Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет68/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Сапаны бақылау органдары. Құрылыс-жинақтау мекемелерінде 
өндірістік бақылаудан басқа мемлекеттік жəне олар жайлы арнайы 
ережелер негізінде қызмет атқаратын ведомстводан тыс бақылау жəне 
қадағалау органдарымен (өрт сөндіру, санитарлық-эпидемиологиялық, тау-
техникалық жəне басқалары) бақылау жүзеге асырлады.
Құрылыс мекемелерінде құрылыс сапасын бақылауды қамтамасыз 
етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық жəне экономикалық 
шаралар жасалуы тиіс. Бұл шараларда құрылыс зертханаларын, 
геодезиялық қызметтерді жасау жəне орындаушылардың біліктілігі мен 
шеберлігін арттыру сұрақтары қарастырылады. 
Құрылыстың барлық деңгейінде алдыңғы орындалған өндірістік 
бақылау тиімділігін тексеру мақсатында таңдаулы түрде инспекциялық 
бақылау жүргізіледі. Ол арнайы қызметтермен жүзеге асырылады, егер 
олар құрылыс мекемесінің құрамына кіретін болса, немесе, бұл мақсат 
үшін арнайы құрылған комиссиялармен жүзеге асырылады. Сапаны 
өндірістік жəне испекциялық бақылау нəтижелері бойынша анықталған 
ақауларды жою бойынша шаралар ұйымдастырылады, бұл ретте, 
мемлекеттік бақылау органдары жəне жобалық мекемелердің авторлық 
қадағалау талаптары ескеріледі. 
Аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдап алу. Нысандарды 
пайдалануға беру тəртібі. Құрылысы аяқталған (қайта жасау, кеңейту) 
нысандарды (кəсіпорындарды, олардың жеке кезектері, іске қосу 
кешендері, ғимараттар) олардың сапасын бағалай отыра пайдалануға 
қабылдап алудың шарттары мен тəртібі құрылысы аяқталған нысандарды 
пайдалануға қабылдап алудың жалпы қазақстандық жəне шекаралық 
нормаларымен реттеледі.
Бекітілген жобаға сəйкес құрылысы аяқталған, пайдалануға 
дайындалған нысандар тапсырыс беруші-құрылысшылармен мемлекеттік 
қабылдау комиссиясымен қабылдап алуға ұсынылады. Құрылысы 
аяқталған жəне «толық аяқталған» нысандар мемлекеттік қабылдау 
комиссиясына тапсырыс берушімен бірге мердігермен қабылдап алуға 
ұсынылады. Нысандарды мемлекеттік қабылдау комиссиясына тапсырыс 
беруші-құрылысшымен ұсынуға дейін келесі талаптарды тексеретін жұмыс 
комиссиялары құрылады: 
 нысандардың жəне оларда орнатылған жабдықтардың жобаға 
сəйкестігі; 
 жабдықтарды сынау жəне кешенді байқау нəтижелері; 
 нысандардың қалыпты пайдалануға жəне өндімдерді шығаруға 
немесе қызмет көрсетуге дайындылығы, сау жəне қауіпсіз еңбек 
шарттарын жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша 
шараларды орындау; 
 құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы. 


132 
Жабдықтарды кешенді байқау нəтижелері өндірістік мақсаттағы 
нысандар бойынша жұмыс тəртібінде жобамен қарастырылған, бастапқы 
кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларын сəйкес көлемде өнімді 
шығаруды бастау (қызмет көрсетуді) болып табылады. 
Нысан құрамына кіретін құрылысы аяқталған өндірістік жəне 
қосымша тағайындаудағы, азаматтық қорғаныс құрылымдары (үй-
жайлары) жеке тұрған, орнатылған немесе жалғастыра салынған 
ғимараттар құрылыс үдерісі кезінде қажет болған жағдайда оларды 
қызметке қосу қажеттілігі туындаған жағдайда жұмыс комиссияларымен 
оларды кейін құрылысы аяқталған жалпы нысанды қабылдауды жүзеге 
асыратын мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну арқылы пайдалануға 
алынады.
Мұндай өндірістік жəне қосымша тағайындаудағы жеке тұрған, 
орнатылған немесе жалғастыра салынған ғимараттарға жылумен, сумен, 
энергиямен қамтамасыз ету құрылымдары, санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлар, қоймалар, жөндеу цехтары жəне басқа да құрылыс үдерісі кезінде 
құрылыс-монтаждау мекемелерімен қолданылатын ғимараттар жатады.
Өндірістік 
тағайындаудағы 
құрылысы 
аяқталған 
нысандар 
мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға, егер олар пайдалануға 
(пайдалану кадрларымен толықтырылған, энергия қорымен қамтамасыз 
етілген жəне т.б.) дайын, аяқталмаған жұмыстар аяқталған жəне 
орнатылған жабдықтарда бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру 
нормаларын сəйкес көлемде өнімдерді шығару (қызмет көрсету) басталған 
болса ғана қабылдап алады. Тəжірибелі (эксперименталды), тəжірибелі-
өндірістік зауыттар, цехтар, егер олар тəжірибе жүргізуге немесе жобамен 
қарастырылған өнімді шығаруға дайын болған жағдайда ғана пайдалануға 
қабылдап алынады.
Бекітілген тəртіпті бұзу құрамында іске қосу кешендерінің құрамына 
өзгерістер енгізілген өндірістік тағайынаудағы нысандарды пайдалануға 
қабылдап алу жүргізілмейді. 
Соңғы іске қосу кешенін пайдалануға қабылдап алу нысанның соңғы 
кезегін немесе толық нысанды қабылдап алумен бір уақытта жүргізіледі.
Құрылыс аяқталған соң орындаушылық құжаттаманың барлық 
кешені құрылысшының Мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау органына 
жіберілетін нысанды пайдалануға қабылдап алу бойынша мемлекеттік 
қабылдау комиссиясын тағайындау жайлы мəлімдемесіне қосылады.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясының негізгі функциясына келесі 
тексерістер кіреді: 
 орындалған 
құрылыс-жинақтау 
жұмыстарының 
жобалық-
сметалық құжаттамаға жəне стандарттарға сəйкестігі: 
 нысанды пайдалану дайындығы; 
 жер учаскелерін бөліп алу жайлы құжаттарды; 
 суды арнайы пайдалану құжаттарын; 


133 
 құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізі үшін құжаттарды; 
 құрылыс 
алаңының 
геологиясы 
жəне 
гидрологиясының 
құжаттары, 
 жабдықтар мен механизмерге паспорттардың болуы; 
 орындалған жұмыстар, жасалған сынақтар жəне өлшеулер 
бойынша актілер; 
 пайдалануға 
қабылданып 
алынатын 
нысаны 
пайдалану 
кадрларымен қамтамасыз ету жəне материалдық-техникалық қорлармен 
жабдықтау жайлы анықтамалар; 
 қалалық пайдалану мекемелерінен су құбыры, кəріз, жылу, газ 
жəне электр жабдықтарының жəне байланыстың ішкі жəне сыртқы 
коммуникацияларының нысанның қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз 
ететіні жайлы, ал нысандардың өздері қызмет көрсетуге қабылданғаны 
жайлы анықтамалар; 
 қолданысқа енгізілетін қуаттардың жобамен қарастырылған 
қуаттарға сəйкестігі жайлы анықтамалар; 
 мердігермен жəне тапсырыс берушімен қол қойылған құрылыстың 
нақты құны жайлы анықтамалар; 
 нысандар мен жабдықтарды пайдалануға беру жайлы рұқсат 
құжаттары. 
Нысанды пайдалануға қабылдап алған соң барлық құжаттаманы 
тапсырыс беруші-құрылысшыда жəне сəйкес пайдалану мекемелерінде 
сақтаған жөн. Нысанды пайдалануға қабылдап алу жайлы актіні 
мемлекеттік қабылдау комиссиясын құрушы органға, тапсырыс беруші-
құрылысшыға жəне бас мердігерге көрсету керек.
Құрылыс аяқталған тұрғын-азаматтық тағайындаудағы нысандарды 
мемлекеттік қабылдау комиссиясы тек барлық құрылыс-монтаждау, 
айналаны безендіружұмыстары аяқталған соң ғана қабылдап алады.
Жаңа тұрғын шағынауданынының құрылыс кезінде тұрғын үйлерді 
жəне қоғамдық ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу аяқталған 
қаласалу кешені ретінде жүргізіледі. Бұл жерде тұрғын үйлерді 
пайдалануға беру мезетінде тұрғындарға қызмет көрсетумен байланысты 
мекемелер 
мен 
кəсіпорындардың 
құрылысышағын 
ауданның 
құрылысының бекітілген жобасына сəйкес айналаны көгалдандыру жəне 
безендіру, жəне инженерлік жабдықтар бойынша барлық жұмыстары 
аяқталған болуы керек. Сауда мекемелері жəне кəсіпорындар, қоғамдық 
тамақтану, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету жəне де, өндірістік 
емес қажеттіліктері үшін орныталған жəне қосарлана салынған үй-
жайлары бар тұрғын үйлер пайдалануға тек барлық құрылыс-монтаждау 
жұмыстары аяқталған соң ғана қабылдап алынады. Тұрғын үйлерге 
орныталған жəне қосарлана салынған үй-жайлардағы мекемелер мен 


134 
кəсіпорындарды пайдалануға қабылдап алу сəйкес жеке акт бойынша 
мемлекеттік қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.
Нысанды пайдалануға беру датасы мемлекеттік қабылдау 
комиссиясының 
актіне 
қол 
қойылған 
күн 
саналады. 
Жұмыс 
комиссиясымен пайдалануға қабылдап алынатын нысанды пайдалануға 
беру мерзімі жұмыс комиссиясының актіне қол қойылған күн саналады. 
Қабылдау комиссиясының құрамы жəне олардың жұмысын 
құжаттау. Жұмыс комиссиялары кəсіпорын жетекшісінің немесе тапсырыс 
берушінің 
мекемесінің 
бұйрығымен 
тағайындалады. 
Жұмыс 
комиссияларының жұмыс реті жəне ұзақтығы бас мердігермен келісе 
отырып, тапсырыс берушімен анықталады. 
Жұмыс комиссияларының құрамына келесі өкілдер кіреді: 
 тапсырыс берушінің – комиссия төрағасы; 
 бас мердігердің; 
 мердігер мекемелердің; 
 еңбектің техникалық инспекциясының; 
 тапсырыс берушінің кəсіподақ мекемелерінің; 
 мемлекеттік санитарлық бақылау органының; 
 мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органының; 
 тапсырыс берушінің шешімі бойынша – басқа қызығушылық 
танытқан мекемелердің өкілдері. 
Жұмыс комиссияларының құрамына бұл нысандарды пайдалану 
мекемелерінің өкілдері де қосылады. 
Жұмыс комиссиялары тапсырыс берушімен мемлекеттік комиссияны 
таныстырғанға жəне нысандарды пайдалануға қабылдауға дейін міндетті: 
 жобалық-сметалық құжаттаманың орындалған құрылыс-жинақтау 
жұмыстарының стандарттарға, құрылыс нормаларына жəне жұмыстарды 
өндіру ережелеріне сəйкестігін тексеру; 
 орындалған құрылыс жəне жинақтау жұмыстарының сапасын 
тексеруді жүргізу жəне оның бағасын беру; 
 жинақтау мекемелерімен жеке тексерулер мен сынақтарды өткізу 
жайлы мəліметтердің тексерісін жүргізу; 
 тапсырыс берушімен жабдықтарды кешенді тексеру нəтижелері 
бойынша қорытынды беру, оның пайдалануға дайын екендігі жайында 
шешім шығару жəне мемлекеттік қабылдау комиссиясына көрсету үшін 
қабылдау; 
 жеке құрылымдардың, ғимарат түйіндерін тексеру жəне 
мемлекеттік қабылдау комиссиясына көрсету үшін ғимараттарды 
қабылдау; 
 мемлекеттік қабылдау комиссиясына көрсетілетін пайдалануға 
берілетін кəсіпорындардың, олардың жеке бөліктерінің, өнімді шығаруды 
бастауға іске қосу кешендерінің, тоқтаусыз жұмысқа дайындығын тексеру; 


135 
бұл ретте тексерілуі тиісті: кəсіпорынды пайдалану кадрларымен, 
технологиялық 
құжаттамамен, 
энергия 
қорларымен, 
қосалқы 
материалдармен, жартылай фабрикаттармен жəне қосалқы бөлшектермен 
жəне өнімді жүзеге асыру үшін қажетті шарттардың болуын қамтамасыз 
ету, сонымен қатар, пайдалану кадрларына қызмет көрсету үшін 
санитарлық-тұрмыс орындарымен, тамақтану пунктілерімен, тұрғын жəне 
қоғамдық ғимараттармен қамтамасыз етілуі; 
 мемлекеттік қабылдау комиссиясымен нысанды пайдалануға 
қабылдап алу жайлы оның дайындығы жайлы қортындыны дайындау; 
 нысандарды қабылдап алу кезінде белгіленген ретте дайындалған 
нысанды жəне жабдықтарды пайдалануға жұмыс комиссиясының 
құрамына 
өкілдері 
кірмеген 
мемлекеттік 
бақылаудың 
сəйкес 
органдарының рұқсат жайындағы құжаттардың бар жоғын тексеру. 
Жұмыс комиссиясымен жүргізілген тексерулер нəтижесінде 
қабылдап алу актілері жасалады. 
Өндірістік тағайындаудағы нысандарды пайдалануға қабылдап алу 
бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына келесі өкілдер 
кіреді: 
 мемлекеттік билік органының; 
 тапсырыс берушінің; 
 бас мердігердің; 
 бас жобалаушының; 
 мемлекеттік санитарлық бақылау органының; 
 мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарының; 
 су қорын пайдалану жəне қорғау бойынша органдарының 
 еңбектің техникалық инспекциясының; 
 тапсырыс берушінің жəне қаржыландырушы банктің, кəсіподақ 
ұйымының. 
Тұрғын-азаматтық 
тағайындаудағы 
нысандарды 
пайдалануға 
қабылдап алу мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына қосымша 
түрде мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау органдарының жəне 
пайдаланушы мекеме, өнеркəсіп немесе ұйымдардың өкілдері қосылады. 
Мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысы тапсырыс берушінің 
жəне бас мердігердің нысанның пайдалануға дайын екендігі жайлы 
жазбаша хабарламасынан кейін басталады жəне үш кезеңде жүзеге асады: 
1) құрылысшымен берілген құжаттарды тексеру; 
2) нысандарды қарап шығу; 
3) негізгі тұжырымдамаларды жəне қортындыларды жасау. 
Құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдап алу 
мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерімен қол қойылған 
актімен рəсімделеді, нысанды пайдалануға беруге оның ұсынған органы 
немесе ұйымының рұқсаты болып табылады. 


136 
Құрылысы аяқталған олардың құны жайлы сметалық есептері 
жүргізілген, бекітілген жеке жобалары бар нысандарды пайдалануға 
бергеннен кейін, көрсетілген сметалық есептеулер 6 айдан кешіктірілмей 
жабылуы тиісті. Бұл мерзімде жасалған жабдықтар жəне бекітілген жобада 
қарастырылған, орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстар үшін барлық 
есептеулер жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет