Бақылау сүрақтары
Оқыту эрекетінің жеке боліктерін сипаттап, олардың озара байланысын кѳрсетіп, химияны оқыту әдістемесіне ғылыми анықтама беріңіз;
Химияны оқыту эдісін басқа гылыммен байланысын сызбанүсқа арқылы корсетіңіз
Химияны оқыту туралы орыстың үлы ғалымдары М.В.Ломоносовтың, Д.И.Менделеевтің, А.М.Бутлеровтың пікірлері қандай болды?
Кеңес окіметі түсында химияны оқыту әдістемесінің қалай дамыганын сипаттаңыз;
Қазақстан Республикасында химияны оқыту әдістемесі қалай дамыды жэне қазір қандай?
15
2 - тарау. ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН
Міндеттері
Орта мектепте химия оқытудың мақсаттары. Жеке оку пэндерінің мақсаты қогамның мектеп алдына қойған элеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат - эржақты жетілген, оз ісіне сенімі күшті, коғамдағы түбірлі озгерістерді жүзеге асыруга қабілетті кісіні тэрбиелеу. Бүл, мақсатқа жету үшін мектеп жасѳспірімдерді табиғат, қоғам, адам жэне оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тэрбиесін береді, ғылыми жэне ізгілік кѳзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасѳспірімнің бойына азаматтық борыш, елі мен жерінің тағдыры үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылықпен еңбек етуге, ѳзін-озі басқаруға эзірлейді.
Осы жалпы мақсатқа сәйкес эр пэннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тэрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды эржақты дамыту мақсаттары да қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми козқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалык, адамгершілік, еңбек жэне т.б. тэрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну жэне ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын коздейді.
Бүл мақсаттар химияны оқыту барысында одан эрі салаланып жүзеге асады, олар:
Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуга эзірлеу, политехникалық дайындық беру;
Химия зертханасында, ѳндірісте, табиғатга жэне күнделікті омірде байқалатын сапалық озгерістерді бақылауға жэне түсіндіре білуге үйрету;
Химиядан алған білімді басқа пэндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік козқарас қалыптастыру;
Заттармен, қүралдармен, корнекі қүралдармен жүмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;
Білім, білік жэне дағдыны оқу барысында, омірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;
16
Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке жэне табандылыққа тэрбиелеу;
Оқушылардың химияға кұштарлығын жэне қабілетін дамыту, кэсіптік бағдар беру.
Химия пэнінің мақсаттары эр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша ѳткізілетін сабақтарда нақтыланады.
Химияны оқыту эдістемесінің міндеттері Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нэтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дэрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады жэне химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жѳніндегі білім; химиялық ѳндіріс туралы білім.
Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын корсету (2-сызбанұсқаны қараңызХ
2 - с ы 3 б а н ұ с қ а. Заттар жэне олардың кездесу түрлері
Эр түрлі күрделілену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи жэне жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір-біріне айналу ѳзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, ѳзінің зерттеу зерзаты
17
жагынан физика мен биологияның арасында орналасады. Бұлармен физикалық химия, ядролық химия, геохимия, биохимия, т.б. гылымның жүйесін түзеді.
Химиядан орта білім берудің екінші міндеті - пэнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу жэне түсіну саласында физиканың эдістері мен теориялық козқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылы.мдар (геология, минералогия жэне т.б.) минералдар мен тау жыныстарының ѳзгерістерін олардың қүрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мэнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып, молекулалық биология зерттейді. Бүл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, ягни айтылғандармен гана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанүсқаға сэйкес осы ғылымдар арасындағы озара байланыстың мэнін ашып корсету керек.
Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті - табигаттың түтастыгы, онда жүзеге асатын қүбылыстардың бір-бірімең байланыстылыгы, шарттылығы жонінде ғылыми козқарас қалыптастыру. Ѳлі табиғатты қүрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты қүрайтын организмдердің денесі заттардан түрады. Заттардың озі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым болшектерден қүралады.
Химиядан орта білім берудің тортінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материальш іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай дэрежеде оту қажеттігін шешу - аса жауапты міндеітердің бірі.Заттар туралы білім үғымдардан түрады, олардың негізгілері - химиялық элемент, химиялық реакция, химиялык ондіріс.
Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті - химия курсын қүрайтын үғымдар жүйесін, эр жүйеге кіретін жеке үғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
Заттар мен үғымдар теориялық козқарастар түрғысынан іріктеп алынады. Олардың бірі - теорияны отуге әзірлеу үшін, екіншісі - бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом-молекулалык
18
күрьшысын, сондай-ақ элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом қүрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білу керек.
Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмүнын, деңгейін және орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материалдарды сүрыптау, түсіндіру және болжау, үғымдарды анықтау міндетін атқарады.
Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін ондірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру. Бүл негізді жүзеғе асыру үшін химия ондірістерімен жэне олардың ғылыми неғіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі үғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар ѳнімдерді, бағалы синтетикалық материалдарды ѳндірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мэнін корсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тэрбиесін жүзеге асыру керек.
Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу; химияны жэне химия онеркэсібін ѳркендетуге байланысты ауаның, судың, топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, ѳсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді жэне тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табигатқа, организмдерге жэне адам денсаулығына тигізетін қолайсыз әсері жонінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.
Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.
Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті - оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық эдебиеттермен жүмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сѳйлей білуге, 03 ойын анық, дәл, жүйелі жэне дэлелді жеткізе білуге үйрету; химияның озіне ғана тэн тілдік қүралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен қүрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |