Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет10/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
 
1. 
Ауқымдылығы бойынша құрылыс жобалары қандай түрлерге 
бөлінеді? 
2. 
Басқаруды ұйымдастырудағы тиімділік дегеніміз не? 
3. 
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру жəне ИҚЖ басқару 
арасындағы айырмашылық неде? 
4. 
Құрылысшы инвестор бола ала ма? 
5. 
ИҚЖ тіршілік кезеңін анықтаудағы шарттылық неде? 


13 
1.2 Құрылысты жүзеге асыру тəсілдері 
 
Жалпы ережелер. Құрылысты ұйымдастырудың əр түрлі əдістерін 
анықтайтын тəсілдер келесі жіктелу белгілерімен тығыз байланысты: 
 жалпы құрылыс алаңын жеке нысандарға (олардың кешендері 
немесе олардың бөліктері) бөлудегі ерекшеліктер; 
 құрылыс мекемелерінің орналасу орнынан тұрғызылатын 
нысандардың алыстылығы; 
 жұмыстарды орындау кезіндегі қатар орындау (қосарлы) дəрежесі. 
Кез келген біршама ірі құрылыс, əдетте; жұмыстар циклі (нөлдік 
цикл жұмыстары, жерүсті бөлігін тұрғызу, ішкі жұмыстар жəне т.с.с.) 
орындалатын жеке нысандар кешенінен тұрады. Осылайша, кеңістіктік 
қатынаста құрылыс нысандарға, ал технологиялық – жұмыстар 
түрлерінебөлінеді. Егер құрылыс кезек бойынша жүргізілетін болса, онда 
нысандардың бір бөлігі дайын құрылыс өнімін шығаруға бағытталған. 
Əдетте, олар, құрылысы толық аяқталған кəсіпорындар, өнеркəсіптік іске 
қосу кешендері, қала құрылыс кешендері жəне өнімді шығаруға (өндірістік 
нысандар) немесе игілікті қанағаттандыруға (тұрғын ғимараттары) немесе 
қызмет көрсетуге (қонақ үйлер, дүкендер жəне т.с.с.) дайындалған жеке 
нысандар.
Нысандардың басқа бөлігі дайын құрылыс өнімі болып табылмайды, 
себебі олар қосалқы мағынаға ие, мысалы, инженерлік инфрақұрылым 
нысандары. Алайда, барлық жағдайда белгіленген екі кеңістіктік топ 
жылжымайтын мүлікті білдіреді, жəне оларды тұрғызу үшін негізгілері 
еңбек, көліктік жəне материалды болып келетін қорлардың барлық 
түрлерінің қозғалысы қажет етіледі. Осылайша, құрылысты жүзеге асыру 
тəсілдері құрылыстың жеке бөліктерінің кеңістіктік бөлінуі арқылы немесе 
қорлық қамтамасыз ету орындарынан алыстылығымен немесе негізгі 
құрылыс жұмыстарын мен жинақтау жұмыстарын орындау уақытының 
қосарлылығымен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет