\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Ханияны оқыту эдістемесінің қалыптасуы жэне дамуы



бет5/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Нұғманұлы учебник

Ханияны оқыту эдістемесінің қалыптасуы жэне дамуы.

Жастарға химиялық білім беру туралы козқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сэйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес косумен бірге, жасѳспірімдерғе тікелей химиялық білім беру ісімен айналысты, кѳптегсн құнды эдістемелік пікірлер айтты.


М.В.Ломоносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын жэне пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мэселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мэнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.


Д.И.Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның ѳнеркэсіпте жэне ауыл шаруашылыгында қолданылуын корсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі жэне теориялық материалдар енгізу, химиялык экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты.Ол ой-ѳрісі кең, ғылымды жетік





11

білетін жэне жақсы кѳретін үстаз ғана шэкірттердің жүрегіне жол табады деп мүғалімнің ролін жоғары бағалады.
A.М.Бутлеров (18281886) ғылымдағы жэне оқыту эрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негізден түсіндірді, ѳте жақсы химия оқулықтарын жазды.

М.В.Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң жэне периодтық жүйе, А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың қүрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін қүрайды.


Химияны оқыту әдістемесі ол орта мектепке түрақты оқу пэні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Патшалық Россияның жалпы білім беретін гимназиялары мен училищелерінде химия жеке пэн ретінде үдайы оқытылмады. Сондықтан Қазан революциясының алдындағы кезеңде химиктер С.И.Сазонов, Г.М.Григорьев, А.Н.Реформатский жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарында химияның оқу пәнін түрақтандыру үшін күресті.


Химия Қазан революциясынан кейін ғана орта мектептердің оқу жоспарынан химия ѳзіне лайықты орын алды. Кеңес мектебіндегі оқыту сипатының сол кезеңдегі жалпы бағыттарына сэйкес химия курсының мазмүнын анықтау ісі қолга алынды.


B.Н.Верховский, Л.М.Сморгонский, Я.Л.Гольдфарб химияның жүйелі курсының багдарламасыи жасады, түрақты оқулықтарын жэне түңгыш әдістемесін жазды (1933-34ж.ж.). Бүдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмүны мен қүрылымын ғылыми


жағынан негіздеуде Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков жэне С.Г.Шаповаленко, т.б. кѳп еңбек сіңірді.


Химияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнін оқыту мэселелерін жан-жақты зерттейтін кѳп салалы ғылымға айналды. Атап айтқанда, химияны оқытудың үйымдастыру формалары әдістерін жетілдіруді Д.И.Кирюшкин, химияның негізгі үғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту қүралдарын жасау жэне тиімді пайдалану әдістемесін С.Г.Шаповаленко, Н.Е.Кузнецова, химияны оқытудың ѳндіріспен байланысы жэне химиядан тереңдетіп білім беру мэселелерін Д.А.Эпштейн, химиялық эксперименттің теориясы мен сарамандығын В.С.Полосин, К.Я.Парменов, органикалық химияны оқыту мэселелерін Л.А.Цветков, химияның





12

тоериялық негіздерін оқыту әдістемесін Г.И.Шелинский, В.П.Гаркунов, химияны оқытудың басқа пәндермен байланысын Е.Е.Минченков, Д.П.Ерыгин зерттеді. Бүлардың әрқайсысы коптеген ғалым шәкірттер тэрбиелеп шығарды, оқу-эдістемелік еңбектер жариялады.

Одақ кѳлемінде жүргізілетін әдістемелік зерттеулер үйлестіріліп отырды. Зертхананың ғылыми қызметкерлері Л.А.Цветков, Р.Г.Иванова, Е.Е.Минченков, М.В.Зуева, Т.В.Смирнова, Т.З.Савич, И.Н.Чертков П.А.Глориозов, В.Л.Рысс химияны оқытудың жалпы


әдістемесін жазды, мүғалімдерге күнделікті кѳмегін тигізетін


бірнеше әдістемелік қүралдарды жариялады. Солардың ішінде Р.Г.Иванованың, И.Н.Черковтың, П.А.Глоризовтың, Ю. В. Ходаков-тың және т.б. әдістемелік қүралдары қазақ тілінде аударылды. Химияны оқыту эдістемесіне творчестволық жүмыс істейтін мүғалімдер де оз үлестерін қосып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет