Зырян қаласының әкімі А. М. Барбашовтың Зырян қаласы тұрғындарының алдында есеп беру баяндамасының тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі81.37 Kb.
#5966
Зырян қаласының әкімі А.М. Барбашовтың Зырян қаласы тұрғындарының алдында есеп беру баяндамасының тезистері
Құрметті зыряндықтар!
Біздің өңірдегі 2010 жылғы жұмыс қорытындылары Қазақстан Республикасының Елбасымен қойылған міндеттерді іске асыру аясында қаланың экономикалық даму бағытының дұрыстығын көрсетті. Зырян қаласы тұрақты экономикасымен, дамыған өнеркәсібімен, өркендеп келе жатқан шағын бизнесімен және әлеуметтік саласымен сипатталады.

Қаланың тұрақты тіршілік қарекетін мына нысандар қамтамасыз етеді: «Су Арнасы» МК, «Жылу орталығы» МК, «ШҚ ӨЭК» АҚ Зырян филиалы, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, Зырян ауданы әкімдігінің КМКШК, «Қазақтелеком» АҚ қалалық телекоммуникация торабы.

6 өнеркәсіптік кәсіпорын, бір кен өндіру, 4 құрылыс кәсіпорны жұмыс істейді. Қаланың ірі және негізгі кәсіпорындарының бірі «Қазмырыш» ЖШС Зырян кен байыту кешені болып табылады. 2010 жылы Зырян қаласы бойынша өнеркәсіптік өнімдер көлемі 50 млрд. теңгеден асатын соманы құрады. Қала экономикасына инвестиция тарту ағымдағы жылы 2,5 млн.теңгені құрады. Жалпы ауданы 1,3 мың ш.м. 15 жеке тұрғын үй пайдалануға қосылды.

Зырян ауданы аумағында тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 338 –ді құрайды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар – 229, белсенді кәсіпорындар – 181, екінші деңгейдегі банктердің филиалдары жұмыс істейді. Зырян қаласында тауарлар жеңілдетілген бағамен сатылатын 5 әлеуметтік дүкен, 7 әлеуметтік бөлімдер және 1 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық өнімдерін, негізгі азық-түліктерді төмен бағамен сату және зыряндықтарға елеулі қолдау көрсету мақсатында қаланың орталық базар аумағында аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерімен демалыс жәрмеңкелері ұйымдастырылып тұрды.

Зырян қаласында ауылшаруашылық малдарын сәйкестендіру жүргізіліп, барлық мал басын қамти отырып, ветеринариялық – санитариялық және профилактикалық іс –шаралар орындалды. Ірі – қара малдың жалпы саны 848 – ді құрайды, қой – 350, жылқы – 171, шошқа – 521, құстар – 5505. Зырян қаласының аумағында 1 мал сою алаңы, 1 типтік мал қорымы бар.


Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі атқарушы органдардың жұмысындағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. 2010 жылы Зырян қаласында 485 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 291 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 112 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, 83 жаңа жұмыс орны құрылды, 250 жұмыссыз азаматтар кәсіптік дайындыққа және қайта даярлауға жолданды. Ағымдағы жылы 10 «бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Жұмыссыз ретінде барлығы 168 адам тіркелді. Жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында «жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша Зырян қаласында 66 адам жұмысқа қатыстырылды.

Республикалық және жергілікті бюджет қаржысынан 18 жасқа дейінгі балалары бар 151 отбасына жәрдемақы; 124 отбасына адрестік әлеуметтік көмек; 390 отбасына тұрғын үй көмегі берілді.

Зырян қаласында 7684 зейнеткер; 1194 мүгедек; 74 Ұлы Отан соғысының ардагері; 25 Ұлы Отан соғысының мүгедегі; 1976 тыл еңбеккері; 76 саяси репрессия құрбандары тұрады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградалары қарастырылған, 2010 жылы Зырян қаласында барлығы 71 әйел марапатталды.
Денсаулық сақтау саласы

2010 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.

Зырян қаласында 3 мемлекеттік мекеме: жұқпалы аурулар ауруханасы, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлер мен көп бейінді емдеу мекемелері болып табылатын 2 медициналық бірлестік жұмыс істейді.

Медициналық бірлестіктердегі дәрігерлер 53 пайызды, орта медеицина қызметкерлері 100 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы 2 дәрігер жұмысқа орналастырылып, қалада жергілікті бюджет есебінен пәтерлермен қамтамасыз етілді.

№2 медициналық бірлестікте 17 млн. теңгеге қымбат медициналық құрал-жабдық - жаңа рентген аппараты сатып алынды.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында №1 медициналық бірлестігінде 123 млн. теңгеге балалар және травматология бөлімдерінде, бас корпусының төбе жабындысының үштен бір бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Білім беру саласы

Бастауыш және орта білім беретін нысандар жүйесіне жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес келетін, заманауи денгейде балалар мен жастарға білім беру қызметтерін ұсынатын 2 бастауыш мектеп, 5 жалпы білім беретін орта мектеп, мектеп-лицей, 2 мектеп-интернат кіреді. Зырян қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар саны 4022 адамды құрайды.

Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша қала бойынша орта балл 83,81 –ді құрады.

Аз қамтылған отбасыларынан 596 оқушы оқу жылы барысында тегін ыстық тамақпен камтамасыз етілді.

Зырян қаласында 2 балабақша, қаланың жалпы білім беру мектептерінің жанында 275 бала қатынайтын 6 шағын орталық жұмыс істейді, онда 5-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындықпен қамтылуы 100 пайызды құрайды.

Қаланың барлық мектебі заманауи компьютерлік техникамен, компьютерлік сыныптармен жабдықталған, Интернет жүйесіне, «Кателко плюс» ұлттық телеарнасына қосылған.

Қала мектептеріне оқулықтар сатып алынып, жеткізілді, мектептер материалдық - техникалық жағынан жабдықталды, №6 орта мектебіне бір кабинет сатып алынды. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндің материалдық- техникалық жабдықтауы жақсартылды, қаланың жалпы білім беру мектептерінің жанындағы шағын орталықтары жабдықталды, мектептер өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталды.

«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында №6 орта мектебінің кіреберісін ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді, №8 орта мектебінің төбе жабындысына және жылу беру жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді, №1 түзету мектеп - интернаты ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

2010 жылы қала мектептеріне 11 жас маман жұмысқа орналастырылды.

Еңбек рыногында талап етілетін білікті мамандарды дайындау үшін Зырян қаласында Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің орталығы, №10 кәсіптік лицей, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж филиалы, «Гиппократ» медициналық колледжі, Аграрлық-техникалық колледж, құрылыс және көлік колледжі өз қызметін жүзеге асырады.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында қала мектептерінде 2599 оқушы қатысатын, қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған мектеп жанындағы 95 үйірме, 2089 оқушы қамтылағн 8 балалар мен жастар ұйымы, 275 оқушы қатысатын музыка мектебі, 425 адам қатынайтын жас натуралистер стансасы жұмыс атқарады.
Мәдениет

Мәдениет нысандарына мына мәдениет мемлекеттік мекемелері жатады: Мәдениет орталығы, «Бос уақыт» КМҚК әдістемелік орталығы, автоклуб, 7 кіт

апхана, 3 аулалық клуб.

Кітап қоры мақсатты түрде және сапалы жаңартылып тұрады. «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Бос уақыт» КМҚК әдістемелік орталығы ғимаратын ағымдағы жөндеу жүргізілді. Орталық қалалық кітапханада Зырян қаласының тұрғындарына арналған интернет орталық орналасқан.

Тіл саясатын іске асыру мен мемлекеттік тілді оқыту мақсатында Зырян қаласында «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК жұмыс істейді. Қазақ тілін және қазақ халқының мәдениетін оқып – үйренушілерге көмек ретінде Орталық қалалық кітапханада қазақ әдебиетінің залы, қазақ халқының мәдениет мұражайы құрылып, жұмыс істейді. Қала кітапханаларына түсетін қазақ тіліндегі әдебиеттер пайызы артты. 2010 жылы «Зырян қаласының Достық үйі» КМҚК ашылды.

Жыл сайын Зырян қаласының аумағында халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарына арналған 200 ден аса мәдени – бос уақыт және спорттық – бұқаралық іс - шаралар өткізіліп тұрады.


Спорт

Спорттық инфрақұрылымына 1 стадион, 2 хоккей қорабы, 14 жазық құрылғылар, оның ішінде воллейбол, баскетбол және футбол алаңдары кіреді.

Дене шынықтыру және спорт орталығы 259 оқушы шұғылданатын Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі болып табылады. 2010 жылы БЖСМ спорт шеберіне 6 кандидат, 2 спорт шебері дайындалды, 2 спортшы бокс бойынша Қазақстан Республикасының жастар құрамасына енді.

Қалада спорттың бірнеше түрі дамып келеді. Қала аумағында 12 спорт секциясы жұмыс істейді, 2010 жылы қосымша 2 спорт секциясы ашылды. 2010 жылдың қараша айында № 11 орта мектеп жанында спорттық бағыттағы аулалық клуб ашылды. Коммунистическая көшесі, 13 бойынша орналасқан аулалық клуб жұмысын жалғастыруда.

Жыл сайын «Заря Востока» газетінің сыйлықтарына «Алтын күз» кросы, футбол бойынша «Былғары доп» жастар турнирі, ШҚМТУ ректорының сыйлықтарына турнир, Денсаулық фестивалі өткізіледі.

Дене шынықтыру – спорт шараларына мүмкіндігі шектеулі адамдар қатыстырылады. Қала аумағында 2 туристік агенттік өз қызметін жүзеге асырады – «Валентина» туристік фирмасы және «Авто – 1» ЖШС, олар аудан, облыс және Республика шегінде және алыс шетелдерге шоп-турлар туристік қызметтерін көрсетеді.


ТКШ

2010 жылы Жол картасының екі жобасы жалпы сомасы 73,9 млн. теңгеге іске асырылды.

Рабочая, Стахановская, Фрунзе, Брилин көшелерінің көшені жарықтандыру желілері қалпына келтірілді. Зырян, Киров, Бухтарминская көшелерін, қаланың солтүстік бөлігіндегі № 2 бағыт бойындағы көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша сумен қамту желілерін, үш КСС (кәріздік сорғы стансасы) электр құрылғылары, 10 км су бұру желілерін, 2,5 км жылумен қамту желілерін және аудандық қазандық құрылғыларын жөндеу жұмыстары орындалды.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру қорытындысы қаланың 200 –ден аса жұмыссыз азаматын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, қаланың алты көшесінің (Первомайская, Жақсыбаев, Брилин, Бочарников, Комсомольская, Совет) жол жабындысына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көшені жарықтандыру желілерін күтіп ұстау (1,3 млн.теңге) бойынша жұмыстар орындалды, туыссыздарды жерлеу (615 мың теңге), зираттарды күтіп ұстау (1,6 млн. теңге), қала көшелерін санитарлық тазалау (14,2 млн.теңге) қызметтеріне төлем жасалды.

Үш жыл ішінде қалада 144 терек, оның ішінде 2010 жылы 84 ағаш кесілді.

«Бұрынғы Зырян кеніші карьерінен суды ағызу» кешенінің құрылысы аяқталды.

Қаланың оңтүстік бөлігінде орын алған төтенше жағдайға байланысты ағымдағы жылдың қараша айында қаланың оңтүстік бөлігіндегі су басқан ауданның 83 тұрғынына үй сатып алуға республикалық бюджеттен 149,5 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 –жылдығын мерекелеу қарсаңында Ленин көшесі бойынша сквер ашылды, қайтыс болған жауынгерлерге арналған мемориалды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың тұрғын үй қорын сақтау және тұрғын үй – коммуналдық саланы басқару тиімділігін арттыру мәселесін шешу үшін кондоминиумдарды тіркеу, кондоминиумдарды басқаруды ұйымдастыру, соның ішінде пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстары жүргізілуде. ПИК қызметінің проблемалы мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау қызметі жұмысын жалғастыруда.

2010 жылы қалада тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық қызмет, электр-су-жылумен қамту, кәріз жүйелерін жөндеу қызметтері құрылды.


Ақпараттық – насихаттау жұмысы

Қаладағы тұрақты қоғамдық – саяси ахуалды сақтау үшін қала әкімінің жанында ақпараттық – насихаттау тобы, Әлеуметтік – экономикалық даму жөніндегі кеңес өз қызметін жүзеге асырады.

Жыл бойы ҮЕҰ өкілдерінің азаматтық қоғам институттарымен, діни бірлестіктермен, БАҚ және жастармен бірлесе отырып, қоғамды нығайтуға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қоғамдық – саяси іс-шаралар, акциялар, конкурстар өткізілді.

2010 жылы ақпараттық – насихаттау тобымен 50 –ден аса кездесулер өткізілді.


Қоғамдық тәртіпті қорғау

Мемлекеттік атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. 2009 жылдан бастап, алдын алу жұмыстарының бірі ретінде, Зырян қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі ерікті халық жасақтары жұмыс істейді. ЕХЖ –на мемлекеттік қызметшілер мен 30 аса ұйымдардың жұмысшылары қатыстырылған.


Қорыта келе, мемлекеттік органдардың, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен мекемелердің бірлескен күшінің, халық қолдауының нәтижесі қаланың, ауданның, облыстың алдындағы ағымдағы және перспективалық міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарына негіз болатынын атап өту қажет.

2010 жылдың қаңтарындағы есеп беру кездесулерінде зыряндықтардың қаланы абаттандыру, жарықтандыру бойынша көтерген мәселелері, жойылған кеніш карьерінің аймағында тұратын азаматтардың мәселелері ағымдағы жыл ішінде шешілді.



2011 жылы негізгі бағдарламаларды орындау және Елбасы қойған міндеттерді іске асыру жұмыстары қаладағы әлеуметтік – экономикалық ахуалдың және барлық азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз ете отырып жалғасатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет