14
түйінге
бөлінетін
құрылыс
бөлігінің
құрылмалы
аяқталымдылығыжəне оның кеңістіктік тұрақтылығының қамтамасыз
етілуі;
тұрғызылатын нысанның жалпы технлогиялық процессте берілген
түйін арқылы қамтамасыз етілетін жеке технологиялық циклдің бітуі;
жеке технологиялық желілер мен қондырғыларды автономды
сынау жəне жөндеу мүмкіндігі;
ағындық құрылысқа жəне
көршілес құрылыс-монтаждау
мекемелерінің жұмысы үшін кезектегі жұмыс орындарын ашуды тездетуге
жағдай жасау мүмкіндігі;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі көп жүргізуші (бас)
орындаушыны бекітудің мақсаттылығы;
нақты түйіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының, басқа
түйіндерге өтуі алдында, сəйкес бөлімшелермен толық аяқталу қажеттілігі.
Жиынтық-блок тəсілі арқылы құрылыс. Құрылыстың
келешегі
бар
индустриалды
тəсілдерінің
қатарына,
тұрғызылатын
жеке
нысандардың көлемді модульдерге бөлінуін қарастыратын тəсіл
жатқызылады.
Құрылысты ұйымдаструдың берілген тəсілі кезінде ғимарат жеке
кеңістіктік конструкциялар,
зауыттық дайындалған блоктар,арқылы
тұрғызылады. Əдетте, конструктивті блоктарды жəне жабдықтарды
дайындау жəне сынау дайындаушы кəсіпорындарда, ал құрылыс-
технологиялық блоктарды, инженерлік жүйелер блоктарын жəне
технологиялық құбыр желілерін дайындау жəне
сынау құрастыру-
жиынтықтау өнеркəсіптерінде жəне құрылыс-монтаждау мекемелерінің
құрылыс индустриясының қоймасында жүзеге асырылады.
Дайындаушы
кəсіпорындардан,
құрастыру-жиынтықтау
қоймаларынан
жобадағы күйіне орнату орнына блоктарды жеткізу тəртібі құрылысты
ұйымдастыру жобасында (ҚҰЖ) жəне жұмыстарды жүргізу
жобасында
(ЖЖЖ) қарастырылған нысанды тұрғызудың технологиялық реттілігі
арқылы анықталады. Тағайындау бойынша жиынтық-блок орындауында
келесі ғимараттарды тұрғызу ұсынылады: қазандықтар, бойлер орнатылған
жұмыс бөлмесі,
жылу бекеттері, қосалқы трансформатор станциялары,
дизельді электрстанциялары,
компрессорлық станциялар, қоймалар,
құрылыс алаңында орналасқан уақытша ғимараттар жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: