шанов, К.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович, А.Әлімов, А.Алтаев, Ө.Жәнібеков, Ә.Дербісәлиев, т.б. зерттеген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі ұсынған «Мәдени мұра» бағдарламасында 2004-2006 ж.ж. Бар мен жоғымызды түгелдеп, келер ұрпаққа аманаттау керектігі айтылған, сондай-ақ 2004 жылдың 30 қыркүйегінде тарихи Отырар жерін халықаралық туризм орталығына айналдыру мақсатында Үкіметіміздің 1009 шешімімен «Көне Оырардың өрлеуі» атты бағдарламасы қабылданды. Түптен келгенде осы мәдени іс-шаралардың барлығы орта ғасырда әлемдік деңгейге жеткен Отырар өркениетін тәуелсіз Қазақстан жағдайында қайта өркендетуге, Отырардың мәдени ескерткіштерін сақтап, оны өскелең ұрпақтың рухани игілігіне айналдыруға бағытталған. Ол игілік, сөз жоқ, біздің ұл қыздарымыздың парасатты, ұлттық тарихи құндылығымызды қастерлейтін, еліне адал азамат болып өсуіне септігін тигізері сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты: Отырар өркениетінің заттық және рухани мәдениетінің қазақ таихында алатын орнын айқындау. Отырар өңірінен табылған археологиялық қазба байлықтары арқылы ежелгі ұлыстардың: сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлалар, түрік, қарлұқ, оғыз, қыпшақтардың көшпелі отырықшы мәдениетінің аса жоғары болғанын көрсету. Отырардың заттық мәдениеті мен рухани мәдениетінің қазақ халқының мәденитін дамытудағы ролін айқындау.
Зерттеу пәні: Отырардың заттық және рухани мәдениеті тақырыпты архив материалдары мен жазба дерек материалдарымен толықтыру арқылы оның мазмұнын ашу керек.
Зерттеу міндеттері: Отырардың заттық және рухани мәдениетін зерттеу барысында Отырар өңірінде жүргізілген археологиялық қазба байлықтарын: саз, шыны, металл, сүйек, тас, ағаштан жасалған заттарды және қазба жүргізілген орындарда болып, зерттеудің теориялық қағидаларын және әдістемелік негіздерін анықтау.
Заттық мәдениетімізбен қатар Отырардың рухани мәдениеті туралы жазылған жазба деректерді және әдебиеттерді пайдалану.
Отырардан табылған заттардың бояуына, жасау тәсіліне, ыдыстардың пішіні, мазмұны, құрылымы, әшекейі, тайпалардың, қоғамның елдің әдет-ғұрпымен байланысты болған.
Зерттеу әдістері: Отырардың заттық және рухани мәдениетін жазба деректер мен археологиялық қазбадан табылған заттарды байланыстыра отырып, Отырар мәдениетіне байланысты тарихи жазба деректерді қазіргі кездегі әдебиеттерге талдау жасап, Отырардың заттық және рухани мәдениеті туралы архив құжаттарымен танысып, сондай-ақ сұхбаттасу, деректер жинау арқылы жұмыстың мазмұнын, сапасын арттырып, нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыстың ғылыми жаңалығы Отырардың мәдениетін ашып көрсететін жазба деректер көптеген жаңадан табылған заттар ғылыми айналымға пайдаланылды.
Жазба деректерді пайдалана отырып, зерттеулерді талдап, автордың ұзақ уақыт жүргізген зерттеулер нәтижесінде мына мәселелер қарастырылды:
– Отырардың заттық және рухани мәдениеті үш кезеңге бөлініп, этнографиялық, археологиялық, фольклорлық сияқты мәдениетті қалыптастыруды анықтау кезеңдері қарастырылды.
– Диссертациялық жұмыстың тақырыбына байланысты пайдаланылған жазба деректер мен археологиялық қазба байлықтары, этнографиялық деректер мен жұмыс ғылыми негізде жүргізілді.
– Жазба деректер мен аңыздарда кейінгі зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде айтылып жүрген орта ғасырларда әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі болған Отырар кітапханасы туралы жаңа материалдар зерттеліп ғылыми жұмысқа енгізілді.
– Б.д.д. 3 мың жылдықтан бастап б.д. 18 ғ. дейін Отырар қаласының гүлденуіне, оның көркейуіне Отырар суландыру жүйесінің маңыздылығы қарастырылды. Жер өңдеудің ең алғашқы ошағы Отырарда пайда болғаны белгілі болды.
– Отырардағы тұрғын үй құрылыстарын зерттеген К.Акишев, Л.Б.Ерзакович, К.М.Байпаков еңбектеріндегі 2 бөлмелі, ортасында дәлізі бар бөлмелер қазақтың қоржын үйінің бұрынғы үлгісі.
– Отырардың заттық және рухани мәдениетіне байланысты материалдар жазба деректер арқылы белгілі болып оған археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттар дәлел болғаны байланыстырып көрсетілді.
Қорғалатын жұмыстың ғылыми маңызы: Ежелгі және ортағасырлық ұлыстардың сақ, қаңлы, үйсін, түрік, қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахандықтардың көшпелі, отырықшы мәдениетінің және өнерінің, ғылымының, экономикасының дамығандығы туралы көптеген мәліметтер алуға болады.
– Отырардың мәдениеті арқылы жалпы қазақ халқының мәдениетінің аса жоғары болғанын көрсете аламыз.
– Отырар отырықшы мәдениеттің ең алғашқы ошағы екені белгілі болды.
– Бұл жұмыс қазақ тарихын толықтыра түседі.
Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі: Отырардың заттық және рухани мәдениетінің қазақтың ұлт болып қалыптасуына әсері, ата-бабамыздың көшпелі өмірімен қатар отырықшы өмірінің болғанына дәлел.
Бүкіл шығысқа кеңінен танымал қала мәдениетінің дамығандығын археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдей түседі.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Жұмыста қаралған сұрақтар мен мәселелер, ғылыми жаңалықтар, көптеген материалдар қорытындысы Қазақстан тарихына байланысты ғылыми жұмыста пайдалануға болады.
Зерттеу қорытындысы Қазақстан тарихына байланысты жазылған оқулықтар мен кітаптарда пайдалануға болады, ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан тарихына байланысты лекциялар, семинарлар, конференцияларда оқуға болады.
Бұл тақырыпқа байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды.
Үкіметіміздің нөмірі 1009 шешімімен «Көне Отырардың өрлеуі» бағдарламасы қабылданды.
Зерттеу жұмысына өзіндік көзқарас: Жұмысты зерттеуде оның маңызы мен міндеттеріне көңіл бөлу басты мәселе.
Отырардың ежелгі және ортағасырлық мәдениетіне жаңадан қосқан материалдарды зерттеуде және олардың мақсаттарын зерттеуде Қазақстан тарихына үлес қосар жерлері көп.
Отырардан табылған сүйектен, саздан, шыныдан, ағаштан, тастан, металлдан жасалған заттардан қазақтың қолтума өнерінің сарындары молынан байқалады. Бұл біздің тарихымыз үшін өте маңызды болып табылады.
Отырар мәдениетінің жоғары болғанын, оның бүкіл әлемге әйгілі кітапханасы дәлелдейді. К.Акишев өз еңбектерінде Отырардағы кітапхана жайында айтады: аңыздарға қарағанда Отырарда кітап саны жағынан тек Александриядағы кітапханадан кейінгі орынды алатын кітапхана болған.
Автордың жеке үлесі: Отырардың заттық және рухани мәдениеті тақырыбына ғылыми зерттеу жүргізу арқылы қазақ тарихында сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, қыпшақтар, қарахандықтар мәдениетінің жоғары болғаны айқындалды. Археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізіп, бұл тақырыптың тарих ғылымында алатын орыны ерекше екені көрсетілді.
Мынадай жағдайлар қорғауға ұсынылып отыр:
1. Магистірлік диссертация деректерін «Қазақстан тарихы» пәнінде оқытылатын ежелгі және ортағасырлық Қазақстан мәдениетіне байланысты бөлімде, әсіресе IX-XII ғ.ғ. Қазақстан тарихының кезеңінде пайдалануға болады.
2. Зерттеу жұмысындағы деректер Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихына байланысты мәселелерді толықтыра түседі.
3. Ғылыми жұмыста пайдаланылған мұрағат құжаттары мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музей материалдары, этнографиялық, археологиялық деректер Республикамыздың мәдени дамуының тарихындағы өзекті мәселелерді нақты, жан-жақты толық ашып көрсетеді.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Отырардың заттық және рухани мәденитеті туралы оның қазақ халқының тарихында алатын орны туралы мәселе бірнеше жылдар бойы зерттеліп келеді. Бұл мәселені зерттеудің тамыры терең, ертеден ғалымдарды қызықтырып келеді, ол туралы археологиялық, этнографиялық әдебиеттерді, еңбектерді талдау барысында анықтадық.
Кіріспеде зерттеу жұмысының қазіргі жайы талданып, оның өзектілігі дәлелденген, мақсаты, ғылыми болжамы, жұмысқа өзіндік көзқарас, жұмыстың ғылыми маңызы, тәжірибелік маңызы, ғылыми жаңалығы қамтылған.
Бірінші бөлімде Отырардың заттық мәдениеті туралы айтылады. Бұл бөлімде саздан, шыныдан, сүйектен, тастан, ағаштан, металлдан жасалған заттар жайында, Отырардың суландыру жүйесі, Отырардағы тұрғын үй құрылыстары, дәстүрлі киім үлгісі туралы айтылады.
Отырар өңірінде ең алғаш рет қазба жұмыстарын 1895-1904 ж.ж. А.К.Кларе, А.А.Черкасов ұйымдастырған Түркістанның археология мен әуестенушілер үйірмесінің мүшелері зерттеу жүргізді.
1946 жылы А.Н.Бернштам Отырар өңірін зерттеген. 1970 жылдардан кейін К.Акишев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзакревич Отырар өңірін зерттеу барысында Отырардың мәдениетінің, экономикасының, ғылымының дамығандығы туралы зерттеп, деректерді анықтап ғылымға енгізді.
IX-XII ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өрлеу кезеңі болды, соның ішінде әсіресе Отырар қаласының маңызы зор болды, өйткені ол 9 жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Үнді, Қытай, Византия, Россия т.б. мемлекеттермен байланыс орнатқан.
К.Акишев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзакович өз еңбектерінде саздан, сүйектен, шыныдан, металлдан жасалған бұйымдарға көп тоқталған.
Нумизматика ғылымын зерттеуші ғалым Р.Бурнашева Отырардан табылған күміс және мыс теңгелерді зерттеп, сол арқылы Қазақстан тарихының 15-16-шы ғасырларына байланысты деректерді ғылымға қосты.
Отырардың егіншілік мәдениеті туралы В.В.Грошев өз еңбектерінде «Ирригация Южного Казахстана» деген еңбегінде жазған.
Отырардығы тұрғын үй құрылыстары археологиялық қазба жұмыстары арқылы белгілі болды, Отырар отырықшы мәдениеттің ошағы болғаны дәлелденді.
Отырар тарихы туралы көне грек оқымыстысы Птолемей араб пен парсының, түркінің атақты географтары, тарихшылары Әбу Исхақ Ибраһим әл-Истахри, Әбу Райхан Мұхаммед бин Мұхаммед әл-Бируни, Шамс Ад-Дин Әбу Абд Алла Мұхаммед әл-Мағдиси, Якут әл-Хамауи, Әбу Джахфар Мұхаммад ат-Табари т.б. тарихи деректер жазған.
Б.з. Отырар тарихын В.В.Бартольд, А.К.Кларе, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпаков, Л.Б.Ерзокович, Ө.Жәнібеков, Ә.Дербісәлиев т.б. зерттеген.
Бұл зерттеулерде Отырардың тарихының ғылым үшін маңызды жағы қарастырылды. Отырар мәдениетінің ежелгі ұлыстардың даму тарихына үлесінің зор болғанын зерттеулер нәтижесі және археологиялық қазба байлықтары көсетіп отыр.
Бұл жұмыста зерттеулерге қосымша деректер кеңінен қаралған. Отырар туралы еңбектердің көпшілігі орыс тілінде жарық көрген. Оны қазақ тілінде жазып, ғылымға енгізудің маңызы зор болып табылады. 1990 жылдардан бері қарай К.М.Байпаков, Ө.Жәнібеков, Ә.Дербісәлиев еңбектері қазақ тілінде жарық көре бастады.
Екінші бөлім Отырардың рухани мәдениеті деп аталады. Онда Отырардан шыққан ғұлама ғалымдар Әбу Нәсір әл-Фараби және оның арғы-бергі ізбасарлары туралы, Қаратау атырабының ақындары, дін және наным-сенімі жайында зерттеулер жүргізілген.
Екінші Аристотель атанған Шығыстан шыққан ғұлама ғалым Әбу Нәсір еңбектерін қазақ ғалымдары арасынан ең бірінші болып зерттеген 1970 жылдары А.Машанов еді. Әбу Нәсір еңбектерін шет елдерден іздеп, тауып, елге алып келген. Одан кейін А.Көбесов, Ә.Дербісәлиев зерттеген.
Ақын-жыраулардың ішінде жырлары жинаусыз жатқан ақындардың еңбектері туралы олардың артында қалдырған шежірелері ғылыми зерттеулерде көрсетілген.
Отырар өңірінде ислам дініне дейін бірнеше діндер болған. Ол туралы К.М.Байпаков, А.Нұржанов зерттеулерінде көрсетілген, 1975, 1989, 1999, 2000 жылдарда археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттар дәлелдей түседі.
Бұл зерттеулер Қазақстан тарихының ғылымына үлкен үлес қосады.
Отырардан және оның маңындағы қалашықтардан табылған заттық-тұрмыстық мәдениеттік ескерткіштердің біз үшін маңызды болатыны байырғы қазақ тұрмысы мен мәдениетінің еске салатындығында болып отыр.
КІРІСПЕ
Ежелгі заманнан-ақ Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өткен ұлы Жібек жолы арқылы Үнді. Қытай, Византия т.б. мемлекеттермен үнемі ғылыми, мәдени экономикалық, дипломатиялық байланыста болып, қалаларында ғылым мен мәдениеті, сауда өндіріс далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған, қазақтың ұлт болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мәдениеттің ошағы алғашқы адамдардың тұрағы, әлемдік мәдениеттің ошағы алғашқы адамдардың тұрағы, әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, дүниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл Әбу Нәсір Әл-Фарабидің туылған жері, Қожа Ахмет Иассауидің ұлы ұстазы бабтардың бабы Арыстанбабтың Орта Азияны билеген ұлы әмірші Әмір Темірдің Алла аманатын тапсырған жері, Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына содан кейін қазақ хандығымен Әбілқайыр әулетінің Мауреннаһр билеушілерінің сыр бойы үшін болған өзара қырқысына жоңғар шапқыншылығына ұшырап ақыры Отырар суландыру жүйесі талқандалып, Отырар кітапханасы жойлып, ұлы Жібек жолындағы қатынас үзіліп, өндіріс тоқтап, қалалары құм басқан төбелерге, далалары шөлейтті аймаққа айналды.
Орыс, қазақ деректеріне қарағанда Отырар қаласының соңы тұрғындары оны ХҮІІІ ғ. Орта тұсында тастап, Түркістан, Шілік, Шымкент жағына көшіп кеткен (К.Акишев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзакович).
Бірақ Отырар тарихқа Отырар өркениеті деген атпен еніп,/1/ қазақ еліне оның ежелден-ақ қалыптасқан мемлекеті мен саяси хал-ахуалының белгісі- ғылым мен мәдениеттің жалғасы болған. Отырарда қатар жайған мәңгі өшпейтін адамзаттың заттық және рухани асыл-мұрасын қалдырды.
Отырар жанында көне грек оқымыстысы Пталемей араб пен парсының, түркінің жиһан кезген атақты географтары шежіреші – тарихшылары Әбу Исхақ Ибрахим Әл-Истахри (), Әбу Райхан Мухаммед ибн Ахмед Әл-Бируни (Х-ХІ), Әбу-л-қасым, Шамс ад-Дин Әбу Абыт Алла Мухаммед Әл-Мактиси (Х ғ.), Якут әл Хамауи, Әбу Джағхар Мухаммад ат-Табари (), Из ад Дин Әбу-л-хасан Әбу Ибн әл-Асир (-), Фазлала Рашид ад-Дин (-), Әла Ад-Дин Ата Малик Жуаини () Мухаммед бин Ахмед әл-Насауи () т.б. картаға түсіріп, тарихи деректер жазып қалдырды.(К.Акишев, К.М.Байпаков)
Ал біздің заманымызда Отырар тарихын В.В.Бартольд, А.К.Кларе, А.А.Черкасов, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, Ә.Марғұлан, А.Машанов, К.Акышев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзакович,
Ә.Әлімов, А.Алтаев, Ө.Жәнібеков, Ә.Дербісәлиев Т.Б. зерттеді. Сондай-ақ әдебиет тарихында Д.Досжанов, Х.Әбібаев, О.Сүлейменов, М.Шаханов Отырар тақырыбына қалам тартты.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің ішінде Рңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясына қатысқан А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Ц.И.Пацевич ( ж.ж.) К.Акишев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзакович ( ж.ж.) қазақ зиялыларының арасында “Дала археологы”, “Музей адам” деген лақап аттармен белгілі болған Отырарлық А.Әлімов, Адасхан Алтаевтар т.б. археолог ғалымдар “Отырар алқабындағы” қалалардың өмір сүре бастаған алғашқы жылдарынан бастап ХҮІІІ ғ. дейінгі заттық тұрмыстық мәдениеттің ескерткіштерін тауып, ғылымға “Отырар, Қаратау” археологиялық этнографиялық музейі ашылды.
Отырар өркениетінің негізі болған жоғарыда табылған заттық тұрмыстық мәдениеттік ескерткіштердің ішінде Отырарға тән түрлі үлгідегі саз балшықтан күйдірілген қыш ыдыстарда металлдан соғылған білезік, жүзік, сақина, сырға , қапсырма т.б. секілді зергерлік әшекейлер де, еңбек құралдарында, тастан қашалған, шыныдан жасалған бұйым-құралдарда қазақтың қолтума өнерінің сарындары молынан байқалады. Сондықтан “мұндағы археологиялық Отырар-Қаратау” мәдениеті ескерткіштерінің біз үшін маңызды болатыны олардың малшылықпен қатар дамыған егіншілік дәстүріне бейімделгендігінде ғана емес, байырғы қазақ тұрмысы мен мәдениетін еске салатындығында болып отыр./2/ Ал ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы этнографтардың, географтардың, саяхатшылардың еңбектерінде бұл бұйымдардың бәрі де қазақтарға тән екендігі жазылған. Қазақтардың теріден ағаштан жасалған ыдыстарына ұйқас керамикалық бұйымдары да аз емес (К.Акишев). Бірі этногроф бірі археолог қазақ ғалымдарының бұл пікірлерін фольклор туындылары арқылы дәйектей түсуге болар еді.
Жалпы жоғарыдағы археологиялық, этнографиялық және фольклорлық зерттеулер бойынша қалыптасқан ғылыми пікірлерге түсіне отырып, Отырар өркениеті қалыптастырған қолөнерінің қазаққа тән екендігін және бұл өнердің Отырар өркениеті тарих еншісіне кеткенімен ұлттық аспап алып, күні бүгінге дейін осы жердің түн тамырлы қол-өнері ретінде ел ішінде сақталып қазақ тұрмысында кеңінен қолданылып келгендігін айтуға болады.
Бүкіл әлемдік өркениетте өзіндік тарихи орны болған Отырар өркениетінің тағы бір негізі- Отырардан шыққан қазақ халқының тағдырлас Әбу Нәсір Әл-Фараби мен оның ізбасарларының энциклопедияны – ғұламалардың, ақындардың сазгерлердің т.б. өнер иелерінің артында қалдырған мәңгі өшпес ілімі, өнері деуге болады. Өйткені, Отырарда заттық және рухани мәдениет қатар қанат жайып дамыған болатын.
Отырардың заттық мәдениеті
1.1. Отырар өңірінен табылған саздан жасалған жәдігерлер
Отырар бүкіл Шығысқа кеңінен танымал, ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала. Сырдарияның орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып табылады.
Отырардан Арысты өрлей шыққан жолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыс Түркістанға жетеді, Сырдарияны өрлей жоғары кететін ежелгі жолторабы Шаш, соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді; төмен кететін жол Арал аймағына, одан әрі Қара теңізбен кавказға апарады. “Орта Азияда – деп ескертті белгілі совет археологы А.Н.Бернштам- бұдан ең қолайлы және қауіпті орынды табу қиын!”./3/
Отырар жайында көне грек оқымыстысы Птолемей араб пен парсының, түркінің жиһан кезген атақты географтары шежіреші тарихшылары. Әбу Исхан Ибрахим Әл-Истахри ( ж.ж.). Әбу Тайхан Мұхаммед Ибн Ахмед әл Беруни (Х-ХІ ғ.ғ.) Әбу Джағфар Мухаммад ат-Табари (ж.)
ІХ ғасырдың аяғынан бастап керамикалық заттар жасаушылардың жылтыр көздері (глазурь ) ойлап табуына байланысты заттардың санымен қатар сапасы да жақсарды. Сондай-ақ жаңа әшекейлеу жолдары да ашыла бастады. Ең бірінші өте әдемі жылтыр көз өрнектер шыға бастаған. Бірақ олар солғын болғандықтан шеберлер әрлендірудің жаңа жолдарын іздей бастаған, сөйтіп керамика саласында Х ғасырда мөлдір қорғасын және қалайы көздер кеңінен тараған. Қорғасын көздер темір, мыс, қалайы, күмістің тотықтанған бояуларымен бірге қолданылған.
Затты күйдіргенде тотықтар заттың үстіңгі жағын неше түрлі түске бояған-қызыл,жасыл,сары қоңыр сондай-ақ, жылтыр, мөлдір түстер көздің жауын алып тұрады. Өрнектердің де түрлері неше алуан. Мұнда әр түрлі өсімдіктерің, геометриялық фигуралардың, араб әріптерінің, түрлі өзгерілген жануарлардың суреттері бейнеленген. Суреттер көбінесе ойын қондырылған өрнектермен толықтырылып отырған. Жапсырылған көздер мен бояулар ойылған суретке орнатылып, шымқайланып, бұрынғысынан да әдемілене түскен.
ХІ-ХІІ ғасырларда өрме, түрлі ирек, дөңгелек өрнектер кеңінен тараған. Өрнектердің орналасуы белдеулер тұсында көлденеңінен, ал бөлімшелерінде шашыраңқы түрде кездеседі.
Х-ХҮ ғсырларда жасыл және қоңыр, сирегірек көк түсті бояулар кеңінен қолданылған. Әр түрлі көлемдегі тегене, тарелка, подностар, шырақтар көздермен өрнектелген.
Осы кезеңде Отырарда өрнектер салынған арнаулы пішінде жасалынатын жоғары сапалы көркем керамикалар шығару игерілді. Мұндай керамикалар шығару орталығы Оңтүстік Түркімениядағы Мерв қаласы екендігі бұрыннан мәлім болатын. Мұнда арнаулы маманданған шеберханалар болатын. Отырарда мұндай керамика күйдіру пешінің ішінен табылды. Бұл жағдай олардың осы жергілікті жерде жасалғанын дәлелдейді.
Ертедегі мекендердің орнында үйіліп қалған әрбір төбенің өз аты бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Мардан, Пышақшы төбе және басқалар. Ертеде мекендердің аттары басқа болған, бірақ жергілікті аңыздар қазіргі кездегі аттарды Отырарға қатысты оазистегі ертедегі серік-қалалармен байланыстырады. Мысалы, Алтынтөбенің осылай аталуы бұрын осы жерде зергерлер тұрған, Пышақтөбе қару- жарақ жасаушылар, Құйрықтөбеде мал союшы- қасапшылар тұрған-мыс./4/ Ертедегі Отырарды қоршаған көптеген қалалар мен мекендер Х-ХІ ғасырларда қаңырап бос қалған, сондықтан халық аңыздардың оазистегі қалалардың тарихи шын аттарын сақтауы кездейсоқ емес.
Отырар оазисі археологтар тапқан ірі қалашықтардың бірі болып саналған Көк Мардан орналасқан Арыстың сол жақ жағалауын да алып жатыр. Егер Көк Марданда жүргізілген зерттеу жұмыстарында оның Х ғасырға дейін тұрғаны көтерілсе, ал басқа ескерткіштерде араб шапқыншылығы кезінде жойылған. Оазис Отырармен қатар бірнеше қалалар орналасқан Сырдарияның сол жақ жағалауындағы шалғындық жерлерді де алып жатыр.
Бұл Қауғаната, Бұзық сондай-ақ ірі сауда қолөнер орталығы болған Мейрамтөбенің бүлінген қалдықтары және Кумидж қамалының қалдығы. Солтүстік шығыста оазистің шекарасы Бөген өзенінің төменгі ағысына келіп тіреледі. Бұл жерде археологтар үш қалашықты тапқан: Бұзықтөбе, Ақтөбе, Кішітөбе және тағы бір Ақтөбе. Бұл ескерткіштер туралы біз алда әлі тоқталамыз, ал Отырартөбе қалашығына талдау жасайық.
Отырартөбенің топографиясы, Отырар қаласының бүлінген орны Темір станциясынан батысқа қарай км жерде, “Талапты” совхозының бөлімшесінің жанында орналасқан. Топографиялық жақтан бұл орыннан Қазақстанның орта ғасырлық ескерткіштеріне тән белгілері көрінеді. Отырардың орталық қалдықтары биік бес бұрышты төбені алып тұр. Оның ең биік бөлігі жалпы жазық жерден метр биіктікте, ал қалған бөліктері орта есеппен -нан - метрге дейін жетеді.
Орталық бөлім га алаңды, ал төбенің оңтүстігі - метр, оңтүстік-батысы метр, батысы метр, солтүстік шығысы метр, шығысы метр жерді алып жатыр. Қалашықтың қалдықтарының жайылғанына, желдің ұшырғанына, төбенің үстіне шөп өскеніне қарамай Отырардың жасаған жоспарының, аэрофотосуреттер мен байқаулардың көмегімен бұрынғы жоспардың бөлшектерін анықтауға мүмкіндік туды. Орталық төбенің кейбір тік жарлары --қа дейін сақталған дуалдармен қоршалған.
Дуалдан биік болып шығып тұрған мұнаралардың іздері байқалады. Дуалдың бұрыштарындағы мұнаралар айқын көрінеді де, дуалдың периметрлеріндегі болар-болмас қана көрінеді. Мұнаралары дөңгелек тәрізді болған.
Дуалдың сырт жағынан ертедегі олар көрініп тұр. Бұл кемері тайғанақ, тереңдігі метр, көлденеңі метр өзек екен. Қалаға кіретін қақпа бар. Екеуі оңтүстік және солтүстік-шығыс жақта бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, үшінші – батыс жақта тура ортасында болып, Оңтүстіктегі орталық қақпаның қызметін атқаратын сияқты . Дуалдағы ойық қазіргі кезде метрге жетті. Орталық көше солтүстік жақтағы орталық қақпаны солтүстігімен байланыстырып, қалашықты тең немесе екі бөлікке бөліп тұр. Бүлінген қалдықтың топографиясында көшелер айқын көрінеді. Ол көлденеңі метрдей кішкене сай сияқты . Орталық көшеден дуалға барып тірелетін көшелер тарайды. Солтүстік және батыс қақпалардың алдынан бітпей қалған құрылыс учаскелері байқалады. Бұл базарлар.
Орталық бөлімінің топографиясы негізінен соңғы орта ғасырда (ХІІ-ХІІІ ғ.ғ.) қалыптасқан. Осы кезде қалалар цитадель, шахристан және рабад деп айқын бөлінген жоқ. Бірақ Отырардың өзі бұдан бұрынырақ пайда болған. Онда оның қамалы қайда?
Қазіргі кезде бүлінген қалдықтарынан оның шекарасын табу мүмкін емес. Көмекке аэрофотосурет келді. Төбенің жан-жағынан түсірілген суреттердің ортасында үш бұрышты учаске көрініп тұр, оның жобасының сызықтары күңгірттеу. Бұл сызық ертедегі қамалдың айналасындағы ордың орындары./5/ Қамалдың үш жағы , және метрге тең.
Орталық төбеге құрылыс жүргізілген территория жалғасқан. Ол гектар алаңға созылып жатыр. Отырардың маңайы бүлінген дуалдармен қоршалған. Дуалдың сыртынан айнала ор қазылған, оның кейбір жерлері сазға айналған.
Дуалдың солтүстік жағына қазіргі кезде салынған поселке тірелген. Осы жерде табиғи рельефінің бейнесін елестетіп тұрған екі бұрышы шығыңқы жер бар. Орталық төбенің дуалының солтүстік бұрыштан қашықтығы – 520 метр. Осы учаскедегі дуал жақсы сақталған. Оның көлденеңі 20-25 метр, биіктігі 2-3 метр. Дуалда ішке кіретін жер бар, ол арқылы қазіргі кезде совхоздың бөлімшесінен Байылдыр ауылына қарай жол кетеді. Оңтүстік жақтағы учаскенің дуалы осы араға совхоздың дала учаскесі кіріп тұрғандықтан нашар сақталған.Дуалдардың кейбір жерлері құлаған, бірақ аэрофотосуреттерде ертедегі жобаны қайталап тұрған ақ түсті сызықтар байқалады.
Батыс жақтың дуалы бүтіндей сақталған. Қалашықтың шығыс жағында біраз байқаулар жасалды. Бұл жерден екінші белдеу учаскелердің қоршаулары мен сыртқы дуалы көрінетін болған. Егер бірінші дуалдың шеңбері орталық төбеден 750 метр қашық тұрса, сыртқы жағы 1000 метр қашықтаған. Сыртқы дуалдың 2000 метрдей жері жақсы сақталған.
Дуалдың құрылысын анықтау үшін оның бір учаскесінде қазба жұмысы жүргізілді. Оның ұзындығы 25 метр, көлденеңі 1,2 метр ормен бөлінген жер.
Оларды бөлгенде дуалдың құрылысын, негізгі параметрлері мен екі құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік туды. Дуал балшықтан жасалған мықты платформаға орналастырылған. Платформаның үстінде жалпағынан қалған үш қатар саз балшық кірпіштен жасалған дуалдың негізгі бөлігі жатыр. Кірпіштің көлемдері 26x30x13-15x8x10cм .
Қаланған кірпіштің жан-жағына, әр бұрышына екіден балшықтан жасалған білеулер қойылған. Білеулердің көлемі 80x80x80cм. Одан жоғары дуал 5- 7 қабатты болып келген балшықпен ұлғайтыла түскен. Балшық қабаттарының биіктігі 15 см. Білеулердің арасындағы ашық жер топырақпен толтырылған. Сөйтіп, білеулер үйіндінің сыртындағы қорғаны болып есептелген.
Саз балшық кірпіштен қаланған дуалдың жоғарғы жағы қираған. Археологиялық қазба жұмысының нәтижесінде табылған керамикаға қарап Отырар рабадының айналасындағы дуалдың ХІ-ХІІ ғасырларда салынғанын білуге болады. Қайта салу мен жөндеу жұмыстары ХІІІ ғасырдың басында жүргізілген, өйткені салынған кезге жататын керамика ашылған осы учаскеден кездеспеді.
Қазылған осы жерден тағы да бір қызық жай айқындалды. Дуалдың асытндағы платформа күйген қамыстың қабатынан шықты. Бұл “күйген қабат” барлау құдықтары мен қала айналасының басқа бөліктерінен де кездескен. Сонда бұл нені білдіреді? Осы жерде Отырардың су жерді зерттейтін бөлігіне көңіл қою керек. Кейбір ғалымдардың пікіріне қарағанда, Отырар “күйген қабат” барлау құдықтары мен қала айналасының басқа бөліктерінен де кездескен. Сонда бұл нені білдіреді? Осы жерде Отырардың су жерді зерттейтін бөлігіне көңіл қою керек. Кейбір ғалымдардың пікірне қарағанда, Отырар (Фараб) деген арықтар мен каналдар кесіп жатқан батпақ, шалшық жер, жазық деген мағынаны білдіреді. Отырарды сөзбе-сөз осылай түсіндіру шындыққа жанасады. Сондықтан күйген қамыс қабаттарының пайда болуын енді түсінуге болады. Құрылыс басталмай тұрғанда, адамдар батпақ жердің бір учаскесін алып, қамыстар мен шөптерді өртеп, үстіне топырақ сеуіп, қолдан жоталар (платформа) жасаған.
Отырардың орталығындағы биіктігі 18 метрге жететін төбе жүздеген жылдар бойы түрлі құрылыстың, басқа шаруашылықтардың қалдықтарынан жиналған. Бұл төбе бірнеше қабаттардан тұрады, оның әрқайсысы қаланың белгілі бір уақыты мен өмірін баяндайтын дәуірдің бір беті болып табылады. Өсу кезіндегі қабаттарының қатты болуы ұдайы жүргізілген құрылыс іздері мен қызу өмір нышанын көрсетсе, қаланың қирау кезінде пайда болған қабаттар басқаша./6/ Өрт, шала жанған бөренелер қатерлі дәуірдің соғыс пен айқастардың талассыз куәсі іспетті.
Түрлі қабаттарды ажырату қиын да жауапты іс. Көп қабатты қалашықтарда жұмыс істеген археологтың негізгі мақсаты қабаттардың ауысуын және орналасуын (стратиграфиясын) бақылау болып табылады.
Отырарда стратиграфиялық (орналасуын бақылау) қазба жұмысы орталық төбенің солтүстік беткейінде көлемі 24х8 метр жүргізілді.
Қалашық қабаттарын 16 метр тереңдікке дейін қазғанда қала өмірі туралы кейбір мәліметтер табылды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр қабаты 0,7-0,8 метр. Жоғардан көрінеді. Екі үйшік қазылды. Бірі солтүстік батысқа қараған. Үйдің қабырғаларын қалаған кесектің көлемі 30х18х9 см. Оның қалыңдығы 0,8 метр. Қабырға маңында беті жабық, көмілген тандыр мен хум тұр. Аздаған ыдыс тектес керамика коллекциясы жиналды (пияла, тостаған, табақ) олар жылтыр шынымен оюланған. Ыдыстардың екі беті де жылтырақ, оюланған жері боялмай, қалған бөліктері ақшыл көкпен боялған. Таңбалары бір өңді және әр түрлі болып келген. Мұнда ашық көк, көкшіл, қара және марганец түстестері кездеседі. Ою мәнері таң қаларлықтай бір текті. Бұлар толқынды және спиральды, сызықшалар белгілері дөңгелек сәулелі болып шоғырланса, кейде екіден және төрттен біріктірілген.
Ал, біздің заманымызда Отырар тарихын В.В.Бартольд, А.К.Кларе, Е.И.Агеева, Л.Б.Ерзакович т.б. зерттеген.
Отырарды ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ. Басынан бастап зерттей бастады. 1895 ж. А.К.Кларе, А.А.Черкасов Отырарды алғашқы қазба жұмыстарын жүргізген олар керамика коллекцияларын тапты, кірпіш тапты, мыс теңгелер де табылды.
Ең алғаш рет “Отырар”, “Фараб” деген атаулар ІХ ғ. Жазба деректерде кездеседі./7/
Кедер қаласы Фарабтан алшақ емес жерде орналасқан Х ғ. дейін Кедер қаласы осы өңірлердің астанасы болған. Х ғ. кейін Фараб қаласы Отырар оазисінің астанасы болды.
Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады./8/
ІХ-ХІІ ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі болды. Осы кезде ғылыми, саяси, мәдени, экономикалық орталық болып қала берді. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала жері рабаттар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар есебінен кеңейе түсті./9/ Әрбір үйде канализация жұмыс істеді. Ал ішкі қала Шаһристан мен Цитадель хан сарайы мен медреселер орналасқан, әсемдігімен, тазалығымен көрікті еді.
1946 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы құрылды. Оны А.Н.Бернштам басқарды. Экспедицияның басты жұмысы Отырар оазисі болды. Алғашқы жылы Пышақшы төбе, Сырдарияның сол жағалауындағы төбелер Бұзық, Оқсыз, Артық Ата, Сумағар төбе зерттелген.
1949 - 1951 ж. ж. О.Қ.А.Э. ғ. Құйрық төбе, Көкмардан, Алтын төбеде қазба жүргізіледі.
1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы құрылып Отырар төбе қалашығы негізгі обьект болды. Ең негізгі жұмыс қаланың топографиялық планын түсіру болды. Әсіресе 1971 жылдан бері қарай Қазақ ССР Ғылым Академиясы тарих, археология, этнография институтының Оңтүстік Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы ұйымдастырғаннан кейін ғана мұнда өріс алды. Отырарда, Көкмарданда, Құйрық төбеде көптеген көне және ортағасырлық зираттарда қазба жұмыстары жүргізілді.
Ортағасырларда бүкіл Шығысқа, Орта Азияға белгі болған Отырардың заттық мәдениеті арқылы (керамикадан бастап сирек кездесетін шыныдан, сүйектен, күміс, алтыннан жасалған бұйымдар) қазақтың мәдениетінің, ғылымының, экономикасының, сауда-саттығының жоғары дәрежеде болғанын білеміз. Заттық мәдениет арқылы Отырар жайында жазылған жазба деректер заттай дәлелдене түседі.
Заттық мәдениетіміздің бірі болып саналатын тұрғын үй үлгілерінің, киім үлгісінің қандай болғанын археологиялық қазба жұмыстары мен жазба деректер дәлелдей түседі.
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері арқылы халықтың, ұлттық мәдениеті жайында білуге блады. Әрбір халықтың ұлттық киімдерінде сол халықтың ұлттық мәдениетін көре аламыз.
Қазақ киімдерінің кейбір ерекшеліктері болмаса қазақстанның барлық өңірлерінде бірдей болған.
Ал тұрғын үй түрлері Отырар өңірінде көшпелі мәдениет пен отырықшы өмір қатар дамығандықтан жылжымалы және тұрақты түрлері болды.Ол туралы бірнеше ғалымдардың еңбектерінде жазылған, В.В.Вастров, И.В.Захарова, Ө.Жәнібеков, К.Акишев, К.Байпаков еңбектерінде толық жазылған.
Отырар алқабы немесе ертеректе аталғанындай Фараб округі Оңтүстік Қазақстанда тоқсан жолдың тоғысқан торабында тұрады.
Археологтар қазба жұмыстары кезінде көбінесе саз балшықтан жасалған түрлі ыдыстар-құмыралар, көзелер, сапты аяқ, тостаған,табақ, хум, кесе т.б. тапты ыдыстардың әр ғасырда бояуы мен өрнегінің өзгеріп отыруы мәдени дамуымыздың белгісі болып қалған.
Керамикалық заттардың пішіні, әшекейі, әр елдің әдет ғұрпымен байланысты. Ыдыстардың бояуына, өрнегіне, жасалыну пішінініе, түсіне байланысты қай ғасырға жататынын аынқтауға болады. Б.ғ.д. І м. ж-тан ҮІ ғ. дейінгі Керамиканың бәрі өзінің дәстүрлі түрін, пішінін, өрнектерін, жасалу технологиясын сақтаған./10/ Бұны біз Отырар, Көкмардан т.б. төбелерден табылған заттар арқылы білеміз.
Асханалық керамикаларға көзе, сапты аяқ, таба, қазан жатады. Бұлар жасалыну барысында дөрекілеу жасалынған. Көзелер домалақ болып келеді, иығында тұтқасы болады. Сыртында ою-өрнегі болмаған көзелердің жиегіне алмұрт тәрізді болып келген. Мұндай көзелер І-ІҮ ғ.ғ. тән Сырдарияның Қауыншы мәдениетіне жатады ./11/
Ақтөбе, Шөлтөбе жерлерінен табылған 1 мыңжылдықтарға жататын көзелердің пішіні шар тәрізді, тұтқасы жоқ, өрнектерін қолмен бастырып өрнектеген, домалақтарын қадау арқылы жапсырған шар тәрізді көзелер. Мойыны қысқа, иығы шар тәрізді өрнектелген көзелер Алтын төбе қалашығына тән. ІҮ-Ү ғ.ғ.
Достарыңызбен бөлісу: |