Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 1023 қаулысына
Қазақстан Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан
– желтоқсанында мерзімді әскери қызметке
кезекті шақыруды ұйымдастыру және
қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы заңының 27, 29, 31 бабтарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 жарлығы, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақырылу мерзімін кейінге шегеруге немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығып қалған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, өзге әскерлердің және әскери құрылымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру жүргізілсін:
Зырян қаласында - ҚІЖБ базасында;
Серебрянск қаласында және - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жаңа-Бұқтырма кентінде Денсаулық сақтау басқармасы «Зырян
ауданы Серебрянск қаласының № 3
медициналық бірлестігі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
базасында (келісу бойынша).
3. Ауылдық және кенттік аймақтардың әкімдері ұйымдардың басшыларымен біріге отырып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды уақытында және ұйымдастырыла өткізу үшін.
1) Әскерге шақырылушыларды бөлімге шақырылуы туралы құлақтандырсын және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
2) Әскерге шақыру комиссиясын өту үшін, шалғайда тұратын, азаматтардың жеткізілуін қамтамасыз етсін.
4. Емдеу мекемелерінің басшыларына:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Зырян ауданының № 1 медициналық бірлестігі» КМҚК директоры (С.Л. Зайцев, келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Зырян ауданының № 3 медициналық бірлестігі» КМҚК директорының міндетін атқарушы (Л.И.Сиселятина, келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Зырян ауданының психоневрологиялық диспансері» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (Ю.В. Долгов, келісім бойынша), әскери-дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін мамандардың қажетті санын бұйрықпен бекітсін және жіберсін, стационарлық және амбулаториялық жағдайда әскерге шақырылушылардың толық тексерілуден өтуін қамтамасыз етсін.
5. Зырян Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласы және Зырян ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Е.С. Сыдыков, келісім бойынша):
1) әскерге шақырылудан жалтарған, әскерге шақырылушыларды іздестіруді, облыстық жинау пункіне әскерге шақырылушыларды жеткізу кезінде шақыру пунктінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
2) Бөлім аумағында полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырсын.
6. «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2011 жылғы 18 наурыздағы № 369 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын (2011 жылғы 04 сәуірдегі № 5-12-120 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Н.Т. Тоқсеитовке жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі
Зырян ауданының әкімі Е.Сәлімов
КЕЛІСІЛДІ:
Шығыс Қазақстан облысының
әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
Зырян ауданының психоневрологиялық
диспансерінің бас дәрігері Ю.Долгов
15 наурыз 2012 жыл
Шығыс Қазақстан облысының
әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
Зырян ауданының № 1медициналық
бірлестігінің директоры С.Зайцев
15 наурыз 2012 жыл
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
Денсаулық сақтау басқармасы
Зырян ауданындағы Серебрянск
қаласының № 3 медициналық
бірлестігі директорының міндетін
атқарушы Л.Сиселятина
15 наурыз 2012 жыл
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Шығыс Қазақстан облысы
Зырян қаласы және Зырян ауданы
ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сыдыков
15 наурыз 2012 жыл
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.Ыдрышев
15 наурыз 2012 жыл
Қаулы 28.04.2012 жылғы № 5-12-137 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестріне тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |