Жезқазған қ. әкімдігінің 2009 ж. 3 қыркүйегіндегі №23/14 қаулысымен күшін жойған болып танылады.
Зияткерлік меншік құқығын
қорғау жөніндегі кейбір
шаралар туралы
Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңңамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы №637 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 және 2005 жылғы 21сәуірдегі №371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысын орындау үшін Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жезқазған қаласында дыбыстау-, дыбыстау-бейнелеу туындыларының, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы деректер базасының даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Аманғали Әбдіқалықұлы Мұхамбединге жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қала әкімі Қ.Балмағамбетов
Достарыңызбен бөлісу: |