Бақылау сұрақтары
Бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдардың оқу-тэрбиелік маңызы қандай?
193
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы үғымдар қалыптасуының неше кезеңі бар?
Бірінші кезеңде оқу материалы қалай орналастырылады? Осы саладағы эдістемелік пікірдің дамуын сипаттаңыздар.
Оксидтер туралы үғымның қалыптасуын және дамуын ретімен баяндаңыздар.
Қышқылдар туралы үғымның қалыптасуы жэне дамуы қалай жүзеге асады?
Негіздер туралы үғымның қалыптасуын жэне дамуын ретімен баяндаңыздар.
Түздар туралы үғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?
Оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне түздар туралы білімді қорытындылаудың эдістемелік мэселелерін сипаттаңыздар.
Бейорганикалық қосылыстар арасындагы генетикалық байланысты қалай ашу керек, бүл материалдың ғылыми козқарас қалыптасуындагы маңызын корсетіңіздер.
13-тарау. Д.И. МЕНДЕЛЕЕВТЩ ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢЫН, ПЕРИОДТЫҚ жүйесін және атом құрылысын ОҚЫП-ҮЙРЕНУ әдістемесі
Периодтық заң жэне атом құрылысы - мектеп химия курсының негЫ Д.И.Менделеев ашкан периодтық заң - табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер жэне олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге жэне батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның қүрылысын анықтауға, жаңа элементтер ашуға жэне синтездеуге жол-жоба корсет. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия жэне басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.
Периодтық заң жэне периодтық жүйе - орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бүлардың негізінде қүрылған химияның мазмүны ғылыми жагынан шынайы, жүйелі және түсінікті болып келеді.
Периодтық заң жэне атом күрылысы отілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме ғылымынан теориялық ғылымға айналады.
194
Химияны оқып ұйренуде дедукцияның маңызы күшейеді. Ғылыми болжамның қүдіретіне оқушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер жэне олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тэжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады.
Периодтық заң жэне атом құрылысы туралы оқу материалы элементтер жэне олардың қосылыстары қасиеттерінің периодты түрде ѳзгеретіні жэне оның себептері жонінде үғым қалыптастырады. Химиялық әрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуғе жэрдемдеседі, бейорганикалық жэне органикалық химияның негіздерін саналы меңгеруге комектеседі.
Оқушыларда ғылыми козқарас қалыптасуьшда периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы зор. Басқа ғаламшарлар мен жердің, жердегі тірі табиғат пен олі табиғаттың материалдық бірлігіне оқушылардың козі жетеді. Бүларда кездесетін заттардың барлығы санаулы ғана химиялық элементтердің қосылыстары болып табылады.
Элементтер арасындағы озара байланыстың, жүйе мен жекенің арасындағы байланыстың мэні ашылады. Жүйеден тыс элемент бола алмайды, жүйе белгілі элементтерді толық қамтиды. Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйе Л. Мейер жасаған жүйеден барлық элементтерді қамтуы, ашылмаған элементтерге орын қалдыруы бойынша ерекшеленеді. Периодтық жүйеден химиялық элементтер атомдарының біртіндеп күрделіленуі, санның сапаға ауысуы айқын корінеді. Реттік номір бірге артқанда атомның заряды, электрон саны артады, соған орай химиялық сапасы озгереді. Біртіндеп металдық қасиет жойылып, бейметалдық қасиет күшейеді, содан соң инертті элеменгтер пайда болады. Осыған орай оқушыларда дүниені танып-білуге болатыны жонінде нақтылы пікір қалыптасады. Галлийдің, скандийдің жэне германийдің болжанған қасиеттері мен тэжірибеде сыналган қасиеттерінің дэлме-дэл шығуы оқушыларды еріксіз таңдандырады, Д.И. Менделеевтің ғылыми ерлік жасағанына шүбэсіз сенеді.
Периодтық заң, атом қүрылысы оқу материалын игеру барысында оқу-шылар оте коп салыстырулар жасап, қисынды ойлау барысын ұштай түседі.
Периодтық заң жэне периодтық жүйе тақырыбының орта мектеп кур-сындағы орны үздіксіз озгеріске үшырады. Ең алғашқы үлғілі
195
багдарлама-ларда ол химия курсының соңына орналастырылды. Одан кейінгі кешендік бағдарламаға кірмей қалды. Химиялық түрақты бағдарламалардагы оның орны жонінде екі түрлі пікір үстем болды.
Біріншісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшін оқушылардың деректі материалдардан біршама эзірлігі болуы тиіс. Осы козқарасқа сэйкес периодтық заң 9-сыныпта галогендер, оттекке үқсас элементтер жэне сілтілік металдар ѳтілгеннен кейін оқылды.
Екінші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жүйені ертерек отіп, химиялық элементгерді солардың негізінде оқып, үйрену тиімді деп есептеді. Осы пікірге сэйкес бүл тақырып 8-сыныпта оқылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |