\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Оқушыларды периодтық заңды оқып, үйренуге эзірлеу



бет88/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162
Нұғманұлы учебник

197

Оқушыларды периодтық заңды оқып, үйренуге эзірлеу. Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзе-ге асқаны, элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арасында айқын шекара жоғын кѳрсететін амфотерлі элементтер бар екені жонінде түсінік беріледі. Металдар және бейметалдар түзетін жай затгардың физикалық жэне химиялық қасиеттері кесте түрінде жазылады. Онда сынаптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды жэне электр тогын жақсы откізетіні, пластикалығы, созылғыштығы, негіздік оксидтер жэне негіздер түзетіні, үшқыш сутекті қосылыстары болмайтыны корсетіледі. Бейметалдар сүйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, копшілігі жылуды жэне электр тогын нашар откізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және үшқыш сутектік қосылыстар түзетін заттар ретінде сипатталады.

Металдар мен бейметалдардың химиялық қасиеттерін талқылағанда генетикалық байланыс сызбанүсқасы еске түсіріліп, реакция теңдеулері жазылады:



1







3

а) кальций ->

кальций -> кальций -»

кальций




оксиді

гидроксиді

хлориді

1




2

3

э) күкірт ->

күкірт(іҮ)-э күкіртті

кальций




оксиді

қышқыл

сульфиті

Оксидтер мен гидроксидтердің сипаты талданады. Талдау кезінде нагыз металдар түзетін қосылыстардың негіздік, нағыз бейметалдар түзетін қосылыстардың қышқылдық сипаты барына назар аударылады.

Бүдан соң мырыш гидроксидінің қышқылдар және сілтілер


ерітінділерімен әрекеттесуінің зертхналық жүмысы үйымдастырылады. Жүмыстың нәтижесі '‘мырыш гидроксидін; а) қышқылдарға, э) негіздерге жатқызуға бола ма?” - деген сүрақ бойынша қорытындыланады. Оқушылар мырыш гидроксиді қышқылмен эрекеттесіп негіздік, сілтімен эрекеттесіп қышқылдық қасиет корсететіні жонінде пікірге келеді, реакциялардың теңдеуін жазады. Мырыш оксидін алып тәжірибелер қайталанады, реакция теңдеулері жазылады. Бүл тэжірибелерден оқушылар қорытынды жасайды. Химиялық элемент қосылыстарының амфотерлі қасиет



198

білдіруі оның металдар мен бейметалдар арасынан орын алатынын білдіреді, металдардан біртіндеп бейметалға ауысуы байқалады.
Химиялық элементтер түзетін жай заттар жэне химиялық қосылыстар туралы үғым элементтердің табиғи топтарын откенде дамытылады. Элементтер табиғи топтарға қасиеттерінің үқсастығы және түзетін заттарының сипаты бойынша біріктірілген.

Сілтілік металдардың табиғи тобы туралы түсінік тэжірибелерге жэне окулықтағы 10-11 - кестелерге сүйеніп беріледі. Сумен жэне оттегімен әрекеттесу реакциялары корсетіледі. Салыстырмалы атомдық массаларының артуына қарай физикалық қасиеттерінің ѳзгеру заңдылықтарына назар аударылады.


Галогендердің табиғи тобын қарастырғанда физикалық қасиеттері корнекі корсетіледі, кесте бойынша олардың ѳзгеру бағыты анықталады. Сутегімен жэне металдармен әрекеттесу реакцияларының теңдеулері жазылып, талданады, түзетін қосылыстардың қүрамына коңіл аударылады. Элементтердің тағы бір табиғи тобы инертті газдар туралы қысқа мағлүмат беріледі.


Әзірлік жүмыстары 20 элементтің. карточкаларын дайындаумен және физикадан атом қүрылысы туралы білетіндерін қайталап келуге тапсырма берумен аяқталады. Карточкалардың ұлгісі оқулықта берілген. Эр карточкаға элементтің химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, оттегі жэне сутегі бойынша валенттілігі жазылады. Карточкалар білдіретін ақпараттың тиімділігін арттыру үшін металдар карточкасын кок түске, бейметалдардікін - қызыл түске, амфотерлі элементтер карточкаларының жартысын кок, жартысын қызыл түске бояйды, инертті элементтер карточкаларын ақ күйінде қалдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет