Зевакино ауылдық округінің әкімі Ж. Т. Синиязовтың 2014 жылға есеп беру тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі39.83 Kb.
#7329
Зевакино ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Синиязовтың

2014 жылға есеп беру тезисі
Зевакино ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады, халықтың жалпы саны 2156 адам, Зевакино ауылы – 1253 адам, Новая Убинка - 132 адам, Убинка – 771 адам. Ауылдық округ елді мекендерінің ұлттық құрамы көп ұлтты.

Округ орталығы - Зевакино ауылы. Округ аумағы – 29652 га, соның ішінде елді мекен жерлері - 4243 га, ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлер – 26999 га, соның ішінде егістік жер - 19424, жайылым жерлер – 5545 га.



Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ аумағында 25 ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелген, соның ішінде өсімдік шаруашылығымен айналысатын ЖШС - 8; шаруа қожалығы - 17.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 2014 жылы 8494,6 га дәнді дақыл егілді, орташа өнім 12,4ц/га және 7657,9 га күнбағыс, орташа өнім 22,2ц/га, 275 га картоп, орташа өнім 35,8 ц/га, сондай-ақ 55 га соя орташа өнім 2,5ц/га, жүгері 60 га орташа өнім 23,6 ц/га.

Ауылшаруашылығы құрылымдарымен 2014 жылы жалпы сомасы 75 682 317 теңге субсидия алынды, соның ішінде 55 802 550 теңге сомасында көктемгі егіс жұмыстары жүргізілді, гербицидтерге - 7 405 667 теңге, минералдық тыңайтқыштарға - 12 473 100 теңге бөлінді.

Жеке меншік секторы бойынша:

ІҚМ басының саны - 940, 2013 жылмен салыстырғанда 100,5%;

Шошқа - 361 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 48,8%;

Қой - 2150 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 110%;

Жылқы - 580 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 109%;

Құс - 3300 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 110%.



Білім беру. Округ аумағында орта мектеп саны - 2: «Зевакино жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, 2014 жылы оқушылар саны - 112, соның ішінде мектеп бітірушілер саны - 7, ЖОО мен колледждерге түскендер - 7, грант - 2, білім сапасы - 54,5 %, ҰБТ балы - 72,5%. «Убинка жалпы білім беретін орта мектебі»КММ 2014 жылы оқушылар саны - 120, соның ішінде мектеп бітірушілер - 4, ЖОО мен колледждерге түскендер - 4, грант - 2, білім сапасы 41,1 %, ҰБТ - 64,5%.

Округ мектептерінде оқушыларға медициналық көмек, ыстық тамақ ұйымдастырылған, «Зевакино жалпы білім беретін орта мектебі» КММ жанынан 50 балаға арналған балабақша ашылды, оған 41 бала барады. Убинка және Новая Убинка ауылдарындағы мектеп жанынан ашылған шағын орталыққа - 20 бала барады.



Денсаулық сақтау. Медициналық мекеме - 2 МП. Медицина қызметкерлерінің саны - 3 адам.

Мәдениет және спорт

Убинка ауылында 1 ауылдық клуб және Зевакино ауылында жастар орталығы бар. Ауылдық кітапхана – 2.

Ауылдық округ мектептерінде дене шынықтыру мұғалімдерімен ауыл жастарына дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша үйірмелер жүргізіледі (баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, шаңғы және теннис).

Инфрақұрылым

Жарықтандыру

2014 жылы қызмет етуге бюджеттен 250 мың теңге бөлінді.Қаржы толығымен игерілді.



Телефондандыру округ бойынша телефон нөмірі - 389, ұялы байланыс жұмыс істейді.

Жолдар 2014 жылы автомобиль жолдарын қамтамасыз ету Бағдарламасы бойынша қыс кезінде жолдарды сақтауға бюджеттен 375 мың теңге бөлінді. Қаражат толығымен игерілді.

Округте қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Округ аумағында полиция учаскелік инспекторымен ескерту, қылмыстың алдын-алу, әкімшілік құқық бұзушылық, қоғамдық тәртіп күзеті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады. Есеп беру кезеңіне 14 тен астам жедел-алдын алу іс шаралары жүргізілді.

Есеп беру кезеңіне 14 тен астам жедел-алдын алу іс шаралары жүргізілді.

Азаматтардың шағымдарымен жұмыс.

Түскен шағымдар саны - 37 соның ішінде 3 шағым заңды тұлғалардан, 34 шағым жеке тұлғалардан.


Қаржы- бюджеттік сала.

2014 жылы жергілікті салық: жер салығы - 256 мың теңге, мүлік салығы - 52 мың теңге. 2014 жыл ағымында бюджет қаражаты қаржыландыру жоспарымен келісіп игерілді.



Халықты әлеуметтік қорғау.

2014 жылы жалпы сомасы 7 млн. 261 мың теңгенің меморандумы жасалды, меморнадумды орындау 7 млн. 261 мың теңгені құрады.



2014 жылға Зевакино ауылдық округін дамыту мәселелері

  1. Өскемен қаласына дейін жүргіншілерді тасымалдауды қамтамасыз ету.

2014 -2018 жылдары келесі жобалар жоспарлануда:

  • Новая Убинка ауылында Советский көшесі, Зевакино ауылында Киров, Горький көшелерін жарықтандыру

  • Су құбырлары жүйелерін ағымдағы жөндеу.

  • Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарында өнім алуды көбейту

  • 24 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу (көктем 2015 жыл).

  • Зевакино ауылында Горький, Киров көшелерін ағымдағы жөндеу (жолға құм төгу).

  • «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы аясында малшаруашылығы мен ара шаруашылығын дамыту.

  • Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарына жаңа техникалар сатып алу




    1. жылдары негізгі міндеттері:

  1. Округ халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

  2. Округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру бойынша бағытталған тиімді жұмыс атқару

  3. Округ халқын мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға белсенді араластыру: жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020, Бизнестің Жол картасы -2020, Өндіру 2020, Сыбаға, ҚазАгроқаржы

  4. Халықты жергілікті өзін –өзі басқару жұмысына белсенді жұмылдыру

  5. Ауылдық округтің елді мекендерінде абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және эстетикалық рәсімдеу бойынша жұмысты жалғастыру

  6. Округтің үй шаруашылықтарында ІҚМ басын көбейту

  7. Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарының өнімін көбейту

  8. Кіші ауылшаруашылығы құрылымдарын біріктіру

  9. Ауылдық округтің елді мекендерінде мал зиратын салу

  10. Округтегі ауылдарда көше жарығын монтаждау

  11. Округ ауылдарының ішіндегі жолдарды жөндеу

  12. Зевакино, Убинка ауылдарындағы саябақтарды абаттандыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет