Бірінші кезең:
Жалпы білім беру ұйымының басшысы бұйрық шығарады және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру туралы ережені бекітеді, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының құрамы мен лауазымдық міндеттерін бекітеді, пәнаралық негізде педагогтар мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау процесін ұйымдастырады, білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүргізу кезеңінде және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесінде тәрбиешілердің/педагогтердің, мамандардың және ата-аналардың өзара іс-қимылын реттейді, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын мамандардың құжаттамасын жинау мен қалыптастыруды бақылайды.
Сынып жетекшілері пән мұғалімдері мен ата-аналардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады, білім беру ұйымының әлеуметтік педагогымен бірге баланың дамуындағы әлеуметтік жағдайды зерттейді, сабақта және сабақтан тыс уақытта жағымды эмоционалды-психологиялық климат үшін жағдай жасайды.
Білім беру ұйымының педагогтері білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруінде қиындықтарды белгілеу мақсатында оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) жеке ерекшеліктеріне қатысты кәсіптік этика мен құпиялылықты сақтайды, қажет болған жағдайда білім беру ұйымының психологтарына, әлеуметтік педагогтеріне немесе арнайы педагогтеріне консультация алуға жүгінеді.
Екінші кезең:
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе ПМПК ұсынымы негізінде білім беру ұйымының басшысы жеке оқу жоспарларын, жеке/бейімделген оқу бағдарламаларын, мамандардың жеке дамытатын бағдарламаларын, психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тізімін қамтитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларын бекітеді.
Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары психологиялық-педагогикалық қолдау процесін ұйымдастырады және бақылайды, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жасауға, сүйемелдеу нәтижелерін, тәрбиеленушінің даму динамикасын, білім алушының оқу жетістіктерін талқылауға қатысады, тиімділікті арттыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі тәрбиеленушілерді/білім алушыларды сыныптан тыс және бос уақыт іс-шараларына қосады ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) жеке қолдап отыру процесі білім беру ұйымында педагог-ассистенттерді ротациялауды жүзеге асырады.
Білім беру ұйымының педагогтері оқу бағдарламаларының бейімделуін орындайды, білім, білік, дағдыдағы олқылықтардың орнын толтыра отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оқу және жетістіктерін бағалау процесін дараландырады, оқулықтарды, оқу материалдарын таңдайды, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады, балалардың эмоционалды көңіл-күйін қалыптастырады, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) физикалық, психикалық және адамгершілік денсаулығын сақтау мақсатында дәрістерде/сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда қолайлы жағдай жасайды.
Педагог-психологтың немесе әлеуметтік педагогтың көмегіне қажеттілік білім беру ұйымын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді бағалаумен айқындалады.
Төмендегілерге сәйкес:
- Т17. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы, "Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қағидаларын бекіту туралы", "психологиялық-педагогикалық қолдау процесін бақылауды Білім беру ұйымының әкімшілігі нормативтік құқықтық актілер, білім беру процесіне қатысушылардың лауазымдық міндеттері негізінде жүзеге асырады".
-Т20. Әкімшілік, педагогикалық кадрлар (мұғалімдер, тәрбиешілер, психолог (педагог-психолог), логопед (мұғалім-логопед), арнайы педагог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент), білім беру ұйымының қызметкерлері, тәрбиеленушілер/білім алушылар, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесінің қатысушылары болып табылады Білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы білім беруді/тәрбиені ізгілендіру және командалық тәсіл қағидаттарына негізделеді.
-Т21. Әкімшілік ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырады, білім беру процесінің барлық қатысушыларының мінез-құлқының толерантты мәдениеті негізінде қауіпсіз және психологиялық жайлы ортаны қамтамасыз етеді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар туралы дербес ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
-Т22. Педагог-психологтар, білім беру ұйымдарының педагогтері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша тиісті кәсіптік-педагогикалық даярлыққа ие, осы Қағидаларға сәйкес балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді және оқытуды/тәрбиелеуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 "Білім берудің үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес балаларды кәсіби деңгейде психологиялық-педагогикалық қолдауды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген), Білім беру ұйымының Жарғысымен, ата-аналармен (заңды өкілдермен) жасалған шартпен реттеледі.
-Т23. Әкімшілік және педагогтар:
1) тәжірибелік-эксперименттік жұмысты, педагогикалық практикаға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізуді жүргізеді;
2) тәрбиеленушілердің/білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауды жүзеге асырады;
3) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының жұмысына қатысады;
4) психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері бойынша біліктілігін арттырады;
5) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді;
6) психологиялық-педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар және атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермелеулер алады.
Инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:
Мүмкіндіктеріне қарамастан, педагогтарға және әрбір оқушыны сөзсіз қабылдауға мүмкіндік береді.;
Білім беру процесінің барлық қатысушылары мен Техникалық персоналдың толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз ету;
Оқу мақсаттарын ЕБҚ оқушының жақын даму аймағына сәйкес анықтау;
ЕБҚ оқышыны оқудан тыс іс-шараларына қосу;
Оқушыны қолдауда отбасы әлеуетін пайдалану.
Инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі:
а. оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарға оң көзқарасы;
б. жалпы білім беретін, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық жетістік,
в. оқушының әлеуметтік бейімделуі.
Инклюзивті мектеп ортасын құру бойынша әкімшілік пен педагогикалық ұжым қызметінің негізгі бағыттары:
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жергілікті нормативтік негізін құру.
Білім беру процесіне қатысушылардың функцияларын анықтау.
мектептегі ағымдағы жағдайды талдау және бағалау.
мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби даярлау.
мектеп қоғамдастығын даярлау.
одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу,
Достарыңызбен бөлісу: |