\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Атомдардың әрекеттесуге бейімділігі олардың қосылыстагы орналасуының геометриялық қүрылымы бойынша анықталган валенттілікті координация деп атайды



бет99/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Нұғманұлы учебник

Атомдардың әрекеттесуге бейімділігі олардың қосылыстагы орналасуының геометриялық қүрылымы бойынша анықталган валенттілікті координация деп атайды. Ол осы қарастырып отырған атомды қоршаған кѳршілес атомдардың санымен анықталады.

Координация саны кеңірек үғым, стехиометриялық валенттілікті де қа.мтиды, кебінесе металдар мен иондық кристалдардағы атомдардың валенттілігін табуда қолданылады. Мысалы, хром





231

хлоридінің кристалдарында хромның бір атомын хлордың алты атомы, хлордың бір атомын хромның екі атомы қоршап орналасады, демек хром атомының координация саны - 6, хлор атомының координация саны -2. Олардың ѳзара қатынасы Сг : С1 = 6 : 2 = 3 : 1 қатынасындай, хромның үшқе, хлордың бірге тең стехиометриялық валенттілігіне сэйқес қеледі. Атомның қоординадия саны да тэжірибе жүзінде табылады.

Атомның байланыс валенттілігі осы атомның ѳзін қоршаған атомдармен түзетін химиялық байланысының, ал байланыстың ѳзі ортақтасқан элеюрон жүбының санымен анықталады. Элеқтрон жұбымен есептегенде атомдар арасындағы байланыстың саны эр түрлі бүтін немесе бѳлшеқ сандармен қѳрсетілуі мумқін.


Айтылған үш эдіспен табылған бір элементтің валенттілігі эр түрлі болуы ықтимал. Әдетте, оттегінің стехиометриялық валенттілігі еқіге тең; озондағы оттегі атомдарының стехиометриялық валенттілігі еқіге тең, молеқуласы түйықталған деп есептеледі. Қүрылымдық зерттеулер нэтижесінде озон молекуласының түйықталмағаны, су молекуласындағы тэрізді бүрыш жасап орналасқаны анықталды. Орталық атом екі шеткі атомдармен байланысқан, ал шеткі атомдар ѳзара байланыспайды. Демек орталық атомның қоординациялық саны -2, шеткі атомдардың координация саны -1. Бүл - оттегінің бір атомы - екі, қалған екі атомы бір валентті деген сѳз.


Озонның электрондық құрылысын квант химиясының әдістерімен зерттегенде орталық атом мен шеткері атомдар арасында бір коваленттіден және үш атомды бірдей байланыстыратын бір электрон жұбы бар екені анықталған, бұл соңғы байланыс эр екі атомға жартыдан тиеді. Тұтасынан алғанда орталық атом мен шеткі атом арасында бір жарым (1 + 0,5), орталық атом мен екі шеткі атом арасында үш (1,5+1,5) химиялық байланыс бары есептеледі. Сонымен байланыстың саны бойынша озондағы оттегінің орталық атомы - үш, шеткі атомдары 1,5 валентті.


Үш түрлі валенттілікті бір жалпы ұғымның эр жағы деп түсініп, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу орта мектепте химияны оқытудың сапасын арттырады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет