Эңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады . Эдістің
мэні - мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайырады,
сондықтан кейде сұрақ-жауап эдісі деп те аталады. Баяндалғалы
отырған материалдың кейбір мэселелері оқушыларға бұрынғы сыныптардан, басқа пэндерден, ѳмірден жэне т.б. таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты мен мақсатына қарай бұл эдіс хабарлама, эвристикалық жэне бақылау, қорытынды эңгімелесу эдістері деп жіктеледі. Эңгімелесу мұғалімнің шеберлігін жэне сезімталдығын қажет ететін күрделі эдіс, оған қойылатын талаптар:
Оқушыларға эңгімелесудің мақсатын, неғізғі міндетін жеткізу, оларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандыру;
Эңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белғілеу жэне жіктеу, қойылу ретін жэне тұжырымдалуын ойластыру;
Негізгі жэне қосымша сұрақтардың арақатынасын анықтау;
Жоспарланған сұрақтар бойынша эңгімелесу, кластағы оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, бүкіл сыныппен эңгімелесу;
Эңгімелесудің мақсатынан ауытқымау, уақытты үнемдеу;
Эңгімелесудің нэтижесін жинақтап, қорытынды жасау. Оқулықпен жэне басқа кітаптармен жұмыс. Қазіргі
педагогиканың жэне мектеп реформасынаың негізгі талабы - оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы жэне эр пэн үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай оқу біліктерінің ішіндеғі ең маңыздысы - кітаппен жұмыс істей білу. Оқулықпен жұмыс істеу эдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту, қолдану жэне тексеру үшін пайдаланылады. Оқулықпен оздігінен істелетін жұмыстардың түрлері:
Қарапайым тексті (мэтінді) жеке беліктерге болу, эр болігіне ат
қою;
44
Мәтіндегі материалдардың баяндалу жоспарын жасау, автордың негізгі ойын табу;
Ѳз бетінше оқығанда жалпы сипатты жоспарларды пайдалана
білу;
Күрделі мэтін мен жүмыс істей білу. Мәтін мен ғылыми білім
жүйесінің қүрылым элементтерін (ғылыми деректер, үғымдар, заңдар, теориялар, зертгеу әдістері), қолданбалы білімді (қүрал жэне қондырғының түсініктемелері) табу оны сызбанүсқа түрінде ѳрнектей білу;
Суреттерді түсіну;
Графиктерді және кестелерді пайдалана білу;
Мүғалім дайындаған немесе текстің соңында берілген сүрақтарға жауап қайтару.
Әдістемелік әдебиеттерде элементтердің жэне олардың қосылыстарының табиғатга таралуытмен қолданылуы тәрізді деректі материалдарды ғана оқулықпен жүмыс істеу арқылы үйренуге болатынын туралы пікір басымырақ болып келді. Ұстаздың сарамандык кезіндегі байкаулары кейбір теориялық тақырыптарды да кітаппен жүмыс істеп ѳткізуге болатынын кѳрсетті. Мэселен, VIII сыныпта “Массаның сакталу заңын” окушылар мынадай тапсырмалар бойынша кітаптан оқып үйренді, оқушылардың жауаптарына сәйқес тәжірибені мүғалім ѳзі қѳрнекі корсетеді:
Химиялық реакциялар кезінде зат массасының сақталатыны немесе сақталмайтыны жонінде жорамал жасаңдар;
Жасалған жорамалдың дүрыстығын қалай тексеруге болады? Тәжірибені корнекі корсету;
Зат массасының сақталу заңына қайшы келетін қүбылыстар бар ма? Олардың мэнін қалай түсіндіресіңдер?
Корсетілген жэне оқулықта жазылған тәжірибелерге сүйеніп, зат массасының сақталу заңын түжырымдау;
Үстірт қарағанда зат массасының сақталу заңына қайшы келетін қүбылыстар бар ма? Олардың мэнін қалай түсіндіресіңдер?
Мэтінде келтірілгенге үқсас зат массасының сақталу заңын дэлелдейтін молшерлік мэліметтерғе мысал келтіру немесе сол мысалдың озін түсіндіру;
Зат массасынан шығатын жалпы қорытынды.
45
Сабақта барлық оқушы тапсырмага сэйкес белсенді жүмыс істейді. Қорытынды кезінде оқушылар жаңа материалды толық меңгере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |