123
Сурет 4.1. Құрылыс өндірісінде төменгі буынды басқарудың
сызықтық құрылымы
Басқарудың функционалды ұйымдастырушылық құрылымы.
Жетекшінің лауазымдық талаптарын төмендету мақсатында əрбірі
қызмет бөлігіне сəйкес маманандырылған болуға тиісті бірнеше лауазым
енгізіледі
де,
төменгі
органдарды
бірнеше
функционалды
мамандандырылған жетекшілер басқаратын болады. Алайда,
басқару
үдерісі кезінде бір функцияға қатыстылығын анықтау қиынға соғатын
сұрақтар жиі кездеседі. Сондықтан, мұндай
сұрақтарды шешу барысында
əр түрлі дау-даумайлар туындауы мүмкін. Бұл жеке-даралық қағидасын
бұзу нəтижесі екені белгілі. Сондықтан,
басқарудың берілген
ұйымдастырушылық құрылымы таза күйінде қолданылмайды, ал
басқарудың жалпыланған құрылымында бір бөлшегі ретінде ғана
қолданылады.
Басқарудың
сызықтық-штабтық
ұйымдастырушылық
құрылымы.
Басқарудың бұл құрылымында
жетекшіге қойылатын жоғары
талаптылықтың төмендеуі сурет 4.2-де көрсетілгендей штаб түріндегі
кеңесу органын құру негізінде жеткізіледі.
Бір жағынан, штабтық лауазымдарды енгізу басқарудың берілген
құрылымын қымбаттантыра түседі.
Екінші жағынан, бұл құрылымда шешімдерді қабылдау баяуланады.
Шынымен шешім қабылдануы қажет сұрақ жоғарғы жетекшімен тез
арада қарастырылудың орнына шешім жобасын дайындау үшін штабқа
келіп түседі. Ары қарай жоғарғы жетекші
соңғы шешімді қабылдап оны
басқарудың төменгі органына береді.
Басқарудың берілген құрылымы тек жеткілікті жоғары деңгейде
қолданылады (холдинг, корпорация жəне т.б.), ал штабтық лауазымдар
ретінде кеңесші, референт, сарапшы, ақылшы лауазымары қолданылады.
124
Сурет 4.2. Басқарудың сызықтық-штабтық құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: