\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Бақылау сұрақтары



бет100/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
Нұғманұлы учебник

232



Бақылау сұрақтары



    1. Орта мектептің химия курсында химиялық байланыс туралы ұгымның орны, оқытылу реті қалай анықталған?

    2. Коваленттік байланыс туралы ұғым қалай қалыптасты-рылады?




    1. Иондық байланысты оқыту эдістемесінің ковалентті байланыспен таныстыру эдістемесінен айырмашылыгы қандай?




  1. Заттың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланыс қалай ашылады?

  2. Валенттілік ұғымының ғылымдағы жэне химияны оқыту барысындағы маңызы қандай?




  1. Валенттілікпең алғашқы таныстыру қалай жүзеге асады?




  1. Валенттілік ұғымын қалыптастыру жэне дамыту кезеңдері

қандай?




  1. Элемент атомдарының тотығу дэрежесімен таныстыру эдістемесі жэне бұл ұғым қалай пайдаланылады?




  1. Валенттілік, тотығу дэрежесі жэне химиялық байланыс ұғымдарының ѳзара тэуелділігін қалай түсіндіру керек?

15-тарау. ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМНБЩ ДАМУЫ


ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ҮГЫМЫНЫҢ МАЗМҮНЫ. Зат жэне химиялық реакция - химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, ѳзге аса маңызды ұғымдар осы екеуінен туындайды. Заттар химиялық элементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бұлардың қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады. 11-тарауда қарастырғанымыздай, химиялық реакциялар кезінде бастапқы заттар реакция ѳнімдеріне айналады. Бұл айналулар элемент атомдарының арасында жүзеге асады. Орта мектептің химия курсының алғашқы сабақтарында заттар жэне олардың қасиеттері жѳніңде түсінік берілісімен химиялық реакция туралы ұғым қалыптастырылады. Содан соң зат жэне реакция туралы білім элемент жэне атом ұғымдарын енгізу үшін пайдаланылады. Бұдан кейінгі оқу материалдарында осы үш ұғым жарыса қалыптасып, бірін-бірі толықтырып, кеңейтіп жэне ѳрбітіп отырады.

233

Химиялық реакциялар туралы күрделі үғым жүйесіне кіретіндер: заттардың реакцияға түсу бейімділігі, реакцияның басталу жэне жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, реакцияның жылдамдығы, реакцияның мэні жэне жүру механизмі, реакцияның жүру заңцылықтары, химиялық реакциялардың жіктелуі, химиялық реакциялардың сандық қѳрсеткіштері, химиялық реакциялардың зертханада жэне ѳндірісте пайдаланылуы, реакцияның энергетикалық эффектісі.

Бүлардың бэрі бір-бірімен тығыз байланысты жэне әрқайсысы жеке үғымдарға жіктеледі. Реакцияласушы жүйе деп аталатын бастапқы заттар агрегаттық күйіне қарай біртекті жэне әртекті деп жіктеледі. Мүның ѳзі ғомогенді және гетероғенді реакциялар типін ажыратуға себепші болады. Бастапқы заттар кез келген реакцияға түсе бермейді, белгілі бір заттармен ғана әрекеттесуге бейімділігін танытады.


Бүл бейімділік заттыц қүрамы мен қүрылымына тэуелді. Заттың қүрылысы арқылы реакцияның мэні мен жүру механизмі түсіндіріледі.


Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы заттардың қүрылысына байланысты. Кәдімгі жағдайда кесек күйіндегі заттар бір-бірімен эрекеттеспейді, реакция басталу үшін қажетті жағдайлар тудырылуы керек, олар: заттарды майдалау немесе еріту арқылы жанасу беттерін үлғайту, қыздыру, жарық және электр энергиясын беру, т.б.


Химиялық реакциялардың жүргені сыртқы белгілерінен білінеді, олардың ең бастысы - жаңа заттар түзілуі. Жаңа заттардың пайда болғаны ағреғаттық күйінен, түсінен, иісінен жэне жылу мен жарық шығуынан білінеді. Бүл табиғи таңбалар жүйесіне жататын белгілердің мағынасы реакциялық мэні мен механизмі арқылы түсіндіріледі.


Химия тарихында реакцияның мэні тәжірибе-аналитикалық, химиялық атомистика, термодинамикалық кѳзқарастар, атом қүрылысының теориясы жэне иондық теория, электрондық теория түрғысынан түсіндірілғен болатын. Орта мектептің химия курсында реакция үғымының даму қисынын айқындағанда осы теориялық кезеңцер ескеріледі. Алдымен тәжірибелер жасау арқылы бастапқы заттардан жаңа заттар түзілгені немесе химиялық қүбылыс туралы үғым беріледі. Содан соң мэні атом-молекулалық ілім түрғысынан





234

түсіндіріледі. Бұдан кейін химиялық реакциялардың энергетикасы, кинетикасы жэне химиялық тепе-теңдік ѳтіледі. Ақырында химиялық реакциялардың мэні мен механизмі электрондық жэне иондық теориялар тұрғысынан талданады.


Химиялық реакциялардың жүру жылдамдығы заттардың


табиғатына, эрекеттесуші заттардың концентрациясына, температурага тэуелділігін кѳрсететін заңдылықтар тұрғысынан оқылады.


Химиялық реакциялардың сандық кѳрсеткіштері құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, колем қатынас заңы, Авогадро заңы жэне реакциялардың жылу эффектісімен сипатталады. Бұл сипаттау халықаралық ѳлшемдер жүйесі - моль жэне т.б. ұғымдармен тығыз байланысты түрде жүзеғе асады.


Химиялық реакциялардың жіктелуі айтылып ѳткен .ұғымдардың бэріне негізделеді.


Реакцияның эр типінің бірнеше түрі болуы ықтимал, мысалы алмасу реакциялары, бейтараптану, гидролиз, т.б. болып жіктеледі.


Химиялық реакциялардың сандық кѳрсеткіштері немесе масса сақталу заңына, реакцияласушы жэне шыққан заттардың мольдік қатынастарына, реакцияның жылу эффектісіне негізделеді.


Химиялық реакция ұғымын ойдағыдай қалыптастырудың шарттары: 1) химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесін мұғалімнің жете түсінуі; 2) химиялық реакция туралы эр кезеңде берілетін білім, білік жэне дағдыны дидактикалық талаптар тұрғысынан іріктеу; 3) химиялық экспериментті жэне ѳзге оқыту құралдарын тиімді таңдау; 4) оқушыларды химиялық құбылыстарды бақылай білуге жоспарлы түрде үйрету; 5) затгармен жэне құрал-жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету; 6) бақылауларын түсіндіре білуге үйрету; 7) бақылауды түсіндірудің теориялық деңгейін біртіндеп кѳтеру; 8) химиялық реакциялармен таныстырғанда мэселелік жэне зерттеу эдістерін жиі қолдану, оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.



235

17-кесте. Химиялық реакциялардың жіктелуі








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет